Материалдар / "Инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық құжаттары"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық құжаттары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық құжаттары жайлы тест
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Наурыз 2021
1020
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық құжаттары.





1-практикалық тапсырма

«Қазақстанда инклюзиялық білім беруге байланысты қандай нақты құжаттар  және баптар бар? Осы сұраққа жауапты «қарлы кесек» атты әдіс арқылы (zoоm, webex) платформасында өткізу.

1.Бала құқықтары туралы Конвенция қай жылы қай қалада қабылданды ?

(Нью-Йорк, 20 қараша 1989 ж.)

2.Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция қай жылы қай қалада қабылданды ?

(Нью-Йорк, 13 желтоқсан, 2006 жыл)

3."Бала құқықтары туралы" БҰҰ конвенциясы.2-бап не жайлы айтылған?
кемсітуді болдырмау

Әрбір бала нәсіліне, тері түсіне, жынысына, тіліне, дініне, жеткіліктілігіне және әлеуметтік тегіне қарамастан, осы Заңда көзделген барлық құқықтарға ие болады.
осы Конвенциямен белгіленеді.
Ешкім кемсітуге тиіс емес.

4. ."Бала құқықтары туралы" БҰҰ конвенциясы 23-бап не жайлы айтылған?

мүгедектігі бар балалар

Ақыл-ой немесе дене жағынан толық емес әрбір баланың ерекше қамқорлық пен лайықты өмір сүруге құқығы бар. Мемлекет мұндай балаға оқуға, емделуге, еңбек қызметіне дайындалуға, демалуға, барынша дербес болуға, яғни толыққанды өмір сүруге мүмкіндік беруге тиіс.

5."Бала құқықтары туралы" БҰҰ конвенциясы 28-бап не жайлы айтылған?
білім

Әрбір баланың білім алуға құқығы бар. Бастауыш білім міндетті және тегін, орта және жоғары – барлық балалар үшін қолжетімді болуы тиіс. Мектептерде баланың құқықтары сақталуы және оның адамгершілік қадір-қасиетіне құрмет көрсетуі тиіс. Мемлекет балалардың мектептерге үнемі баруын қадағалауы тиіс.

6. 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-II ҚР Заңы қандай ?

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»

7.«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заң қай жылы қабылданды?

2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-III ҚР Заңы

8.2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-II ҚР Заңы қандай ?

«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»

9.«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» заң қай жылы қабылданды?

1997 жылғы 16 маусымдағы № 126 ҚР Заңы

10.«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заң қай жылы қабылданды?

2001 жылғы 16 шілдедегі 242-II ҚР Заңы

11.2000 жылғы 15 мамырдағы №719 ҚР Үкіметінің қаулысы не жайлы айтылған?

«Ақыл-есі кеміс балаларға арналған интернат үйлері, психоневрологиялық интернаттар, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйлері ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатудан түсетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы» .

12.ҚР Денсаулық сақтау министрінің (ДС) «Бүлдіршін жастағы балалардың есту қабілетінің бұзылуы скринингін және диагностикалауды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» нешінші бұйрық қай жылы қабылданды ?

2009 жылғы 28 қыркүйектегі № 478 бұйрығы

13. «Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» қай жылы қабылданды?

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы № 83 бұйрығы .

14.Мүгедекті оңал тудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесін бекіту туралы» қай жылы қабылданды?



ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің (ЕжХӘҚМ) 2004 жылғы 7 желтоқсандағы № 286-ө бұйрығы

15.«Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» қай жылы қабылданды?

ҚР Білім министрінің (БМ) 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 712 бұйрығы.

16.« П с и х о л о г и я л ы қ - м е д и ц и н а л ы қ - педагогикалық консультация қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қай жылы қабылданды?

ҚР Білім министрінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 744 бұйрығы.





  • Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 77 Қаулысы.

  • Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2020 № 207

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 51 бұйрығына «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

  • Инструктивно-методическое письмо.ОБ ОСОБЕННОСТЯХ ОРГАНИЗАЦИИ УЧЕБНО-ВОСПИТАТЕЛЬНОГО ПРОЦЕССА В ОРГАНИЗАЦИЯХ СРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН В 2019-2020 УЧЕБНОМ ГОДУ

  • Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы.

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығы.

  • Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 13 қарашадағы № 398-V ҚРЗ

  • "Арнайы білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізбесін, арнайы білім алуға мұқтаж адамдар үшін білім беру ұйымдарындағы қажетті орындар санын бекіту туралы"ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2003 жылғы 29 № 787 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы".

  • Түзету және инклюзивті білім беру кабинеттерінің қызметін ұйымдастырудың үлгілік қағидалары

  • Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға интеграцияланған (инклюзивті) білім беруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар.

  • Білім беру ұйымында кохлеарлық имплантациядан кейін балаларды анықтау бойынша нұсқаулық-әдістемелік хат.

  • Білім беру ұйымдарында аутизмі бар балаларды анықтау бойынша әдістемелік ұсынымдар.

  • Ерте жастағы балалардың есту қабілетінің бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру қағидалары.

  • Стационарлық емдеу профилактикасында емделу курсынан өтетін мүгедек балалар үшін оқу сабақтарын ұйымдастыру тәртібі туралы ереже,оңалту және басқа да денсаулық сақтау ұйымдары.

  • Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасы.

  • Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспары.



    • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

«Қазақстан Республикасының Мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы)

Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар (Қазақстан Республикасының. Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы желтоқсанның 12-ндегі № 524 бұйрығымен бекітілді)

Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығы. Біліктілік сипаттамалары жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 30.04.2020 № 169

Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға инклюзивті (кіріктіре) білім беруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2009 жылғы наурыздың 16-ндағы № 4-02-4/450 хаты)



Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы

Балаларды кохлеарлы имплантациядан кейін жалпы (инклюзивті) білім беру және арнайы (түзету) білім беру ұйымдарына белгілеу бойынша әдістемелік-нұсқаулық хат (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2009 жылғы шілденің 2-ндегі № 4-02-4/1228 хаты)

Аутизмі бар балаларды білім беру ұйымдарына белгілеу бойынша әдістемелік ұсынымдар (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2010 жылғы мамырдың 28-ндегі №4-02-4/1435 хаты)

Әдістемелік нұсқау хат «2016-2017 Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы»



Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы бекіткен материалдар:

Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері

Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі

Инклюзивті білім беру жағдайында қызмет ететін мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктеріне қойылатын талаптарды дайындау

Инклюзивтік білім беру жағдайында 8 санат бойынша ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың оқытуын ұйымдастыру

Жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптардың жұмысын ұйымдастыру

Білім беру ұйымдарының тәжірибесіне инклюзивтік педагогика мен енгізу жүйесінің қағидаларын дайындау

Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық консилиум ережесі

Мектептік консилиумдар құру және ерекше қажеттіліктері бар балаларға интенсивті, кең және арнайы қолдау көрсету

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне енгізу үлгілерін дайындау

Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қысқа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұзақ мезімдік негізде оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.



Қазақстан республикасындағы инклюзивті білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық базасы



1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығын, еркіндігі мен бостандығын сақтаудағы отандық және халықаралық нормативтік құжаттар

2. Халықаралық құқықтық құжаттардағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың еркіндігі мен бостандығы туралы негізгі ережелер

3. Арнаулы білім беру жүйесін регламеттейтін нормативтік құжаттар

Адамның өмір сүруін қанағаттандыру үшін оның құқығы мен еркіндігі сақталуы қажет. Адам құқығы мен еркіндігін қорғау, халықтың әлеуметтік қорғау мен оны жүзеге асыру механизмі адам құқығы мен еркіндігі туралы бекітілген халықаралық актілердің негізінде реттеледі. Адамның саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқығын сақтау туралы халықаралық құқықтық құжаттар барлық халықтың құқығы мен еркіндігін мойындауға, жеке басының, тілінің, дінінің, еңбекке араласу, тынығу мен бос уақытын ұйымдастыру, әлеуметтік қамсыздану, материалдық және моральдық қызығушылықтарының орындалуына негіз болады.



Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығы көп уақыт бойы халықаралық қауымдастықтың назарында болып келді. Қазіргі уақытта көтеріліп отырған жалпы проблемаға байланысты біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан Адам құқығы туралы декларация, Мүгедектердің құқығы туралы декларация, Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген тұлғалардың құқығы туралы декларация, Бала құқығы туралы конвенция, Мүгедектердің мүмкіндігі мен ережелерін сақтаудағы тең құқығын сақтаудың стандартты ережелері түріндегі бірқатар нормативтік құжаттар жасақталған.БҰҰ-ның қабылдаған Уставына және Адам құқығы туралы жалпы декларацияға сай мүмкіндігі шектеулі тұлғалар белгіленген нормативтік құжаттар негізінде өздерінің азаматтық, саяси, әлеуметтік, мәдени құқықтарын жүзеге асырып, өзге адамдармен қатар өздерінің еркіндігі мен бостандығын сақтай алады.Аталған құжаттардың қатарындағы Адам құқығы туралы жалпы декларация осы проблемаға сай қабылданған басқа да нормативтік құжаттардың құрылуына негіз болды. Құжаттардың жасақталуы барысында балаларды қорғау, балалардың денсаулығына назар аудару, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға ерекше назар аударудың қажеттілігі басым болды.

1989 жылғы 20 қарашадағы Бас Ассамблеяда Бала құқығы туралы конфенция қабылданып, баланың мүмкіндігін әлемдік деңгейде сақтай білу, оны дамытудың қажеттілігі қабылданды. Конвенцияның негізгі мақсаты - максималды түрде баланың қызығушылығын сақтау. Конвенцияның ережелері маңызды төрт талап негізінде (өмір сүруге қабілеттілік, даму, қорғау, қоғамдағы белсенді өмір сүруін қамтамасыз ету) қарастырылды. Конвенцияның 23-ші бабында «мүмкіндігі шектеулі баланың өмір сүруіне жағдай жасау» туралы мәселелер көтеріледі. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы, кәсіби еңбекке дайындығы, оларға медициналық көмек көрсету, денсаулығын нығайтудағы қажеттіліктердің қанағаттандырылуы туралы баса айтылады.



1975 жылы БҰҰ Ассамблеясында қабылданған мүгедектердің құқығы туралы Декларация мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың азаматтық және саяси теңдігін сақтауға негіз болады. Сонымен қатар олар өздерінің қоғамдағы интеграциялану мүмкіндіктерін қабылдау үшін максималды түрдегі арнаулы көмек түрлерін қабылдауға құқылы.



БҰҰ қабылдаған ақыл-ой дамуы кешеуілдеген тұлғалардың құқығын қорғау Декларациясы (1971) аталған категорияларға жататын тұлғалардың өмір сүру мүмкіндіктеріне түбегейлі өзгерістер енгізуге бағытталған.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың мүмкіндіктерін сақтаудағы негізгі халықаралық құжаттардың мазмұны мынадай қорытынды жасауымызға мүмкіндік береді:



1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың басқалармен бірдей тең құқылығын сақтау принципі;



2. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды (саңыраулар үшін) барлық жағдайлардағы аудармашылармен қамтамасыз ету;



3. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығы бір ғана құжатта емес бірнеше құжаттарда баяндалады.



Қазақстан Республикасының арнайы білім беру жүйесі 90-шы жылдарда мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімделуін жетілдіру мақсатында халықаралық құқықтық актілер қабылданды, олар “Бала құқықтары туралы Конвенция” (1989) және “Мүгедектердің құқықтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету туралы ережелер” (1993), білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беру және жағдайын реттеу үшін “Саламандық декларация” (1994).



Саламандық декларацияда (1994) «инклюзия» - бұл білім беруді дамытудағы басты бағыт деп есептеген. Инклюзивті білім беру жүйесінің ерекшелігі әрбір баланың қажеттілігі мен мүмкіндігіне қарай бейімделуге міндетті, бірақ жалпы білім беру мектептерде біріктіріп оқытумен қатар кейбір балалар арнайы мекемелерде білім алады. Жоғарыда аталған халықаралық құжаттарды жүзеге асыру нәтижесінде тоқсаныншы жылдары білім беру жүйесінде «инклюзия», «инклюзивті білім беру», «инклюзивті амал» бағыттары дами бастады.



«Инклюзия» терминіне анықтама бере кетсек, инклюзивті білім беру (франц. Inclusif - өзіңе енгізуші, латын тілінен include-бекітемін, енгіземін) жалпы білім беретін мектептердегі ерекше қажеттіліктері бар балалардың оқыту процесін бейнелеу үшін қажетті термин. Инклюзивті білім берудің негізіне идеология жатады. Ол балалардың кез келген дискриминатциясын жояды, яғни ол барлық адамдарға бірдей қалыпты қарым-қатынасты қамтамасыз етеді, бірақ ерекше білім қажеттіліктері бар балаларға ерекше жағдай жасайды.



Инклюзивті амал - баланың әртүрлі білім беру қажеттілігін және сол қажеттілікке сәйкес қызмет көрсетілуін қамтамсыз етілу арқылы білім беру процесіне қатысуын, білім берудегі қарсы шығушылық пен шектеушілікті азайтып, қоғамның назарын аударады.



Инклюзивті білім беру - дене, интеллектуалдық, әлеуметтік, эмоционалдық, тілдік және т.б. ерекшеліктеріне қарамастан білім алуына, тәрбие мен оқытудың жалпы процестеріне қатысуына мүмкіндік беріп, өсіп келе жатқан тұлғаның қоғамның тең мүшесі болуына жол ашып, шектеушілік пен оңашалау қауіп-қатерін төмендетеді.



Кез келген мемлекетте арнайы білім беру жүйесінің дамуы қоғамның мәдени нормалары мен құндылық бағыттарының негізінде жүзеге асырылады. Демек арнайы білім беру жүйесінің даму кезеңдері әр мемлекеттің және қоғамның даму тарихымен тығыз байланысты. Дамуында ауытқуы бар тұлғаға қоғамның қатынасы бірнеше факторлармен анықталады, оның ішіндегі негізгі факторлардың бірі – саяси әлеуметтік экономикалық, сонымен қатар халықтың философиялық көзқарасы, діни адамгершілік деңгейі болып табылады.



«Қазақстан Республикасының балалар құқығы» туралы заңы ҚР-ның Конституциясында қарастырылған баланың қызығушылығы мен негізгі құқықтарын жүзеге асырумен байланысты қатынастарды реттейді. Заңға сәйкес барлық балалар шығу тегі, нәсіліне және ұлтына, әлеуметтік және тұрмыстық жағдайына, жынысына, тіліне, біліміне, діни қатынасына, тұрғылықты жеріне, денсаулық күйіне және басқа да жағдаятарға қарамастан тең құқыққа ие.



2007 жылы қабылданған мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияда үздіксіз сапалы тұрғын жерінде, отбасынан айырылмай білім алуға құқықтар жарияланып, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аудару туралы баптар бекітілген. Қазақстанда мүмкіндігі шектелген балалардың туғанынан бастап әлеуметтік және медициналық-педагогикалық тексерулерді және білім алуды ақысыз пайдалану құқығы еліміздің бас Конституциясында, «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектелген балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық тұрғыдан қолдау туралы», Қазақстан Республикасында «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік қорғау туралы» заңдарында бекітілген.



Осыған орай, Р.А.Сүлейменова мен Г.Д.Хакимжанова түрлі типтегі инклюзивті мекемелердің жүргізілген тәжірибесін талдау негізінде жұмыстарының ортақ тенденциясы мен қағидаларын анықтауға мүмкіндік берді. Мұғалімдердің көбі үлкен мән беретіні:



түзете-дамыту мен оңалту бағдарламаларын жүзеге асыру мен жоспарлау кезінде зиятының даму деңгейін, қажеттіліктерін және физиологиялық функцияларын бағалауына;



оңалту және оқыту бағдарламасын кешенді жүзеге асыруына;



бірлескен және қарым-қатынас жасауда, оқыту мен тәрбиелеуде ата-аналар мен қалыпты деңгейдегі баланың қатысуы;



отбасына психологиялық қолдау көрсету.



Р.А.Сүлейменова инклюзивті білім беру арқылы баланың толық қосылуын қамтамасыз ету үшін адамдарды бөлетін тосқауылдарды жою үшін ортақ білім беру жүйесінің дамуында және мемлекеттік саясатта өзгерістер болатының болжап көрсеткен. Дейтұрғанымен, инклюзивті білім беру жүйесі тек мектептегі білім алуды ғана қамтып қана қоймай, оған қоса күрделі ауытқуы бар балаларға арналған күндізгі орталықтарында болу, үйде тәрбиеленетін балаларға бару және тағы сол сияқты жұмыс формалары бар.



2002 жылғы «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзете қолдау туралы» заңы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, еңбек және кәсіби даярлығына байланысты проблемаларды шешуде тиімді жүйені құруға бағытталған қолдау көрсетудің әдістері мен формасын анықтайды.



Заңда мүмкіндігі шектеулі баланың лайықты өмір сү

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!