Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ІV тоқсан қазақ әдебиеті пәні ҚМЖ ЖБ
Бекітемін__________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 1-сабақ
Бөлім: |
4-бөлім: Табиғат және адам |
|||||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||||||||||||||||
Сынып: 11 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Қадыр Мырза Әлі өмірі мен шығармашылығы |
|||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
11.2.2.1 - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау; |
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтай алады. |
|||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық -ұлттық және мәдени бірегейлікті түсіну; -мемлекеттік тілді жетік меңгеруге және оны белсенді қолдануға ұмтылу; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -нәтижелерге қол жеткізу және жақсарту үшін күш салуға дайын болу; Құндылық: бірлік және ынтымақ -ортақ мақсатқа жету үшін басқалармен бірлесіп әрекет ету және өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындау; |
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Білім алушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы
10 минут
Сабақтың ортасы 10 минут 15 минут 5 минут Сабақтың соңы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. «Гүлмен тілек» (сергіту және топқа біріктіру) Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; 1-тапсырма Ойтүрткі Қадыр Мырзалиев кім? Ол жайында қандай ақпарат білесіңдер? «Борт журналының» сол жақ бөлігін толтырады.
Танымдық ақпарат Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев, 1935 жылы 5 қаңтарда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. Ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995), ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған. 1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ол Қазақстанның халық жазушысы. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды. Оның тұңғыш туындысы 1954 жылы республикалық «Пионер» балалар журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде оның жетпістен астам поэзиялық, прозалық, сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері мектеп оқулықтарына енді. Ал әнге арнап жазылған өлеңдерінің саны екі жүзден асты. Олардың көбі халыққа кең тарады, «Күндер-ай» атты жеке кітап болып басылып шықты. Талантты ақын қаламынан халық фольклорының атақты күлдіргі кейіпкері Алдар көсе жайлы «Сақал саудасы», «Қасқыр қақпан» атты өткір сатиралы комедия мен Махамбеттің ең соңғы азапты күндеріне арналған «Жаралы жолбарыс» атты және «Әмір Темір» кесек драмалық шығармалары да жарық көрді. Тұңғыш жинағы «Көктем» 1959 жылы жарық көрді. Қадыр Мырза Әлі көркем аударма саласында да жемісті еңбектері көп. Әлемдік әдебиет ғүламаларының талайының шығармаларын ол қазақ тіліне аударады. Ал өзінің біраз топтамалары мен таңдаулы өлеңдері ағылшын, француз, неміс, поляк, болгар, венгер, фин тілдеріне аударылды. Орыс тілінде «Бессонница» (1967), «Белая юрта» (1968), «Соловьиный сад» (1971), «Степные пути» (1975), «Твой дом» (1976), «Верхная струна домбры» (1976), «Ладони» (1984), «Нижная струна домбры» (1985), тағы басқа кітаптары жарық көрсе, өзбек тілінде «Күміс қоңырау» (1975), қырғыз тілінде «Алақан» (1979), әзербайжан тілінде «Бұлбұл бағы» (1980), моңғол тілінде «Шымыр жаңғақ» секілді еңбектері басылды. Сондай-ақ дарынды ақынның оннан аса кітабы бүрынғы КСРО халықтарының көптеген тілдеріне аударылып, Ташкент, Баку, Бішкек, Алматы, Мәскеу қалаларында басылып шықты. 1966 жылы «Ой орманы» өлеңдер жинағы үшін Қадыр Мырза Әліге Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін ол Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 2001 жыл Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығына ие болды. 1993 жылы Қадыр Мырза Әлі өлемдік поэзияға қосқан аса зор еңбегі үшін Моңғолияның халықаралық «АВЬЯС» сыйлығын алды. Қадыр Мырза Әлі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне екі рет депутат болып сайланды, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болды. Соңғы жылдары ақынның он алты томдық таңдамалары жарық көрді. 2003 жылы Санкт-Петербургтің «Славия» баспасында «Прапамять» атты үлкен бір томдығы орыс тілінде басылып шықты.Қ.Мырзалиевтің «Сақал саудасы», «Қасқыр қақпан» атты сатиралық комедиясы, Махамбетке арналған «Жаралы жолбарыс» трагедиясы, Ақсақ Темірге арналған «Әмір Темір» поэтикалық драмасы және Төле би либреттосы – ақын қаламынан туған ірі драмалық туындылар болып саналады. Ақын, Қадыр Мырзалиев 2011 жылы дүниеден озды. 1-тапсырма Ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, кестені толтырыңдар.
2- тапсырма Топтық жұмыс Берілген тапсырманы ФИШБОУН арқылы орындаңыз.
1.Шығарманың идеясы 2.Өмірдегі мәселелер 3.Мәселенің салдары 4.Шешу жолдары
Қорытындылау Ақын «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» атты өлеңінде неге …Қазақ осы: Дала дейтін, Күн дейтін. Қазақ осы: «Өнер алды – тіл», – дейтін. Қазақ осы: Қарасың ба, Ақсың ба, Қоңырсың ба, Жатырқауды білмейтін… – дейді? Қазіргі қазақтарды әлемге сен қалай таныстырар едің?
Рефлексия
«Борт журналының» оң жақ бөлігін толтырады.
|
Психологиялық ахуал Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі. 3-топқа бөлінеді.
«Борт журналы» әдісі арқылы ақынның өмірі мен шығармашылы ғы жайында білетін ақпараттарын жинақтайды.
Ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, кестені толтырады.
Балық қаңқасы арқылы шығарманың идеясын анықтайды. Өмірдегі мәселелермен байланыстырып, салдары мен шешу жолдарын көрсетеді.
1-топ «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңін талдайды. 2-топ «Бабамыздың шоқ басқан табанымен» өлеңін талдайды. 3-топ «Қазақ пен қонақ» өлеңін талдайды.
Берілген сұраққа жауап береді. Өз көзқарасын білдіреді.
|
Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады Жарайсың!
Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
Дескриптор Білім алушы -сұрақтарға жауап береді – 5 балл, -кестені толтырады – 3 балл.
Дескриптор Білім алушы -шығарманың идеясын анықтайды , -көтерілген мәселені талдайды, -мәселенің салдарын анықтайды, -шешу жолдарын түсіндіреді.
Дескриптор Білім алушы -сұраққа жауап береді – 1 балл,, -өз көзқарасын білдіреді – 1 балл.
|
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 11-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл
|
Бекітемін__________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 2-сабақ
Бөлім: |
4-бөлім: Табиғат және адам |
|||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||||||||||||||
Сынып: 11 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Қ.Мырза Әлінің шығармашылығы |
|||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
11.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдана алады. |
|||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық -ұлттық және мәдени бірегейлікті түсіну; -мемлекеттік тілді жетік меңгеруге және оны белсенді қолдануға ұмтылу; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -нәтижелерге қол жеткізу және жақсарту үшін күш салуға дайын болу; |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Білім алушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы 5 минут
Сабақтың ортасы 5 минут 15 минут
10 минут 5 минут Сабақтың соңы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау, назарын сабаққа аудару. Психологиялық ахуал «Орныңды жылдам ауыстыр» жаттығуы Оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады. Ойтүрткі 1-тапсырма 1. Қ.Мырзалиевтің қандай шығармаларын білесің? 2. Қ.Мырзалиев поэзиясының тақырыбы қандай? 3. Оның шығармаларының ерекшелігі неде? Пікіріңмен бөліс. 4. Ақын кімдердің шығармаларын қазақшаға аударған? 5. Не себепті балалар ақыны болу қиын? 6. Неліктен ақын шығармаларындағы авторлық идея өмір шындығымен байланысты дейміз?
2-тапсырма Берілген нақыл сөздерді пайдаланып, «Қазақтың Қадыры» тақырыбында ойтолғау жазыңдар. Қадырды білмейтін қазақ әсте жоқ. Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі. Өзін білмесе де, сөзін біледі. Әбіш Кекілбаев
Қадыр Мырза Әлі – ұлт ақыны. Қазақ деген тегі мықты, тарихы бай, тағдыры күрделі, түйсігі мың қатпар, қалтарысты, астарлы, тысты, алапат тілді, қабілетті қаһарман, қайсар халықтың тұңғиығына бойлап, кеңдігіне кепіл боп, бітімімен біте қайнасып, ұлылығын, рухын, ар-ұятын, үмітін барынша әспеттей отырып, кемшіннің мінін, қайғысын, сорын азаматтық тұрғыда қазып айта алған, сыншыл да ойшыл ақын. Күләш Ахметова
Жұптық жұмыс Қадыр Мырзалиевтің нақыл сөздерін оқып шығыңдар. Ең кемінде үш нақыл сөз таңдап алып, «Екі түрлі түсіндірме күнделігі» арқылы ақын ойына талдау жасаңдар.
1.Махаббат тақырыбы үлкен тактыны, ерекше әдептілікті керек етеді. Дарақылық, дөрекілік, бәдіктік оның болмысына жат. Сәл ауытқып түскен тіркес, шалыс басқан шалағай сөз махаббатқа да, ғашықтарға да абырой әпермейді. 2.Өлең деген – ой мен сезімнің ар жағы. 3.Адам өрісі кеңіген сайын аң-құстың өрісі тарыла түседі. 4.Әдебиетте саған көзіңнің тірісінде қоғамның берген бағасы – анық баға емес. 5.Нағыз жазушы шындап келгенде ешкімге қызмет етпейді. 6.Ана тілің – асылың, оны білмеген – масылың. 7.Отаныңнан қанша шақырым ұзақтасаң, Сонша шақырым рухани жақындай түсесің. 8.Адам боп оңай туғанмен, Адам боп қалу көп қиын. 9.Ең үлкен махаббат – халық махаббаты.
Сабақты қорытындылау Қадыр Мырзалиев қандай ақын? Ол қазақ әдебиетіне қандай үлес қосты? Ойыңды кестедегі көрсеткіштер арқылы түйіндеп, авторға хат жазыңдар.
Рефлексия
|
Психологиялық ахуал «Орныңды жылдам ауыстыр» жаттығуы Нұсқау: Ойыншылардың ішінен бір жүргізуші таңдалынады. Ол барлық ойыншыларда кездесетін бір затты байқап, команда береді. «Кімнің киімінде қалтасы бар, солар орын ауыстырсын». Сол кезде осы команданың қатысы бар ойыншылар жылдам орындарын ауыстыруы керек, ал олар ауысып жатқанда жүргізуші бос орындыққа отырып қалу керек. Қай қатысушы орынсыз қалса, сол келесі жүргізуші болып ойынды жалғастырады.
Қ.Мырза Әлінің шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап береді.
Берілген нақыл сөздерді пайдаланып, «Қазақтың Қадыры» тақырыбында ойтолғау жазады.
Қадыр Мырзалиевтің нақыл сөздерін оқып шығады. Ең кемінде үш нақыл сөз таңдап алып, «Екі түрлі түсіндірме күнделігі» арқылы ақын ойына талдау жасайды.
Қадыр Мырзалиевтің қазақ әдебиетінде алар орнына баға береді. Өз ойын кестедегі көрсеткіштер арқылы түйіндеп, авторға хат жазады.
Сабақ ұнап, тапсырмаларды толық орындаған болса, желкенді жасыл түске бояйды. Егер тапсырмалардың кейбіреуін орындай алмаса, желкенді сары түске бояйды. Тапсырмаларды толық орындау қиындық тудырса, қызыл түске бояйды.
|
Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады Жарайсың!
Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
Дескриптор Білім алушы -нақыл сөздерді пайдаланады – 1 балл, - ойтолғау жазады – 1 балл, -ойын жүйелі жеткізеді – 1 балл.
Жапондық бағалау» әдісі бойынша үш топ бірін-бірі бағалайды. Осы бағалау арқылы келесі өзгелердің жауаптарымен келісетін тұстарын, толықтыруға қатысты өз көзқарастарын, өздерінің қоятын сұрақтарын жеткізеді.
Дескриптор Білім алушы -хаттың құрылымын сақтайды – 3 балл, -кестедегі көрсеткіштерді пайдаланады – 2 балл, - сауатты жазады – 2 балл.
|
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 11-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл
|
Бекітемін__________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 3-сабақ
Бөлім: |
4-бөлім: Табиғат және адам |
|||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||||||||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||||||||||
Сынып: 11 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
«Қызыл кітап» поэмасы |
|||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
11.1.1.1 әдеби шығармаға
сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін
түсіну; |
|||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін ажырата алады. Әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындай алады. |
|||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық -ұлттық және мәдени бірегейлікті түсіну; -мемлекеттік тілді жетік меңгеруге және оны белсенді қолдануға ұмтылу; Құндылық: бірлік және ынтымақ -қоғамның игілігіне, қоршаған ортаны қорғауға және адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған іс-әрекеттер мен шешімдерде қоғам алдындағы міндеттерді жүзеге асыру және орындау; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -нәтижелерге қол жеткізу және жақсарту үшін күш салуға дайын болу; |
|||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||
Сабақтың басталуы 5 минут
Сабақтың ортасы 15 минут 8 минут
7 минут 5 минут Сабақтың соңы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал «Әрекет» жаттығуы Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты айтылады. 1-тапсырма Топтық жұмыс Қадыр Мырзалиевтің «Қызыл кітап» поэмасын бөлімдерге бөліп оқыңдар. Шығарма бойынша басты оқиғаларды атап көрсетіңдер. 1-топ: 1-2 бөлім 2-топ: 3-4- бөлім 3-топ: 5-6- бөлім
2-тапсырма Төмендегі сұрақтар төңірегінде талдау жасайды. 1.Поэманың тақырыбы қандай? 2. Шығарма атауы қандай идеядан туындаған? Оның атауын басқаша қалай өзгертер едің? 3.Ақын неліктен табиғаттан кешірім сұрайды?
3-тапсырма Поэманың жанрлық ерекшеліктерін көрсетіңдер және шығармадан мысалдар келтіре отырып дәлелдеңдер.
Үлгі: Қадыр Мырзалиевтің «Қызыл кітап» поэмасының жанрлық ерекшеліктері 1.Лиризм. Поэманың басты ерекшелігі – лирикалық сипаттылығы. Ақынның табиғатқа деген терең сезімдері мен ойлары басты орын алады. Мысалы, ақын табиғаттың тыныштығын, сұлулығын сипаттай отырып, оны бұзатын адамдардан бұзатын адамдардан қауіптенеді, ішкі сезімдерін жеткізеді:
Мылтық көрсем төрлерден іліп
қойған,
2.Пайымдаулар мен ой толғау . Поэмада тек нақты оқиғалар емес, сонымен қатар абстрактілі ойлар мен пайымдаулар да кездеседі. Бұл табиғаттың болашағы мен оны қорғаудың маңызы туралы ойлар. Мысалы, «Қызыл кітап» дегенде ақын тек сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді ғана емес, олардың өмірінің маңыздылығын түсіндіреді.
Қызыл кітап
— 3.Экологиялық мазмұн. Поэма табиғат пен оның қорғауға қажеттілігін, экологиялық проблемаларды көтереді. Ақын табиғаттың қысымға ұшырағанын айтады: « ». Бұл тұста ақын табиғатқа қатысты адамзаттың жауыздығын көрсетеді.
Қара жерді
жылатып, Қорытындылай келе, «Қызыл кітап» поэмасы жанрлық жағынан лирикалық туынды болып табылады. Ақын табиғаттың құндылығын, оның бұзылуының салдарын және оны қорғау қажеттілігін шығармасы арқылы жеткізеді. 4-тапсырма «Қызыл кітап» поэмасы бойынша оқиғаның дамуын «Цицерон» тәсілімен көрсетіңіздер.
Рефлексия Өзін-өзі бағалау» Балаларды өзін-өзі талдауға үйрету үшін мынадай сұрақтар қойылады: • Оқу үдерісінде не болып жатқаны туралы ойланыңыз. • Атап айтқанда не сізді ойлануға мәжбүрлейді? Не нәрсе қиын болып көрінді? • Сізге қандай жағдайда көбірек көмек қажет? • Сіз не үшін разысыз? • Сіз Х туралы не білдіңіз? • Сіз оқып жатқан тапсырманы басқа сыныптың қажеттілігіне сәйкестендіру үшін қалай өзгертер едіңіз? Мұғалім оқушыларға өзі-өзіне қалай талдау жүргізу қажеттілігін көрсету үшін жауаптарды модельдейді. |
Психологиялық ахуал «Әрекет» жаттығуы Ойын ережесі: Қатысушыларға келесі тапсырмалар берілді. Олар жылдам жауап қайтарулары тиіс:
2-тапсырма 1. Поэманың тақырыбы қандай? Қадыр Мырзалиевтің «Қызыл кітап» поэмасы табиғаттың құндылығын, оның адам өміріндегі орнын, сонымен қатар табиғатты қорғаудың маңыздылығын көтереді. Поэманың басты тақырыбы – табиғат пен оның байлықтарын қорғау, әсіресе жоғалып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді сақтап қалу қажеттігі. Бұл шығарманың негізгі идеясы – адамзаттың табиғатқа жасаған зиянын түсініп, оны түзетуге тырысуы. 2. Шығарма атауы қандай идеядан туындаған? Оның атауын басқаша қалай өзгертер едің? Поэманың атауы «Қызыл кітап» – табиғаттағы сирек және жойылып бара жатқан түрлерді қорғауға арналған арнайы кітаптың атына сілтеме жасайды. Бұл атау адамның табиғатқа деген немқұрайдылығын және экологиялық дағдарыстың алдын алу үшін нақты шараларды қабылдау қажеттілігін білдіреді. Атаудың өзі өлеңнің мазмұнына үйлесіп, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты бейнелейді. Егер мен атауды өзгертер болсам, «Табиғаттың дауысы» немесе «Жоғалған жандар» деп қояр едім. Бұл атаулар табиғаттың жоғалып бара жатқан байлықтары туралы ойландырып, шығарманың негізгі идеясын ашады. 3. Ақын неліктен табиғаттан кешірім сұрайды? Поэманың ішінде Қадыр Мырзалиев табиғаттан кешірім сұрауының себебі – адамның табиғатқа жасаған зұлымдығы мен қатыгездігі. Адамдардың жыртқыштық әрекеттері, ормандарды кесу, жануарларды өлтіру, табиғи ресурстарды тек пайда үшін пайдалану – табиғатқа үлкен зиян келтірді. Ақын табиғаттан кешірім сұрау арқылы адамдардың осы әрекеттерін түсінгенін, өкінішін және келешекте табиғатқа құрметпен қарайтын болатынын білдіреді. Бұл – адамзаттың экологиялық жауапкершілігін арттыруға арналған үндеу. Қадыр Мырзалиев табиғаттың құндылықтарына мән беріп, оны қорғау қажет екенін осы арқылы көрсетеді. Поэманың негізгі идеясы – адамзаттың табиғатқа деген құрметі мен оның сақталуына қажеттілік туралы ойларды қозғау.
«Қызыл кітап» поэмасын «Цицерон» тәсілімен талдау 1. Кіріспе (Экспозиция): Поэманың басында ақын табиғаттың сұлу көріністерін суреттеп, оның құндылығын ашады. Бұл кезеңде ақын табиғаттың өмірлік маңыздылығына, оның адам үшін қаншалықты қажет екендігіне назар аударады. 2. Қиындық немесе дағдарыс: Поэманың екінші бөлігінде ақын табиғатқа адам тарапынан жасалған зияндарды, экологиялық проблемаларды талқылайды. Осы кезеңде табиғаттың күйреуі мен зардап шегуі айтылады. Ақын адамның табиғатты бұзғанын және оның салдарын түсінуге тырысады. 3. Шыңдалу немесе күрес: Бұл кезеңде ақын адамды табиғатқа зиян келтірмей, оны қорғауға шақырады. Табиғаттың сақталуына деген жауапкершілік түсінігі мен оның болашағына әсер ету мәселелері көтеріліп, ақын экологиялық тәрбиенің маңыздылығын айтады. 4. Шешім немесе қорытынды: Соңында ақын табиғатқа кешірім сұрау арқылы экологиялық апаттардың алдын алу керектігін жеткізеді. Ақынның ойы – табиғатты сақтап қалу, оны қорғауға бағытталған әрекеттер жасау. Шығарма экологиялық мәселелерге деген жауапкершілікпен аяқталады. Осылайша, «Цицерон» тәсілі арқылы «Қызыл кітап» поэмасының оқиғасы дамып, шешімге келеді: табиғатты қорғау мен оның сақталуы – әр адамның басты міндеті.
Өзін-өзі талдау біздің қалай оқуға үйреніп жатқанымызды білдірсе, өзін-өзі бағалау дегеніміз - біз оқып жатқан нәрсе. Балалар өзін-өзі талдауға үйрену үшін сұрақтарға жауап береді.
|
Ауызша мадақтау Жарайсың!
Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
Дескриптор Білім алушы -шығармалар дағы негізгі оқиғалар желісін көрсетеді; -жанрлық ерекшелікті анықтайтын сұрақтар қояды, -сұраққа жауап береді.
Дескриптор Білім алушы - поэманың 3 жанрлық ерекшеліктерін көрсетеді – 1 баллі; - жанрға тән ерекшелікте ріне сай шығармадан дәлел келтіреді – 3 балл.
«Доллар» әдісі арқылы бағалау
Дескриптор Білім алушы -шығармадағы оқиғаның дамуын анықтайды – 2 балл, -«Цицерон» тәсілін қолданады – 1 балл
|
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 11-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл
|
Бекітемін__________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 4-сабақ
Бөлім: |
4-бөлім: Табиғат және адам |
|||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||
Күні: |
|
|||||
Сынып: 11 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
«Қызыл кітап» поэмасы |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
11.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау; |
|||||
Сабақтың мақсаты |
Әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдай алады. |
|||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық -ұлттық және мәдени бірегейлікті түсіну; -мемлекеттік тілді жетік меңгеруге және оны белсенді қолдануға ұмтылу; Құндылық: бірлік және ынтымақ -қоғамның игілігіне, қоршаған ортаны қорғауға және адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған іс-әрекеттер мен шешімдерде қоғам алдындағы міндеттерді жүзеге асыру және орындау; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -нәтижелерге қол жеткізу және жақсарту үшін күш салуға дайын болу; |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Сабақтың басталуы 5 минут Сабақтың ортасы 5 минут
15 минут
10 минут 5 минут Сабақтың соңы 5 минут |
1.Оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу, дайындығын бақылау Психологиялық ахуал Соңғы сөз – сөйлемнің басы 2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты айтылады. Ойтүрткі 1-тапсырма «Құпия хат» арқылы сұрақтарға жауап береді 1. «Хайуанаттарға берілген қызыл мандат» дегенді қалай түсінесің? 2.Поэмада сен күтпеген, сенің бұрынғы ұғымдарыңа қарсы келген ақпараттар бар ма? 3.Сиреп бара жатқан биоалуантүрлілікті сақтап қалуға өз үлесіңді қала қосар едің? 4. Поэмадағы ең басты көркемдік тұлға кім? 5. Шығарманың жанрлық ерекшелігі қандай деп ойлайсың? 2-тапсырма Топтық жұмыс Ой күмбезі» әдісі арқылы «Қызыл кітап» поэмасын М.Әуезовтің «Көксерек» хикаятымен жанрлық ерекшелігін салыстырыңдар. «Ой күмбезі» 1-топ: «Ой қазығы» - Екі шығарманың өзіне тән жанрлық ерекшеліктерін атаңдар. 2-топ: «Ой желісі» - Жанрлық ерекшеліктерінің себебін түсіндіріңдер. Мысалы: «Қызыл кітап» поэмасының бірінші ерекшелігі – поэзиялық жанрға жататындығы. Өйткені «Қызыл кітап» өлеңмен жазылған ұзақ көлемді поэма. 3-топ: «Ой өрімі» -«Қызыл кітап» поэмасын М.Әуезовтің «Көксерек» хикаятымен жанрлық ерекшелігін салыстырыңдар. 4-топ: «Ой күмбезі» - Екі шығармадағы автордың табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынастың бейнеленуіне өзіндік пікір білдіріңдер.
3-тапсырма
Суретке қарап мәтін құра. Қандай ой түйдің?
ЕББҚ оқушыға тапсырма Берілген мақал-мәтелдерді қолданып, табиғатты қорғау туралы шағын ғана құра. 1.Адамның табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың оны айтар тілі жоқ. 2. Табиғат жер байлығы, Батырлар ел байлығы.
4-тапсырма «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» дегендей, табиғаттың тілсіз болуы мүмкін бе? «Табиғаттың да тілі бар» тақырыбында ойыңды тарқатып айт.
Рефлексия
|
Психологиялық ахуал Соңғы сөз – сөйлемнің басы Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Олардың бірі қозғалып жүре бастайды да, кездейсоқ бір оқушының алдына тұрып, оған бір пікірді айтады, мысалы, «Сенбі – менің аптадағы ең жақсы көретін күнім». Біріншінің артында тұрған оқушы шеңберді айналып жүріп, басқа баланың алдына барып тұрып, жаңа бір пікірді айтады, жаңа пікір осының алдындағы пікірдің соңғы сөзінен басталуы тиіс, «Күн артынан күн өткенімен, жаңбыр толастар емес». Бұл тапсырма барлық оқушылар қатысып болғанға дейін жалғасады. «Құпия» хат ішіндегі сұрақтарға жауап береді.
Ой күмбезі» әдісі арқылы «Қызыл кітап» поэмасын М.Әуезовтің «Көксерек» хикаятымен жанрлық ерекшелігімен салыстырады. 1-топ: «Ой қазығы» – Екі шығарманың өзіне тән жанрлық ерекшеліктерін атаңдар «Қызыл кітап» поэмасы: - Поэзиялық жанрға жатады. - Бұл ұзақ көлемді поэма, табиғаттың күйреуін және экологиялық мәселелерді көтереді. Көксерек хикаяты: - Әңгіме жанрына жатады. - Бұл шағын көлемді проза туындысы, табиғат пен адам арасындағы күресті және жануар мен адамның қарым-қатынасын сипаттайды. 2-топ: «Ой желісі» – Жанрлық ерекшеліктерінің себебін түсіндіріңдер «Қызыл кітап» поэмасының жанрлық ерекшелігі: - Поэзиялық жанрға жатуының себебі – өлеңмен жазылғандығы және поэманың табиғаттың құндылығы мен оның жоғалуына байланысты философиялық ойларды білдіру үшін поэзия тілін қолдануында. Ақынның ішкі сезімдері мен көңіл-күйі көркемдік тәсілдермен берілген. Көксерек хикаятының жанрлық ерекшелігі: Әңгіме жанрына жатуының себебі – қысқалығы мен оқиға желісінің нақты құрылымда дамуы. Бұл туындыда адам мен табиғат арасындағы қарама-қайшылықтар мен жануарлардың ішкі әлемі бейнеленген. 3-топ: «Ой өрімі» – «Қызыл кітап» поэмасын М. Әуезовтің «Көксерек» хикаятымен жанрлық ерекшелігін салыстырыңдар Жанрлық ерекшеліктері бойынша салыстыру: « Қызыл кітап» поэмасы поэзиялық жанрда жазылған ұзақ поэма, ал «Көксерек» шығармасы- проза жанрындағы орташа көлемдегі хикаят.. Поэмада ақын табиғаттың экологиялық жағдайына қатысты өлеңмен философиялық ойлар айтады. Ал хикаяда М. Әуезов жануардың адаммен қарым-қатынасын және табиғаттың заңдылықтарын бейнелейді. «Қызыл кітап» экологиялық мәселелерді тереңнен қозғап, адам мен табиғаттың үйлесімді өмір сүруі қажеттілігін білдіреді, ал «Көксерек» хикаятында адам мен табиғат арасындағы қарама-қайшылық пен жануар мен адам арасындағы күрес негізінде табиғатқа деген құрмет және оған қарсы шығудың ауыр салдары көрсетіледі. «Қызыл кітап» поэмасында табиғаттың жоғалуына, адамзаттың оған жасаған зиянына баса назар аударылып, экологиялық мәселелерді шешу қажеттілігі айтылады. «Көксерек» хикаятында адам мен табиғаттың арасындағы табиғат заңдарының бұзылуы мен жануардың ішкі сезімдері арқылы адамзаттың жауапкершілігі мен қасиеттері көрсетіледі. 4-топ: «Ой күмбезі» – Екі шығармадағы автордың табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынастың бейнеленуіне өзіндік пікір білдіріңдер « Қызыл кітап» поэмасындағы табиғат пен адам қарым-қатынасы: - Ақын табиғаттың тек сұлулығын ғана емес, оның күйреуін де бейнелейді. Адамның табиғатқа жасаған зияны және экологиялық апаттардың себептері айтылады. Қадыр Мырзалиевтің табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынасқа қатысты ұстанымы – табиғаттың сақталуы үшін адамдардың оған жауапкершілікпен қарауы қажет екендігі. «Көксерек» хикаятындағы табиғат пен адам қарым-қатынасы: М. Әуезовтің шығармасында табиғат пен адам арасындағы күрес көрсетіледі. Бұл туындыда табиғаттың заңдары мен жануарлар әлемі ерекше маңызды. Хикаят арқылы табиғатқа құрметпен қарау қажеттілігі мен оның заңдарын бұзудың адамға ауыр зардабын түсіндіреді. |
Ауызша мадақтау Жарайсың! Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
«Доллар» әдісі арқылы бағалау
Дескриптор Білім алушы -шығарманы өзге жанрлармен салыстырады, -ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдайды, -өзіндік ой-пікір білдіреді. Дескриптор Білім алушы -мәтін құрайды – 1 балл, өз ойларын жеткізеді – 2 балл Дескриптор Білім алушы -сұраққа жауап береді -1 балл, -өз ойын жеткізеді – 2 балл, -көркемдегіш құралдарды қолданады – 2 балл, -сауатты жазады – 2 балл. |
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл Қалыптас тырушы бағалауға арналған тапсырма лар жинағы 11-сынып ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл |
Бекітемін__________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 5-сабақ
Бөлім: |
4-бөлім: Табиғат және адам |
|||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||
Күні: |
|
|||||
Сынып: 11 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
«Қызыл кітап» поэмасы. VI бөлім |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
11.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; 11.2.3.1 шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау; |
|||||
Сабақтың мақсаты |
Көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдана алады. Шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдай алады. |
|||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық -ұлттық және мәдени бірегейлікті түсіну; -мемлекеттік тілді жетік меңгеруге және оны белсенді қолдануға ұмтылу; Құндылық: бірлік және ынтымақ -қоғамның игілігіне, қоршаған ортаны қорғауға және адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған іс-әрекеттер мен шешімдерде қоғам алдындағы міндеттерді жүзеге асыру және орындау; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -нәтижелерге қол жеткізу және жақсарту үшін күш салуға дайын болу; |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Сабақтың басталуы 5 минут Сабақтың ортасы 5 минут 5 минут
20 минут 5 минут Сабақтың соңы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Білім алушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын бақылау. Психологиялық ахуал «Калейдоскоп»
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты айтылады. 1-тапсырма «Әңгімелесетін әріптестер» әдісі Өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде • жаңа оқылған 3 факті туралы; • оларға жеңіл болып көрінгендер туралы • оларға қиын болып көрінгендер туралы • алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасыңдар. 2-тапсырма «Броундық қозғалыс» әдісі Сөздікпен жұмыс Сынып ішінде поэмада өздеріңе мағынасы беймәлім сөздер мен олардың анықтамалары орналасқан. Сол сөздердің анықтамасын іздеп, ақпарат жинаңдар. Онагр – жылқы тұқымдасына жататын жануар. Құланның бір түрі. Оны «Иран құланы» деп атайды. Қылыш түсті жолбарыыс - сүтқоректілер класының мысықтар тұқымдасына жататын жойылып кеткен жануар. Квага – зебра тұқымдас жойылып кеткен жануар. Этрус тілі – Италиядағы көне тілдердің бірі. Жерорта теңізінің тілдік тобына жатады. Б.з. бас кезінде этрус тілін латын тілі ығыстырған. Хазарлар – орта ғасырлардағы түркі тілді халық. Дронт – шамамен 1598 жылы қанатсыз құс туралы алғашқы деректер пайда болды. Оның аты «додо» немесе «дронт» еді. Тур – жабайы өгіз. Шығыс жартысында кең тарап, орманды дала, далалық аймақты мекендеген. Биіктігі – 2 метр, ені 1,8 м. Салмағы 800 кг-ға дейін барған. Ең соңғы тур Польшада 1627 жылы ауланған. 3-тапсырма «РАФТ» әдісі арқылы төмендегі тапсырмалардың бірін таңдап, орындаңыз. 1) Шығармадағы жан-жануар атынан адамзатқа хат жазыңыз. Хатыңызды көтерілген мәселемен байланыстырыңыз. Шығармадан үзінді, дәйексөздер пайдаланыңыз. 2) Құстардың немесе жан-жануарлардың атынан монолог жазыңыз. Монологыңызды көтерілген мәселемен байланыстырыңыз. Шығармадан үзінді, дәйексөздер пайдаланыңыз. 3) Өз атыңыздан авторға хат жазыңыз. Хатыңызда шығармада көтерілген мәселемен байланыстырыңыз. Шығармадан үзінді, дәйексөздер пайдаланыңыз. Қорытындылау Табиғат, қоршаған орта туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер. 1.Табиғат жер байлығы, Батырлар ел байлығы. 2.Адамның табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың оны айтар тілі жоқ. 3. Бір тал кессең, он тал ек. 4. Судың да сұрауы бар. 5.Бақ өсіргеннің бағы жанады. 6. Бұлақ көрсең, көзін аш.
Үйге тапсырма: https://kitap.kz сайтынан В.Шукшиннің «Деревняда тұрғым келеді» кітабын оқып келу Рефлексия «3, 2, 1» әдісі арқылы кері байланыс жасау. 3- қызықты ақпарат 2-есте сақтайтын ақпарат 1-сұрақ |
Психологиялық ахуал «Калейдоскоп» Оқушылар жарты шеңбер бойына орналасады, жүргізуші ортада тұрады. Әр қатысушы өзіне ұнайтын түстерін айтып шығады. Содан соң жүргізуші теріс қарап тұрады. Ойыншылар орын ауыстырады. Жүргізуші ретімен кім қай түсті ұнататынын айтып шығу керек. Бұл ойын зейін қоюға, есте сақтауға дағдыландырады.
Өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен: • жаңа оқылған 3 факті туралы; • оларға жеңіл болып көрінгендер туралы • оларға қиын болып көрінгендер туралы • алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады Сынып ішіне тақырыпқа қатысты сөздер мен оның анықтамалары орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды. РАФТ» әдісі арқылы берілген тапсырмалардың бірін таңдап, орындайды.
1) Р-рөл – жан-жануар немесе құстар А –аудитория – адамзатқа арналған. Ф – форма - хат Т – Табиғатты аялаңдар, адамзат! 2) Р-рөл – оқушы А –аудитория – автор Ф – форма - хат Т – шығармадағы көтерілген мәселе бүгінгі өмірде де маңызды. Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз пікірлерін айтады. Қызықты болған ақпаратымен, есте сақтайтын ақпаратымен бөліседі. Сұрақ қояды. |
Ауызша мадақтау Жарайсың! Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін! Дескриптор Білім алушы -жаңа оқылған 3 факт туралы анықтайды – 1 балл; -жеңіл болып көрінген тұстарын анықтайды – 1 балл, -қиын болып көрінген тұстарын анықтайды 1 балл, -алдағы уақыттағы оқығысы келетін нәрселер туралы пайымдайды – 1 балл. Бағалау «Ай» әдісі
Т
Дескриптор Білім алушы -шығармашы лық жұмыс орындайды - 2 балл; -қанатты сөздерді қолданады - 2 балл, -шығармадан дәйексөздер қолданады – 2 балл.
|
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл Қалыптас тырушы бағалауға арналған тапсырма лар жинағы 11-сынып ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл |
«Бекітілді»
Бөлім: |
4-бөлім: Табиғат және адам |
|||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||||||
Күні: |
14.04 |
|||||||||
Сынып: 11 Б |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
«Қызыл кітап» поэмасы. ІХ бөлім |
|||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
11.2.5.1 - әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау; 11.3.2.1 көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау; |
|||||||||
Сабақтың мақсаты |
Әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдай алады. Көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалай алады. |
|||||||||
Құндылықтарға баулу |
Заң және тәртіп өз ойларын, эмоциясын және мінез-құлқын бақылау. |
|||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||
Сабақтың басталуы 7 минут
35 минут
7 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Білім алушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын бақылау. «Мадақтар бұрқасыны» тәсілі Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты айтылады. 1-тапсырма «Құнды ой» стратегиясы бойынша поэманың көркемдік-эстетикалық құндылығы туралы ойыңды 7 сөйлеммен жеткіз. 2-тапсырма https://kitap.kz сайтынан В.Шукшиннің «Деревняда тұрғым келеді» кітабын оқып, поэмамен салыстырып, ортақ құндылықтарды талда. https://bilim-all.kz/article/8010
3-тапсырма Жұптық жұмыс 1) Үзіндідегі бүкіл адамзатты ойландырар пікір-тұжырымдарды теріп, жазып, өзіңе ерекше ұнаған пікір-тұжырымға «Қос жазба күнделігін толтыру арқылы түсініктеме бер.
4-тапсырма «Аңдар бастан кешкенді- Дала кешпек»,-деген үзіндіні негізге ала отырып, поэмадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісіне баға бер. Үлгі: 1. Заман көрінісі (поэмадағы): Поэмадағы заман көрінісі — табиғаттың жүйелі түрде бұзылуы мен аңдар мен жануарлардың жойылуының салдары. Қадыр Мырзалиевтің «Қызыл кітап» поэмасында адамзаттың табиғатқа деген жауапсыз қатынасы, оның экологиялық жүйені бұзу әрекеттері басты назарда. Мұнда аңдар мен өсімдіктердің жойылуы, табиғаттың адамдар тарапынан қиянатқа ұшырауы суреттеледі. «Аңдар бастан кешкенді — дала кешпек» деген жол, табиғаттың әрбір құнды бөлігі адам тарапынан жоғалған сайын, бүкіл экожүйенің күйреуіне әкелетінін көрсетеді.
Қорытындылау Берілген үзіндінің қазірі заманмен байланысын «Төрт сөйлем» әдісімен жеткіз.
Жоғалтқанды жоқтаған жөн
болғанмен, Пікір. Үзінді мазмұнының қазіргі заманмен байланысы туралы пікіріңді бір сөйлеммен жаз. Дәлел. Оны бір сөйлеммен дәлелде. Мысал. Өмірмен байланыстырып, мысал келтір. Қорытынды. Берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын немесе себептеріне өз көзқарасыңды жаз
Рефлексия
|
«Мадақтар бұрқасыны» тәсілі Сабақта ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін қолданылатын тәсіл. Сабақтың бастапқы кезеңінде оқушылар 1–1,5 минут ішінде бір парақ қағазға ұстазынан естігісі келетін мадақтарды жазады, оны оқып беретін парталасымен алмасады, мадақтар талданады. «Құнды ой» стратегиясы бойынша поэманың көркемдік-эстетикалық құндылығы туралы ойыңды 7 сөйлеммен жеткізеді. 2-тапсырма 1. Тақырыптық ұқсастықтар: Табиғаттың адам өміріндегі орны: Екі шығармада да табиғаттың адам өміріндегі маңызды орны мен оған деген жауапкершілік мәселесі көтерілген. В. Шукшиннің әңгімесінде ауыл өмірі, табиғаттың қарапайым адам өмірі үшін маңызы сипатталады. Ол табиғатқа жақын болуды, оның тыныс алуымен үндесіп өмір сүруді қалайтын кейіпкердің армандарын жеткізеді. Ал Қадыр Мырзалиевтің «Қызыл кітап» поэмасында табиғаттың күйреуін, экологиялық апаттардың салдарынан табиғаттың жоғалуын көрсету арқылы, адамзаттың табиғатқа деген қатынасын сынға алады. Адам мен табиғаттың өзара байланысы: В. Шукшиннің шығармасында ауыл өмірінің негізгі құндылығы – табиғатпен үйлесімді өмір сүру. Ауылда қарапайым адамдардың табиғатпен біртұтас болғанын көруге болады. Ал «Қызыл кітап» поэмасында табиғат пен адамның арасындағы байланыс қайтымсыз түрде бұзылып жатыр, және бұл келешекте үлкен апаттарға әкелетіні ескеріледі. Бірақ екі шығармада да табиғатқа деген сүйіспеншілік пен оған құрметпен қарау қажеттігі басты идея ретінде беріледі. 2. Әлеуметтік және экологиялық мәселелер: Табиғатқа зиян келтіру: Шукшин шығармасында адамдардың ауыл өмірін қалай салғаны және өздерінің қарапайым өмірі мен табиғатқа деген көзқарасы айтылады. Бірақ қаланың өсіп, ауылдың жойылуы, экологиялық жағдайдың нашарлауы байқалмайды. Қадыр Мырзалиев болса, экологиялық мәселелерді тікелей көтеріп, адамның табиғатқа келтірген зиянын ашық көрсетеді. Ол «Қызыл кітап» поэмасында тіршіліктің қауіпсіздігі мен болашағы үшін адамзаттың табиғатқа деген қарым-қатынасын қайта қарауды талап етеді.
Қорытындылау
Пікір: Бұл үзіндінің қазіргі заманмен байланысы өте терең, өйткені қазіргі уақытта көптеген табиғат ресурстары мен жануарлар түрлері жойылып бара жатыр. Дәлел: Қызыл кітап — жоғалған немесе жойылып кету қаупі бар түрлерді сақтау мақсатында енгізілген. Мысал: Мысалы, қазіргі заманда кейбір жануарлар мен өсімдіктер жойылып кету қаупінде тұрғандықтан, оларды қорғау үшін Қызыл кітапқа енгізіледі. Қорытынды: Қазіргі заманның басты мәселелерінің бірі — табиғаттың және оның байлықтарының сақталуы, сондықтан барлық адамдар табиғатты қорғауға атсалысып, оның жойылып кетуіне жол бермеу керек. |
Ауызша мадақтау Жарайсың!
Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
Дескриптор Білім алушы -екі шығарманы салыстырады – 2 балл, -ортақ құндылықтар ды талдайды – 1 балл.
Жетон арқылы бағалау
Дескриптор Білім алушы көркем -шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырады – 2 балл, - шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісіне баға береді – 1 балл.
Дескриптор Білім алушы -пікірін бір сөйлеммен білдіреді – 1 балл, - ойын бір сөйлеммен дәлелдейді – 1 балл, -өмірмен байланысты рып дәлелдейді – 1 балл -берілген мәселенің шешілу жолдарын ұсынады – 1 балл.
|
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған тапсырма лар жинағы 11-сынып
https://bilim-all.kz/article/8010
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл
|
«Бекітілді»
Бөлім: |
4-бөлім: Табиғат және адам |
|||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||||||||||||||||||
Күні: |
18.04 |
|||||||||||||||||||||
Сынып: 11Б |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
«Қызыл кітап» поэмасы. Х бөлім |
|||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
11.2.2.1 - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау; 11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтай алады. Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жаза алады. |
|||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Заң және тәртіп өз ойларын, эмоциясын және мінез-құлқын бақылау.-нәтижелерге қол жеткізу және жақсарту үшін күш салуға дайын болу; |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы 7 минут 8 минут 7 минут 20 минут 5 минут Сабақтың соңы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Білім алушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын бақылау. «Мен басқаның
көзімен» Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты айтылады. 1-тапсырма 1.Шығарманың бөлімінен қоршаған ортаны, айналаны сипаттауды тауып белгілеңіз.
2-тапсырма Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықта.
3-тапсырма Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындымен (С.Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі) салыстыра отырып, әдеби сын жазыңдар.
Әдеби эссе жазуды
меңгеру үшін, ең алдымен, әдеби эссе құрылымын
білу
1. Кіріспе. Бұл бөлімді үш не төрт сөйлеммен ашуға болады. Алғашқы сөйлемнен-ақ оқырманды баурап алуға тырысу керек. Тақырыптың өзектілігін алға тарту маңызды.
2. Негізгі бөлім. Бұл бөлім кемінде үш азат жолдан тұрып, үш пікірмен ашылғаны дұрыс. Әр пікір кіріспеде көрсетілген мақсатты ашуға жұмыс жасауы керек. Әр азат жол бес-алты сөйлемнен тұрса да болады. Бірінші, екінші сөйлемде негізгі мәселе туралы ақпарат беріледі.
3.
Қорытынды. Басты ескеретін мәселе – жаңа ой жазудан аулақ болу.
Мұнда
Сабақты қорытындылау «Миыңның суретін сал» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.
1.Осы сабақтағы мен үшін ең маңызды ақпарат________________________ 2.Әлі де маған мына жайттар түсініксіз_____________________ 3.Бүгінгі сабақтан түйгенім______________________
|
Психологиялық ахуал
«Мен басқаның
көзімен»
1-тапсырма Үлгі: Қоршаған ортаны сипаттау:
Аспанның бұлты
биік
Қара жерді
жылатып,
Осыны
айтсаң, Шығарма идеясымен байланысы: Бұл сипаттаулар табиғаттың күйін, оның өзгеруі мен жоғалуын көрсетеді. Поэмада табиғаттың байлығы мен жануарлар әлемінің жоғалуы туралы терең өкініш пен қасірет сезімі білдіріледі. Жоғалған түрлер мен қоршаған ортаның өзгеруі — табиғаттың адам қолынан зиян көргенін және адамдардың бұл жағдайға қалай жауап беретінін көрсетеді. «Қызыл кітап» — жоғалып бара жатқан түрлер мен табиғаттың белгісі болып, өшкендердің ескерткіші ретінде бейнеленген.
2-тапсырма Үлгі: «Адам өрісі кеңіген сайын аң-құстың өрісі тарыла түседі» деп ақынның өзі айтқандай, адам баласы өзінің де табиғаттың бір бөлшегі екенін ұмытып, оған қол салғанын күйіне баяндайды.Ақын өзінің азаматтық үнін, көкейкесті ойын білдіреді. Поэмадағы лирикалық кейіпкер табиғатты жойып алудан қорқады. Автор табиғатты қорғауды тек ел аумағында ғана емес, бүкіл ғаламшараралық мәселе ретінде қарастырып, оқырманды Америкаға да, Африкаға да, Еуропаға да апарады, бір кездерде мұнда адам саудасы болғанын да айтады. Кейбір халықтың жойылып кеткенінен шошынады. Қандай да болсын, зорлық-зомбылықтан бас тарту қажеттігін түсіндіреді. Табиғат пен адам арасындағы үндестік, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын арқау етеді.
Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындымен (С.Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі) салыстыра отырып, әдеби сын жазады.
«Миыңның суретін сал» әдісі арқылы сабақты қорытындылайды.
|
Ауызша мадақтау Жарайсың!
Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
Дескриптор Білім алушы -шығармадан қоршаған ортаны сипаттауды анықтайды – 1 балл, - шығарма идеясымен байланысын анықтайды – 1 балл.
Дескриптор Білім алушы -шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтайды – 2 балл; -поэма идеясының құндылығын сипаттайды – 2 балл.
Бағалау «Ай» әдісі
Т
Жарты ай- мен жартылай орындадым;
ным басымдау болды
Дескриптор Білім алушы -шығарманы иидеялық жағынан мазмұндас шығарманы салыстырады – 2 балл, -әдеби сын жазады – 2 балл.
|
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 11-сынып
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл
|
Бекітемін__________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 8-сабақ
Бөлім: |
4-бөлім: Табиғат және адам |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 11 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
«Қызыл кітап» поэмасы. Х бөлім Бөлім бойынша жиынтық бағалау-1 |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
11.2.4.1 әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу; |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс жаза алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық -ұлттық және мәдени бірегейлікті түсіну; -мемлекеттік тілді жетік меңгеруге және оны белсенді қолдануға ұмтылу; Құндылық: бірлік және ынтымақ -қоғамның игілігіне, қоршаған ортаны қорғауға және адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған іс-әрекеттер мен шешімдерде қоғам алдындағы міндеттерді жүзеге асыру және орындау; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -нәтижелерге қол жеткізу және жақсарту үшін күш салуға дайын болу; |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы 5 минут 15 минут
20 минут Сабақтың соңы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Білім алушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын бақылау. «Боди-арт» Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты айтылады. 1-тапсырма Берілген сөйлемдердегі ойды «себебі немесе сондықтан» шылау сөздерін қолданып аяқта. 1) «Қызыл кітап» поэмасын досыма оқуға кеңес беремін, себебі... 2) Поэмада көтерілген жалпыадамзаттық мәселе маған әсер етті, себебі/сондықтан... 3) Поэмадағы автор көзқарасын зерттеу керек, себебі... 4) Автордың идеялық ұстанымын жаһандық тұрғыдан салыстырып, таразылау керек, себебі... 5) Автордың ұлтты танымы мені ойландырады, себебі/сондықтан... «Табиғат және адам» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Қ. Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы Оқу мақсаты 11.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану, 11.2.4.1 әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу Бағалау критерийі Білім алушы
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану Жоғары деңгей дағдылары Орындау уақыты 15-20 минут Тапсырма 1. Қызыл кітап — Бұл өзі қызық кітап: Тысы жұқа, Астары қалыңырақ! – өлең жолдардың мағынасын талдаңыз. _________________________________________________________ 2. Қ. Мырзалиевтің «Қызыл кітап» поэмасынан үзінділер қолдана отырып, болашақ ұрпаққа хат жазыңыз. Шығармада көтерілген мәселені талдауда өзіндік көзқарасыңызды қандай шығармашылық жұмыс арқылы жеткізетініңізді РАФТ әдісімен көрсетіңіз. Рөл Аудитория Форма Тақырып
Рефлексия «3-2-1» 1.Сабақтағы 3 маңызды ақпарат 2.Қиындық келтіретін 2 мәселе 3. Сабақта ұнаған 1 аспект
|
«Боди-арт» Барлық қатысушылар бірінің артына бірі тұрады. Соңғы ойыншы алдыңғының арқасына өзі қалаған суретті салады, ол ойыншы ненің суретін сезінгенін өзінің алдындағы оқушыға салады. Осылайша алдыңғы қатысушыға дейін сурет салу жалғасады. Соңғы және бірінші баланың суреттері салыстырылып, кімнің тұсынан ағаттық кеткені анықталады. Жағымды ахуал туады. Екі қатарға тұрып, қай қатардың нәтижесі әрі тез, әрі дұрыс болғандығын салыстырып, жарыстыруға да болады.
Берілген сөйлемдердегі ойды «себебі немесе сондықтан» шылау сөздерін қолданып аяқтайды.
«Табиғат және адам» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын орындайды.
|
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Дескриптор Білім алушы -берілген ойды аяқтайды, -«себебі немесе сондықтан» шылау сөздерін қолданады.
«От шашу» арқылы бағалау
|
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 11-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл
|
Бекітемін__________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 9-сабақ
Бөлім: |
4-бөлім: Табиғат және адам |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 11 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Сұлтанәлі Балғабаев. Өмірі мен шығармашылығы «Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасы. Екінші бөлім. Алтыншы көрініс |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
11.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау
жасау арқылы жанрлық ерекшелігін
түсіну; |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіне алады. Әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындай алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық -ұлттық және мәдени бірегейлікті түсіну; Құндылық: бірлік және ынтымақ -басқа адамның сезімінжәне эмоционалды жай-күйін түсіну; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -нәтижелерге қол жеткізу және жақсарту үшін күш салуға дайын болу; |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы 5 минут 5 минут 15 минут 5 минут 5 минут 5 минут Сабақтың соңы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Білім алушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын бақылау. «Тазару» жаттығуы Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты айтылады. Тақырыптық ақпарат Хронологиялық таблица
Шығармалары 1978 жылы «Жалын» баспасынан «Жұлдызың жансын» атты қазақ спортшылары туралы деректі повестер мен әңгімелер жинағы шыққан. Жазушының «Алтын сағым» (1979 ж.), «Құм мен қызғалдақ», «Шөл» (1984 ж.), «Дала мен дария» (1988 ж.), «Қазақтың қызыл кітабы» (1988 ж.), «Красная гармонь» (1992 ж.), «Ең әдемі келіншек» (2006 ж.) атты повестері мен әңгімелері, мақалалар жинақтары басылып шықты. 2009 жылы «Сырдария кітапханасы» сериясы бойынша қаламгердің «Сыр мен Сарысу», «Ғажайып көктем» атты екі томдық таңдамалы шығармаларының жинағы жарық көрген. Драма –шындықтыайрықша тәсілдермен, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдында қолма-қол көрсететін жанр. Драмалық шығармаға жататын шығармалар: трагедия, комедия, интермедия, скетч, пьеса т.б Комедия - (гр. κωμωδία - сауық-сайран, әуезді ән) - өмір құбылыстарының, мінез-құлықтың, іс-әрекеттің күлкілі жақтарын көрсету мақсатымен сахнаға лайықталып жазылған драм.шығарма. Жанры түрліше: водевиль, фарс, сатиралық комедия, юморлық комедия, лирикалық комедия, музыкалық комедия, т.б. Сатира (лат. Satira) — өзі суреттеп отырған оқиғаны, құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға алып, әжуаға айналдыратын көркемдік бейнелеу тәсілі. Жазушы Сұлтанәлі Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар» екі бөлімді комедиясы қазіргі кезеңдегі осындай келеңсіздікті бейнелеген сатиралық туынды. Комедияның барлық кейіпкерлері қазіргі кезеңдегі адамдардың іс-әрекеттері, мінез-құлық дағдылары жинақталған сипаттарымен көрсету. 1-тапсырма Топтық жұмыс Шығарманы оқу және талқылау 1-топ: 6-көрініс (2-бөлім) Мәтінге жуық әңгімелесу Өздеріңе бөліп берілген беттегі үзіндінің мазмұнын көркем туынды ізімен әңгімелеңдер. 2-топ: 7-көрініс Ішінара теріп, сұрыптап әңгімелесу Өздеріңе ұнаған эпизодты немесе бір оқиғаны әңгімелеңдер. 3-топ: 8 –көрініс Еркін әңгімелесу Кейіпкерлер атынан үзіндіні әңгімелеп беріңдер.
2-тапсырма Сюжеттік -композициялық жоспарын құрастырыңыз.
Сюжеттің басталуы Сюжеттің байланысы Сюжеттің дамуы Сюжеттің шиеленісуы Сюжеттің шарықтау шегі Сюжеттің шешімі 3-тапсырма Драмалық шығарманың жанрлық ерекшеліктерін көрсетіңіз және шығармадан мысалдар келтіре отырып дәлелдеңіз.
ЕББҚ оқушыға тапсырма Тест тапсырмасы 1. Сұлтанәлі Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар» шығармасы қай жанрға жатады? А) Поэма В) Повесть С) Драма В) Роман 2.«Тойдан қайтқан қазақтар» шығармасы неше бөлімнен тұрады? А) 1 бөлім С) 5 бөлім В) 4 бөлім Д) 2 бөлім 3. «Тойдан қайтқан қазақтар» драмасының кейіпкерлері: A) Қасқырбай B) Жолсерік әйел C) Қошқарбай D) Асай Мүсеевич E) Вокзал кезекшісі F) Мэлис Әлібаевич G) Министр 4. С.Балғабаев қалам тартпаған жанр: А) Проза В) Поэзия С) Ғылыми фантастика D) Драматургия Е) Публицистика
5.«Тойдан қайтқан қазақтар» драмасындағы «кісілердің сүйегі асыл» сөзінің мағынасы: А) дана кісі В) адамгершілігі жоғары кісі С) денсаулығы мықты D) көнбіс кісі Е) сыпайы кісі
Қорытындылау «Төрт сөйлем» тәсілі бойынша Сұлтанәлі Балғабаевтың жазушылық портретін жаз. 1. Пікір. Жазушы туралы мәліметті жинақтап, пікіріңді жеткіз. 2. Дәлел. Мәтіннен үзінді келтіре отырып, пікіріңді дәлелде. 3. Мысал. Пікіріңді қазақ әдебиеті тарихымен байланыстырып, мысал келтір. 4. Қорытынды. Қаламгер туралы ойыңды қорытындыла.
Үйге: 3-тапсырма 199-бет
Рефлексия «Бір (+) плюс, бір (–) минус» стратегиясы. Тапсырмаларды орындау барысында сәтті шыққан бір мезетті, сәтсіз, түсініксіз болған бір мезетті атайды.
|
Психологиялық ахуал
«Тазару»
жаттығуы
2-тапсырма Сюжеттің басталуы. Шағын перрон. Мэлис, Асай Мүсеевич, Қошқарбай тобы Сюжеттің байланысы. Көркемөнерпаздардың қошеметі. Сюжеттің дамуы. Топтың бір-бірін қолпаштауы. Сюжеттің шиеленісуы. «Қазақстан» пойызының тоқтауы. Билетсіз жолаушы. Сюжеттің шарықтау шегі. Жолсерік әйелдің өктемдігі. Саудагер әйел. Сюжеттің шешімі. Даурыққан, бөспе топтың перронға келуі.
3-тапсырма Үлгі: 1. Драма жанры Бұл – көзбояушылық, бастықтың алдында құрдай жорғалау, сыбайлас жемқорлық сияқты қоғамдағы келеңсіздікті бейнелеген сатиралық туынды. Драма жанры — бұл көрерменге сахналық әрекет, сөз арқылы әсер ету үшін жазылған шығарма. «Тойдан қайтқан қазақтар» драмасы да осы жанрға жатады, өйткені бұл шығарманың барлығы сахнада қойылатын диалогтар мен әрекеттер арқылы өрбиді. Шығармадағы оқиғалар түрлі персонаждар арасындағы қарым-қатынастар арқылы көрінеді. Мысалы, екі кейіпкердің арасындағы тартыс немесе қақтығыс драмада маңызды рөл атқарады. 2. Тақырыптың әлеуметтік сипатта болуы Драмада әлеуметтік мәселелер мен қоғамдық жағдайлар кеңінен қарастырылады. «Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасы қазақ қоғамының дәстүрлер мен қазіргі заманғы мәселелерін жан-жақты ашуға бағытталған. Пьесадағы басқа да кейіпкерлер: пойыздың бастығы, саудагер әйел, жолсерік келіншектің іс-әрекеттері де, кез келген мәселеде бармақ басты, көз қысты, екіжүзділікпен өмір сүретін қазіргі тұрмыс қайшылықтары да уақыт шындығына сәйкес бейнеленген. Пойыз бастығы мен жолсерік әйел – сырттай мінсіз, халыққа адал қызмет етушілер болып көрінгенімен, пайда тауып қалу мақсатымен билетсіз жолаушыларды пойызға отырғызуды көздеген адамдар 3. Тілдің бейнелілігі Драмадағы тіл ерекше бейнелі болып келеді. Авторлық ремарка мен диалогтар арқылы кейіпкерлердің ішкі дүниесі, қоғаммен байланысы, сезімдері мен ойлары ашылады. Мысалы, драманың кейбір кейіпкерлері өз ойларын қатты, эмоционалды түрде білдірсе, кейбіреулері тыныш, сабырлы қалпында ойларын жеткізеді. Мысалдар: Тартыс пен қайшылық: Драмада кейіпкерлердің арасында айқын тартыс бар. Әсіресе ауыл мен қала өмірі, дәстүр мен жаңашылдық арасындағы қайшылықтар айқын байқалады. Сахнадағы әрекет: Драмада кейіпкерлердің өзара әрекеттері арқылы оқиға дамиды. Мысалы, кейіпкерлердің сөйлесуі, әрекет етуі сахналық сезімдер мен эмоцияларды жеткізу үшін маңызды болып табылады.
Төрт сөйлем» тәсілі бойынша Сұлтанәлі Балғабаевтың жазушылық портретін сипаттайды.
|
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Берілген бұлт, ағаш, күн суреттері арқылы бағалау
Дескриптор Білім алушы -драманың басталуын анықтайды – 1 балл; - басты оқиғаға түрткі болған оқиғаны (байланысын) анықтайды – 1 балл; - басты оқиғаны, оқиғаның дамыған сәтін (шиеленісін) табады – 1 балл; - оқиғаның шегіне жеткен тұсын (шарықтау шегін) анықтайды – 1 балл; - оқиғаның шешімін табады – 1 балл.
Дескриптор Білім алушы - драманың 3 жанрлық ерекшелігін көрсетеді – 3 балл; - жанрға тән ерекшеліктері не сай шығармадан дәлел келтіреді – 2 балл.
Дескриптор Білім алушы -тест сұрақтарына жауап береді, -жауабын дәл анықтайды.
|
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 11-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
https://kk.wikipedia.org/wiki/
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл
|
Бекітемін__________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 10-сабақ
Бөлім: |
4-бөлім: Табиғат және адам |
|||||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||||||||||||||||
Сынып: 11 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
«Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасы. Екінші бөлім. Алтыншы көрініс. |
|||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
11.1.2.1 - әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау;
|
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдай алады. |
|||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық -ұлттық және мәдени бірегейлікті түсіну; Құндылық: бірлік және ынтымақ -басқа адамның сезімінжәне эмоционалды жай-күйін түсіну; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -нәтижелерге қол жеткізу және жақсарту үшін күш салуға дайын болу; |
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы 5 минут 10 минут 8 минут 7 минут 10 минут Сабақтың соңы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Білім алушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын бақылау. «Мадақтар бұрқасыны» тәсілі Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты айтылады. Ойтүрткі 1-тапсырма
2-тапсырма
Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас Ш.Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесімен салыстыра отырып, жанрлық ерекшелігін талдау жасаңдар.
ЕББҚ оқушыға тапсырма Пьесадағы оқиғаның қысқаша мазмұнын өз сөзіңмен жаз.
3-тапсырма
«Құпия хат» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді. 1.С.Балғабаевтың қандай пьесалары бар? 2. Шығарма атауын басқаша қалай өзгертер едің? 3. Автор адам бойындағы қандай қасиеттерді пьесаға арқау еткен? 4.Не себепті пьеса «Тойдан қайтқан қазақтар» деп аталады? Автордың көздеген мақсаты не? 5. Осы драмада көтерілген мәселе неліктен қазірге дейін өзекті?
Үйге тапсырма: 2-тапсырма 205-бет
«Рефлексиялық шеңбер»
Сабақ аяқталғанда көңіл-күйің қандай? Неліктен?
|
«Мадақтар бұрқасыны» тәсілі Сабақта ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін қолданылатын тәсіл. Сабақтың бастапқы кезеңінде оқушылар 1–1,5 минут ішінде бір парақ қағазға ұстазынан естігісі келетін мадақтарды жазады, оны оқып беретін парталасымен алмасады, мадақтар талданады. 2-тапсырма Үлгі: Тақырыбы «Тәуекел той» әңгімесінің атының өзі айтып тұрғанындай, шығармаға қазіргі замандағы бәсеке тойы арқау болған. Бақталастық пен күндестіктің шегінен асқынғандығы сонша той десе жанын салатын қазақ бүгінде дәстүрлі тойларды жоғалтып, тойдың өзін бәсекеге айналдыра бастады. Даңқ пен дақпыртқа мастанған жандардың өзгеден асып түсу мақсатында тойдан кейін қарызға белшесінен батып жатуы бүгінгі күннің шындығы. «Тойдан қайтқан қазақтар" комедиясы — заманның жағымсыз тұстарын айқара ашып, арпалысқа түскен ел өмірін, қоғам мәселесін бейнелеген комедиялық туынды. Бұл пьесадағы бір ерекшелік, оқиға желісі "Қазақстан" пойызында өрбиді. Автор бұл пьесаның арнасын адам бойындағы жағымпаздықты астарлап жеткізуге бұрған. Бұл туынды жұртты еріксіз саналы ойға жетелейді. Спектакль өмірдің өзінен ойып ала салғандай баршамызға етене таныс оқиға өзегіне құрылған. Тойдан қайтқан масаң адамдар шайқалақтап, даурығысып, бірін-бірі жөнжосықсыз асыра марапаттап келеді. Сол сәтте олардан асар шешен де, дана да, батыр да жоқ. 2. Жанр: - «Тойдан қайтқан қазақтар» - драма жанрына жатады. Драма сахналық қойылым ретінде жазылған, онда кейіпкерлердің диалогтары мен әрекеттері арқылы оқиға өрбиді. Бұл жанр қоғамдық мәселелер мен ішкі қайшылықтарды көрсетуге мүмкіндік береді. - «Тәуекел той» - әңгіме жанрына жатады. Бұл шығарма қысқаша, бірақ идеялық жағынан терең. Әңгімеде бір оқиға негізінде қоғамның моральдық жағдайы мен дәстүрдің маңызы қарастырылады.
«Құпия хат» әдісі
Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.
|
Ауызша мадақтау Жарайсың!
Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
Дескриптор Білім алушы -қысқаша деректер жазады – 1 балл, -түйген ойын жеткізеді – 1 балл, -тақырыпқа қатысты сұрақтар қояды – 1 балл, -тақырыпқа қатысты білгісі келетін сұрағын қояды – 1 балл.
Дескриптор Білім алушы -идеялық мазмұны жағынан ұқсас шығармамен салыстырады – 2 балл. -жанрлық ерекшелігін анықтайды – 2 балл.
Дескриптор Білім алушы -сұрақтарға жауап береді – 1 балл, -өз ойын жүйелі жеткізеді – 1 балл.
Берілген тапсырмалар дың барлығына «ұялы телефон» арқылы өзін-өзі бағалау жүргізеді.
|
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 11-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл
|
Бекітемін__________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 11-сабақ
Бөлім: |
4-бөлім: Табиғат және адам |
|||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||
Сынып: 11 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
«Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасы. Екінші бөлім Жетінші көрініс |
|||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
11.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету; 11.2.2.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау; |
|||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсете алады. Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтай алады. |
|||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық -ұлттық және мәдени бірегейлікті түсіну; Құндылық: бірлік және ынтымақ -басқа адамның сезімінжәне эмоционалды жай-күйін түсіну; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -нәтижелерге қол жеткізу және жақсарту үшін күш салуға дайын болу; |
|||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||
Сабақтың басталуы 5 минут 15 минут 10 минут 10 минут Сабақтың соңы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Білім алушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын бақылау. «Мен басқаның көзімен» Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты айтылады. Кейіпкерлердің аттары жазылған суреттер арқылы топқа бөлінеді: 1-топ: «Мэлис» 2-топ: «Қошқарбай» 3-топ: «Асай» Топтық жұмыс 1-тапсырма «Кубизм» әдісі «Тойдан қайтан қазақтар» шығармасы бойынша кубиктің алты қырына жазылған топтық тапсырманы орындаңыз. Салыстырыңыз: Мэлис Әлібаевич пен Қошқарбайдың даралық қасиеттерін салыстырыңыз Сипаттаңыз: Шығарма бойынша бір жинақтық образға сипаттама беріңіз. Зерттеңіз: Шығармадағы оқиғаға өмір шындығымен байланыстырып зерттеңіз. Талдау жасаңыз: Шығарма бойынша Асай Мүсеевич әрекеттеріне даралық және жинақтау арқылы талдау жасаңыз. Қолданыңыз: Белгілі бір эпизодты шағын қойылым ретінде көрсетіңіз немесе эпизодтар желісін сурет арқылы көрсетіңіз. Дәлелдеңіз: Осы драмада көтерілген мәселе неліктен қазірге дейін өзекті? Дәлелдеңіз. 2-тапсырма Берілген тапсырманы ФИШБОУН арқылы орындаңыз.
Шығарманың идеясы Өмірдегі мәселелер Мәселенің салдары Шешу жолдары ЕББҚ оқушыға тапсырма Кейіпкердің мінезіне сипаттама беріп, кестені толтыр
Қорытындылау 1) «-Ақсақал-ау, сіз атыңыз... атағыңыз бар, әжептәуір ғалым көрінесіз... Сізден бүкіл халық ... бүкіл қазақ үлгі-өнеге алады дейміз...ал енді мынауыңызға жол болсын?!» - деген пойыз бастығының сөзінің мағынасын ашып талда. Үзіндінің маңызы неде? Кейіпкер туралы не айтылады? 2) Егер көлікке билетсіз отыру жағдайына тап болсаңдар, не істейсіздер? 3) Өздерің өмір сүріп отырған уақыттағы кейбір адамдардың бойында кездесетін ұлттық болмысқа жат мінез-құлықтарға зерделеу жаса. Үйге: 1-тапсырма 205-бет Рефлексия
«Бір сөзбен»
стратегиясы
|
Психологиялық ахуал
«Мен басқаның
көзімен» 1-тапсырма Осы комедиядағы кейіпкерлердің іс-әрекеттері, мінез-құлықтарынан олардың өз білімі мен талантына сенімсіз, тек жағымпаздану арқылы ғана күн көріп жүрген типтік бейнелер екені көрінеді. Өздерінің руының адамдарын «… батыр бабамыз … бес жасында шешен, он жасында қол бастаған көсем болды…» деп дәріптеп, қазақ тарихын өрескел бұрмалаушы жалған «тарихшы-ғалымдар» Асай Мүсеевич бейнесіне жинақталған. Ал Қошқарбай секілділердің оларды: «Ұлы ғалым… Бұл кісінің ашқан жаңалықтары керемет!» деп жағымпаздана көпіртіп мақтауы – біздің қоғамда кездесіп қалатын жағдай. Пьесадағы тағы бір кейіпкер Мэлис Әлібаевич – өз қызметін асыра пайдаланушы, туыстарын, жағымпаздарды маңына жинаған қуыс кеуде мансапқор шенеуніктердің жинақталған бейнесі. Жандайшаптар қалай жағынарын білмей, тіпті президент болуыңыз керек деген идея ұсынады: «Айтпақшы дейім, Мэлис Әлібаевич, сіз алдағы сайлауда президенттікке өз кандидатураңызды ұсынуыңыз керек!» Бұл, әлбетте, Мэлис Әлібаевичтің жанына жағып кетеді: «Жо-жоқ, оған әлі ертелеу!.. Ертелеу!.. Ең алдымен (даусын ақырын шығарып). Сізден несін жасырайын, осы жақында министр болатындай мүмкіндігім болып тұр!». Мэлис Әлібаевичтің «оған әлі ертелеу» деген сөзі оның президенттіктен де дәмелі екенін аңғартады. Оның екіжүзділігі жанындағыларға уәдені үйіп-төгіп беріп, кейін тайқып кетуінен аңғарылады
Берілген тапсырманы ФИШБОУН арқылы орындайды.
Кейіпкердің мінезіне сипаттама беріп, кестені толтырады.
Қорытындылау мақсатында берілген сұрақтарға жауап береді. |
Ауызша мадақтау Жарайсың!
Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
Дескриптор Білім алушы -кейіпкерлердің даралық қасиеттерін салыстырады – 1 балл, -жинақтық образға сипаттама береді – 1 балл, -оқиғаны өмір шындығымен байланысты рады – 1 балл, -берілген кейіпкердің әрекеттеріне даралық және жинақтау арқылы талдау жасайды – 1 балл, -белгілі бір эпизодты қойылым ретінде көрсетеді – 1 балл, -көтерілген мәселенің өзектілігін дәлелдейді – 1 балл.
Дескриптор Білім алушы -шығарманың идеясын анықтайды – 1 балл, -өмірдегі мәселелермен байланысты рады – 1 балл, -мәселенің салдарын түсіндіреді – 1 балл, -шешу жолдарын ұсынады – 1 балл.
«Доллар» әдісі арқылы бағалау
|
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 11-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл
|
Бөлім: |
4-бөлім: Табиғат және адам |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 11 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
«Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасы. Екінші бөлім Жетінші көрініс |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
11.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; 11.2.3.1 шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау; |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдана алады. Шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдай алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық - мемлекеттік тілді меңгеру; Құндылық: бірлік және ынтымақ -басқа адамның сезімінжәне эмоционалды жай-күйін түсіну; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -нәтижелерге қол жеткізу және жақсарту үшін күш салуға дайын болу; |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы 5 минут 10 минут 10 минут 15 минут Сабақтың соңы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Білім алушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын бақылау. «Мамандық таңдау» Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты айтылады.
1-тапсырма Шығармадағы кейіпкерлер бейнесін беруде және идеясын ашудағы көркемдегіш қолданыстардың рөлін талдаңыз.
2-тапсырма Шығармадан қанатты сөздер мен дәйексөздерді теріп жазыңдар. Қанатты сөздер мен дәйексөздерді қолданып, пьесаның бір эпизодын әңгіме етіп жазыңдар.
3-тапсырма
«Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасы бойынша төмендегі шығармашылық жұмыстардың бірін орындаңыз. 1) Шығармадан көтерілген мәселені постерге түсіріп, презентация арқылы көрсетіңіз. Белгілі бір символдық белгі немесе сурет арқылы ойыңызды жеткізіңіз. Шығармадан үзінділер, дәйексөздерді қолданыңыз. 2) Шығармадағы көтерілген мәселені шығарманың эпилогы арқылы жеткізіңіз. Ойларыңызды білдіру үшін үзінділер, дәйексөздер пайдаланыңыздар. 3) «Автормен сұхбат» айдары негізінде телебағдарлама ұйымдастырыңыздар. Сұхбаттарыңызда шығармадан үзінділер, дәйексөздер қолданыңыздар.
Үйге: 2-тапсырма 205 - бет Рефлексия
|
«Мамандық таңдау» Мақсаты: Баланың мамандықтар туралы білімін кеңейте отырып, еңбек ету арқылы өз мақсатына жетуге болатындығын ұғындыру. Ортаға әр түрлі мамандықтар аты жазылған қағаздар тасталынады. Әр бала бір-біреуден алады. Әркім өзіне тиесілі мамандық бойынша: шағын көрініс, тақпақ, қысқаша монолог, сипаттама т.б. жасап, мамандықты барынша дәріптейді,
1-тапсырма Үлгі: Мэлс бейнесі Не аяғын дұрыстап баса алмайды, не дұрыстап жүре алмайды. Тіп-тікесінен ағаш сияқты қатып қалған. Көркемдік қолданыстың автор идеясын берудегі қызметі Көркемдік қолданыс: теңеу Мэлстің ішкі күйін көрсету: Мэлстің аяғын дұрыстап баса алмауы, жүре алмауы – оның сыртқы жағдайына қатысты емес, ішкі дүниесіндегі тәкаппарлық және өмірге жеңіл қарайтын масаң күйін білдіреді. Бұл оның өмірге деген қарым-қатынасын өрсетеді.
Шығармадан қанатты сөздер мен дәйексөздерді теріп жазады. Қанатты сөздер мен дәйексөздерді қолданып, пьесаның бір эпизодын әңгіме етіп жазады.
«Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасы бойынша берілген шығармашылық жұмыстардың бірін орындаңыз
|
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Дескриптор Білім алушы -кейіпкер бейнесін ашудағы көркемдік қолданысты анықтайды – 1 балл; - көркемдік қолданыстың автор идеясын берудегі қызметін талдайды – 1 балл; - көркемдегіш құралдардың қызметіне тұжырым жасайды – 1 балл.
Дескриптор Білім алушы -шығармадан қанатты сөздер мен дәйексөздерді теріп жазады – 1 балл, - пьесаның бір эпизодын әңгімеге айналдырып жазады – 1 балл, - қанатты сөздер мен дәйексөздерді қолданады – 1 балл.
Дескриптор Білім алушы -шығармашы лық жұмыстарын талапқа сай орындайды – 1 балл; - шығармадан үзінділер, дәйексөздер, қанатты сөздер қолданады – 2 балл; - ойларын креативті жеткізеді – 1 балл.
|
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 11-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл
|
Бекітемін__________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 13-сабақ
Бөлім: |
4-бөлім: Табиғат және адам |
||||||||||||||||||||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 11 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
«Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасы. Екінші бөлім. Сегізінші көрініс. Бөлім бойынша жиынтық бағалау-2 |
||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
11.2.4.1 әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу; |
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жаза алады. |
||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық - мемлекеттік тілді меңгеру; Құндылық: бірлік және ынтымақ -басқа адамның сезімінжәне эмоционалды жай-күйін түсіну; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -нәтижелерге қол жеткізу және жақсарту үшін күш салуға дайын болу; |
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы 5 минут 15 минут 20 минут
Сабақтың соңы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Білім алушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын бақылау. «Айдаһар» Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты айтылады. 1-тапсырма 1)Кестені толтырыңыздар
2) Елді басқарудағы үкімет басшыларының халық алдындағы беделі қандай болуы керек?
3) Мэлис бұрынғы ел билеушілердің істеріне қандай наразылық білдіреді?
ЕББҚ оқушыға тапсырма Берілген тірек сөздерді қолданып, «Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасы туралы пікіріңді жаз. Көзбояушылық, бастықтың алдында құрдай жорғалау, қоғамдағы келеңсіздік, пойыз, жолаушылар, тойдан сатиралық туынды, тойдан қайтқан қазақтар.
«Табиғат және адам» бөлімі бойынша жиынтық бағалау С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы
Оқу мақсаты 11.2.4.1 әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу; Бағалау критерийі Білім алушы
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма «Ғылым және ғалым: жетістіктер мен олқылықтар» тақырыбында көзқарас тұрғысынан әдеби эссе жазыңыз (100-150 cөз).
Рефлексия
|
Психологиялық ахуал
«Айдаһар» Оқушыларды сергітіп алу үшін бәрін бір-бірінің белінен ұстатып тұрғызады. 1-оқушы «айдаһардың басы», соңындағы оқушы «құйрығы». Басы құйрықты ұстап алу керек.
1-тапсырма Шығарманың әсер еткен тұсы Билетсіз жолаушы – алыпсатарлықтың құрбаны. Көліктердің билет сату қызметін электронды жүйеге көшіргенімен, пойыз билеттері әлі де болса, алыпсатарлардың қолында кететіні – қоғамдағы шынайы, өзекті мәселе Өз пікірім Жолсеріктер - алпысатар , пойыз бастығы мен жолсерік әйел пайда тауып қалу мақсатымен билетсіз жолаушыларды пойызға отырғызуды көздейді. Бұндай өзекті мәселе қазіргі уақытта жолға қойылды деп ойлаймын. Себебі Көліктердің билет сату қызметін электронды жүйеге толықтай көшірілген.
2) Елді басқарудағы үкімет басшыларының халық алдындағы беделі қандай болуы керек? Елді басқарудағы үкімет басшыларының халық алдындағы беделі адалдық, әділдік және жауапкершілікке негізделуі керек. Олар халықтың мүддесін бірінші орынға қоюы, қоғамдағы әрбір топтың қажеттіліктерін ескеріп, әділ шешімдер қабылдауы тиіс. Сонымен қатар, билік басындағылар халықпен ашық байланыс орнатып, халықтың жағдайын жақсарту үшін тұрақты және тиімді жұмыстар атқаруы керек. Беделі тек қана сөзбен емес, іс-әрекеттермен де дәлелденуі керек. 3) Мэлис бұрынғы ел билеушілердің істеріне қандай наразылық білдіреді? Осы мен бұрынғы бұрынғыларды түсінбеймін, жақсы сөздердің бәрін солар айтып қойған. Кейінгілерге де бірдеңе қалдырайық деп ойласа қайтеді!
Табиғат және адам» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмасын орындайды.
|
Ауызша мадақтау Жарайсың!
Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
Дескриптор Білім алушы -шығарманың әсер еткен тұстарын жазады - 2 балл, -өз пікірін білдіреді – 2 балл, -кестені толтырады – 2 балл, -сұраққа жауап береді – 3 балл, -өз пікірін білдіреді – 1 балл.
|
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл
Бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 11-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл
|
Бекітемін__________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 14-сабақ
Бөлім: |
4-бөлім: Табиғат және адам |
|||||||||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||
Сынып: 11 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Екінші бөлім. Тоғызыншы көрініс. «Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасы |
|||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
11.2.5.1 әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау; 11.3.2.1 көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау; |
|||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдай алады. Көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалай алады. |
|||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық - азаматтық және ұлттық бірегейлікті түсіну; Құндылық: бірлік және ынтымақ -басқа адамның сезімінжәне эмоционалды жай-күйін түсіну; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -нәтижелерге қол жеткізу және жақсарту үшін күш салуға дайын болу; |
|||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||
Сабақтың басталуы 5 минут 10 минут 15 минут 15 минут Сабақтың соңы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Білім алушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын бақылау. Психологиялық ахуал «Әңгімелесетін әріптестер» Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты айтылады.
1-тапсырма «Динамикалық шеңбер» әдісі Ішкі және сыртқа шеңберге бөлініңіздер. Ішкі шеңбердегілер шығармадағы құндылықтарды атап, келесі жұбына бір айналым жасап шыққанша қозғаласыздар. Сыртқы шеңбердегілер сол құндылықтарға мысал келтіріңіздер. 3-тапсырма https://kitap.kz сайтынан Ә.Несиннің «Біз кәдімгі есекпіз» шығармасын оқып, драмамен салыстырып, ортақ құндылықты анықтаңыз.
3-тапсырма Шығармада автор қай заманның бейнесін ашады? Бұл мәселенің көрінісі бүгінгі қоғамнан байқалады ма? Заманның жағымсыз тұстарын айқара ашып, арпалысқа түскен ел өмірін, қоғам мәселесін бейнелеген комедиялық туындыны адам бойындағы жағымпаздықты астарлап жеткізудегі заман көрінісін шынайы өмірмен байланыстыра отырып талдаңыз.Салыстырмалы талдау жасаңыз.
ЕББҚ оқушыға тапсырма Оқу сауаттылығы 1.Иә-иә.Мына долы ғой!... Нағыз көк айылдың өзі ғой мынау!» Сұрақ: Көк айыл деген нені білдіреді? А) көп білетін адам В) долы, ұрысқақ С) мылжың 2. «Ал мыналар кімдер? Бұлар кімнің үстінен күн көріп жүр? Сұрақ: «Кімнің үстінен күн көріп жүр?» деген сөз қандай жағдайда айтылады? А) өтірікші В) арамтамақ С) суайт 3. «Тоқтай тұрыңызшы! ... (Жолсерік келіншекке) Ат-шапан айып төлеймін дейсіз бе? Өте жақсы... Мен әрқашан даынмын!» Сұрақ: Ат-шапан айып төлеу дегенде, автор қазіргі нені меңзеген? А) Архивтік мұралар В) Әншейін айтылған сөз С) Пара алу Рефлексия
|
Психологиялық ахуал «Әңгімелесетін әріптестер» Өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен: • жаңа оқылған 3 факті туралы; • оларға жеңіл болып көрінгендер туралы • оларға қиын болып көрінгендер туралы • алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады
Оқушылар ішкі және сыртқа шеңберге бөлінеді. Сыртқы шеңбердегілер қозғалмай тұрады, ал ішкі шеңбердегілер шығармадағы құндылықтарды атап, келесі жұбына бір айналым жасап шыққанша қозғалады. Сыртқы шеңбердегілер сол құндылықтарға мысал келтіреді.
https://kitap.kz сайтынан Ә.Несиннің «Біз кәдімгі есекпіз» шығармасын оқып, драмамен салыстырып, ортақ құндылықты анықтайды.
Заманның жағымсыз тұстарын айқара ашып, арпалысқа түскен ел өмірін, қоғам мәселесін бейнелеген комедиялық туындыны адам бойындағы жағымпаздықты астарлап жеткізудегі заман көрінісін шынайы өмірмен байланыстыра отырып талдайды.
Оқу сауаттылығына қатысты тест сұрағына жауап береді.
|
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!
Дескриптор Білім алушы -шығармада ғы құндылық тарды атайды – 1 балл, -шығармадан мысал келтіреді – 1 балл.
Дескриптор Білім алушы -екі шығарманы салыстырады – 2 балл, -ортақ қндылықтарды атайды – 1 балл.
Дескриптор Білім алушы -шығармадағы заман бейнесін талдайды – 2 балл; - ойларын нақты мысалдармен дәлелдейді – 1 балл; - шынайы өмірмен байланыстыра ды – 1 балл; - шығармадағы заман бейнесі мен қазіргі заманды салыстырып баға береді – 1 балл;
жетон арқылы бағалау
|
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл
Қалыптас тырушы бағалауға арналған
тапсырма лар жинағы 11-сынып
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл
|
Бекітемін__________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 15-сабақ
Бөлім: |
4-бөлім: Табиғат және адам |
|
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|
Күні: |
|
|
Сынып: 11 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Тоқсандық жиынтық бағалау |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
11.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну; 11.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау; 11.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету; 11.2.1.1 әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау; 11.2.2.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау 11.2.3.1 шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау; 11.2.4.1 әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу; 11.3.2.1 көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау. |
11-сынып
«Табиғат және адам» бөлімі
Шығармалар: Қ. Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы
С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы
1-БӨЛІМ
1. «Қызыл кітап» поэмасының 1-бөліміндегі оқиғалар ретін көрсетіңіз.
А) Анау киім ілгішке көзім түссе,
Бұғылардың мүйізі елестейді.
В) Бөкебаймен бүркеулі анау қалпақ —
Қалпақ емес —
Қақпан боп көрінеді.
С) Қызыл түлкі даланың көрігі еді.
Жаға болып ол енді «керіледі»
D) Шынтақтаған жастықты
Көрінеді
Аққу-қазды жаныштап жатқандайын.
[1]
2. Ұшып бара жатпаса аққу-қаздар,
Ұяламын қарауға көк аспанға!–өлең жолымен сәйкес келетін астарлы ойды көрсетіңіз?
А) Құстар– адамның жақын досы.
В) Аққуды атпа, махаббатты сатпа!
С) Құс – аспан әлемінің ерке падишасы
D) Құс ұясында ғана өзін туған үйіндей сезінеді.
[1]
3. Өлгеннен соң күн де жоқ
Шуақ та жоқ.
Өлтіргенде ар да жоқ,
Ұят та жоқ.
Оңбағанның артында ұрпағы бар,
Ал мамонттың артында тұяқ та жоқ.
Өлең жолдарында асты сызылған сөз троптың қай түріне жатады?
А) символ
В) кейіптеу
С) метафора
D) синекдоха
[1]
4. «Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасындағы Мэлс Әлібаевичтың сипаты қандай?
А) Елінің қамын жеген абзал азамат
В) Алыстағы баласына асығып келе жатқан ғалым
С) Қызметінің арқасында айтқаны айтқан, дегені деген
D) Жылпостығының арқасында "еті тірі жігіт" атанған
[1]
-
Ақсақал мен саудагер әйелге ара түскен қай кейіпкер?
А) жолсерік
В) жолаушы
С) Қошқар
D) аға лейтенант
2-БӨЛІМ
-
Жоғалғандар тізімі — ұзын шұбақ.
Қызыл кітап —
Мезгілсіз кеткендердің
Бастарына қойылған қызыл шырақ!
Келеді кез,
Күрделі біздің бұл кез!
Жаутаңдайды адамға түзде мың кез,
Қызыл кітап —
Опат боп кеткен аңның,
Бастарына қойылған қызыл күмбез.
Өлең жолдарында көтерілген мәселені өзіндік көзқарасыңыз тұрғысынан өзгеше жанрда ұсыныңыз (хат, үндеу, монолог). Жазба жұмысыңызды 7-9 сөйлеммен жеткізіңіз.
[5]
7. «Тойдан қатқан қазақтар» пьесасындағы астарлы ойды өмір шындығымен байланыстырыңыз. Ойыңызды дәлелді жеткізіңіз.
[5]
8. «Тойдан қатқан қазақтар» пьесасының жанрлық ерекшелігін талдаңыз. Автордың оқиғаны өрбітудегі стиліне, кейіпкер бейнесін берудегі тіл көркемділігіне талдау жасаңыз.
[5]
3-БӨЛІМ
9. «Тойдан қайтқан қазақтар» спектакльде жандайшаптар мен маймөңке жағымпаздарды айналасына жиып, ел мүддесін ойлаған боп, биік-биік мінбелерден сөз сөйлеп жүрген лауазым иелері бізде аз ба?! Әншейінде олар судағы балық сияқты, сөзі де өзі де жып-жылтыр ұстай алмайсың. Содан кейін де дәурені жүреді. Тіпті іштей олардың безбүйрек адамдар екенін сезсең де қолдан келер қайран жоқ.
Жоғарыдағы ойды өрбітіп, көтерілген мәселені қазіргі заман көрінісімен салыстыра отырып, 120-130 сөз көлемінде сын-пікір жазыңыз. Ойыңызды шығармадан мысалдар келтіре отырып дәлелдеңіз.
[10]
Балл қою кестесі
№ |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпараттар |
1 |
1 С 2 В 3 А 4 D |
1 |
5 |
2 |
С |
1 |
|
3 |
D |
1 |
|
4 |
С |
1 |
|
5 |
А |
1 |
|
6 |
Өзіндік көзқарасы тұрғысынан жазады; |
2 |
15 |
Форматты сақтайды; |
2 |
||
Ойын жүйелі жеткізеді; |
1 |
||
7 |
Астарлы мағынасын ашады; |
2 |
|
Өмір шындығымен байланыстырады; |
2 |
||
Ойын дәлелдейді; |
1 |
||
8 |
Жанрлық ерекшелігін түсіндіреді; |
2 |
|
Автордың стильдік ерекшелігіне баға береді; |
2 |
||
Тілдік ерекшелігін талдайды; |
1 |
||
9 |
Көтерілген мәселені анықтайды; |
2 |
10 |
Заман көрінісімен салыстырып бағалайды; |
2 |
||
Көзқарасын дәлелдейді; |
2 |
||
Ойын жүйелі жеткізеді; |
2 |
||
Жазба жұмысының құрылымын сақтайды. |
2 |
Бекітемін__________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 16-сабақ
Бөлім: |
4-бөлім: Табиғат және адам |
|||||
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|||||
Күні: |
|
|||||
Сынып: 11 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
«Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасы. Екінші бөлім. Тоғызыншы көрініс |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу |
|||||
Сабақтың мақсаты |
Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жаза алады. |
|||||
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық - азаматтық және ұлттық бірегейлікті түсіну; Құндылық: бірлік және ынтымақ -басқа адамның сезімінжәне эмоционалды жай-күйін түсіну; Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік -нәтижелерге қол жеткізу және жақсарту үшін күш салуға дайын болу; |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Сабақтың басталуы 5 минут 10 минут 15 минут 10 минут Сабақтың соңы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Білім алушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын бақылау. Психологиялық ахуал «Егер ..., онда не болар еді?» Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты айтылады. 1-тапсырма 1. «Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасындағы көтерілген мәселені идеялық жағынан мазмұндас Гогольдің «Ревизор» пьесасымен салыстырыңыз.
«Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасы
«Ревизор» пьесасы
2-тапсырма Төмендегі пікірді негізге ала отырып, кестедегі ақпараттармен байланыстырып, шығармада көтерілген мәселе мен идеяға қатысты әдеби сын жазыңыз. Екі бөлімді, тоғыз көріністі «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиясы – заманның жағымсыз тұстарын айқара ашып, арпалысқа түскен ел өмірін, қоғам мәселесін бейнелеген комедиялық туынды. Бұл пьесадағы бір ерекшелік, оқиға желісі «Қазақстан» пойызында өрбиді. Автор бұл пьесаның арнасын адам бойындағы жағымпаздықты астарлап жеткізуге бұрған. Бұл туынды жұртты еріксіз саналы ойға жетелейді. Спектакль өмірдің өзінен ойып ала салғандай баршамызға етене таныс оқиға өзегіне құрылған. Тойдан қайтқан масаң адамдар шайқалақтап, даурығысып, бірін-бірі жөнжосықсыз асыра марапаттап келеді. Сол сәтте олардан асар шешен де, дана да, батыр да жоқ. Жел сөзге марқайып, талтаңдап, жер баса алмай келе жатқан Мэлс Әлібаевич сияқты азаматтар да бізге таңсық емес, күнде көріп жүрміз. Мұның бәрі қоғам кемшілігі... Елді ілгері бастырмай келе жатқан осындай адамдар екенін шығарма желісі алдыңа жайып салады. Ішкенге мәз, жегенге тоқ осындай адамдардың іс-әрекеттеріне қынжыласың. Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/27666/ Әдеби сынның құрылымы 1. Сөз басы: Шығарма туралы қысқаша ақпараттар беру. Шығарма авторы, шығарма атауы, шыққан жылы, т.б ақпараттар. Шығарма тезисін бір сөйлеммен сипаттау. Шығарманың маңыздылығы неде? Неліктен құнды? Өз тұжырымың. 2. Негізгі сөз. Шығарманың мазмұнына қысқаша сипаттама. Идеясы, тақырыбы ұқсас басқа шығармамен салыстыру. Қоғамдық мәселені талқылау. Шығармадан дәлел келтіру. Автор ұстанымын, өз ұстанымын дәлелдеу. Үзінділерді қолдану. 3.Сөз соңы. Автор көздеген мақсатына жетті ме? Шығармадан қандай ой түюге болады? Қандай қорытынды шығаруға болады? Тоқсанды қайталау мақсатында тест тапсырмасын орында. 1. Қ.Мырзалиевтің драмалық шығармалары: A) «Сақал саудасы» B) «Алаштың арманы» C) «Мәңгі майдан» D) «Жаралы Жолбарыс» E) «Қазақ пен қонақ» F) «Иірім» G) «Әмір Темір» 2.Қадыр Мырзалиевтің балалық шағы туралы жазған өлеңі: А) «Бала кезім – бұла кезім» В) «Балдәурен» С) «Балалық шаққа саяхат» D) «Сағындырған балалық» Е) «Балалықсыз балалық» Қадыр 3.Мырзалиевтің «Қызыл кітап» поэмасында айтылатын, Ақтөбеде жойылып кеткен аң түрі: А) Онагра В) Мамонт С) Барыс D) Піл Е) Квага 4.«Қызыл кітап» поэмасы бөлімдерінің саны: А) 8 В) 12 С) 9 D) 11 Е) 10 5.«Қызыл кітап» поэмасында айтылған құс түрінің саны: А) 15 В) 14 С) 10 D) 11 Е) 13 6.«Қызыл кітап» поэмасында айтылған аң түрі: А) Жолбарыс В) Керік С) Піл D) Қарсақ Е) Лама 7.«Тойдан қайтқан қазақтар» драмасының кейіпкерлері: A) Қасқырбай B) Жолсерік әйел C) Қошқарбай D) Асай Мүсеевич E)Вокзал кезекшісі F) Мэлис Әлібаевич G) Министр 9.С.Балғабаев қалам тартпаған жанр: А) Проза В) Поэзия С) Ғылыми фантастика D) Драматургия Е) Публицистика 10. Сұлтанәлі Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар» драмасындағы бөлімдер саны: А) 5 В) 2 С) 3 D) 1 Е) 4 11. С.Балғабаевтың ең алғашқы жұмыс орны: А) «Пионер» журналы В) «Балдырған» журналы С) «Білім және еңбек» журналы D) «Лениншіл жас» газеті Е) «Социалистік Қазақстан» газеті 12. «Тойдан қайтқан қазақтар» драмасындағы «кісілердің сүйегі асыл» сөзінің мағынасы: А) дана кісі В) адамгершілігі жоғары кісі С) денсаулығы мықты D) көнбіс кісі Е) сыпайы кісі Рефлексия «3-2-1» 1.Сабақтағы 3 маңызды ақпарат 2.Қиындық келтіретін 2 мәселе 3. Сабақта ұнаған 1 аспект |
Психологиялық ахуал «Егер ..., онда не болар еді?» Оқушылардың бірі жүйрік қиялмен бір ситуация айтады, қалғандары соның шешімін тауып жалғастыру керек. Мысалы, «Егер әрбір адам дүниеге келе сала басқалардың ойын оқи алатын болса, онда Жер бетінде не өзгеріс болар еді?» «Егер Жердің тартылыс күші жоғалып кетсе, онда ...» «Егер барлық адам сөйлеу қабілетінен айрылып қалса, онда» Бұл тәсіл оқушылардың қиялын дамытып, мидың ойлау белсенділігін арттырады.
«Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасындағы көтерілген мәселені идеялық жағынан мазмұндас Гогольдің «Ревизор» пьесасымен салыстырады. Берілген пікірді негізге ала отырып, кестедегі ақпараттармен байланыстырып, шығармада көтерілген мәселе мен идеяға қатысты әдеби сын жазады.
Тоқсанды қайталау мақсатында тест тапсырмасын орындайды. |
Ауызша мадақтау Жарайсың! Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін! Дескриптор Білім алушы -идеясы мазмұндас шығармалар мен айырмашы лығын көрсетеді 2 балл; -идеясы мазмұндас шығармалар мен ұқсастығын көрсетеді – 2 балл; Дескриптор Білім алушы -осы шығарма туралы пікірлерді негізге ала отырып, шығарма идеясына пікір білдіреді – 2 балл; - кестедегі ақпараттарды қолданады – 2 балл; -әдеби сын жанрлық ерекшеліктерін ұстанады – 2 балл;
Бағалау: Берілген бұлт, ағаш, күн суреттері арқылы бағалау
|
Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл Қалыптас тырушы бағалауға арналған тапсырма лар жинағы 11-сынып Оқулық 11-сынып «Атамұра» баспасы 2020жыл |

