ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР БАЛАНЫҢ ОТБАСЫМЕН
ЖҰМЫС
Интеллектуалдық
жетіспеушілігі
бар баланы тәрбиелейтін отбасындағы қарым-қатынастың негізгі мәселелері Баланың тууы – әрбір отбасыда қуанышты жаңалық. Интеллектуал- дық дамуының бұзылыстары бар әрбір балаға сүйіспеншілік, қамқорлық 93 пен мейірімділік қажет. Осы балалар сау құрдастарға қарағанда, олар тұрақты көмекті және оқудағы басқарушылықты
көбірек қажет етеді. Дамуда ауытқушылықтары
бар балаларды отбасында тәрбиелеу ата- аналардан, педагогтерден
сабырлық, түсінушілік және т.б. көптеген қасиеттерді талап етеді. Ата-аналардың мамандармен тығыз қарым- қатынас пен өзара түсінушілікті
қалыптастыру, баламен психологиялық- педагогикалық
жұмыста жемісті шарты болып келеді. Интеллектуалдық
жетіспеушілігі
бар баланы тәрбиелейтін отбасын- дағы бала ата-ана қарым-қатынасы күрделі әрі маңызды мәселе болып саналады. Аномальды дамуы бар баланың әлеуметтік бейімделуі ата- аналардың дұрыс тәртібіне тәуелді болады. Ерте балалық шақтан бастап, танымдық іс-әрекеттің жетіспеушілігі
баланың ата-анамен немесе қоғамның басқа мүшелерімен қалыпты қарым- қатынас жасауға кедергі жасайды. Осы барлығы әлеуметтік тәжірибені меңгеруді және тұлғааралық қатынастардың
тәсілдерін қалыптастыруды
қиындатады, интеллектуалдық
бұзылыстары бар балалардың эмоционал- дық дамуын тежейді. Интеллектуалдық
дамуында ауытқушылықтары
бар баланы тәрбиелейтін отбасы көптеген қаржыландыру, әлеуметтік және т.б. қиындықтарға тап болады. Отбасындағы өзара қарым-қатынастардың
адекватты түрлерін қалыптастыру сұрақтарымен әртүрлі мамандар айналысады, олар: психологтер, психотерапевтер, олигофренопедагогтер, логопедтер және т.б. Жалпы арнайы психологияда бала дамуы, яғни әлеуметтендірілуі
балаға жақын адамдармен қарым-қатынастан бастала- тының анықтады. Баланың анамен эмоционалдық қарым-қатынас – бұл оның алғашқы іс-әрекет түрі, ол онда оқыту субектісі ретінде болады.
Мүмкіндігі шектеулі бала дамуының жемістілігі отбасындағы балаға деген дұрыс ыңғайын табуына байланысты болады. Күрделі жағдайда өмір сүретін балалар үшін өмір бақылауының жетіспеушілігі, эмоционалды кемелденбеген
және жоғары деңгейде құштарлану тән. Отбасылар және отбасылар мүшелерінің интеллектуалды
бұзылысы бар баланың отбасында пайда болуына көзқарастары әртүрлі. Бұл көптеген факторларға байланысты: жеке жағдайға байланысты, баланың пайда болуын ата-ананың күтуіне, бақытсыз жағдайға деген көзқарасқа, басқа балалардың санынан және ерекшеліктеріне
байланысты болады. Бірақ, ата- аналардың ерекшеліктеріне
қарамастан, әлеуметтік, экономикалық және отбасы аралықтарындағы
мәдениеттілік
ерекшеліктеріне
қарамастан, жалпы осындай ата-аналарға ортақ мәселе бар. Ата-аналар балаға қойылған диагнозды қиын қабылдайды. Ата-аналарды «ақыл-ойы кем», немесе «олигофрения» деген терминдер шошытады. Ең алғашқы рет ата- аналар эмоционалды жарақат алғанымен, біртіндеп жағдайды түсініп, баланы ауру деп қабылдайды. Жағдайды қабылдау процесі бір-бірімен байланысты бірнеше факторлармен айқындалады,