Материалдар / Итмұрынның емдік қасиеттері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Итмұрынның емдік қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада итмұрын туралы және оның қасиеттері туралы айтылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қаңтар 2019
1103
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Итмұрынның емдік қасиеттеріИісі жұпар - итмұрынАдамға қажет дәрі - дәрмек, киім – кешек, тамақ түрі табиғаттан алынады. Қазіргі таңда жер бетінде өсімдіктердің 500 мыңға жуық түрі бар екен. Өсімдік, ол – тіршілік, ол - өмір, ол - жердегі барлық тірі ағзаларға өмір беріп тұрады. Итмұрын – раушан гүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер туысы. Қазақстанда кездесетін 25 түрдің ішіндегі ең әдемісі.Итмұрын туралы жалпы түсінікИтмұрын-раушангүлділер тұқымдасына жататын биіктігі 1-1,5 метрге жететін көп жылдық бұта. Күлтелерінің түстері де алуан-түрлі: ақ, сары, қызыл, қоңыр, күрең-қызыл, шұбар, ала, қара-қошқыл және т.б. Бұталары тікенекті. Итмұрын жер шарының қоңыржай және субтропикалық аймақтарының барлық жерлерінде өседі. 500-ге жуық түрі бар. Табиғатта таулы-тасты жерлерде, беткейлерде, орманда, су жағалауында өседі. Табиғи түрі Қазақстанның барлық тау бөктерлерінде өседі. Итмұрынның екпе түрлерінің барлығын дерлік раушан (роза) деп атайды. Халық арасында итмұрынның «жабайы раушан» деген атауы кеңінен қолданылады. Итмұрынның гүлі ақ, қызғылт, сары түсті, диаметрі 4-6 см, хош иісті, жай күлтелі және гүлпарлы да түрлері бар. Мамыр, маусым айларында гүлдейді. Жемісі тамыз, қыркүйек айларында піседі. Жемісі сопақша келген жылтыр, түсі қызыл немесе қызғылт-сары болады. Қазірде жабайы раушандар сұрыптауда және мәдени раушандардың сапасын жақсартуда қолданады. Біздің дәуірімізге дейінгі 4 мың жылдыққа жататын Алтайдың көмбелерінен табылған металл ақшаларда да бауда өсірілетін раушандар бейнеленген. Итмұрынның пайдасыИтмұрынның тамыры, жапырағы, жемісі адам ағзасына өте шипалы. Құрамындағы аскорбин қышқылы қарақатқа қарағанда 10 есе, лимонға қарағанда 50 есе артық мөлшерде болады. Медициналық тұрғыдан итмұрынның құндылығын оның құрамында көп мөлшердеболатын С дәрумені арттырады. Сонымен қатар итмұрынның құрамында В, К, Р дәрумендері, тұқымында Е дәрумені, каротин, қант, сондай-ақ, илік, пектинді, бояулық заттар, органикалық қышқылдар, минералды заттар, макро микроэлементтер болады. Медицинада итмұрынды поливитамин ретінде, ағзада дәрумендер жетіспегенде, атеросклерозға қарсы, қан қысымы көбейгенде, қан аздыққа, иммунитетті көтеруге, сынған сүйекті тез бітіретін және бауыр ауруларын емдейтін дәрілік өсімдік ретінде пайдаланады. Итмұрыннан тосап жасайды. Жемісін кептіріп, қыста тұмауға қарсы қайнатып ішеді. Гүлдерін шайға қосып бұқтырып ішеді. Әдемі гүлдерінің арқасында көгалдандыруда кең қолданыста. Бұтағы тікенекті болғандықтан, қоршаудың орнына өсіруге де болады. Халықтық медицинада итмұрын тамырының қайнатпасы іш құрылысындағы тастар мен безгек сияқты жұқпалы ауруларға қарсы дәрілік сусын бола алады. Итмұрын шырыны гемоглобинді көтереді. Бұған қоса бұл шөптің сығындысы семіз адамдарды жүрек талмасынан қорғайды. Жүрегі ауыратын және қан қысымы жоғары адамдар итмұрын тұнбасын күніне 40 г-нан алты апта бойы ішуі керек. Итмұрын жемісінің 10-15 гр күніне 1 рет, ал тұнбасын күніне 2-3 рет жарты стақаннан ішіп отыру қажет. Итмұрынның жаңа піскен жемістерінен тосап қайнатып, кофеге ұқсас азықтар дайындауға болады. Мұндай тосаптарды шыны ыдыстарға құйып, қараңғы әрі салқын жерде сақтау керек. Итмұрын тұнбасын дайындау үшін оның кептірілген жемістерін пайдаланады. Дайындалған тұнбаны дер кезінде, яғни қайнатылған соң бірден ішу қажет. Оны ұзақ сақтаудың қажеті жоқ. Асқазанды емдеу ретінде: 1 ас қасық майдаланған итмұрын жемісін термосқа салып, үстіне 500 мл қайнаған су құю керек. Оны таң атқанша тұндырып қою керек. Таңертең оны сүзгіден өткізіп, бірдей үш бөлікке бөлу керек те, күніне 3 мезгіл тамақтың алдында 20-30 минут бұрын ішу керек. Бұл емді 1,5-2 ай қабылдаған дұрыс.Итмұрынның медицинада қолданылуыЕртедегі египеттіктер өсімдіктердің шипалық қасиетін ежелден біліп, пайдаланған. Туберкулез, жұқпалы аурулар, бауыр, өт қабы, ішек, бүйрек, қуық қабынғанда, қан аздықта, денеге әл беру үшін шай ретінде ішеді. Тұмау тигенде, тістің қызылеті қабынғанда (қырқұлақ - цинга), асқазан ауруына қабылдайды. ҚорытындыБіздің жеріміздегі өсімдіктердің қай-қайсы да шипалық қасиетке бай. Алайда олардың ішінде улы өсімдіктерді дәрі-дәрмек ретінде пайдаланғанда аса сақтық, білімділік,тәжірибелік қажет. Біздің қазақ даласында емшілікпен аты шыққан кісілер көп. Бұл сөзімізге дәлелді ұланғайыр даланың қай қиырына барсаң да, көз жеткізе аласыз.Табиғаттың қыр-сырына қанық мамандар біздің елімізде итмұрынның 60түрі өсетінін айтады. Оның ішінде 45-ке жуығы дертке дәру берелік қасиеті бар екен. Біле білген адамға осының өзі қаншама байлықтың көзі деп айта аламыз.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!