Информатика
сабағында белсенді оқыту әдістерін тиімді
қолданудың
жолдары
Ақпараттық -
коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі.
Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер,
электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде.
Білім беру жүйесі - электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет,
электрондық пошта, телеконференция, On - line сабақтар арқылы іске
асырылуда.
Бүгінгі күні
инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы
оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып,
қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып
айқындалады.
Ақпараттық -
коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру
жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік, білімдік ортаға
енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Сондықтан оқытудың ақпараттық - коммуникациялық технологиясы -
білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, білімді қабылдау, білім
сапасын бағалауы, оқу тәрбиесі үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан
- жақты қалыптастыру үшін бойында ақпараттық мәдениетті, сауатты
адам - ақпараттың қажет кезін сезіну, оны табу, бағалау және тиімді
қолдану қабілетін арттыру
керек.
Жаңа
коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты -
оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу
материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік
береді. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру
бағдарламалары, оқыту бағдарламалары сияқты бағдарламалық өнімдер
қызмет етеді.
Өндірістік
оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың
ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай
ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет
ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық
қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық
құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру қазiргi таңда
үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi
мәселелердiң бiрi.
Сабақта
ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың
тиімділігі:
• оқушының өз
бетімен жұмысы;
• аз уақытта
көп білім алып, уақытты
үнемдеу;
• білім - білік
дағдыларын тест тапсырмалары арқылы
тексеру;
• шығармашылық
есептер шығару;
• қашықтықтан
білім алу мүмкіндігінің
туындауы;
• қажетті
ақпаратты жедел түрде алу
мүмкіндігі;
• іс - әрекет,
қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып
үйрену;
• қарапайым
көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту
мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестері мен әр
түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну
мүмкіндігі;
• оқушының ой -
өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы
зор.
Ақпараттық
технологиялар орталарын пайдаланудың
мақсаттары:
Ақпараттық
технологияларды қолдану негізінде оқу - тәрбие процесінің барлық
деңгейін жетілдіру:
- оқыту
процесінің ықпалы мен сапасын
арттыру,
- пәнаралық
байланысты тереңдету,
- қажетті
ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін
ұлғайту.
Қазіргі
ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім
беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі - болашақ
мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті
ақпараттық - қатынастық технологиялар құралдарын педагогикалық іс -
әрекетке кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде
қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын
талаптар қатарына енеді. Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үдерістері
және олармен тығыз байланыстағы білім беру жүйесінің барлық
формаларын ақпараттандыру, жаңа ақпараттық және қатынастық
технологияларын (АҚТ) меңгеру және жаппай тарату үдерістерімен
сипатталады. Мұндай технологиялар білім берудің жаңа жүйелерінде
оқытушы мен оқушының арасында қарым - қатынас орнату және мағлұмат
алмасу үшін белсенді
қолданылады.
Информатика сабағында жаңа
технологияларды
пайдалана отырып қолданылатын тиімді әдіс
–тәсілдер
Қазіргі
мұғалім:
Педагогикалық
үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе
алатын;
Педагогикалық
өзгерістерге тез төселетін;
Жаңаша ойлау
жүйесін меңгере алатын;
Оқушылармен
ортақ тіл табыса алатын;
Білімді,
іскер, шебер болу керек;
Жаңа
педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке
тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс
енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу.
Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы –
өздігінен білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз
керек.
Қазіргі
оқушы:
Дүниетаным
қабілеті жоғары;
Дарынды,
өнерпаз;
Ізденімпаз,
талапты:
Өз алдына
мақсат қоя білу керек;
Осындай
тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет. Оқыту
үрдісінде осындай әдістерді пайдалану мұғалімнің өзінің шеберлігі
қарай жүзеге асады.Информатика пәнін оқытудың тиімділігін
арттырудың жолдары өте көп.
Біз қолданып
жатырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан ,
сындарлы оқыту негіздері қамтылған.
Бұл біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны 7 модуль
түрінде берілген:
1. Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер;
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;
4. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану;
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту;
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;
7. Оқытудағы басқару және
көшбасшылық
Осы модуль
түрлерін ескере отырып сабақта қолданылатын тиімді әдістердің
пайдалану жолдарын іздедім . Осы әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып
сабақтарымда жүйелі түрде қолдандым
.
Сабақты
ұйымдастыру барысында «Миға шабул » , «Қаламсап», «Мозайка»,
«Қозғалыстағы сурет», «Сәйкестендіру» , «Сазды қобдиша», әдістерін
пайдаланамын .
Жаңа
тақырыпты меңгерту мақсатында «Ойлан, бірік, бөліс » , «Адасқан
сөздер» , «Джиксо» , «Аквариум» әдістерін
қолданамын.
Оқушыларды
жалықтырап алмас үшін ойын түрлерін қолдана отырып окушыларды
сергітіп аламын.
Оқушылардың
барлығы компьютерді меңгеру керек екендігін ескеріп «Жеке жұмыс» ,
«Денгейлік » тапсырмалар , «Жұптық жұмыс
», әдісін
қолданамын.
Әр сабақты
пысықтау үшін «өзіңді тексер » әдісін пайдаланып сұрақтар тарқатып
олардың түсінбеген жерлерін өзіме түртіп
алам.
Оқушыларды
бағалау үшін смайликтер , түрлі түсті суреттер,бағдаршам, бағалау
парақтарын қолданамын. Сабақ соңында міндетті түрде кері байланыс
алып отырамын мысалға «Беспармақ», « БҮҮ»
кестесі