ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада бастауыш білім берудегі инклюзивті оқытудың негізгі ерекшеліктері қарастырылады. Инклюзия принциптері, мұғалімдердің рөлі, оқу процесін бейімдеу қажеттілігі, сондай-ақ бастауыш білім беру жүйесіне инклюзивті оқытудың оң тұстары баяндалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Аннотация: Бұл мақалада бастауыш білім берудегі инклюзивті оқытудың негізгі ерекшеліктері қарастырылады. Инклюзия принциптері, мұғалімдердің рөлі, оқу процесін бейімдеу қажеттілігі, сондай-ақ бастауыш білім беру жүйесіне инклюзивті оқытудың оң тұстары баяндалған.

Тірек сөздер: Бастауыш білім беру, инклюзивті оқыту, инклюзия принциптері.


Инклюзивті оқытуды адамгершілікке, теңдікке, толеранттылыққа тәрбиелейді. Бастауыш білімде бұл бағыттың дұрыс жолға қойылуы – баланың ары қарайғы табысты дамуының негізі болып табылады. Инклюзивті тәсіл бастауыш білім беру деңгейінде ерекше маңызды ие, өйткені бастауыш мектеп жасында негізгі оқу дағдылары, жеке қасиеттер мен әлеуметтік қатынастар қалыптасады.

Р.Қ.Керімбаеваның «Инклюзивті білім беру негіздері» атты оқу құралында «Ерекше қажеттілігі бар балаларға қалыпты дамыған балалар қоғамымен біртұтас оқыту жүйесін құру қажет. Әлеуметтік орта ерекше қажеттілігі бар баланың дамуы үшін өте маңызды» деп тұжырымдаса, ал А.Искакованың пікірінше «Арнайы мектептер даму ерекшеліктері бар баланы тар шеңберге жабады, оны нақты өмірге енгізбейді. Сондықтанда жалпы оқу үрдісін енгізуді керек» деп ұсынған.

Бастауыш білім берудегі инклюзивті оқыту процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері төмендегідей жіктеледі:

1. Қалыпты ортаға ерте қосылу. Бұл қоғамға ену мүмкіндігін, яғни әлеуметтік өзара әрекеттесу қабілеттерін ерте жастан қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

2. Білім берудің жеке бағыты. Ерекшеліктері бар бала барлығына ортақ білім беру бағдарламасын игере алады, бұл оны балалар ұжымының өміріне қосудың маңызды шарты болып табылады. Қажет болған жағдайда ерекшеліктеріне, ақаулық тереңдігіне байланысты жеке білім беру бағыты және жеңілдетілген тапсырмалар қатары әзірленеді.

3. Командалық жұмыс тәсілі. Командалық принцип бойынша мамандар, педагогтар, ата-аналар тығыз байланыста жұмыс істеуі керек. Бұл әр балаға қатысты қызметтің мақсаттары мен міндеттерін бірлесіп құруды, баланың ерекшеліктерін, оның мүмкіндіктерін, әлеуметтік-педагогикалық кеңістікті дамытудағы қозғалыс процесін бірлесіп талқылауға жол ашады.

Ата-аналардың белсенділігі, олардың баланың даму нәтижелеріне жауапкершілігі. Ата-аналар білім беру процесінің толыққанды субъектілері болуы керек, сондықтан оларға педагогикалық процесті, оның динамикасы мен түзетулерін талқылауға белсенді қатысуға мүмкіндік берілуі керек.

4. Жалпы ортаға әлеуметтенудің басымдығы. Жұмыстың негізгі мақсатты ерекше қажеттілігі бар баланың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру, оның әлеуметтік қатынастар тәжірибесін игеру. Бала барлық іс-шараларға белсенді қатысуды үйренуі керек, өзін көрсетуден қорықпауы, өз пікірін білдіруі, тұлғааралық қатынастарды дамыта отырып, басқа балаларға өздерін сол күйінде қабылдауға үйрету.

Айта кету керек, инклюзивті оқыту тек ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ғана емес, сонымен қатар дені сау балалар үшін де дамыған, ізгілікті және тиімді білім беру жүйесі болып табылады. Олардың әрқайсысының даралығын құрметтеу және қабылдау арқылы адамгершілік, толеранттылық, көмекке дайын болу сияқты қасиеттерге ие тұлға қалыптасады.

Сонымен қатар бастауыш білім берудегі инклюзивті оқытуды жүзеге асыру арқылы ерекше қажеттілігі бар балалар адамдардың кең ауқымымен, соның ішінде денсаулыққа қатысты шектеулері жоқ адамдармен өзара әрекеттесу мүмкіндігіне ие болады. Қоғамның басқа мүшелерімен бірге және тең дәрежеде әлеуметтенеді. Мысалы, бейімделген кедергісіз ортада мәдени демалыс орындарына (театрлар, мұражайлар мен кинотеатрлар) бару.

Білім алудың және қоғамға алғашқы кірудің барлық кезеңдерінде тьютерлік сүйемелдеу арқылы әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды дамытады және оқу бағдарламасын ыңғайлы қарқынмен меңгереді. Бұл білім беру процесін Денсаулық ерекшеліктерін ескере отырып, өмір сапасын жақсарту үшін қажетті шаралармен біріктіруге мүмкіндік береді.

Өзіңе деген сенімділікке жол ашады. Мектепте бала не істей алатынын байқап көреді, әлемді зерттейді. Дұрыс көзқараспен даму ерекшеліктері бар балалар өздерінің басқалардан кем емес екенін және барлығымен бір ұжымда өмір сүре алатындығын көреді.

Жалпы қоғамды бала бастауыш кезден бастап басқаларды ерекшеліктеріне қарамастан қабылдауға үйретеді. Мүмкіндігі шектеулі балалар денсаулық жағдайына қарамастан кез-келген адамды қабылдауға үйренеді. Оқушылар бір-біріне төзімді болып, эмпатияны жаттықтырады. Қоғамда толеранттылық, мейірімділік, өзара сыйластық дағдыларын қалыптастырады.

Осылайша, бастауыш мектептегі білім беру процесінде инклюзивті оқытуды ұйымдастыру – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуға, тәрбиелеуге және олардың жеке дамуына құндылық қатынасының жүйесімен құрметпен қарауға, олардың бұқаралық жалпы білім беру мекемелерінде және қоғам аясында қысылмай қатар жүруге жол ашады.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


  1. Керімбаева, Р.Қ. Инклюзивті білім беру негіздері: электронды оқу құралы / Р. Қ. Керімбаева, 2019. - 207 МБ

  2. Искакова, А. Инклюзивті білім беру бойынша психологиялық-педагогикалық терминдер госсарийі 2016. - 84 б.

  3. Акимова О. И. Инклюзивное образование как современная модель образования // Инклюзивное образование: методология, практика, технологии.http://psihdocs.ru/lekciya-po-teme-filosofskie-osnovaniya-inklyuzii-i-principi-in.html

  4. Волохов А.В.Реабилитация и образование: лучше вместе, чем порознь / - (Опыт на карте Калужской области) // Социальная работа. -2011 - N 6

  5. Демичева О.Г. Неспециальные проблемы инклюзивного образования / //Социальная педагогика. - 2012 - № 2 -С. 54-58.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2025
15
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі