Запорожье орта
мектебі
Ашық
сабақ
Өткізген технология
пәнінің мұғалімі: Жакенова
Б.Ә
2015-2016
о.ж
Сынып:
7А
Сабақтың тақырыбы: Иық
бұйымдарын конструкциялау және
модельдеу.( слайд
№1)
Сабақтың
мақсаты: ( слайд №
2)
Білімділік:
Оқушыларды иық бұйымдары түрлері және
сиппаттамасымен, киімге қойылатын талаптармен, сән тарихымен
таныстыру, киім силуэті мен стилі туралы түсінік беру, сызба
тұрғызу туралы теориялық білім
беру.
Дамытушылық
: эстетикалық талғамы мен ұйымдастырушылық
ойлау қабілеттерін дамыту, практикалық іс-әрекеттерін қалыптастыру.
Еңбек пәніне қызығушылықтарын
арттыру.
Тәрбиелік
: оқушыларды әдемілікке, сәндікке, ұқыптылыққа,
үнемділікке тәрбиелеу, жүйелі еңбекке баулып, эстетикалық тәрбие
беру.
Сабақтың
көрнекілігі:
интерактивті тақта, (
презентация)
Керекі
құрал-жабдықтар:
түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы,
ватман.
Сабақтың
түрі: аралас
сабақ
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезені:
Оқушылармен сәлемдесу,назарларын сабаққа
аудару. Топтарға бөлу.
ІІ. Өткен тақырыпты
қайталау:
1.Тігін машинасының түрлерін
ата?
2.Тігін
машинасы не үшін
қажет?
3.Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі
қауіпсіздік ережелерін
ата
4.Қандай машина тігістерінің түрлері
бар?
ІІІ. Жаңа сабақты
баяндау
Жаңа сабақтың алдыңда оқушыларға киім туралы
кіріспе айту.
І.Қазіргі ауқытта киімнің әр
алуан түрлері бар. Оны топтауда, жіктеуде көптеген ұстанымдар
кездеседі. ( слайд №
3)
Қолдану мақсатына қарай
киім түрлерінің бөлінуі:
-тұрмыстық ( күнделікті,
салтанатты, үйде киетін, спорттық және
ұлттық);
-өндірістік (арнайы,
санитарлық);
-формалық.
Қолдану тәсіліне
қарай:
-сырткиім, жеңіл киім, ішкиім,
көрсеттік бұйым;
-жағажай киімі,
баскиімдер.
Маусымдық қолданысына
қарай:
-жазғы, қыстық, көктем мен күз
маусымдарына арналған, барлық маусымдарға киетін
киім.
Жынысы мен жас
ерекшелігіне қарай:
-ерлер киімі, әйелдер киімі,
балаларға арналған киім.
ІІ.Қандай да болмасын бұйымдарға
бірқатар талаптар қойылады: эстетикалық, гигиеналық,
эксплуатациялық ( пайдалану жағына) және
экономикалық. ( слайд №
4)
Эстетикалық талапты
сақтау көбіне бұйым сапасын
анықтайды. Киім қолданбалы өнер туындысын еске түсіруі, тек әдемі
ғана емес, адам бейнесімен үйлесімді болғаны
жөн.
Гигиеналық
талаптарға киім арқылы адам өмірін сыртқы
ортаның зиянды әсерінен қорғау кіреді. Олар ылғасіңірткіштік,
ауатөзгіштік, жылусақтанғыштық, ластанғыш, электрленгіш қасиеттері
арқылы анықталады.
Экспутациялық
талаптарға киімнің түрлі атмосфералық
әсерлерге, суға, жуу құралдарына, химиялық тазалауға, ұзақ киілуге
төзімділігі жтады.
Экономикалық
талаптар: киімнің жоғары сапалығымен
қатар қолайлы, бағасының қымбат болмауы керек. Бұйымдарға кететін
матаның шығының азайту, мата өндеудегі механикаланған процесті
енгізу арқылы экономикалық жобалауда нәтижеге жетуге болады.
Нәтижесінде бұйым бағасы
төмендейді.
Сән дегеніміз не? (
оқушылардың жауабы)
( слайд №
5)
Сән, мода сөзі - француз
тілінен келген. Сән - киім кию.
Сән - адамзат баласы пайда болғаннан бастап
пайда болды.
Қазіргі кезде кез - келген
адамның өз қалауынша сәнді киінуіне мүмкіншілігі бар. Тіге білетін
және сәнге қызыққан адам өзіне ыңғайлы және сәнді бұйым тігіп кие
алады.
Сән бағытында алдымен силуэт
бейнеленеді. Силуэт- денебетім кескінінің нұсқасы, сыртқы пішініне,
ол оның негізгі жалпы пропорциясын
анықтайды.
Сәннің өзгеруімен бірге силуэт
те өзгереді. Белгілі бір уақыт аралығында силуэт сызығы қайталанып,
қайта сәнге айналады.
( слайд № 6
) Алуан түрлі қазіргі киімдерде,
сән үлгісінде үнемі кездесетін төрт силуэт ерекше атауға болады:
тік, қынама бел, жартылай қынама, трапециялық. Силуэттерді
геометриялық пішіндермен салыстыруға
болады.
Тік
силуэт денебітімнің барлық түріне
жарасады. Тік силуэтті киім «тікбұрыш» пішініне ұқсас
келеді.
Жартылай қынама
силуэт денебітім пішінін аздап қана
айқындайды. Сонымен бірге киім қысқа немесе ұзын да болуы мүмкін
(үшбұрыш пішінінде).
Қынама
бел силуэті иық сызығы, бұйым
етегінің кендігімен, белінің жинақталуымен
ерекшеленеді.
«Трапеция
» силуэті – иық сызығынан немесе
қолтық ойындысынан өзіндік кеңеюі.
Сәнді
дегеніміз – қазіргі уақытта тартымды
және заманға сай, үлгі болатындай киіну. Киім сипаттамасы оның
стиліне байланысты.
( слайд № 7
) Стиль- киіну мәдениетіндегі ең
қажетті түсінік, қоғамның материалдық және рухани мәдениетін
бейнелейді. Стиль- сипат, ерекшелік, сәнді киіну
мәнері.
• Классикалық
•
Фольклорлық
•
Романтикалық
•
Спорттық
( слайд № 8
) Классикалық
стиль (байсалды, іскер, әсем) - тұрақты, ғасырлар
сүзгісінен өткен, мүлдем өзгермейтін, ерлердің жұпты, үштік
костюмі, «ағылшын» пальтосы, плащ, ал әйелдердің киіміне ұзын жеңді
көйлектер, тік немесе бүрмелі белдемшелер «шинель» костюмдері
жатады.
( слайд № 9
) Фольклорлық
стиль - ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бүл
стильде ұлттық ою-өрнектер, кестелер, қол жұмыстарын кеңінен
қолданамыз.
( слайд №
10) Романтикалық
стиль - бұл ұшқыр, қиял елестер, ізденістер тобы.
Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді
пайдалану.
( слайд № 11
) Спорттық
стиль - демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін
ыңғайлы киімдер үлгісі.
Жаңа сабақты
баяндау.
( слайд № 12
) І.Бұйымды
конструкциялау
дегеніміз – киімнің сырт пішіні мен құрылысын
анықтайтын процесс. Киімнің конструктивтік сызба нұсқасы өлшем алу
және киімнің денеде емін-еркін қозғалуын қамтамасыз ететін
қосымшадан тұрады. Өлшемдікті іздеу өнердің де, талғамның да
міндеті.
Киімді модельдеу – жаңа модельдерді ойлап
шығарудың творчествалық процесі. Киімді модельдеудегі үш негізгі
принципі:
1. Киімнің адамның сыртқы жəне
ішкі кескініне сəйкес болуы;
2. Арнаулы киімдердің мақсатқа
сай, қолдануға ыңғайлы болуы;
3. Киімнің қолданылатын
аясына, түріне пайдаланылатын материалдың сəйкес болуы. Модельдеу
адамдардың талғамын тəрбиелейді, адамның сұлулығын
арттырады.
( слайд № 13
) Модельдеудің екі түрі
бар:көркемдік және
техникалық .
Көркемдік
модельдеу-Бұйымды тікпес бұрын оның
көркемдік суретін немесе
эскизін (нобайын) орындау керек.
Техникалық
модельдеу. Есептеу
арқылы бүкпелер,бүрмелер,қатпарлар,иініштер,
қалталар,ойықтарды табу,
анықтауды-техникалық модельдеу
дейді.
Иық бұйымдары деп, аты айтып
тұрғандай, иыққа киілетін барлық бұйымдарды
айтады. Оларға көйлек,
халат, шапан, қамзол, тон, жейде, костюм т. б
жатады.
Иық
бұйымдарының айырмашылығы – мұнда мойы\н ойындысы, қолтық ойындысы,
жаға, өңір болады. Сонымен қатар иық бұйымдары қолдану орнына,
сәніне қарай ұзын, қысқа, тіпті жеңі жоқ болып келеді, жағасы да
түрлі пішінде тігіледі. Ер және әйел киімдерінің өзіндік
конструкциялық ерекшеліктері болады. Әйелдер киімінің үлгісін алып
қарасақ, онда кеуде, бел, иық бүкпелерін көруге болады, ал ерлерге
арналған үлгіде иығы кең, түймеліктің орны солдан оңға қарай
бағытталады. Силуэт бойынша – тік, қынамалы және жартылай
қынамалы болады. Пішімі – тұтас пішілген, бел сызығы бойынша
кесілген, қондырма жеңді, реглан жеңді, құрастырмалы пішілген,
қысқа және ұзын жеңді немесе жеңсіз, жағасыз, тік жағалы, шәл
жағалы т. б. болып
бөлінеді.
Иық бұйымдарын өңдеп әшекейлеу олардың түрі
мен қолдану орнына байланысты. Өңдеу түрлеріне кестелеу, қатпарлар,
бедерлер, әр түрлі тігіс түрлері, бүрмелер, желбіршектер,
жапсырмалар, шілтер, таспа, түймелер, қапсырмалар және басқа әшекей
материалдары жатады.
Қолдануына қарай бұйымдар тұрмыстық,
күнделікті, салтанатты деп
бөлінеді.
( слайд №
14) ІV. Сарамандық жұмыс
«Қамзолды көркемдік
модельдеу».
Иық бұйымдарына жататын қазақтың ұлттық
киімдерінің бір түрі - камзолға
тоқталайық.
(1топ -Қыздардың
қамзолы,
2 топ - Әжелердің
қамзолы)
Жұмыстың
реті:
1.Қамзолға сипаттама.
2. Қамзолдың материалы
(Талаптарды ескерту:
эстетикалық, гигиеналық, эксплуатациялық және
экономикалық)
3. Түс және силуэт үйлесімдігі ( Жасына
қарай)
4. Көркемдік сәндік
жұмыстар
V. Жаңа сабақты
бекіту.
1.Сән сөзінің
мағынасы?
2.Иық бұйымдарына не
жатады?
3.Силуэт бойынша қандай түрге
бөлінеді?
4. Камзол қандай маталардан
тігіледі?
5.Стиль және оның
түрлері
VІ. Үй
жұмысы
Сән үлгілерінен буклет
жасау.
VІІ.Сабақты қорыту.
Рефлексия ( Күнін көзіне сабақта өзіне алғаған жаңа
ақпаратты жазу) . Бағалау
( әр топ бір біріне баға қояды , критерий
арқылы).
Бағалау
парағы.
|
топта жұмыс
істеген оқушылардың
аты-жөні
|
|
|
|
|
|
|
оқушылардың
бағалары
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жұмбақтарды
шешу
Адамдар оны соңынан
қуған. (сән)
Ұстайды мықтап киімді
өзі. (түйме)
табаны жоқ боз
жорға
Желіп кетсе
жеткізбес,
Жерге түссе
таптырмас. (ине)