«ИНТЕРНЕТ-ДИСКУРС АЯСЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ӘДЕТТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ»
Азимбаева Балжан Нурболтовна
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
№32 ЖОББМ КММ Семей қаласы,Қазақстан
Қазіргі заман талабына сай оқыту үдерісіне компьютерлік технологияны пайдалану бүгінгі елде болып жатқан әлеуметтік және басқа да заңды үрдістегі өзгерістер негізінде дамытуды талап етіп отыр. Яғни, виртуалды кеңістік, аутентті виртуалды интерактивті тілдік орта болып табылатын Интернетке ену аталған құзіреттілікті дамытудың тиімді құралы ретінде қарастылады. Шет тілін оқыту барысында заманауи технологияны қолдану арқылы білім алушылардың мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілікті жетілдіру мақсаты алға қойылса, оқытудың сапасы мен мазмұны да өзгермек. [208]
Шет тіліне оқытуды мәдениет аралық коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру үшін Интернет беретін мүмкіндіктер мен қызметтерге қысқаша тоқталып өтейік. XXI ғасырда білім алушылар Интернет талаптарында берілетін құжаттағы тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады, электронды почта арқылы хат алысып, виртуалды түрде конференцияларға, вебинарлар мен семинарларға қатысып жүр. Сондай-ақ белгілі уақытта мәтіндік хабарламалар мен ақпарат алмасуға, суреттермен бөлісуге өз бағыттарына сәйкес бейнероликтер көруге, аудиожазба жіберуге және ақпараттын кез-келген түрін қолдануына толықтай мүкіндіктері бар. [58]
Интернет-дискурс аясында білім алушылардың коммуникативтік әдеттерін қазіргі заманауи технологияның мүмкіндігі арқылы дамыту және табиғи тілдік ортаны қалыптастыру білім алушылардың болашақ маман ретінде де кәсіби құзіреттіліктерін жетілдіруде тиімді болары сөзсіз.
Енді осы ұғымға анықтама берейік. Дискурс дегеніміз (фр. discours) — тілдік коммуникация деген мағынаны білдіреді.
Интернет-дискурс тілдік
жағдаят (мәтін) мағына жағдайында,білім алушының желі ішілік
қарым-қатынас аясына етене енуі. [117]
Соңғы жылдары шетел тілін оқытуда заманауи технологияларды қолдану
мәселесі жиі көтеріліп жүргені бәрімізге мәлім. Солардың бірі
подкаст технологиясы болып отыр.
Подкаст–радио қойылымға ұқсас интернетте орналастылырған, цифрлі бағдарлама. «Подкаст» терминін осы уақытқа дейін бір қатар ғалымдар зерттеп, нақты анықтамасын беріп отыр. Солардың бірі П.В.Сысоев пен М.Н.Евстигнеевтің пікірлері бойынша «подкаст» -әлемдік желі арқылы аудио-бейне бағдарламаларды таңдау, қарау, құру және таратуға мумкіндік беретін қоғамдық қызмет түрі. Подкаст білім алушылардың бойында тілін оқып жатқан елдің мәдениетін, сол елдің әлемдік бейнесін толық көрсете алатын технология. Подкасттың теледидар мен радиодан айырмашылығы-аудио файлдар мен бейне бағдарламаларды тікелей эфир арқылы ғана емес, адамның өзіне ыңғайлы уақытта тыңдауға және көруіне жағдай туғызуы. Ерекшелігі- қажетті файлды компьютерге жүктеуге болады. Білім алушылар подкастты тыңдайды, тамашалайды және кез-келген тақырыпта өз подкасттарын да жасай алады. Подкаст ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылады. [59]
Подкасттың түрлері өте көп. Г.Стенлидің ұсынысы бойынша подкасттар үш түрге бөлінеді: аудио-подкаст, бейне-подкаст және скринкаст.
Скринкаст- адамдардың Интернет арқылы білім алуын жеңілдететін жаңа ұғым. Скринкастың мәні компьютерлік бағдарламаларды түсіндіретін, аудио түсініктемесі бар компьютер экраны әрекеттерінің арнайы бағдарламалар арқылы жазылуында.
Аудио-подкаст деп компьютер немесе диктофон арқылы жазылған және Интернет арқылы жүктеуге болатын аудиофайлдарды (подкаст арналары-podcast channes) деп айтуға болады.
Бейне форматта жазылған подкасттар водкасты (vodcast) деп аталса, ал подкаст пен водкасттың құрылуы, таратылуы және қолданылу технологиясы –подкастинг деп аталады. [60]
Подкастты сериалдарға жинақтау және оларды подкаст-арналарында жариялау ерекшелігіне қарай оларды жазбасы дыбыстық формада жасалған аудио-блогтар немесе жүйелік күнделік ретінде қарастыру мүмкін болып отыр.
Ресей әдіскері П.В.Сысоевтың “PODCAST/ ПОДКАСТ” сөзінің мағынасын былай ашып көрсетеді.
P-portability/ықшамдылық
O-originality/түп нұсқалық
D-distribution/таратылым
C-collaboration/ынтымақтастық
A-authenticity/аутенттілік
S-sustainability/тұрақтылық
T-technology/технология
Сонымен, подкаст технологиясының мағынасын талдайтын болсақ, ықшамдылық пен түп нұсқалық, таратылым мен ынтымақтастық,аутенттілік пен тұрақтылық технологиясы болып табылады екен.
Менің зерттеуімнің негізгі-нысаны білім алушылардың подкастты пайданалу арқылы мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру болып табылады. Сол себепті «оқу подкасты» терминін енгізу қажетті болып отыр. Бұл терминнің астарында білім алушыларға арналған оқу үрдісінде қолданылатын, оқу бағдарламасының тақырыпытқ және тілдік мазмұнына сәйкес жасалған шет тіліндегі дыбыстық немесе бейне жазбалар жинағы кіреді. [64]
Интернет аясындағы қарым-қатынас-шет тілін оқытудың маңызды бөлігі. Подкасттар оны ұйымдастыруды жаңаша жасауға мумкіндік береді. Подкасаттар тақырыбы мен түрлері алуан түрлі. Төмендегі 1 суретте ағылшын тілін меңгеруге бағытталған ең танымал подкастардың таңбалары мен атаулары берілген.
Сурет 1-ағылшын тілін үйренуге арналған танымал подкасттар.

Білім алушылардың мәдениетаралық коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру мақсатында аталған подкасттарды қолдануға мүмкіндік бар. Ол үшін мәдениетаралық коммуникацияға байланысты видео немес аудио таспаларды білім алушылар өздерінің смартфондарына алын-ала жазып алуларына болады немесе сабақ барысында оқытушы берген тапсырмаларды үйде өз бетінше оқу барысында орындалған тапсырмаларды аудио таспаға жазып алып, топта бірден қолдануына болады.
Подкасттың LingualLeo, Puzzle English, ENpodcasat, DuoLingou, BritishCouncil ұсынған Learn English, Audio & Video, Johny G, және т.б. түрлерінің ауқымы өте кең. Енді осы аталған подкаст түрлеріне тоқталып өтейін. Бұл аталған подкасттар ағылшын тілінің грамматикасына, фонетикасына қатысты жаттығулардың барлық түрлерін қамтыған сондай-ақ аудио,бейне жазбалар түрлеріне де қатысты тапсырмалар кездеседі. Мысалы: Audio & Video, Puzzle English подкасттарында осы аталған тапсырмалар жиынтығы өте жиі қолданылады.
Бұл подкасттар бірнеше эпизодтардан тұрады. Әр эпизод әр түрлі мәселелерге арналған тақырыптарды қозғайды. Мұндай тапсырма түрлерін орындау арқылы білім алушылардың тыңдап-түсіну қабілеті арта түседі.
Audio & Video подкастының бір ерекшелігі сөйлеушінің сөйлеп отырған мәтіні тыңдаушының көз алдында жүріп отырады. Яғни, білім алушылар тек тыңдап қана қоймай, сонымен қатар, оқып та отырады. Бұл әрекет білім алушының мәтінді толық түсінуіне көмегін тигізеді.[65]
Сурет 2 –«LingualLeo» подкасттының жаңа көрінісі.
Келесі подкаст түрінің
қолдану аясы өте кең. Оның біздің елімізде көптеген қолданушылары
бар. Бүл подкаст LingualLeo деп аталады. Бұл подкаст 5
негізгі бөлімдерден тұрады:
1.Тапсырмалар/Tasks
2.Жиынтықтар/Sets
3.Жаттығулар/Exercises
4.Грамматика/Grammar
5.Профиль/Profile
Осы подкасттың кіріспесінде алдымен қолданушының тілдік деңгейін тест арқылы анықтап, соған байланысты күнделікті жаттығулар мен тапсырмалар беріліп отырады. Яғни қолданушының танымдық әрекеттеріне бағытталған тиімді подкаст.
Аталған коммуникативтік әдеттер әлемдік қолданыста өзінің ықшам да тұрақты, тұп нұсқалық маңыздылығымен құнды.
Интернет-дискурс аясында осындай тиімді әдістердің алғашқы қолданыстары қашықтықтан оқыту барысында бейне сабақтарды кез келген уақытта шәкірт санасына түсінікті түрде жеткізіліп отырғанына да куә болдым. Білім аулшы жадта сақталған түп нұсқа дәрісті кең таратылым, үздік технология арқылы меңгеруін тікелей эфир арқылы жеңілдете алады. Ендеше, бұл коммуникативтік әдістің келешегі зор болмақ.
Қазіргі уақытта шет тілін оқытудың ең басты міндеттерінің бірі-дискурсивтік (сөйлеу) дағдыларын дамыту болса, интернет дискурс аясында білім алушылардың коммуникативтік әдеттерін жетілдіру мәселесі менің зерттеулерімнің бастамасы болып отыр. Білім алушылардың коммуникативтік әдеттерін жетілдіру жұмыстары заманауи технологиялардың көмегімен жүзеге асатындықтан, ағылшын тілі сабағында интернет мүмкіндігін, жаңа ақпарат құралдарын, сандық технологияларды пайдалану өте тиміді. Себебі, оқытудың жаңа технологияларын меңгеру-заман талабы екендігін естен шығармаған жөн. Ендеше оқу үрдісіне сай сабақты түрлендіре білу-21 ғасыр мұғалімдерінің шеберлігі деп білемін.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
-
Библи Интернет-дискурс, его статус во Всемирной паутине и влияние на повседневную жизнь / А. Н. Глущенко. — Текст: непосредственный, электронный // Молодой ученый. — 2015. — № 8 (88)— С. https://moluch.ru/archive/88/17286/
-
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Кудабаева Перизат Асанбаевна «Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің мәдениетаралық коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру» Философия докторы, (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясы. Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы 2017жыл (58-66)-Б. https://www.twirpx.com/file/3076715/
-
НАУКА И ЖИЗНЬ КАЗАХСТАНА/ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМЫ МЕН ӨМІРІ №5 (40) 2016 Сайденова А.Е., Игнатова Е.Р., Толмачева Д.С. «Формирование коммуникативной компетенции иностранных студентов» Астана қаласы, 2016 жыл (208)-Б.http://nauka-zan.kz/jurnal/category/2016/2016-5-40
-
Шетел тілін оқытуда жаңа технологияның маңызы// «Ағылшын тілін оқыту әдістемесі мектепте, колледже және ЖОО-да» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал №1-Алматы,2016.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз