Тақырып бойынша 15 материал табылды

Инклюзивті білім беру жүйесіндегі педагог-ассистенттің рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Инклюзивті білім беру бұл - барлық оқушылардың оқуға, мәдениетке және қоғамдық өмірге қатысуын арттыру арқылы әр түрлі қажеттіліктерін есепке алу және қанағаттандыру. Сондықтан инклюзивті білім беру-бұл мұғалімдердің үнемі қолдауы мен біліктілігін арттыруды қажет ететін динамикалық процесс.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Нұр-Сұлтан қаласы

83 мектеп-гимназиясының

педагог-психологі:

Абылкасымова Назым











Инклюзивті білім беру жүйесіндегі педагог-ассистенттің рөлі

Инклюзия әлеуметтік тұжырымдама болып табылады, оның мақсаты – қоғамдағы қарым-қатынастарды ізгілендіруді және мүмкіндіктері шектеулі балалардың сапалы, бірлескен білім алу құқығын ұйымдастыруды көздейді. Білім беру жүйесіндегі «инклюзия» - қоғамдағы «инклюзияның» бастамасы, оны дамытудың гуманитарлық идеяларының бірі. Инклюзивті білім беруді дамыту - жаңа жүйені құру емес, жалпы білім беру жүйесін сапалы және жоспарлы түрде өзгерту. Инклюзивті білім беру бұл - барлық оқушылардың оқуға, мәдениетке және қоғамдық өмірге қатысуын арттыру арқылы әр түрлі қажеттіліктерін есепке алу және қанағаттандыру. Сондықтан инклюзивті білім беру-бұл мұғалімдердің үнемі қолдауы мен біліктілігін арттыруды қажет ететін динамикалық процесс. Инклюзивті білім сынып ішінде бейімделуді құрумен аяқталмайды. Бұл балалардың сапалы білім алуға қол жетімділігінде кездесетін кедергілерді, сондай-ақ осы кедергілерді жою жолдарын үнемі көрсетіп отыру және өзін-өзі бағалау болып табылады. Әр түрлі қажеттіліктері бар балаларды бірлесе оқыту – бұл қазіргі мектеп оқушыларында толеранттылықты тәрбиелеудің жолы және ерекше білім беруге қажеттілігі бар (ЕБҚ) балалардың өмірі мен тағдырына қатысу, көмектесу.

ЕБҚ балаға кім көмектесуі, оны бағыттауы, инклюзивті сыныптарда тиісті білім алуға мүмкіндік беруі керек? Бұл балалар үшін бейімделген бағдарлама, оқу процесін психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау міндетті түрде болуы керек. Білім берудің инклюзивті түріне көшудің маңызды шарттарының бірі - ЕБҚ балаларды бейімдеу және қолдау жүйесі. Бұл жүйеде әрбір мұғалім бала үшін тұрақты сүйемелдеу функцияларын орындай алмайды. Сондықтан сүйемелдеу функцияларын қазіргі таңа педагог-ассистент орындайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 маусымдағы №346 Қаулысына сәйкес «жалпы білім беретін мектептерде педагог-ассистент лауазымы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынысы бойынша белгіленеді». ҚР заңнамасына сәйкес педагог-ассистенттің лауазымдық міндеттері төмендегідей:

  • Жалпы үлгідегі білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.

  • Білім беру ұйымдарында болған барлық уақыт ішінде, олардың дербес қызметі денсаулық жағдайы бойынша шектелген жағдайда, ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыға көмек көрсетеді.

  • Көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға орнын ауыстыру, өзіне-өзі қызмет көрсету (киінуге, шешінуге көмек көрсетеді), емдеу-алдын алу іс-шараларына ілесіп жүруге. көмек көрсетеді.

  • Мұғалімнің басшылығымен білім беру, түзету-дамыту процестеріне қатысады.

  • Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсыныстарына сәйкес мұғалімге, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мамандарына көмек көрсетеді.

  • Инклюзивті білім беру процесіне қатысушылар арасындағы қақтығыстардың алдын алуға қатысады, сондай-ақ сыныптағы білім алушылардың теріс мінез-құлқын алдын алады және жеңеді.

  • Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі мамандарының ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушыларды тексеруіне, сондай-ақ жеке білім беру бағдарламаларын (оқу жоспарларын), оның ішінде мінез-құлық бағдарламаларын құрастыруға қатысады, оқушының ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қысқартылған (бейімделген) оқу бағдарламалары мен оқу материалдарын іске асыруды қамтамасыз етеді.

  • Оқыту және түзету-дамыту жұмыстары процесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушы туралы мәліметтерді жинауды, жеке білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін хаттамалауды, оқушының оқу, әлеуметтік-бейімделу (мінез-құлық) дағдыларының даму динамикасын, оқыту процесінің динамикасын және оқушының әлеуметтенуін мониторингілеу үшін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мұғалімдері мен мамандарына ақпарат беруді жүзеге асырады.

  • Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің қажетті жағдайларын сақтайды, жүргізу кезеңінде қорғау педагогикалық режимін сақтайды.

  • Әртүрлі нанымдар мен көзқарастарға төзімділікті, білім беру процесіне қатысушылардың мәдени әр алуандығына ашықтықты көрсетеді және инклюзивті білім беруді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдарға қоғамның толерантты көзқарасын насихаттауды жүзеге асырады.

  • Белгіленген нысан бойынша есеп беру құжаттамасын жүргізеді.

  • Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

ЕБҚ балаларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыруда педагог-ассистент жұмыс орнын, демалыс орнын және де күн тәртібін баланың нақты мүмкіндіктеріне сәйкес білім беру ортасын ұйымдастырады. Баланы құрдастарының ортасына, сынып, мектеп өміріне қосу, ұжымда жағымды тұлғааралық қатынастарды қалыптастыруға көмектеседі. Осы бағытта педагог-ассистент қамқорлығындағы баламен сенімді эмоционалды қарым-қатынасты қалыптастыра білуі керек. Атқарылатын жұмыстың басында ол ЕБҚ балаға «бағыттаушы», «қорғаушы» рөлін атқара отырып, үйлесімді бейімделуін жүзеге асыруға жағдай жасайды. Баланың жағдайын бақылайды яғни, эмоционалды (жанжалды жағдайларды шешуге көмектеседі, тыныштандырады, шабыттандырады және т. б.) және физикалық (егер демалу керек болса, оны сыныптан ойын бөлмесіне апара алады; баланың аш болмауын бақылайды, қажет болған жағдайда дәретханаға баруға көмектеседі). Оқушының жалпы қызметін үйлестіреді, оқу жүктемесін мөлшерлейді. Оқушының ата-анасына күннің қалай өткені, не болғаны, қандай қиындықтар болғаны туралы айтады, оардың сұрақтарына жауап береді.

Педагог-ассистент білім беру процесінің әр кезеңінде педагогтарды, арнайы мамандарды, психологтарды және балаға қажетті басқа да мамандарды үйлестіруді қамтамасыз ететін байланыстырушы буын. Инклюзияның табысты болуы көп жағдайда әртүрлі мамандар тобының бірлесе жұмыс жасауына байланысты.

Педагог-ассистент қызметінің табыстылығы көптеген факторларға байланысты:

  • әкімшілік пен ұжымының инклюзияға психологиялық дайындығы, негізгі құндылықтарды түсіну, инклюзивтік қызмет;

  • ресурстық орталықтардың, психологиялық-педагогикалық дамыту және түзету орталықтарының болуы;

  • ЕБҚ балаларды оқыту мен тәрбиелеудің арнайы жағдайларының болуы.

Қорытынылай келе педагог-ассистенттің негізгі функциялары: жобалау, ұйымдастыру, мотивациялық, ақпараттық-кеңес беру, аналитикалық және рефлексивті болып табылады. Бүгінгі таңда елімізде «педагог-ассистент» лауазымына жұмысқа дайындалған дипломды мамандар әлі жоқ. Педагог-ассистент - бұл жеке білім беру бағдарламасын әзірлеу мен іске асыруды сүйемелдейтін педагог. Білім беру үрдісінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаға сәтті оқу және әлеуметтік бейімделу үшін қолайлы жағдай жасайтын басты адам.



Дереккөз: 

  1. Ковалева Т.М. «Тьюторское сопровождение как ресурс развития процесса индивидуализации»

  2. Карпенкова И.В. Тьютор в инклюзивной школе. Сопровождение ребенка с особенностями развития: Метод. пособие /Под ред. М.Л. Семенович. - М.: Теревинф, 2010

  3. https://primeminister.kz/kz/decisions/03062020-346

  4. http://adilet.zan.kz/

  5. «Организация тьюторского сопровождения детей с ОВЗ в условиях реализации инклюзивной практики в образовательных учреждениях». Информационный материал Карпенковой И.В., Кузьминой Е.В. Москва 2011.

  6. Тьютор: [истоки, основные цели и задачи тьюторского сопровождения] // Кафедра открытых образовательных технологий Московский институт открытого образования. – URL: http://www.oot-kaf.ru/archives/483




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.10.2021
4674
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12