жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу туралы есеп бойынша қорытынды және талдау
Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу туралы есеп
бойынша қорытынды және талдау
Іс-әрекеттегі зерттеуде кері байланыс жасаудың сабақ үрдісіне бірнеше пайдалы жақтарын анықтадым. Мәтінді бере отырып, осы мәтінмен бір тапсырманың өзін бірнеше түрлендіріп бере отырып, мәтінді толық меңгертуге болатынын байқадым. Мәтіндегі негізгі детальдарға назар аудартуға үйреттім. Мысалы: «Аңқау арыстан» ертегісінде «Есекті бір өзі жайратып салуға әлі келмейтінін білген түлкі ежелгі қулығына басады». Осы сөйлемде оқушының толық түсінгенін білу үшін «Есекті бір өзі жайратып салуға әлі келмейтінін білген түлкі қандай қулығына басады?» деген сияқты жабық сұрақ беріледі. Бұл сұраққа мәтінді назар аударып оқыған оқушының дұрыс жауабы «ежелгі» сөзі болады. Оқушының оқу сауаттылығын дамыту мақсатында осы ертегілерден «Есек өзінің ауыр азап шегіп, титықтап өлер болатынын айтады», «Мен сені жері отты, суы мол оңаша бір шабындыққа ертіп барайын» деген сөйлем негізінде «Есек қандай қиындық көргенін айтады?», «Түлкі есекті қандай жерге ертіп апаруға уәде береді?» бұл сұрақтарға өте зейінді оқушының ықтимал жауабы: «Жері отты, суы мол оңаша бір шабындыққа ертіп барайын», «Ауыр азап шегіп, титықтап өлер болдым». Бұл жауаптар арқылы оқушының мәтіндегі әр сөзге, сюжет желісіне, деталь сөздерге назар аударғанын байқаймыз.
Ертегінің негізгі идеясын анықтау мақсатында жүргізген әдіс-тәсілдерден оқушылар әр уақытта кері байланысты сезіп отырды. Кері байланыс жасау арқылы оқушылар өзін-өзі бағалауға, жеке қасиеттерін белсендіре отырып топта позитивті эмоциялық жағдай қалыптастыруға мүмкіндік алды және топ мүшелеріне өз іс-әрекеттерінің нәтижесін талдай отырып, басқа топ мүшелерінен де ақпаратты үздіксіз алып отырады. Сабақтағы жүргізіліп отырған кері байланыстың тиімділігі: оқушылардың қажеттілігін біле аламыз, олардың өзіндік көзқарасы қалыптасады, оқушыны өз-өзіне есеп беруге баулиды, білімге деген қызығушылығы артып, сыни көзқарасы қалыптасты. Сабақта оқушылар кері байланысқа түсе отырып суреттер салып, кестелерді толтырып, «Венн диограммасын» жазып, өз жасаған іс-әрекетіне баға берді, сауалнамалар толтырды, эссе жазу сияқты рефлексифті жұмыс түрлерін жасады.
Мәтін мазмұнын, кейіпкерлердің іс-әрекетін еске түсіру мақсатында оқушылардың деңейіне қарай блум таксаномиясына негіздеп сұрақтар дайындалды. Алғашқы сұрақтар оқушының ертегі туралы жалпы білімі туралы болса, яғни ертегі кейіпкерлерін ата, ертегі не туралы? деген сияқты сұрақтардан басталып кейіпкердің өзіне тән ерекшелігі, кейіпкерлердің іс әрекетіндегі мақсаты, қай кейіпкерді үлгі тұтасын? Оның себебі? Секілді сұрақтармен күрделене береді. Алғашқы сұрақтарға бала ойланбай жауап берсе немесе ия жоқ деп жауап берсе, соңғы сұрақтарға жауап беру үшін оқушы мәтінді талдап, кейіпкерлерін салыстырып өз тарапынан қорытынды, тұжырым жасайды. Блум таксаномиясын мәтінмен жұмыс барысында жиі пайдаланған тиімді. Бұл оқушының толық мүмкіндігін ашады.
Оқушылардың оқу сауттылығын қалыптастыруда мәтімен жұмыстын өзіндік орны бар. Мәтінді толық меңгерген оқушының ойы ұшқыр лексикалық сөздік қоры мол, сөйлеу тілі жатық болып келеді. Мәтінді көп оқыған оқушының оқу жылдамдығы да артады.
«Байлық пен ақыл» ертегісі бойынша құрылған «Семантикалық карта»
|
Тақырыбы |
Байлық пен ақыл |
|
Мәтін түрі |
Ертегі |
|
Авторы |
Халық ауыз әдебиеті |
|
Кейіпкерлері |
Шал мен төрт ұлы |
|
Негізгі ойы |
Ата-анасын асырау |
|
Қорытынды |
Еңбек ету арқылы отбасын асыра |
«Бақыт пен байлық» ертегісінде оқушылардың тілін дамыту мақсатында диалогтық оқыту әдісімен ертегінің мазмұны баяндалды. Оқушылардың сұрақты нақты, түсінікті қойылғанда жауапты тиянақты нақты болатынын байқадық. Ашық және жабық сұрақтарға жауап алу арқылы оқушы білімінің деңгейі бағаланды. Төменде берілген кестеде «Байлық» тобының екі оқушы-«5», үш оқушы-«4», екі оқушы-«3»-ке бағаланды.

«Адал еңбек етіп, көп жинадың делік ол ақшаны қайда жұмсар едің?» ойды жалғастырып жаз деген тапсырмада, барлық топ мүшелері өздерінің ойларын толық қағаз бетіне түсіре білген. Осы тапсырма бойынша «Байлық» топ мүшелерінің жазбаша жауаптарының нәтижесі бір бала «5», үш бала «4», үш бала «3»-ке бағаланды.

«Байлық» топ мүшелерінің ауызша және жазбаша жауаптарының нәтижесін салыстырсақ, ауызшада оқушылардың білім нәтижесінің жоғарлығын байқамыз. Ал жазбаша жұмыстың бағалануында оқушының ойын жүйелі әрі сауатты түсіруіне, жазу коллеграфиясына баса назар аударылды.
|
|
Ж |
С |
А |
П |
Ш |
Қ |
Е |
Н |
|
Ауызша |
4 |
4 |
5 |
3 |
4 |
5 |
3 |
5 |
|
Жазбаша |
3 |
4 |
5 |
3 |
4 |
4 |
3 |
5 |
Топ арасында алынған ауызша және жазбаша эссе түріндегі тапсырмалар төрт топтың арасында білім жағынан нәтижесін көрсетті. Бұл жұмыстар сабақтың нәтижесін шығаруда кері байланыста бірнеше сабақта шығарылды. Оқушылар ертегі кейіпкерлері арасындағы үндестікті таба отырып, олардың өзіндік ерекшеліктерін де талдауға тырысты. Орта мерзімде жоспарланған «Аңқау арыстан», «Қасқыр мен түлкі», «Бақыт пен байлық», «Ұр тоқпақ» ертегілеріндегі кейіпкерлерді жан-жануарлар және адамдар деп топтастырып олардың бойындағы ортақ қасиеттерді анықтауға тырысты. Әр ертегідегі мәтіндермен жұмыс жасай отырып сабақтың барысын, ондағы пайдаланған әдістер, көрнекі құралдар жайлы өз пікірлерін кері байланыста жазып отырды. Кейбір оқушылар өздерінің сыныптастары туралы да жақсы пікірлер білдірген. Тәжірибе кезеңінде жүргізген жұмыстарымда алынған кері байланыстар сабақтың өту деңгейімен қоса сыныпты тереңірек тануыма да мүмкіндік берді. Өйткені кері байланыс бағаланбайтын болғандықтан оқушылар сабақтағы әсерін бүкпесіз жазып отырды.
-
Сыныптағы әңгіменің транскриптілерінен үзінділер; (Суреттер қоямын рефлекияға түскен)
Практика кезеңінде зерттеу тақырыбым бойынша әдебиеттік оқу сабағынан орта мерзім жоспары жасалып төрт сабақ өткізілді. Сабақтың соңында оқушылардан және А, В, С оқушыларын бақылаушы мұғалімдердің пікірі тыңдалып, жинақталып отырылды.
Әдебиеттік оқу пәнінен «Аңқау арыстан» ертегісі сабағынан кейін алынған кері байланыс кезінде сынып оқушылары өткен сабаққа өздерінің түрлі деңгейдегі көзқарасын білдірген. Мысалы Жарылғасын Шыңғысхан (В) «Топта отырып жұмыс жасаған маған өте жақсы. Өйткені мен жауап бергенде достарым көмектесті. Топта бір-біріміздің жүзімізді көріп отырғандықтан, мен еркін отырдым. Бұл сабақтан мен жақсы баға алдым. Өйткені топта көп тапсырмаларға мен қатысып отырдым». Бұл оқушы В деңгейіндегі бақылаудағы бала. Ол топ көшбасшысының демеуімен шыныменен топтағы жұмысқа белсенді қатысып отырды. Баланың мінезі тұйық, үнемі назарда ұстауды, қолпаштап отыруды қажетсінеді.
Бақылаушы мұғалімдердің бірі С Д «Топқа берілген тапсырмалар топ мүшелеріне қызықты болды. Өйткені өтіп жатқан тақырыптың өзі оқушылардың жанына жақын ертегілер еді. Мен бақылап отырған С деңгейіндегі оқушы топтық жұмысқа сирек болсада қатысып, сұрақтарға толық болмасада жауап беруге тырысты.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген