ІСКЕРЛІК ОЙЫН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТҮРІН ЖАСАУ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ІСКЕРЛІК ОЙЫН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТҮРІН ЖАСАУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыстың сапасын іскерлік ойын арқылы көтеру туралы айтылған. Іскерлік ойын, педагогтың, тәрбиешінің жеке қалыптасуын, қойылған мақсатқа жету үшін белсенділігін арттыруға арналған қуатты құрал болып табылатындығы көрсетілген. Бұл мақалада іскерлік ойынның түсінігі, құрылымы және де қалай өткізуге болатындығы туралы мәлімет табылады. Іскерлік ойын арқылы алған білімді нығайту мен оларды тәжірибеде пайдалануымен қатар, педагог мамандардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға мүмкіншілік береді. Егер де әдістемелік жұмыста, педагог мамандардың қызығушылығын арттыратын, шығармашылығын оятатын әдіс-тәсілдерді қолданып отырса, сонда шеберлі, білікті маман тәрбиеленеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

ІСКЕРЛІК ОЙЫН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТҮРІН ЖАСАУ

Сабырова Асемгуль Турлюбековна

Әдіскер, МКҚК «Қошақан» балабақшасы

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылы.



Аннотация

Бұл мақалада мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыстың сапасын іскерлік ойын арқылы көтеру туралы айтылған. Іскерлік ойын, педагогтың, тәрбиешінің жеке қалыптасуын, қойылған мақсатқа жету үшін белсенділігін арттыруға арналған қуатты құрал болып табылатындығы көрсетілген. Бұл мақалада іскерлік ойынның түсінігі, құрылымы және де қалай өткізуге болатындығы туралы мәлімет табылады. Іскерлік ойын арқылы алған білімді нығайту мен оларды тәжірибеде пайдалануымен қатар, педагог мамандардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға мүмкіншілік береді. Егер де әдістемелік жұмыста, педагог мамандардың қызығушылығын арттыратын, шығармашылығын оятатын әдіс-тәсілдерді қолданып отырса, сонда шеберлі, білікті маман тәрбиеленеді.

Эта статья посвящена повышению качества методической работы, путем использования деловых игр. Деловая игра считается одним из активных способов обучения применяемых для личностного роста, достижения поставленных задач, повышения творческой активности педагога и воспитателя. Также в этой статье раскрыта само понятие деловой игры, структура, организация и методы его проведения. Деловая игра дает возможность педагогам не только закрепить полученные знания и использавание их в практике, но и формированию профессионального творческого мышления.



Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман — уақыт талабы. «Мұғалімдер, тәрбиешілер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», — деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет.

Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыс – педагогикалық үрдістің сапасын арттырудың маңызды жағдайы. Әдістемелік жұмыстың барлық түрінен өту арқылы тәрбиешілер өздерінің кәсіби деңгейлерін көтеріп қана қоймайды, олар жаңашыл технологияларды меңгеріп, өздері білмейтін нәрселерді үйренеді.

Қазіргі уақытта, іскерлек ойын, кадрлармен жұмыс жасағанда қойылған мақсатқа қарапайым, дәстүрлі түрде жете алмаған кезде, әдістемелік жұмысында кеңінен пайдаланады. Іскерлік ойындарды педагогтың кәсіби шеберлігін дамытуда, құзырлығын анықтауда пайдалану арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болатынын күнделікті тәжірибенің өзі дәлелдеуде. Өйткені, іскерлік ойын, педагогтың , тәрбиешінің жеке қалыптасуын, қойылған мақсатқа жету үшін белсенділігін арттыруға арналған қуатты құрал.

Біртіндеп имитациялық ойындар психологтар мен әлеуметтанушыларда қызығушылық таныта бастады. Жастарды әлеуметтік ортамен таныстыру ойын түрінде жүргізеле басталды.

Іскерлік ойындарда нақты ситуацияларды талдау мен рөлдік ойындар әдістерінің белгісі қиюласады, сонымен қатар іскерлік ойының негізінде басқару нысаны мен басқарушылық жүйенің тұтас үлгісі бар. Іскерлік ойындарды көбіне имитациялық басқарушылық деп те атайды. Мұны әдістемелік жұмыс жүйесінде іскерлік ойынның пайда болуымен түсіндіретін де шығар. Іскерлік ойынды педагогтардың әдістемелік жұмыс барысындағы өзіндік және күрделі белсенді әдістерді үйренуі деп бөленеді. Сонымен, іскерлік ойын – мамандардың әртүрлі жағдайлардағы шынайы іс-әрекеттерінің үлгісі.

Іскерлік ойынның негізі- проблемалық педагогиканың ситуацияларды тудыру және оларды әртүрлі проблемалық ролдік шешу жүйесі. Іскерлік ойындарда шешім ұжыммен немесе топпен бірлесе отырып қабылданады. Өз тобының шешімін қорғау мен басқа топтың шешімін сынға алу кезінде ұжымдық пікір қалыптасады.

Педагогтардың іскерліктері мен дағдыларын, білімдерін тереңдетуге және өзекті етуге бағытталған, озық педагогикалық тәжірибеге негізделген, әрбір педагогтың кәсіби шеберлігін көтеруге себеп болатын, барлық педагогтардың шығармашылық потенциалы дамыған, мектепке дейінгі ұйымның сапалы тәрбиелеу-оқыту жұмысына қажетті үздіксіз біртұтас білім жүйесі болып, әдістемелік жұмыс саналады. Ал әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың бір түрі -ол іскерлік ойын. Сол себепті осы мәселені тақырып етіп алып отырмын.


Мақсаты

Іскерлік ойын арқылы күрделі мәселелерді шешу жолдарын қарастыру

Міндеттері

  1. Оқытудағы іскерлік ойынның теориясы мен практикасын зерттеу.

  2. Іскерлік ойынның құрылымын жүйелеу.

  3. Педагогикалық кеңестің іскерлік ойын түрінде ұйымдастыру, өткізу әдіскерін қарастыру .

Күтілетін нәтижелер

1.    Іскерлік ойынды әдістемелік жұмыста ұйымдастырып отырсақ, қызығушылықты арттыру арқылы, педагогтардың асқан белсенділігін туғызып, шынайы мәселелерді шешу іскерліктерін жүзеге асыралады.

2. Кәсіби шығармашылық ойлардың қалыптасуына қол жеткізеді.

Іскерлік ойын- үйретудің белсенді әдісі.

Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтарды «үйретудің белсенді әдістері» атты әдіс-тәсілдер арқылы танымдық оқудың белсенді іс-әрекеті кеңінен қолданыла бастады. Белсенді әдісті қолдану кезінде оқу іс-әрекеті шығармашылық  сипатта болады, танымдық қызығушылық пен шығармашылық ойлау қалыптасады. Олар кез-келген мәселені шешу және  еркін пікір алмасу сұхбаты ретінде құрылады. Осылайша үйретудің белсенді әдістері  үйретушілер үшін де, үйренушілер үшін де белсенділіктің ең жоғары деңгейі ретінде сипатталады.

Кәсіби және оқыту іс –әрекеті жағынан үйретудің әртүрлі әдістерінің мүмкіндігі табиғаттан және сәйкес келетін әдістердің мазмұнына, оларды қолданылу тәсілдеріне, педагогтардың шеберлігіне, тәрбиеленушілердің дайындығына байланысты да болады. Құлжанова Н.С. пікірінше, үйретудің белсенді әдістерін қолдану, дүниетанымдарын кеңейтеді, кәсіби әрекет дағдылары мен іскерліктерін қалыптастырады дейді.

Белсенді әдіске үйретудің тәрбиелік міндеттері: белсенділікті, еркіндікті, өзінділікті дамытады, белгілі бір дүниетанымды, позицияны орнатуды қалыптастырады, қарым-қатынас жасау, ұжымда жұмыс істей білу іскерліктерін арттырады. Үйретудің белсенді әдістерінің мақсаты: зейінді, тілді, шығармашылық қабілеттерді, рефлексияны дамыту, үйлесімді және қарапайым шешімдерді таба білу мен нәтижесін айта білу іскерліктері болып табылады.

В.Я.Платов үйретудің белсенді әдістерін екі топқа бөледі: нақты ситуацияларды талдау және ойын. Сонымен қатар В.Я.Платонов іскерлік ойынның үйретудің дәстүрлі әдісінен ерекшелігін айқындап берді:

1. Іскерлік ойындарды қолдану кезіндегі үйрету процесі басқарушылар мен мамандар іс-әрекетінің шынайы тәжірибесіне жақын. Бұған іскерлік ойындарда шынайы әлеуметтік-экономикалық жүйедегі үлгілерді қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Басқаша айтқанда, кез-келген іскерлік ойын имитациялық әдісті үйрету ретінде ұсынылады.

2. Іскерлік ойын – бұл ойындық үйрену әдісі. Ойынға қатысушылар кез-келген рөлді алып, өз рөлінің қызығушылықтарын ескер отырып, басқарушылық шешім қабылдайды. Әртүрлі рөлдердің қызығушылықтары сәйкес келмейтіні белгілі, ойынға қатысушыларға дау-жанжалдық ситуацияға шешім қабылдауға тура келеді.

3. Іскерлік ойын – ұжымдық үйрену әдісі. Дәстүрлі әдістер жеке үйретуге бағытталған. Іскерлік ойындарда шешім бірлесе отырып қабылданады. Өз тобының шешімін қорғау мен басқа топтың шешімін сынға алу кезінде ұжымдық пікір қалыптасады.

Іскерлік ойын (Business Game, Management Game) – имитация, үлгілеу, ойын түрінде нақты педагогикалық ситуацияларды жеңіл түрде жаңғырту. Іскерлік ойында әр қатысушы ойын тәртібін ескере отырып адамдардың өмірдегі іс-әрекетіне тиісті өз рөлін ойнайды. Іскерлік ойындар педагогикалық тәртіптің мөлшерін анықтау, педагогикалық шешімдерді қабылдау үрдістерін игеру, педагогика тәжірибелік оқыту құралы мен әдістемесі ретінде қолданылады.

Теориялық мәліметке сүйенсек, сабақты жүргізудегі ойындардың сан алуан түрлері болады. Мысалы, аз уақытта ойналып аяқталатын ойындар эксперименттік жаттығулар деп аталады. Олар әдетте, лекция оқу барысында немесе әр-түрлі зерттеулерді жүргізген кезде иллюстрация ретінде қолданылады.

Іскерлік ойындарды қолдану кезінде жақсы және теріс жақтарын атап өтуге болады. Жақсы жағына: жоғары мотивацияны, үйрену кезіндегі қанық көңіл-күйді, кәсіби іс-әрекеттерді дайындау мен жүзеге асыруды, білімдері мен іскерліктерін қалыптастыруды жатқызуға болады. Бұдан басқа, ойынға қатысушылар өз білімдерін қолдана алуды үйренеді, ал ойыннан кейінгі талқылау осы білімдерін бекітуге себеп болады.

Теріс жағына: ұйымдастырушының ойынға асқан еңбекпен дайындалуы, ұйымдастырушының қатты ширығып отыруы (ойын барысында ол зейінді және мейірімді басқарушы болуы керек), үздіксіз шығармашылық ізденісте болуы, актерлікті меңгеру қажеттілігі, қатысушылардың жұмысқа дайындықсыз келуі жатады. 

Іскерлік ойынды ұйымдастыру және өткізу.

Іскерлік ойынды құрастырудың алдында ұйымдастырушы құрылымына сүйенеді. Іскерлік ойындардың өзі бірнеше топқа бөлінеді. Олар: иммитациялық, операциялық, рөлдерді орындау, іскерлік театр, психо және социодрамалар. Іскерлік ойынның құрастыруында иммитация және ролдік ойын негізгі элементтері болып табылады.

Іскерлік ойындарды дайындаудың жалпы әдістемесі төмендегідей:

  • Ойынның сценарийін дайындау кезінде топтың барлық ұжымның қатысуын қадағалау;

  • Ойынның динамикалық сипаты. Педагогтардың, тәрбиешілердің теориялық білімді игерудегі қызығушылығын арттыру.

Іскерлік ойындарды жүргізу барысында тәрбиешілер активтік және пассивтік рөлдерді ойнай алады. Соңғы жағдайда кейбір тәрбиешілер бақылау-есептік функцияларын орындап, ойынның нәтижесін шығару үшін ақпараттық база құрастыра отырып, байқаушы рөлін ойнайды.

Ұйымдастырушының рөлі іскерлік ойындарды жүргізу барысында келесідей:

  • Тақырып таңдау және ойынның мақсатын анықтау;

  • Іскерлік ойынның сценарийін және «әрекеттегі» тұлғалар тізімін әзірлеу;

  • Әр қатысушының «рөлін» сипаттау;

  • Қажетті реквезиттерді дайындау: мысалы, секундомер немесе құмсағат, зерттеу картасы, фирма, өндіріс, серіктес туралы мәлімет беру т.б;

  • Ойынның сценарийімен таныстыру және топ арасында рөлдерді үлестіру;

  • Іскерлік ойынды жүргізу барысында оның жүргізілу тәртібін қадағалау (темпін ұлғайту немесе баяулату, байқаушының қызметін байқау т.б);

  • Ойынның соңында қорытынды жасау, барлық оң және теріс сәттерін анықтау, әр қатысушының немесе бөлінген топ бойынша рейтингін айқындау.

Айта кететін жай, рөлдерді үлестіру барысында ұйымдастырушы әр қатысушының жеке ерекшелігін ескеруі кажет, бірақ тәжірибеде көрсеткендей, ойынға қатысушылар әр кезеңде рөлдерін алмастырып отырса, ойын тиімді және қызықты өтеді. Іскерлік ойындарда рөлдерді жеребе тарту арқылы да үлестіруге болады. Бұл жағдайда ұйымдастырушының мақсаты, ойынға қатысушының бір рөлді бірнеше рет ойнамауын қадағалау.

Ойын үрдісінде нақты ситуацияларда жеткіліксіз болатын уақыт пен ауқымды кеңістікті еркін ұстануға болады.

Іскерлік ойын түріндегі педагогикалық кеңес

Педагогикалық кеңестің жұмысы өзін-өзі басқару нысаны Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңындағы 44 бабында көрсетілгендей: «Білім беру коллегиалды басқару формалары – білім беру ұйымдарының кеңесі, қамқоршылық кеңес, педагогикалық, әдістемелік кеңес және басқа формалар… болып табылады» Білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі білім беру ұйымдарын алқалы басқару нысандарының бірі болып табылады.

Педагогикалық кеңесті өткізуі үш формаға бөлінеді:

1. Классикалық (дәстүрлі) – күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамалар мен жарыссөздер оқылып, талқыланып, шешім қабылданады (баяндама, талдауы);

2. Дәстүрлі емес – күн тәртібіндегі мәселелерді дәстүрлі емес талқылау (әдістемелік күн, шығармашылық есеп беру, педконкурс т.б);

3. Интенсифицирлік – белгілі бір проблемалық топ жұмысы бойынша ұйымдастырылып өткізіліеді (іскерлік ойын, семинар, педидеялар аукционы т.б);

Төменде (қосымша) іскерлік ойын түрінде өткізілген педагогикалық кеңес үлгісі келтірілген.

Жоғарыдағы аталмыш ойын әдістемелік жұмысты алға басуға бағытталған оқыту және ұйымдастырудың бір бөлігі болып саналады.

Қорытындылай келе, іскерлік ойын, бір-бірінен ажырамас 7 элементтен тұрады:

  1. Оқу немесе оқыту

  2. Өндірістік

  3. Ғылыми-зерттеулік

  4. Логикалық

  5. Психологиялық

  6. Әлеуметтік

  7. Интегралдық

Іскерлік ойын арқылы көптеген салаларда келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік болады:

  • Білім, мәдениет тағы да басқа салаларда мәліметтерді дайындау, сынау және ең тиімді басқару жүйесін таңдау;

  • Басқарушы, басқа мамандарды аттестациялау және таңдау;

  • Жақсы қарым-қатынас, тез тіл табысу, ынтымақтастыққа келу, қызметтес болу;

  • Жаңаша ойлауға бет бұру;

  • Әр түрлі экономикалық мәселелерді шешу.

Іскерлік ойын арқылы алған білімді нығайту мен оларды тәжірибеде пайдалануымен қатар, педагог мамандардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға мүмкіншілік береді.

Жұмысқа орналасқан «жаңа» қызметкер іскерлік ойын арқылы сол ортаға тез бейімделеді, ұйымдастыру-экономикалық мәселелерді шешу іскерлігі қалыптасады.

Іскерлік ойындарды қолдану жылдары бойы олардың тақырыптары Үкімет жоспарына негізделіп қойылған мәселелермен сәйкес, басқару құрылымның өзгеруімен техникалық прогресске, ғылыми экономикаға байланысты өзгеріп отырады.

Іскерлік ойындар қажеттілікке, талапқа сәйкес пайда болды және сұраныста болып та келеді.

Қазіргі уақытта елімізде, әлемде болып жатқан глобальдық реформаларға байланысты іскерлік ойындар нарықтық экономикаға, табиғаттық ресурстарды тиімді пайдалану, педагогикалық проблемаларды, әлеуметтік психологиялық, құқықтық сұрақтарға жауап беретін тақырыптарға сәйкес өзгеріп отырады және де әрдайым қолданыста болып отыр.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.06.2018
4655
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі