жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Инновациялық әдістер
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Түркістан облысы,Қазығұрт ауданы
«Жеңіс» негізгі орта мектебі
Тақырыбы: Білім сапасын арттыруға бағытталған инновациялық әдістер
Мұғалім: Налибаева Балжан Улубековна
Жұмыс өтілі: 4 жыл
Тел:87056912202
2021 ж
Білім сапасын арттыруға бағытталған инновациялық әдістер
3. Интербелсенді оқу/оқыту диалогтық қатынасқа негізделеді, ал диалог өз кезегінде өзара түсіністікке, бірлескен әрекеттерге, таным процесінде туындаған мәселелер мен проблемаларды бірлесе шешуге алып келеді. Интербелсенді оқуда/үйренуде білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, құзырлық, машықтарға үйренеді:
- терең ойлануға;
- ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алуға;
- ақпаратты жан-жақты талдауға;
- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыруға;
- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеуге;
- басқа да балама пікірлерді ескеруге;
- шешім қабылдауға және қиын мәселелерді шешуге;
- жауапкершілікке (өз біліміне, өміріне);
- басқалармен тиімді қарым-қатынас құруға.
Инновациялық әдіспен оқу және оқыту келесі жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады:
- бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның),
- жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары,
- ситуативтік және рөлдік ойындар,
- ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, Интернет, құжаттар, мұражай, басқа адамдар: мамандар, т.б.),
- шығармашылық жұмыстар, т.б.
Өз кезегінде бірлескен жұмыс әдістері өзін-өзі мен басқа адамдарды танудың құралы болып табылады, олар дүниетаным қалыптастырып, тұлғаның өзіндік дамуы мен басқалардың іс-әрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды.
Инновациялық әдіспен оқытудың негізгі мақсаттары
Қағидалар |
Мақсаттар |
Орта қалыптастыру |
- Білім алушы оқып/үйренуде өз әрекеттерінің жемісті екендігін сезінетін жағдайлар жасау; - Үйренушілер арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым-қатынас орнату; - Үйренушілерге білімді дайын күйде бермей, оны ізденуге бағыт-бағдар сілтеу. |
Бірлескен әре-кеттер арқылы үйрету/үйрену |
- Үйренушілерге білімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде меңгерілетіндігін дәлелдеу; - Үйренушілерді белсенді әрекеттерге баулып, олардың білім игеру әрекеттерін ұйымдастыру. |
Өмірмен байланыстыру |
Үйрету/үйренуді практикалық әрекеттерге негіздеу, пән мен тақырыпты күнделікті өмірде туындайтын проблемаларды шешу деп қарастыру. |
Өзінділік пен дербестікке баулу |
- Үйренушілердің дайын жауаптарын қанағат тұтпай, оларды ой-толғаныс арқылы өзіндік пікір құрастыруға, проблема шешуде өзіндік тұрғыдан жауап табуға ынталандыру (егер шәкірт жауап бере алмаса, дұрыс жауапты өзі беруге асықпай, оны басқа үйренушілердің табуына ықпал жасау); - Үйренушілерде сыни және аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру (күмәндану, ақпараттан әртүрлі мағынаны көре білу, өзіндік түсінікке ұмтылу, дәлелдеме келтіру). |
Сабақта жаңа әдістерді пайдалану арқылы сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, оқытушының рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми–педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, тыңдаушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оларды ізгілікке, елжандылыққа, саналылыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу ұстаздың басты мақсаты. Инновациялық әдістерді тыңдаушылардың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады. Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана тіл үйренушілердің алған білімімен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады. Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады. Сабақты түрлендіруде өз басым ақпараттық технологияларды яғни, компьютер, интерактивті тақтамен жұмыс, мультимедиалық көрніспен, жаңаша тапсырмаларды пайдалану арқылы өткізуді дәстүрге айналдырдым. Сонымен бірге тыңдаушылармен бірге бұқаралық ақпарат құралдары, журналдардың, әлем елдері әдебиеті мен мәдениетіндегі жаңалықтарға шолу жасап отыруды өз тәжірибеме енгіздім. Себебі оқытумен тәрбиелеудің ой елегінен өтетін әдіс-тәсілдерін жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып білім сапасы артады.
Әр оқытушының оқытуда, үйретудегі өз тұғырнамасы болу қажет. Қытай даналығы: «Айтсаң, ұмытып кетемін, көрсетсең, есте сақтаймын, ал өзіме істеуге берсең-мен бәрін түсінемін» деген екен. Содықтан да тыңдаушының белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеретін, ойлауға үйрететін ол жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер болып табылады. Оқытуда ең лайық деген инновациялық әдіс-тәсілдерді таңдау, қолданылу әрбір ұстаздың еркінде. Соған сай ұстаз-ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, білімпаз болуы тиіс.
Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Қазақстан білім беру жүйесін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруде. Қазір бүкіл әлемде индустриялық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді дамытып отыра алатын информациялық қоғамға, тасымалдау, тарату және пайдалану қызметтерін атқаратын жаңа қоғамға көшу процесі жүріп жатыр.
Себебі, «Жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану» - оқыту сапасының нәтижесі. Ал инновациялық әдістерді тиімді қолданылу-қазіргі заман талабы.
Белсенді сынып
-оқушылар бір-бірімен сөйлеседі;
-мұғалімге және сыныптастарына сұрақ қояды;
-жұмыс істеу үшін бөлме ішінде қозғалады;
-оқушылар түсіндіреді;
-оқушылар көрсетеді;
-оқушылар бір-біріне жазбалар дайындайды;
-мұғалім мұқият тыңдайды;
-оқушылар бір-біріне бетпе-бет отырады;
-оқушылар өздерін еркін ұстайды;
-бір-бірімен ой бөліседі.
Белсенді емес сынып
-мұғалім көп сөйлейді;
-сұрақты мұғалім қояды;
-мұғалім сыныпқа нұсқау беру үшін тақтаға жазады;
-мұғалім түсіндіреді;
-мұғалім көрсетеді;
-мұғалім оқып тұрып, оқушылар жазады;
-мұғалім тыныштықты талап етеді;
-оқушылар тыңыш тыңдайды;
-мұғалім бөлме ішінде көп қозғалады.
Әрбір адамға ойлау қабілетінің белгілі бір дағдылары мен жеке тұлғаның қасиеттері керек.
Сарапатама жасай білу, салыстыра білу, негізгісін анықтай білу, мәселені шеше білу, өзін-өзі баламалы бағалай білу, жауапты болу, өз бетінше жұмыс істей білу – міне, жоғарыда аталғандардың барлығы балаға өмір жолын бастауға қажеттіліктер деп атасақ та болады.
Мұғалімнің міндеті барлық ақпаратты айтып немесе көрсетіп қана қоймау керек, сонымен қатар оқушыны ойлауға үйрету керек, сол тапқан ақпараттарын практика жүзінде қолдана білуге үйрету керек. Білім сапасын арттыратын әдістер осыған жағдай жасайды. Белсенділіктің 3 деңгейі:
• Қайта жаңғырту белсенділігі — оқушының білімді түсінуге, есте сақтауға, қайта жаңғыртуға тырысуы, яғни, үлгі бойынша пайдалану тәсілдерін меңгеруі
• Интерпретация белсенділігі — оқушының оқытылған материалдың мәнін түсінуге, осы ақпараттардың арасындағы байланысты түсінуге тырысуы, яғни, ақпаратты (білімді) үлгі бойынша емес, өзгертілген жағдайда пайдалану тәсілдерін меңгеруі
• Шығармашылық белсенділік — оқушының мәселені шешу жолдарын өз бетінше іздеуі, яғни, танымдық қызығушылығын көрсете білуі.
Бірлескен жұмыс барысында шағын топ мүшелерінің (ең тиімдісі әр топ құрамында 4-6 оқушы болғанда) барлығы да өзара қарым-қатынасқа негізделген (интербелсенді) әрекеттерді атқарады (мәселен, тыңдай білу, өз пікірін ұтымды және дәлелді түрде жеткізе білу, ортақ пікір қалыптастыру, туындаған егес пен дау-дамайларды шеше білу, бірлесе шешім қабылдау). Мұнда біреудің жұмыстан тыс не қалыс қалуы екіталай: барлығы да қызу әрекетте болады, барлығы да жұмыстың қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосады.
Инновациялық үлгідегі сабақтың құрлымы
|
Тәсілдер/ Оқушы әрекеттері |
Мұғалімнің рөлі мен әрекеттері/ Уақыт |
І. Проблема айқындау (Мақсат қою, Қызығушылықты ояту, Мотивациялау, Қажеттілік тудыру) |
- топтық/сыныптық талқылау - мини-лекция, - видео, - слайд |
Тапсырма құрастырушы: мақсат пен күтілетін нәтижелерді айқындайды, тапсырма мен материалдар ұсынады, жұмыс ретін түсіндіреді, нұсқау береді –
|
ІІ. Проблема шешу (Мақсатты жүзеге асыру, Операциялық кезең: материалмен танысу, оны игеру, сол бойынша жұмыс жасау, мағынаны ашу)
|
2) Негізгі әрекет - постер дайындау (тізім, деректерді жіктеу, алгоритм құрастыру, тірек сызбалар, схема, кесте, диаграмма, кластер, менталды карта, кроссворд, сканворд, ребус, суреттер, көрнекі құралдар, стенд баяндамасын дайындау), - комикстер жасау, - слайд жасау, - сахналау (рөлдерге бөліп ойнау, жағдаят құрастыру, ойнап шығу), - ғылыми-зерттеу жобасын дайындау (баяндама, мақала, реферат, аннотация, рецензия, гипотеза), - эксперимент, тәжірибе жасау, - бірін-бірі үйрету (Жигсо, т.б.), - пікірталас, дебат, дөңгелек үстел, ток-шоу өткізу, - видеофильм, ролик, жарнама түсіру, - есептер/жаттығулар жинағын құрастыру, - тест сұрақтарын құрастыру, - шығармашылық жұмыстар: эссе, РАФТ, сценарий жазу, - оқу, рөлдік, іскерлік ойын дайындау және өткізу, т.б.
|
Көмекші/нұсқаушы: бақылайды, көмектеседі, консультация береді, бағыт-бағдар сілтейді, ынталандырады, мақтайды, топ/жұп жұмысын үйлестіреді -
|
ІІІ. Проблема шешімін қорытындылау (Нәтижені талқылау, Рефлексиялық-бағалау кезеңі: білгенін ортаға салу, қандай ой, пікір, әсер туындағанын талқылау, талдау, қорытындылау)
|
3) Негізгі әрекетті талдау/бағалау (Қалай жасалынды, орындалды?): Жариялау/Таныстыру/Презентация/Қорғау/Талдау/Тұжырымдау (жұмыс нәтижелерін жариялау, таныстыру, оларды талдау/талқылау, бір-біріне кері байланыс беру). 4) Бағалау/Рефлексия: оқушылардың не үйренгендігін айқындау, рефлексия тудыру. «Мақсатымызға жеттік пе? Оның дәлелі қандай? Сабақ қалай өтті? Ол бізге не берді? Не үйрендік? Оның дәлелдері қандай? Ең ұтымды жасаған әрекеттеріміз қандай болды? Оның себеі қандай? Өзімізді не үшін мақтар едік? Неліктен? Қандай қиындықтар болды? Олардың себептері қандай? Оларды қалай жеңуге болады? Бұл сабақта қалай жақсартуға болады? Өз әрекеттерімізді қалай жақсартуға болар еді? Білімімізді қалай толықтырамыз?», т.б. секілді сұрақтарды ауызша талқылау немесе жеке жазу жұмысын жазу: эссе, хат жазу, берілген сұрақтарға жазбаша жауап беру, өлең, есеп беру, есеп шығару, жаттығуды орындау, тестілеу, шығармашылықпен құрастыру: критерийлер, тест сұрақтары, кесте, есеп, ереже, анықтама, нұсқаулық, алгоритм, менталды карта, диаграмма, семантикалық карта, т.б.).
|
Қалыптастырушы бағалау бойынша пікір құрастырушы: талдайды, бағалайды, пікір айтады, кері байланыс береді, қорытындылайды -. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген