Материалдар / Жай сөйлем. Казак тілі.8-сынып

Жай сөйлем. Казак тілі.8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Пән мұғалімдерімен іс тәжірибе алмасу мақсатында және дидактикалық материалдарды сабақ барысында тиімді пайдалануға кеңес беру мақсатында жас мамандарға көмек болады деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Шілде 2018
598
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің Жарылқасын Отарбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміМырзахмет Балқия СерікбайқызыКүні: 14.12.2017. Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8 «Ә»Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлемнің түрлері .Жақты сөйлем. Сабақтың мақсаты: а) Жай сөйлемнің түрлері, жақты сөйлем туралы түсінікті тілмен оқушыларды қатыстыра отырып жан-жақты мәлімет беру; оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;. ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып ,балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу; б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;Сабақтың түрі: Жаңа білім беру.Сабақтың типі: меңгерту сабағы Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту, түсіндіру,жаттығу ,ой қозғауСабақтың көрнекілігі: электрондық оқулық ,тақырыптық сызба,мультимедиялық көрсетілім.Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тіліСабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптыңтазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. 2. Үй тапсырмасын пысықтау: Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын



Жаңа сабақты түсіндіру. Мақсаттың Маратқа соға кеткісі келді . Үскірік. Аяз. Тұлданған күн . Мектебімізде қазақ тілі апталығы өтіп жатыр.Оған көп оқушыларбелсене қатысуда.
  • Қазақ тілі апталығы?
- Көп оқушылар? Жай сөйлемнің құрылысы және көлемі әрқашан бір сипатта бола бермейді. Далба тауында атақты Бұқар жырау күмбезі бой көтерді.(Ә.Кекіл.) деген сөйлемде тұрлау-лы мүшелері (күмбезі бой көтерді) түгел қатысып тұр. Мейрамның Мұздыбайға соға кеткісі келді (Ғ.Мұст.) деген сөйлемде бастауышы жоқ,тек баяндауыш қана (соға кет-кісі келді) қатысып тұр.Үскірік.Аяз.Тұлданған күн деген сөйлемдер іс-оқиғаны баянда-майды,тек атап қана қояды. Жай сөйлемдердің осындай ерекшеліктеріне қарай мынадай түрлері болады: 1) жақты сөйлем және жақсыз сөйлем; 2) жалаң және жайылма сөйлем; 3) толымды сөйлем және толымсыз сөйлем; 4) атаулы сөйлем. Жақты жақсыз толымды толымсыз жалаң

жайылма атаулы Жақты сөйлем дегеніміз – бастауышы бар,жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем.Мысалы: Арада сүт пісірімдей уақыт өтеді.Кенет отқа көзі түсіп кеткен Апақ таң қалып отыра кетеді: қара тастар жалын шашып жанып жатыр! Бұл сөйлемдердің бәрінде де бастауыш қатысқан:уақыт,Апақ,тастар. Кейде бастауыш айтылмай,түсіп те қалады.Бірақ оны баяндауыш арқылы оңай табуға болады.Дос жүрегіне сенеді ... Басқаны ауызға да алдырмаймын. Бұл сөйлемдерде бастауыш айтылмағанмен,баяндауышына қарап,бірінші сөйлемде бастауыш – ол, екінші сөйлемде – мен деген жіктеу есімдігі екенін табуға болады.Ол дос жүрегіне сенеді.мен басқаны ауызға да алдырмаймын. Сонымен,құрамында бастауышы қатысқан жай сөйлемнің түрін жақты сөйлем дейміз.Электрондық оқулықпен жұмысОқулықпен жұмыс 69-жаттығу. Сөйлесуде сөйлем басында жоқ пен ия қолданғанда,өздерінен кейінгі сөздерден олар үтірмен бөлінеді. Диалогті оқып шығыңдар да,әрбір сөйлемнің жақты сөйлем екенін дәлелдеңдер. - Өзіңіз сөйлесесіз бе ? - Иә, өзім сөйлесемін. - Көшеге шықса деймін. - Жоқ,сіздің келетініңіз жайында ол еш нәрсе деген жоқ. - Сәуле келді ме, апа? - Иә, бүгін келді. 71 – жаттығуБастауышы айтылмай тұрған сөйлемдердің бастауышын баяндауыш арқылы тауып, жақша ішіне қойып жазыңдар. ( ) Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын,( )оны да ойла, ( ) Соқтықпалы ,соқпақсыз жерде өстім, ( )Мыңмен жалғыз алыстым,( )кінә қойма. Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады.( ) Өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді.Даланы торлаған надандық түнегіне ( ) шамшырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шы-ғатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті. Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын. Үйге тапсырма: 72-жаттығу(Берілген сөздерді бастауыш етіп ,жақты сөйлем құрастыру). Тақырыпты оқу, ереже жаттау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ