Кәрімбаева Гүлжанат Болатқызы
Қызылорда қаласы, «Болашақ» жоғары медициналық
колледжінің психологы, педагог-модератор:
Телефон:87474077247
-
Бұл мақала қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылатын инклюзия және инклюзивті білім беру мәселесін қарастырады және жалпы білім беру ортасында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудағы жиі кездесетін кедергілерге негізделген. Мақалада педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың, дефектолог, жалпы медицина қызметкерлерінің жұмыс істеу тәсілдері мен коррекциялық жұмыстары жөнінде сөз қолғалады. Ерекше назарды қажет ететін балалар өнімді ересекке айналу үшін не істеу қажет деген сұрақтар төңірегіндегі мәселелер қарастырылады.
Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері
Инклюзия туралы айту қиын, себебі инклюзия тақырыбы қоғамдағы өткір мәселелердің бірі. Бір жағынан, инклюзия – мүмкіндігі шектеулі адамдардың басқалардан оқшауланбаған, өздерінің мүдделерін басқа адамдар ескеретін және құрметтейтін әділ әлем туралы арманы десек қате емес. Біз тең қоғамда өмір сүреміз, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қоғамнан оқшаулатпай тең дәрежеде қабылдаймыз деп айтқанмен, оларды көргенде басқа сезімде болатынымызды жоққа шығара алмаймыз.
Жанұяда мүмкіндігі шектеулі баланың өмірге келуі бірінші кезекте ата-ананың және жанұя мүшелерінің өмірге көзқарасын, өзгелерге және өзіне деген қарым-қатынасын өзгертпей қоймайды. Отбасында бала үшін де, ата-ана мен жанұя мүшелері үшін де ауыр психологиялық атмосфера қалыптасатыны белгілі. Әйгілі ғалым Л. С. Выготский баланың өсіп-дамуы бірінші кезекте әлеуметтік даму жағдайына негізделгенін дәлелдеген.
Дамуында ауытқуы бар баланың кейінгі тағдыры өзі туып, тәрбиеленіп жатқан отбасының жағдайына байланысты. Яғни, баланың дамуы көбінесе медицина және педагогикалық қызметкерлердің назарынан тыс қалып, басты ықпал етуші күш ата-ана болып табылады. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуші отбасы қандай да болмасын медициналық, педагогикалық, психологиялық, құқықтық ақпарттық қолдауды қажет етеді. Дер кезінде алынған қандай да қолдау түрі баланың немесе отбасының кез-келген әлеуметтік-психологиялық мәселесінің шешілуіне әсерін тигізеді. Шындығында да, ауру баланың әр-түрлі проблемаларына байланысты күтімнің қажеттілігінен ата-ананың (ең болмағанда біреуінің) жұмыс істеу мүмкіндігі шектеледі. Бұл жанұяның әлеуметтік және экономикалық статусына кері әсерін тигізбей қоймайды. Осыған байланысты туындайтын ішкі жанұялық қарым-қатынастың бұзылуы баланың онсыз да бұзылған психофизикалық жағдайына жағымсыз әсер етіп, оның психикасының ауытқуына әкеп соғады.
Даму ерекшеліктері бар балаларды қоғамға енгізу - барлық білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып табылады. Бұл мәселені шешу қоғамның жетілу дәрежесін, адамгершілік мәдениетінің деңгейін айқындайды. Сапалы білім берудің қолжетімділігі қоғамның негізгі мақсаттардың бірі болып табылады. Денсаулығында проблемасы бар балалар көбінесе дені сау құрдастарынан оқшауланатыны сөзсіз, әр бала денсаулық жағдайына қарамастан отбасында өмір сүруге және құрдастарының ортасында сапалы білім алуға құқылы. Жалпы білім беру ортасында инклюзивті бала тек оқу ақпаратын ғана емес, сонымен бірге қоғамдағы өмірдің күрделілігін сезіне алады, әлеуметтік байланыстарын кеңейтеді, тәжірибе алады. Инклюзивті білім берудің ерекшелігі сол - барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды кемсітуді болдырмайтын идеологияға негізделген.
Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың үш тәсілін қарастырады:
1.Сараланған
2.Интеграцияланған
3.Инклюзивті
Инклюзивті (енгізілген) білім интегративті (біріктірілген) білімнен қалай ерекшеленеді? Көптеген адамдар терминологиядағы айырмашылықты түсінбейді. Инклюзияның интеграциядан айырмашылығы - ерекше қажеттілігі бар баланы жалпы сыныпқа немесе қарапайым топқа үйретуді қамтымайды. Егер бала арнайы бағдарламаны игере алмаса – интеграция тұрғысынан бұл баланың проблемасы, ал инклюзия тұрғысынан – білім беру ортасының проблемасы. Яғни, инклюзия сәтті болу үшін –қоршаған ортаны өзгерту керек.
Инклюзивті білім беру мына қағидағаларға негізделеді:
1. Адамның құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне байланысты болмайды.
2. Әрбір адам сезіне білуге және ойлай алуға қабілетті.
3. Әрбір адамның қарым-қатынас жасауға құқығы бар.
4. Барлық адамдар бір-біріне мұқтаж.
5. Барлық адамдар жақындарының қолдауын қажет етеді.
Инклюзивті білім берудің негізгі принципі – кез келген қиындықтарға қарамастан барлық балалар бірге оқи алады.
Қазіргі уақытта Республиканың жалпы білім беру мектептерінде 70 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі балалар оқытылады екен. Осы орайда, табысты оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың шарттарын атап өтсек:
-
Жалпы үлгідегі білім беру мекемесінде балалардың оқу ғимаратына кедергісіз кіруіне және оқуын ұйымдастыруына мүмкіндік беретін тиісті материалдық-техникалық жағдайлар жасау (пандустар, лифттер, арнайы жабдықталған оқу орындары, мамандандырылған, оңалту, медициналық жабдықтар және т.б.).
-
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және түзетуде психофизикалық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жалпы білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуы тиіс.
-
Мүмкіндігі шектеулі баланы оқытудың барлық кезеңінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қажет.
-
Оқу-тәрбие және түзету жұмыстарының ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық ұжымды арнайы даярлау қажет .
Білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты мәселелер бойынша білім алушылармен, олардың ата – аналарымен, педагог қызметкерлермен ақпараттық-ағарту, түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды мәнге ие. Инклюзивті білім беру арнайы мамандар тобының қолдауын қажет етеді: педагог, психолог, логопед, дефектолог, тьютор, әлеуметтік қызметкер, дәрігер-педиатр, гигиена және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мамандар, педагогтың көмекшісі (ертіп жүруші). Білім берудің бұл түрінде мүмкіндігі шектеулі баланың өзіне сенімі молаяды және өзін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезуіне жол ашады.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың бейімделу немесе адаптация қиындықтарын жеңілдету, психикалық дамуын қалыпты балалардың психикалық дамуы деңгейіне жақындату коррекция және компенсация жолдарымен жүзеге асады. Дәлірек айтқанда, коррекция (түзету) ұғымы – психикалық және дене бітімдік дамудағы кемшіліктерді, психологиялық-педагогикалық және емдеу-сауықтыру шараларының жүйесі көмігімен түзету. Көршілес мемлекет Ресейде түзету жұмысының теориясы мен тәжірбиесін дамытуда жетекші рөлді А.Н.Граборов (1885-1949) атқарды. Ол ақыл ойы кем балалармен жүргізілетін сабақтардың біртұтас жуйесін жасады. Бұл жүйенің құрамына нелер кіреді? Оған ойлау, есте сақтау үдерістерін дамытуға ықпал ететін әр түрлі ойындар, шыдамдылықты, төзімділікті қажет ететін қол еңбегі, топтық саяхаттар тәрізді маңызды әлеуметтік мазмұндағы жұмыстар енеді.
Кемістіктердің орнын толтыруда психотерапияның рөлі ерекше маңызды.Ұзақ уақытқа дейін, психотерапевтік шаралар вербальды коммуникация, интеллект сияқты қалыпты дамыған адамға тән компоненттер негізінде ғана жүзеге асады деген теріс ұғым орын алып келді. Бірақ ақыл ойы кем балаларда интеллекттуалды әрекеттік болатыны және психотерапияда вербальды емес әдістердің қолданылатыны дәлелденді, мысалы арттерапия. Олигрофрен оқушылармен психотерапевтік жұмыстар жүргізу барысында, нәтижесінде олардың зейін, қабылдау, есте сақтау қабілеттерінің артқанын, оқу әрекетінің арта түскендігін байқауға болады. Сондай-ақ, психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізіл Алдымен мәліметтер банкін құрып, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына акт құру мақсатында үйлеріне бару, мектепте тегін тамақпен қамтамасыз ету, материалдық және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, оларды оқулықпен қамтамасыз ету, бос уақытын ұйымдастыру, халықаралық мүгедектер күнін өткізу және шыршаларға қатыстыру және оларға демеушілік көмектер ұйымдастыру.Сонымен қатар әлеуметтік педагог қоғамда , ортада, үйде, мектепте жеке қатынасының орнығуына бейімдейді. Инклюзивті сыныпта бағдарламаны баланың қабілетіне лайықтап жүргізеді. Онда баланың коррекциялық дамуы мен білім алуы қатар жүреді, олардың денсаулығы түзелген жағдайда кәдімгі сыныптарға ауысуға болады.
Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды үйден оқытуды жаңа технологиялар көмегімен ұйымдастыру – оқу материалдарын түрлендіре отырып (әртүрлі бағдарламалар көмегімен) оқушының назарын бір бағытқа шоғырландыруға, сабақтың түсіндірілуін жеңілдетіп, оқушының сабаққа деген белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ішінде, әсіресе тірек-қимыл жүйесінің сырқаты бойынша үйден оқытылатын балалар үшін жаңа технологиялар көмегімен білім беру арқылы, білім беру ұйымындағы жүргізілетін білім беру жағдайына қолжетімділікті қамтамасыз етуге болады. Үйден оқытылатын және мектеп партасында оқып отырған мүмкіндігі шектеулі сөйлеуі бұзылған оқушылар үшін қалыпты сөйлеу қабілетін дамыту үшін дыбысты қайталату арқылы оның қаншалықты дұрыс айтылғанын анықтайтын, арнайы дыбыс құрылғыларымен жабдықталған тренажерлер қажет. Мұндай тренажерлар дербес компьютерге қосылады да, оқушылар қызығушылығын арттыратын ойын-жаттығулар ретінде жұмыс жасайды.
Тәсілдер:
- Көрнекі- әрекеттік ойлау- заттық құралдық іс-әрекет, ол құрастыру іс әрекетінен көрініс табады (түрлі конструкторлар қолдану).
- Көрнекі бейнелік ойлауға жоғарыда айтылған конструкторлармен жұмыс бейнелік үлгіде емес, сөздік нұсқада болуы тиіс. (Әр түрлі сюжеттік-ролдік және режиссерлық ойындар)
- Сөздік логикалық ойлауды алдымен Р. С. Немовтың әдістемесі бойынша анықтап алып, оны ары қарай дамытуға «Төртінші артық», «Әңгіменің жетіспейтін бөлігі», «Керісінше айту», «Жақсы мен жаман», т.б. көптеге жаттығуларды қолдануға болады.
-сөйлесу
-ертегі терапия
-арт-терапия
-ойын
Сөйлесу.
Олар балаға жаңа ақпаратты жеткізуге , онымен диалог құруға бағытталған, оның барысында бала өз сұрақтарын қойып, олардан егжей-тегжейлі және түсінікті жауаптар ала алады. Жаңа дағдыларға тез бейімделе түседі. Сөйлесу арқылы біз баланың ішкі сезіміне, жан-дүниесіне үңіле түсеміз. Бала ішінде болып жатқан құбылыстарды сыртқа шығару арқылы өзін жеңілдете түседі.
Қазіргі таңда өкінішке орай біздің көпшілігіміз мүмкіндігі шектеулі жандармен қалай дұрыс қарым-қатынас жасауды білмейміз. Біз мүмкіндігі шектеулі жандарды кездестіргенде өзімізді жайсыз сезінеміз, тіпті кей-кездері оларды абайсызда ренжітіп аламыз.
Мүмкіндігі шектеулі адамдармен сөйлесу барысындағы аздаған кеңестерге тоқталып өтсек:
-
Сіз мүмкіндігі шектеулі адамды кездестіргенде ол адаммен тікелей сөйлесуіңіз керек. Мүмкіндігі шектеулі жанды күлімдеп, жылы шыраймен қарсы алу керек.
-
Мүгедектігіне назар аудармаңыз. Олардың мүгедектігін анықтау маңызды емес. Оларға тең көзқараста қарау, басқалар тәрізді олармен сөйлесу және кез-келген әрекетте бірлесе атқару өте маңызды.
-
Шынайы көмек қолын созу керек. Кейбір адамдар оларға қол ұшын беруден бас тартып жатады, себебі олардың көңіліне қаяу түсіріп алудан қорқады.
-
Егер сіз көмек ұсынсаңыз ол қабылдағанша күтіңіз, содан кейін не керектігін және оның қалай жасалатынын сұраңыз.
-
Мүмкіндігі шектеулі жан қиындыққа тап болса, оны мұқият тыңдыңыз. Шыдамды болыңыз, ол адамның әңгімесі аяқталғанша күтіңіз.
Ертегі терапиясы.
Бұл тұлғаның сөйлеуін дамыту, сананы кеңейту және сыртқы әлемді бейнелеу арқылы өзара әрекеттесуді жақсарту үшін қолданылатын әдіс. Ертегі терапиясын қолдану бұл соңғы 10 жылда логопедтер, психологтар мен тәрбиешілер белсенді түрде дамытқан және ақыл-ой кемістігі бар балаларды жұмыста қолданылатын ең көне әдістердің бірі.
Ертегі терапиясының негізігі міндеті- ертегі формасы аясында ең тиімді психологиялық технологияларды синтездеу; әртүрлі психотерапиялық әдістерді бір ертегі жүйесінде біріктіру және бейімдеу. Ертегі баланы кейіпкерлерді түсінуге шақырады, нәтижесінде оның адамдар, қоршаған әлем заттары мен құбылыстары туралы жаңа идеялары, жаңа эмоционалды тәжірбиесі пайда болады.Ертегі барысындағы ойындардың көмегімен әр балаға көптеген жағдайлардан өтуге көмектесе аламыз. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасағанда ертегі тераписяның мынандай түрлері қолданылады.
Көркем ертегілер. Көркем ертегілерге халықтың сан ғасырлар бойы жиналған даналығы мен авторлық әңгімелермен жинақталып шыққан ертегілер жатады. Көркем ертегілерде дидактикалық, психокоррекциялық, психотерапиялық және медитация аспектілері бар.
Дидактикалық ертегілер. Дидактикалық ертегілер белгілі бір білімнің маңыздылығын аша алады. Дидактикалық ертегілер балаларлың ой өрісін жақсы дамытады. Көбінесе дидактикалық ертегілерде көптеген көрнекіліктер қолданылады.
Психокоррекциялық ертегілер. Баланың мінез-құлқына жұмсақ әсер ету үшін жасалынады. Мұнда көбіне баланың жағымсыз мінез-құлықтары жағымды жаққа ауыса түседі.
Медиативті ертегілер. Қиялдағы жағымды тәжірбиені жинақтау, психоэмоционалды стрессті жеңілдету үшін жасалады. Медитациялық ертегілер арнайы музыкамен айтылады.
Бүгінгі күні психологтар, педагогтар мен логопедтер ертегілермен жұмыс істеудің алуан түрлі тәсілдерін жасады.
-талдау
-пікірталас
-қуыршақ жасау
-сахналау
-сурет салу және т.б
Ертегідегі тәсілдер мүмкіндігі шектеулі жандардың жоғарғы дене белсендіктері, жүйке процестерінің икемділігі мен қозғалтқыштығын арттыруға, моториканы және қимылдарды үйлестіруді дамытуға, физикалық және психикалық стресті жеңілдетуге бағытталған. Ертегі айту баланың психикасына жағымды ықпал етуге әсер етеді.
Арт-терапия
Арт-терапия-бұл өнермен, шығармашылықпен емдеу.(терминді А.Хилл енгізген).
Арт-терапия-адамдардың визуалды қызметінде және психотерапиялық қарым-қатынаста қолданылатын, психокоррекция, психопрофилактика, денсаулық жағдайы әртүрлі, эмоционалды және психикалық ауытқулары бар адамдарды оңалту және бейімдеу мақсатында қолданылатын психологиялық әсер ету әдістері жиынтығы. Арт-терапия қызметінің басты мақсаты-мүмкіндігі шектеулі жандардың психологиялық және әлеуметтік саласындағы оң өзгерістерге қол жеткізуі. Қазіргі уақытта арт-терапия мүмкіндігі шектеулі жандар үшін өте маңызды. Мүгедектердің ішкі әлемі күрделі және алуан түрлі. Мүмкіндігі шектеулі адмадармен жұмыс жасауда арт-терапия әдістерін қолдану олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, визуалды бейнелер арқылы сыртқы әлеммен өзара тілдесуге ықпал етеді.
Арт-терапияның басты мақсаты- өзін-өзі көрсету және өзін-өзі тану қабілетін дамыту арқылы мүмкіндігі шектеулі адамдардың көңіл-күйлерін және ерік-жігерлерін үйлестіреді. Арт-терапиямен жұмыс істеу барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға бұйрықтар, талаптар, нұсқауларға жол берілмейді. Қатысушы шығармашылық қызметтің түрін, мазмұнын, материалын өздері таңдайды. Олар кейбір тапсырмалардан бас тартуы мүмкін немесе жай ғана бақылаушы болып отыруғада болады. Арт-терапия әдістері- мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін психологтың жұмысының қуатты құралы. Арт-терапия әдістері-әмбебап болып табылады және оларды мұғалім сабағында да, ата-аналардың өздері де үйде оқуда сәтті қолдана алады.
Арт-терапия келесі мәселелерді шешеді:
-өміршеңдікті оятады, жады мен өнімділігін белсендіреді.
-танымдық, шығармашылық қабілетін дамытады.
-әлеуметтік бейімделуді қамтамасыз етеді.
Балалардың шығармашылығын, қиялын, сөйлеу қабілетін дамыту үшін психологтар құм терапиясын қолданады. Құммен сурет салу ішкі тыныштықты сезінуді үйретеді. Ұсақ моторикаларды дамытады, мидың қабілетін арттырады, адам жанын тыныштандырады.
Ойын терапиясы
Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты даму да жоқ және болуы да мүмкін емес, ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүнте туралы түсіні алады. Ойын – дегеніміз ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» (В.А.Сухомлинский). Кез-келген бала үшін ойын әлеуметтенудің және қоршаған әлемді танудың маңызды құралдарының бірі болып табылады. Ойынның көмегімен бақылауды дамыта аламыз, зейінді белсендіре аламыз. Ойын шығармашылықтың дамуына ықпал етеді,өз бетінше шешім қабылдау қабілетін дамытады. Ойын жағдайында мүмкіндігі шектеулі бала дені сау құрдастарымен тығыз байланыста болады,олармен белсенді әрекеттеседі және олармен қарым-қатынас жасайды,ол өзін басқалардан ерекше сезінуді тоқтатады. Ойын мүмкіндігі шектеулі бастауыш мектеп оқушыларына дене, адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрбие беру жүйесінде маңызды орын алады. Ойын мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жалпы мектептегі құрдастарына қарағанда маңызды. Ойын арқылы үйрену- бұл ұғымға барлығы келіседі. Белгілі психологтар А.Н.Грабов, Г.Я.Трошин мүгедек балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы ойынға жоғары баға берді. Олар ойынды балалардың қабілеттері мен мүмкіндіктерінің көрінуінің дәл көрсеткіші деп санады. Олар ойын бірінші кезекте сыртқы сезімнің дамуына: көру, бұлшықет сезімі, есту қабілетіне пайдалы әсер етеді деді.
Психологиялық-педагогикалық мәдениеттің деңгейі мен ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысу дәрежесін анықтау үшін келесі әдістерді қолдануға болады: ата-аналарға сұрақ қою және тестілеу; ата-аналармен, балалармен жеке әңгімелесу; баланың отбасына бару; «Менің үйім», «Менің отбасым» сияқты балалардың тест-суреттерін зерттеу ; «Отбасы» рөлдік ойынындағы баланы бақылау; бірлескен іс-шаралар кезінде ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты бақылау; ойын және проблемалық жағдайларды модельдеу және т.б. Балаға отбасынан мектепке дейінгі мекемеге көшу процесі өте қиын. Бала отбасында үйреніп қалған жағдайларға қарағанда мүлдем басқа жағдайларға бейімделуге мәжбүр болады. Бұрын қалыптасқан иммундық жүйе, физиологиялық процестер біршама өзгеріске ұшырайды. Мектепке дейінгі жаста балалар адамдармен сөйлесуге қызығушылық танытады, олардың сөздік қоры мен осы уақыттағы тәуелсіздік дағдылары оларға айтарлықтай тәуелсіз болуға мүмкіндік береді. Алайда, балалар үшін күні бойы бейтаныс адамдардың ортасында болу қиын. Мектепке дейінгі білім беру ұйымына түскен кезде барлық балалар адаптивті стрессті бастан кешіреді.Мүмкіндігі шектеулі балалардың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жаңа жағдайларына бейімделуі, құрдастары мен ересектеріне жақындауы әлдеқайда қиын.Балалардың бейімделу мүмкіндіктері шектеулі, сондықтан баланың жаңа әлеуметтік жағдайға күрт ауысуы және ұзақ уақыт стресстік күйде қалуы эмоционалдық бұзылуларға әкелуі мүмкін. Мектепке дейінгі жас — дамуында ауытқуы бар балаларды сау құрдастарының тобына біріктіру үшін қолайлы кезең. Тәрбиеші жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі — бейімделу кезеңінде және одан әрі мектепке дейінгі білім беру мекемесінде болу кезінде психологиялық жайлылықты құру.Мектеп жасына дейінгі балалар өте эмоционалды және әсерлі. Олар ересектер мен құрдастарының эмоцияларымен, олардың әрекеттеріне еліктеу арқылы тез жұқтыруға бейім. Сондықтан бейімделу кезеңінде біз ойын терапиясы әдісін кеңінен қолданамыз.Ойын баланы ынталандыруға, оның сенсомоторлық дағдыларын дамытуға және эмоционалды стрессті төмендетуге көмектесетін құрал ретінде әрекет етеді.Ойындар әр баланың бір-бірімен бәсекелестік қатынастарына, ойын серіктестігінің қатынастарына емес, бәрімен қабылданатын нәрсеге үйлесімді қатысуына негізделген. Ойындар балалардың қарым-қатынас және қозғалыс қажеттіліктерін қанағаттандырады. Ойын терапиясының құралдары — ашық аспан астындағы ойындар, имитациялық ойындар, психо-эмоционалды стресстен арылтуға арналған ойындар, құм ойындары, дөңгелек би ойындары, балалар әуенмен жұптасып жүгіретін немесе билейтін динамикалық ойындар.
Ойын сабақтары эмоционалды және бұлшықет кернеуін жоюға, импульсивтілік пен мазасыздықты азайтуға, балалардың бір-бірімен өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға, зейінін, қабылдауын, сөйлеуін, қиялын, жалпы және ұсақ моторикасын, қозғалыстарды үйлестіруді дамытады.Сонымен, бейімделу кезеңінде мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс кезінде ойын терапиясы әдісін қолдану өте тиімді және көпфункционалды.
Иппотерапия
Жануарлармен сөйлесудің емдік әсері мыңдаған жылдар бойы белгілі болған, тіпті Гиппократ науқастар атқа мінгенде тез қалпына келеді, ал меланхоликтер қара ойлармен қоштасады деп тұжырымдады. Емдік атқа міну (иппотерапия — грек тілінен аударғанда «жылқы емдеу») оңалту терапиясының тиімді әдісі болып табылады. Иппотерапия — бұл ат пен шабандозды қолданатын нейрофизиологиялық негіздегі физиотерапиялық ем.Бүгінгі таңда 45 елде атпен жүру орталықтары бар.Науқастарды оңалту үшін қолайлы сипаттамалары бар жылқылар таңдалады. Таңдау кезінде жылқының сабырлы, бейбіт табиғаты, адамдармен жұмыс жасау қабілеті және салауатты, теңдестірілген психикасы бағаланады.Соңғы жылдары иппотерапия әр түрлі дамуында кемістігі бар адамдарды кешенді оңалту жүйесінде қолданылады. Ол көбінесе мүгедек балаларды емдеуде оңалтудың көпфункционалды әдісі ретінде қолданылады, т. иппотерапия физиотерапия жаттығуларының бір түрі ретінде ғана емес, сонымен қатар психологиялық түзету әдісі ретінде де қолданылады.Иппотерапия оңалту кезінде әртүрлі даму кемістігі бар науқастардың жағдайын жақсартуға көмектесетін терапевтік құрал ретінде қолданылады.
Әдістің мәні жылқының (иппос — грек) баспалдақпен қозғалғанда шабандоз үшін терапевтік медиатор рөлін атқаратындығында, жүру кезінде адамның қимылына ұқсас мотор импульстарын өткізетіндігінде. Жылқы науқасқа минутына 90-дан 110-ға дейін көп бағытты мотор импульсін береді. Бұл қозғалыс пациенттің реакциясын ынталандырады, бұл физиотерапевтке науқастың физикалық белсенділігін түзетуге көмектеседі.
Иппотерапияның үлкен артықшылығы — дәстүрлі емдеу, қалпына келтіру және ұзақ уақытқа созылған жақсартуларға қарағанда тезірек және сәтті болған кезде оны қолдану көрсеткіштерінің кең ауқымы. Сколиозды, невроздарды, көптеген асқазан-ішек жолдары ауруларын, остеохондрозды, кейбір сенсорлық бұзылыстарды, психикалық ауруларды және т.б. емдеуде және алдын алуда ат спорты «терапиясы» баға жетпес. Иппотерапиямен емдеу барлық жағдайда тиімді. Үнемі терапевтік атпен жүру бүкіл денеге тиімді әсер етеді, жүрек-қан тамырлары, жүйке және ас қорыту жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіреді, конвульсиялық дайындықты, қант диабетімен ауыратындардағы қандағы қант деңгейін төмендетеді. Гипотерапия ең ауыр, іс жүзінде емделмейтін аурулармен ауыратын балалармен, сондай-ақ физикалық және интеллектуалды дамудағы ауытқулармен (церебральды паралич, ерте жастағы аутизм және т.б.) оңалту тәжірибесінде тікелей тиімді және тиімді болып шықты, бұл тікелей байланысты тартылған адамдардың физикалық, интеллектуалды және психоәлеуметтік салаларына бір уақытта жағымды әсер ететін иппотерапияның бірегей қасиеті. Жылқыға деген қызығушылық, оның сұлулығы мен күшіне сүйсіну барлығымызға тән. Бұл әдемі жануармен кездескенде және олармен сөйлескенде ауыр сырқаттарға душар болған балалардың қуанышын бағалау мүмкін емес.
Алайда, жалпы білім беру процесінде жиі кездесетін кедергілер:
- Ыңғайлы білім беру стандарттарының болмауы.
- Барлық оқу орнының оқу жоспарлары мен оқу мазмұнының ерекше білім беруді қажет ететін балаларға сәйкес келмеуі.
- Жалпы үлгідегі білім беру мекемесіндегі педагогикалық ұжымының арнайы дайындығының болмауы, түзету педагогикасы мен арнайы психологияның негіздерін білмеуі.
- Жалпы білім беру ұйымының оқытушыларында мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық даму ерекшеліктері, оларға арналған білім беру және түзету процесін ұйымдастырудың әдістері мен технологиялары туралы түсініктердің болмауы.
- Мүмкіндігі шектеулі балалардың қажеттіліктері үшін жалпы білім беру мекемесінде материалдық-техникалық жабдықтардың жеткіліксіздігі (пандустар, лифттер, арнайы оқу, оңалту, медициналық жабдықтар, арнайы жабдықталған оқу орындарының болмауы).
- Жалпы үлгідегі білім беру мекемелерінің штат кестесінде (сурдопедагогтар, логопедтер, педагог-психологтар, тифлопедагогтар) және медицина қызметкерлерінің қосымша ставкаларының болмауы.
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды көбінесе оқымайды деп тануы;
- Мектеп директорларының көпшілігі мүгедектің мәселелері туралы жеткілікті білмейді және мүгедек балаларды сыныптағы оқу процесіне қосуға дайын еместігі. Неге? Себебі: бұл мектепте ауру балалар оқиды, демек білім деңгейі төмен деп ата-аналар қорқады. Сол себепті балаларына жақсы мектеп іздеуге тура келеді.
Қорыта айтқанда, ерекше оқытуды қажет ететін балалар мәселесі -біздің қоғамда орын алып отырған күрделі мәселелердің бірі . Тәрбиелік жұмыстарды жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды», — деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына әкеліп, ары қарай қалыптасып, дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыста, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкіндік жасалады.
Егер халықтың барлығы тең құқыққа ие болып, мүмкіндігі шектеулі балаларға барынша қолайлы жағдай
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз