Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Интеллектуалды ойын "Дарындылар додасы" 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқшылардың бойына көшбасшылық қасиет қалыптастыру. Дарынды балалардың ішк әлеуетін ашу. Қоғамда, топта, ұжымда дарынды, көшбасшы бола білуге тәрбиелеу.Оқушылардың логикалық ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту,ой-өрістерін кеңейту.  Оқушылардың үш тілдегі сөздердің айтылым,тыңдалым және жазылым бойынша дағдыларын қалыптастыру,үш тілде меңгерген рухани құндылықтармен сусындаған жан-жақты білімді, бәсекеге қабілетті, мәдениетті тұлға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape2 Shape3

6.09.2018ж

ДАРЫНДЫЛАР ДОДАСЫ

Сабақ тақырыбы: Дарындылар додасы

Мақсаты:

  • Оқушылардың білімге, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

  • Оқушылардың логикалық ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту,ой-өрістерін кеңейту;

  • Оқушылардың үш тілдегі сөздердің айтылым,тыңдалым және жазылым бойынша дағдыларын қалыптастыру,үш тілде меңгерген рухани құндылықтармен сусындаған жан-жақты білімді, бәсекеге қабілетті, мәдениетті тұлға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: интеллектуалдық ойын

Көрнекілігі: Карта, интерактивті тақта, тапсырмалар

Жоспары:

I.Ұйымдастыру

-Оқушылармен амандасу

-Сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру:

II.Негізгі бөлімі

  • «Жұмбақтар әлемінде» кезеңі

  • «Шешендік тағылымы» кезеңі (мақал – мәтелдермен жұмыс)

  • «Тұлғаны таны» (Бинго ойыны)

  • «Егерде мен ...» (жағдаятты сұрақтар)

  • «Кім көп біледі (әр түрлі сұрақтар)

III.Қорытынды

  • «Шетелдік досқа хат» 3 тілде достарына хат жазу.

  • Марапаттау

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші сөзі: Сәлеметсіздер ме,құрметті ұстаздар мен оқушылар?!

«КӨШБАСШЫЛЫҚ» жобасы аясында өткізгелі тұрған «Дарындылар додасы» интеллектуалдық ойынына Қош келдіңіздер! Білім деңгейілері бойынша сынып оқушылары 3 топқа бөледі.

Білім марафоны жеті кезеңнен тұрады.Әр кезең бойынша түрлі тапсырмалар берілген.Ал,енді сайысымызды бастамас бұрын,әділқазылармен таныс болыңыздар.

Әділқазы мүшелері:

11 «а» сынып тәрбиешісі Жиенбаева Айнұр апай

8 «а» сынып тәрбиешісі М. Серікбай

9 «а» сынып тәрбиешісі Г.Байарыстанова

I.Кезең «Жұмбақтар әлемінде» кезеңі. Оқушыларға жасырылған жұмбақтар шешімін үш тілде айту.

1. Аяғы жоқ жүреді,

Аузы жоқ сөйлейді. (хат, письмо, letter) айтылуы летте

2. Дөп – дөңгелек

Дөңгелеп келеді,

Тепкен бөгеп

Аяқ оған керегі (доп, мяч, ball) бал

3. Қобдиыңда қайырлы

Қазынаңның бәрі бар

Тауыссаң көз майыңды,

Қалағаның табылар (кітап, книга, book) (бук)

4.Көреді бәрін өзгенің,

Көре алмайды өздерін (көз, глаза, eyes)

5.Күмбір – күмбір жарғағым,

Қартайғанша жарадың (құлақ, уши, ears) иеас

6. Басым болса білімің

Білегіңнің күші мен

Шешесің ой түйінін

Бұл найзаның ұшымен (қалам, ручка, pen) пен

7.Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (күн, солнце, sun) сан

8. Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады (жұлдыз, звезда. star) стар

9. Көтеріліп теңізден,

Аспанға биік барамын.

Биіктен қайта түскенде

Өңі кірер даланың (жаңбыр, дождь, rain) рейн

10.Тауда өсер, таста өсер,

2.«Кім ең білімді?» Бұл кезеңде сіздерге бір сөзі аяқталмаған мақалдар беріледі осы мақал-мәтелдердің жалғасын үш тілде айтуларыңыз қажет.

1- ші сайыскерге сұрақ:

1.Жылтырағанның бәрі ………. емес (алтын, золото, gold)

2.Өз ……… – кең сарайдай боз үйім (үйім, дом, nome)

2 сайыскер экранға назар аударыңыз.

1. …….. істі ертеңге қалдырма (бүгінгі, сегодня, today)

2 ….. рет өлшеп, бір рет кес (жеті, семь, seven)

3 сайыскерге қойылатын мақалдар

1. Жақсы …. , жарым ырыс (сөз, слово, word)

2. Соңғы …… жүгі ауыр (түйенің, верблюд, camel

4 сайыскерге қойылатын мақалдар

1.Алып …… туады, ат биеден туады (анадан, мать, mother)

2 …. тұрып бала сөйлесе – ер жеткені, шеше тұрып қыз сөйлесе – бой жеткені (Әке, отец, father)

5 сайыскерімізге

1.Дос құшағы — ….. (жаз, лето, summer)

2. …. ашылмай бұлбұл сайрамас (гүл, цветок, flower)

3.«Тұлғаны тану». Бинго ойыны.

Белгісі болса-жолдан жаңылмас,

Білімі болса- сөзден жаңылмас.

Махмұд Қашқари

Қыран құстың баласы

Ұшса келмес ұяға...

Асыл ердің баласы

Жауды көрсе шыдамай

Көзін салар қияға.

Махамбет Өтемісұлы

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы.

Сонда да бар солардың таңдамасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы.

Сонда да бар солардың таңдамасы.

Абай Құнанбаев

4.Жағдаятты сұрақтар 3 тілде айту.

«Егерде мен ...» жағдаятты сұрақтар

Егерде мен сабаққа себепсіз келмей қалсам ...

Егерде мен бестік баға алып жүріп, 4 – тік бағаға қорытындылансам...

Егерде мен сабаққа даярлықсыз келсем ...

Егерде мен досымның көңілін қалдырсам ...

5. «Кім көп біледі?» сайысы.

1.ойыншыға

1. Бір адамның ұзақ сөзі. (монолог)

2. Абайдың шын есімі. (Ибраһим)

3. Қазақтың тұғыш ғарышкері. (Тоқтар Әубәкіров)

4. Әліппе атасы. (Ы.Алтынсарин)

5.Жүз жасаған ақын. (Ж.Жабаев)

6. 1931 жылы 9 ақпанда туған ақын кім? (М.Мақатаев)

7. Ұлы жүздің аға биі. (Төле би)

8. Қазақтың жаңа жылы. (22 наурыз)

9. Тиянақты ойды білдіреді. (сөйлем)

10. Исатайдың жан серігі, досы кім? (Махамбет)

2.

1. Бірнеше адамның сөйлескен сөзі. (диалог)

2. Абайдың немере інісі, ақын. (Шәкәрім)

3. Қазақтың тұңғыш президенті. (Н.Назарбаев)

4. Балалар әдебиетінің атасы. (Ы.Алтынсарин)

5. Қазақтың бас ақыны. (А.Құнанбаев)

6. Махамбеттің досы. (Исатай)

7. Кіші жүздің аға биі. (Әйтеке)

8. Қаз дауысты деген атақты кім ие болған? (Қазыбек)

9. Айтылады да естіледі. (дыбыс)

10. Мағыналары бір-біріне жақын сөздер. (синоним)

3.

1. Жетіге дейін саналатын сан есім. (жинақтық)

2. Табиғат бейнесін суреттеу. (пейзаж)

3. Өткір тілді, тапқыр адам. (шешен)

4. Түйе сөзіне жұрнақ жалғасаң, кім болады? (түйеші)

5. Кейіпкердің сыртқы түр-тұлғасын суреттеу. (портрет)

6. «Өз» қай есімдік түрі? (өздік)

7. Балаларды қорғау күні қай айда? (1 маусым)

8. Сөз атасы- не? (құлақ)

9. Күрделі ойды білдіреді. (құрмалас)

10. Мағыналары қарама-қарсы сөздер. (антоним)

Қорытынды.

«Шетелдік досқа хат».Әр топ басшылары туған жерге деген өз ойларын үш тілде жеткізеді.




Е. Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған № 4 облыстық мектеп-интернатының 10 «б» - сынып аясында өткізілген «Дарындылар додасы»
тақырыбында өткізілген интеллектуалдық ойынның хаттамасы

Қатысуға тиісті-20

Қатысқаны-20

Күн тәртібінде:

  • Оқушыларды «Дарындылар додасы» тақырыбындағы сабақтың тақырыбы, мақсаты және жоспарымен таныстыру.

  • Тақырып аясында оқушылармен жоспарлы жұмыс жүргізу.

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып тәрбиешісі Қабат Жайна сөз алып оқушыларды «Дарындылар додасы» тақырыбындағы интеллектуалдық ойынның жоспарымен және мақсатымен таныстырып өтті.Мақсаты: Оқушылардың білімге, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.Оқушылардың логикалық ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту,ой-өрістерін кеңейту. Оқушылардың үш тілдегі сөздердің айтылым,тыңдалым және жазылым бойынша дағдыларын қалыптастыру,үш тілде меңгерген рухани құндылықтармен сусындаған жан-жақты білімді, бәсекеге қабілетті, мәдениетті тұлға тәрбиелеу.

  • «Жұмбақтар әлемінде» кезеңінде жұмбақтың жауабын тауып, оны 3 тілде аударды. Бұл турда Е.Манап, Н.Насип жоғары ұпай жинап тең түсті.

  • «Шешендік тағылымы» кезеңінде мақал – мәтелдердің жалғасын тауып, оны 3 тілде аударды. Бұл турда Э.Мырзағалиева, Ж.Сүлеймен жоғары ұпай жинап, белсенділік танытты.

  • «Тұлғаны таны» кезеңінде бинго ойыны берілді.Оқушыларға түрлі сұрақтар қойылды.Бұл кезең аяқталған соң аз ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығарылды. Олар: Э.Мырзағалиева, Д.Ағайдар

  • «Егерде мен ...» кезеңінде жағдаятты сұрақтар беріліп, шешімін тауып және шешімін 3 тілге аударды.

  • «Кім көп біледі?» кезеңінде қалған 3 оқушыға әр түрлі сұрақтар берілді.

Қорытынды бөлімде «Шетелдік досқа хат».Әр топ басшылары туған жерге деген өз ойларын үш тілде жеткізеді.Интеллектуалды ойын барысында жеңіске жеткен Е.Манап болды.

Ұсыныс:

Түрлі формада жаңа инновациялық әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып өткізілді.



Хатшы: Д.Ағайдар









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
1424
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12