Инклюзивті білім беру ортасы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Инклюзивті білім беру ортасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Инклюзивті білім берудің ортасы мен инклюзивті білім беруді енгізу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Инклюзивті (франц. inclusif – өзіне енгізетін, лат. include – ішіне аламын, енгіземін, «өзімді қосқанда», ағылш. include енгізу) «араластырамын» деген мағынаны білдіреді, немесе енгізілген білім беру жалпы білім беру мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үрдісін сипаттау үшін пайдаланылатын термин. Инклюзивті білім берудің негізіне балалардың кез келген кемсітушілігін болдырмайтын, барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз етиетін, бірақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше жағдай жасайтын идеология жатады. Инклюзивті оқыту- барлық кемтар балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді, оқушылардың тең құқығын анықтайды, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді, барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, балалардың білімділік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халқына Жолдауында білім беруді дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып танылады.

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі жатады Білім туралы» ҚР Заңының, 3-бабының, 1, 2-тармақтары).

Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады. Ол балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдени-этникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейді.

Өткен жүзжылдықтың аяғынан бастап инклюзивті білім беруді дамыту әлемнің көптеген: АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Испания, Финляндия, Германия, Италия, Австралия және т.б. елдерінде білім беру саясатының жетекші бағдарына айналды. Осы елдерде балалардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуі үшін тиісті психологиялық-педагогикалық жағдай жасалған жалпы білім беру ұйымдарында психикалық және дене бұзылыстары бар, дамуында артта қалушылығы бар балалар қалыпты дамыған құрдастарымен бірге табысты білім алуда.

Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері адам құқығы саласындағы негіз болатын халықаралық құжаттарға сәйкес әзірленген және әлемдік үрдістерді, білім беру саласындағы әлемдік практиканың жетістіктерін және қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың басым міндеттерін ескеріп әзірленген.

1. Ағымдағы жағдайды талдау

1. Инклюзивті білім беруді енгізу

Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру басымдық танытуда Қазақстанда басқа санаттағы оқушылармен бірге білім алуды және тең қолжетімділікті көздейтін мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты.

2015 жылы туылғаннан 18 жасқа дейінгі 141 952 мүмкіндіктері шектеулі балалар немесе жалпы бала санының 2,8%-ы анықталды. Оның ішінде мектеп жасында - 94 266 бала. Анықталған мүмкіндіктері шектеулі балалар 7-12% әлемдік көрсеткішпен салыстырғанда 2,8%-ды құрайды.

Қазіргі уақытта 27% мүмкіндіктері шектеулі балаларды инклюзивті оқыту үшін 30,5% мектепте жағдай жасалған.

Жоғары оқу орындарындағы мүмкіндіктері шектеулі студенттер саны 570-ті құрайды. Оның ішінде 1-топ мүгедектігімен - 16 адам, 2-топта – 88 адам, 3-топта 466 адам бар.

Жоғары білім алуға мүгедектердің құқығын қамтамасыз ету бойынша ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы №26 қаулысына сəйкес жоғары оқу орнына қабылдау квотасы бекітілген (2012 жылдан бастап мүгедектерге арналған квота көлемі 1%, бұрын – 0,5%).

Қазіргі кезде Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесін құрудың белгілі бір модельдері мен жинақталған тәжірибесі бар.

2. Талаптар мен артықшылықтар

Әлемдік тәжірибеде инклюзивті білім беру ерекше оқытуды қажет ететін адамдарды оқыту мен тәрбиелеуде жеке тәсіл арқылы іске асырылуда.

Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға мыналар жатады:

- мүмкіндіктері шектеулі балалар;

- мигранттардың, оралмандардың, босқындардың, саны аз ұлттар отбасыларынан шыққан балалар;

- қоғамда әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар (жетім балалар, виктимді балалар, девиантты мінез-құлықты балалар, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төмен отбасынан шыққан балалар).

Бірқатар елдерде енгізілген инклюзивті білім, ең алдымен Финляндияда келесідей қағидаттарға негізделеді: адам құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне байланысты емес, әр адам сезінуге және ойлауға қабілетті, әр адам қатынасуға және танымды болуға құқылы, барлық адамдар бір-біріне мұқтаж, нағыз білім шынайы өзара қатынас мәнмәтінінде іске асырылуы мүмкін, барлығы қолдау мен достыққа мұқтаж.

Жүргізілген талдау инклюзивті білім берудің қазақстандық моделі әлемдік тәжірибеге және осы саладағы ережелерге толық дәрежеде сәйкес емес екенін көрсетті. Инклюзивті білім беруді мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту нысанында қабылдау барлық санаттағы ерекше оқытуды қажет ететін балаларға жалпы білім беру бағдарламасының қол жетімділігін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарының мүмкіндіктерін шектейді.

Қазақстандық білім беру жүйесінде:

- әрбір білім алушының тұлғалық даму траекториясына, даралап оқыту әдістеріне негізделген дербес оқытуды, оны психологиялық-педагогикалық қолдауды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ететін инклюзивті білім берудің моделі жасалмаған;

- білім берудің икемді, бейімделген оқу бағдарламалары әзірленбеген;

- жалпы білім беретін ұйымдарда инклюзивті білім беру үшін кадрлар мен оқу-әдістемелік база жеткіліксіз;

- оқыту сапасын мониторингілеу мен бағалау іске асырылмайды, балалардың білімдері мен дағдыларын критериалды бағалау индикаторлары жоқ;

- ерте кәсіптік бағдарлау, ерекше оқытуды қажет ететін балаларды кәсіпалды және кәсіби даярлау шарттары жеткіліксіз құрылған;

- мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру бағдарламаларының бірізділігі мен сабақтастығында, мүмкіндіктері шектеулі балаларды жұмысқа орналастыруда жүйелі ықпалдастық жоқ;

- балалардың психикалық және дене даму ауытқуларын ерте айқындау және оларды түзету аса өзекті проблема болып қалуда;

- балалардағы моральдық-психологиялық және әлеуметтік тұрғыда туындайтын проблемаларды жою бойынша алдын алу шаралары жеткіліксіз қолданылады;

- инклюзивті білім беруді ақпараттық-кеңес беру тұрғысында қолдау әлсіз ұйымдастырылған.

Осының бәрі төмендегідей проблемаларға әкеліп соғады:

- көптеген балалардың білім алу қажеттіліктері жеткіліксіз қамтамасыз етілген, нәтижесінде олардың әлеуетті мүмкіндіктері толық жүзеге асырылмаған;

- халықаралық TIMSS, PISA, PIRS зерттеулеріндегі қазақстандық оқушылардың көрсеткіштері қанағаттанарлықсыз деңгейде;

- әлеуметтік бейімдеудің жеткіліксіздігі салдарынан девиантты мінез-құлықты балалардың саны көбеюде, балалар арасындағы қылмыс, суицид құбылыстары азаймай отыр;

- түлектердің функционалдық сауаттылығы төмен қалыптасқан, жұмысқа орналаса алмайды, қатер тобына түседі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.03.2025
121
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі