400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ж.Аймауытовтың "Психология" еңбегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ж.Аймауытовтың "Психология" еңбегі- қазақ психологиясының алғашқы қарлығашы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүсіпбек Аймауытовтың «Психология» еңбегі- қазақ ғылымының алғашқы қарлығашы.

Қазақ халқының рухани әлеміне,ұлттық білім мен ғылым тарихына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың бірі- Жүсіпбек Аймауытов. Ол -жазушы,драматург,педагог,қоғам қайраткері ғана емес,қазақ тілінде психология кітабын тұңғыш жазған алғашқы педагог ретінде тарихта қалған ғалым. «Психология» атты еңбегі – қазақ тіліндегі алғашқы педагогикалық оқулық.


Бұл кітап Жүсіпбек Аймауытовтың терең білімінің, педагог тәжірибесінің және ұлттық ерекшеліктерге ерекше мән берген жаңашылдығының жемісі. Адам психологиясының даму процесі жайында ғылыми тұжырымдарды халық ұғымына жақын етіп түсіндірген. Баланың мінез-құлқы, қабілеті, сезімі, ерік-жігері сияқты мәселелер қарапайым, түсінікті мысалдар арқылы берілген. Психологиялық ұғымдарды күнделікті өмірмен байланыстыра отырып ұғындырған. Мұғалім үшін де, тәрбиеші мен ата-аналар үшін де құнды құрал.


«Түйсік», «қабылдау», «зейін», «елестету», «ойлау», «сезім», «ерік» сияқты ұғымдарды ғылыми тұрғыдан түсіндіре отырып, баланың даму деңгейін бақылап отыру қажеттігін баса айтқан. Жүсіпбек Аймауытов бұл еңбегінде ұлттың менталитеттік ерекшеліктерін ескерген. Ұлттық тәрбие, халық даналығы, елдік сипаттарды сіңіре отырып еңбегін өмірге әкелген. Психология ғылымының негізгі ұғымдарын түсінікті етіп ұсынған.

Қорыта келе,бұл еңбек ұлттық сананы ғылыми негізге айналдырған рухани бай мұра.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 мамыр
158
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі