Материалдар / ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың əдіс-тəсілдерін үнемі жетілдіріп отыру жəне қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық жəне интерактивтік əдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы əрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатына қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үдеріс педагогика теориясы мен оқу-тəрбие үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық қабілетін дамытуды, мұғалім іс-əрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Жаңа педагогикалық технологиялар білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектеседі.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘОК 37.013.2


ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ


Шрымбай Дана Абилахатовна

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті


Аңдатпа

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың əдіс-тəсілдерін үнемі жетілдіріп отыру жəне қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық жəне интерактивтік əдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы əрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатына қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үдеріс педагогика теориясы мен оқу-тəрбие үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық қабілетін дамытуды, мұғалім іс-əрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Жаңа педагогикалық технологиялар білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектеседі.

Кілттік сөздер:инновация, модуль, педагогика, инновациялық іс-әрекет, технология.


Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мəселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дəрежеге жуықтату. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сəйкес кəсіби шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғылымиəдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару – еліміздегі ең маңызды əрі кезек күттірмейтін ауқымды істер.

Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз демекші, бүгінгі бала – ертеңгі жаңа əлем. Демек бұрыннан қалыптасқан бағдарлама мен тəртіп ол үшін ескірген, тозған. Ал қазір ол барлық тұлғасымен жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Сондықтан оған жүйелі жəрдем беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттайтын, қабілет-қасиеттерін дамытатын мектеп шаңырағы қажет.

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, əлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тəрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-əрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мəселелердің бірі [2].

XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: білім сапасын көтеру компьютерлендіру, интернет, компьютерлік желі, электронды жəне телекоммуникация, электронды оқулықтар даярлау. Бұлардың білім алушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына, білік сапасын көтеруге тигізетін əсері мол. Жаңа электронды оқулықтардың дүниеге келуімен берілетін білім мазмұны да өзгерері сөзсіз. Болашақта əр білім алушы компьютерлік технология арқылы интернет, электронды желі, электронды почта арқылы дүниежүзілік білім əлеміне еніп, онда өзінің қажетін өтейтін білімді толығымен алуға, қажетті ақпараттық мəліметтерді ғылым саласына байланысты озық тəжірибелерді, осы мəселенің шетелдегі жағдайымен танысуына толық мүмкіндік туады.

Қазіргі мұғалім:

1. Педагогикалық үдерісте жүйелі жұмыс істей алатын;

2. Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш;

3. Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

4. Білім алушымен ортақ тіл табыса алатын;

5. Білімді, шебер, іскер болуы тиіс.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-əрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мəселелердің бірі. Ал ғылым мен техниканың жедел дамыған, мəліметтер ағыны күшейген XXI ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру мектептің басты міндеті болып саналады.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мəліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да əрбір білім алушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үдерісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді [3].

Инновациялық əдіс-тəсілдерді қолдануда оқытушы сабақты дайын күйінде бағалайды, əрбір білім алушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал оқытушының негізгі міндетіне білім алушының іс-əрекетін бақылау жатады. Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Əдетте инновация бірнеше өзекті мəселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді.

Масырова Р., Линчевская Т. «Жаңару» (новшество) дегенімізді былай деп түсіндіреді: «Жаңару – белгілі бір адам үшін əділ түрде жаңа ма, əлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Ш.Қалановтың, Ж.Қараевтің, Ш.Таубаеваның, Қ.Қабдықайыровтың, С.Лактикованың, М.Жанпейісованың, Ə.Жүніспек пен Қ.Нағымжанованың, С.Көшімбетованың, К.Ж.Бұзаубақованың, Б.Тұрғанбаева мен А.Əлімовтың, т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары жан-жақты қарастырылады. Бұл технологиялар теориялық тұрғыдан дəлелденіп, тəжірибеде жақсы нəтиже көрсетіп жүр. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, еңбегін шəкірттерінің бағалауы, пəндік білім сапасының жоғары болуы ерекше орын алады [1].

Əдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тəрбие үдерісінде оқытудың инновациялық əдіс-тəсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:

- ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тəжірибеде «бала – субъект», «бала – объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер «оның тұрмысының əлеуметтік жағдайы мен іс-əрекетінің əлеуметтік нəтижесінің бірлігінде қарастырады;

- ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пəнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;

- қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;

- иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат» үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мəдениет қалыптасады;

- саралап деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен əдістері шығармашылық ізденіс іс-əрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.

- оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;

- дербес оқыту технологиясы оқу-тəрбие үдерісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның əлеуметтік-психологиялық жауапкершілігін арттырады.

Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады:

  1. Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф.Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жəне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.

  2. Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі əдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пəндерді оқытудың қазіргі кездегі əдістемесі дəлел.

  3. Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік жəне сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.

Қазір республика оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сəйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің əртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға жəне тəжірибеге негізделген жаңа идеялар, қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар бар. Сондықтан əртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны əрбір білім алушының жас жəне жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тəжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Ғылыми-педагогикалық əдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үдерісінің нəтижесін көретін əдіс-тəсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады.

Оқытудың инновациялық əдістерінің классификациясы мынадай топтарға бөлінеді:

1. Қатысушы саны бойынша;

2. Ұйымдастырылуы бойынша;

3. Оқу-танымдық қызметі бойынша;

4. Қатысушылардың іс-əрекеттерінің үлгісі бойынша;

5. Компьютерді қолдану принципі бойынша.

Енді осылардың əрқайсысын жеке-жеке қарастырайық.

1. Қатысушы саны бойынша: жеке, топтық, ұжымдық, триада жəне диада болып бөлінеді.

Педагогикалық инновациялар мағынасына, мазмұнына, нəтижесіне қарай екі түрге бөлінеді:

- білім беру жүйесіндегі инновациялар;

- оқу тəрбиелеу жұмысының жоспарлары мен бағдарламаларының мазмұны мен құрылысына жататын инновациялар.

Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кəсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тəжірибені жұмылдыру қажет. Бұл – өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да əрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады жəне

Инновациялық технологиялар – ол білім саласындағы қолданатын жаңа ақпараттық технологиялар, ғылым жетістіктеріне негізделген əдістер. Отандық дəстүрлі педагогика тəжірибесінде оқыту əдістері үш топқа бөлінеді:

  1. Оқу танымдық ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістері

  2. Оқу танымдық қызметтің тиімділігін бақылау әдістері

  3. Оқу танымдық қызметті ынталандыру әдістері

XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кəсіби бейімделуін қалыптастыру мəселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтан болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына өлшемдер арқылы жүзеге асады:

Мотивациялық өлшемдеріне танымдық қызығуды қалыптастыру бейнесі жатады. Оған болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-қатынас, болашақ маманның өзінің кəсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын ерекше жақсы көруі, ұрпақ тəрбиесінде ұстаздың жетекші орнын сезінуі, кəсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-əрекетке ұмтылу əрекеттері кіреді.

Мазмұндық өлшемдеріне болашақ маманның жалпы мəдениеттілік дайындығы мен мəндік əдіснамалық дайындығының деңгейі, мамандығы бойынша білімі, педагогикалық біртұтас білім жүйесі, біртұтас педагогикалық үдерістің заңдылықтары, мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық білім негіздерімен қарулануы кіреді. Оған біртұтас педагогикалық үдерістің теориялық негіздерін жəне жеке тұлға теориясының ғылыми негіздерін меңгеруі, педагогикалық іс-əрекет теориясының негіздерін білуі, білім алушылардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланғанда инновациялық іс-əрекеттің көбіне нəтижелі болатындығын сезіне алуы жатады.

Бейімділік өлшемдерін болашақ маманның барлық жағдайға бейімделе алу қабілеті жатады: бейімділік жағдаятына бағдарлана алуы, микроорта өзгерістеріне сай қолайлы инновациялық педагогикалық технологияларды таңдай алуы. Бейімділік өлшемдері болашақ маманның білімгер мəртебесінен оқытушы, ұстаз мəртебесіне ауысуының ерекшелігін сезіне білуімен бейімділік іс-əрекетті жүзеге асырудың жаңа əдіс-тəсілдерін пайдалана алуларымен ерекшеленеді.

Танымдық өлшемдері болашақ маманның əлеуметтік кəсіби қоршаған ортаны жедел тани алуымен, өзін кəсіби жүзеге асырудың нəтижелі əдіс-тəсілдерін пайдалануымен, инновациялық педагогикалық технологияларға қызығу танытумен ерекшеленеді. Оған болашақ маманның əлеуметтік кəсіби қоршаған ортаны біліп тануы, кəсіптік білімін өз тəжірибесінде қолдана білуі, инновациялық педагогикалық технологияларды оқып меңгеруі, үйренуі жатады.

Іс-əрекеттік өлшемдері болашақ маманның өзінің кəсіби іс-əрекетінің мақсаты мен міндеттерін анықтай алуы жəне педагогикалық қарым-қатынастық үдерісті тиімді жүзеге асыра алуымен өлшенеді. Оған болашақ маманның өз пəнін жете меңгеруі, біртұтас оқу-тəрбие үдерісінің психологиялық, педагогикалық негіздерін білуі, педагогикалық үдерісті жоспарлап, жүзеге асыра алуымен өлшенеді.

Технологияның өлшемдері оқытудың əдістемелік мақсаттары, оқыту үдерісі, оның міндеттерін анықтай алуы, оқытудың нəтижесін болжай алуы жəне психологиялық-педагогикалық білімдерді меңгерумен анықталады. Оған болашақ маманның біртұтас оқу-тəрбие үдерісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, білім алушылармен ынтымақтастық қарым-қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас педагогикалық үдерісті диагностикалай алуы жəне сабақтың нəтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны таңдай алуы қажет.

Шығармашылық өлшемдеріне шығармашылық ептілікті, шығармашылық белсенділікті болашақ маманның шығармашылық-ізденушілігін дамыту кіреді. Оған болашақ маманның ғылыми зерттеу жұмыстарына өзіндік талдау жасай алуы, өз білімін көтеруге, жетілдіруге талпыныстың болуы мен инновациялық əдіс-тəсілдерді қолдануға өзіндік (авторлық) жаңалықтар, өзгерістер енгізумен жəне жаңалықты шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады.

Осы аталған көрсеткіштердің əсерінен білім, кəсіп, іскерлік, іс-əрекет, игеру, нəтиже құралады. Білім жалпы, кəсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кəсіппен ұштасады. Ал кəсіп – мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кəсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік – оқу, білім, кəсіп, тəжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-əрекетті меңгеру қажет. Іс-əрекет əрекеттен, операция, қимыл-қозғалыстан тұрады. Барлық үдеріс байланыса орындалғаннан соң нəтиже көрсеткіші пайда болады [4].

Ғылыми-педагогикалық зерттеулерге жасалынған талдау жаңа педагогикалық технологиялардың бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді.

Енді солардың ішінен жоғары оқу орындарының оқу үдерісінде қолдануға ұсынылатын бірқатарына тоқталайық.

Бүгінгі таңда республикадағы жəне аймақтағы экономикалық нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуы қоғам өмірінің барлық саласында, оның ішінде мектепте оқыту мазмұны мен оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру өзекті мəселелердің бірі болып отыр.

Дəстүрлі оқыту технологиясының білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы білім алушылардың білім жетістіктерінің нəтижелерінен көрініс табуда [6].

Осыған орай, оқу-тəрбие үдерісін жетілдірудің қазіргі технологияларын жетілдіріп, мектепте сабақ беруде қолдану арқылы білім сапасын жақсартуға болатындығына басым бағыт берілуде.

Қазіргі кезде мектептің оқу-тəрбие үдерісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мəлім. Бұл технологиялардың бəрін бір сабақта қамту мүмкін емес.

Сондықтан, мектептегі əрбір пəнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу жəне оны іс-əрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы білім алушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда білім алушының əрекеті технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.

Қазіргі заманғы педагогикалық технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет. Бұл үшін оқу құралдары білім алушының өздігінен танымдық іс-əрекетін жүргізе алатындай болуы керек.

Əрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік жəне шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға жəне өзін-өзі дамытуда қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті əдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.

Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне жататындар – əрбір білім алушының жеке жəне дара ерекшеліктерін ескеру; білім алушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру; білім алушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.

Жаңа педагогикалық технология: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, проблемалы оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы, түсіндіру, басқарып оқыту технологиясы, деңгейлік саралап оқыту технологиясы, міндетті нəтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, модельдік оқыту технологиясы, жобалап оқыту технологиясы.


Пайдаланылған əдебиеттер тізімі:



  1. Е.Ы.Бидайбеков, В.В.Гриншкун, Г.Б.Камалова, Д.Н.Исабаева, Б.Ғ.Бостанов, Білімді ақпараттандыру жəне оқыту мəселелері: Оқулық. – Алматы, 2014. – 352 б.

  2. Бұзаубақова К. Ж. Инновациялық технология. – Алматы, 2009.

  3. Кларин М.В. Инновации в мировой педагогике. – Рига: Эксперимент, 1998.

  4. Оқытудың инновациялық əдістемелері мен технологияларын жоғары оқу орындарында қолдану тəжірибесі. Оқу-əдістемелік құрал. – Құрастырушылар: Тұрғынбаева Б., Əлімов А. Қ. – Алматы, 2011.

  5. Цукерман Г.А. Инновации в мировой педагогике. – Рига: Эксперимент, 1998.

  6. Роджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!