Дәстүріңді білесің
бе?
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе
…...................................................................................................3
ІІ. Негізгі
бөлім
2. 1 Дәстүріңді білесің
бе?...........................................................................5
ІІІ.
Қорытынды...........................................................................................10
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер 11
Тақырыбы: «Дәстүріңді білесің бе?» Оқушылардың бойына
халқымыздың рухани байлығын сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі
алу, оқушыларды ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.
Мақсаты: Халқымыздың салт-дәстүрлері, әдеп-ғұрыптары,
асыл-қазыналары туралы түсініп, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу,
және оны бойыма сіңіру болып табылады.
Міндеттер:
- Салт- дәстүріміздің ерекшеліктері мен асыл
қасиеттерін білу;
- Салт-дәстүрлерімізді дәріптей отырып өмірде
пайдалану;
- Ата – бабамыздан қалған асыл қасиеттерді
қастерлеу;
Ғылыми жұмыстың мазмұны:
-
Кіріспе
-
Негізгі бөлім
-
Қорытынды
Болжам: Ата – бабамыздан жалғасып келе жатқан
дәстүрлерімізді зерттей отырып, оның ерекшеліктерін, тәрбиелік
мәнін, асыл қасиеттерін жете түсіне алады.
Қорытынды: Дәстүріміздің бала тәрбиесіне өте маңызы зор
екенін білу, өмірде пайдаға асыру.Кейінгі ұрпаққа дәстүрімізді
дәріптеу.
Кіріспе
Бала тәрбиесіне жалпы адам тәрбиесіне терең мән
беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі -
өзіміздің қазақ халқы. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен
тәжірибелері өте көп. Халқымыздың ғасырлар бойы жазған зор
еңбектері – салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, үлгілері мен өнегелері соның
айғағы. Ұлт перзенті ретінде менің міндетім – сан ғасырлық тарихы
бар дәстүрімді жинақтап оның мәнін аша білу. Қазір сіздер осы
айтылғандардың шағын болсада куәсі боласыздар.
Негізгі бөлім
Дәстүріңді білесің бе?
Балаға ат қою
Бала дүниеге келгеннен кейін атасы мен әжесі
немесе ауыл ақсақалы балаға азан шақырып ат қояды. Ат қоюшы адам
баланың құлағына: «Сенің атың…» деп үш рет қайталайды.
Бесікке салу
Шілдехана өткеннен кейін баланың әке-шешесі бесік
тойын жасайды. Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе
жасы үлкен қадірлі аналардың бірі әкеліп, сыйға береді. Ең алдымен
бесікке салушы әйел бесіктің өзін жын-шайтандарды қуу үшін, түрлі
иістерден арылту үшін отпен аластап шығады. Содан кейін көрпешелер
мен жастықшаларды баптап салады. Баланы жатқызып, бөлейді. Қолбау,
белбеу және аяқбаумен тартып байлап қояды. Әжелер тілектерін айта
отырып бесіктің үстіне алдымен көрпе жабады. Бала халықшыл болсын
деп тон, шапан жабады,ат жалын тартып мінсін деп қамшы іледі,көз
тимесін деп тұмар тағады, қырандай көреген болсын деп бүркіттің
тұяғын байлайды.
Қырқынан
шығару
Туғанына қырық күн
толғанда баланы қырқынан шығарады. Қырқынан шығаруға жиналған
әйелдер баланы теңге, сақиналар салынған тегешке шомылдырады.
Әжелердің үлкені «Отыз омыртқаң жылдам бекісін, қырық қабырғаң
жылдам қатсын» деп, баланың үстіне қырық қасық су құяды.
Сақиналарды баланы шомылдыруға қатысқан әйелдер бөліседі. Келесі
кезекте баланың шашын, тырнағын алады. Шашын шүберекке түйіп,
киімінің иығына қадайды. Тырнағын адам баспайтын жерге көмеді. Бала
қырқынан шыққанға дейін киген ит жейдесіне тәттілерді түйіп, иттің
мойнына байлап қоя береді. Балалар итті қуып жетіп, тәттілерді
бөліседі.
Тұсау
кесу
Тұсау кесу – сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп
кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр.
Арнайы дайындалған ала жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. Жіпті
қадірлі, ісі алға басып тұрған, әрі жылдам, сүрінбей жүретін адам
кеседі. Бұл – бала осы адамға тартсын деген тілектен туған
рәсім.

Атқа
мінгізу
Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрдің бірі – 3-4 жасқа келген
ұл баланы атқа мінгізу. Алдымен ағаштан ашамай-ер жасалған. Осыны
жуас құнанға ерттеп, баланы мінгізіп байлап қойған. Тізгінді балаға
ұстатып, бір адам құнанды жетектеп, ауылды айналдыра жүргізіп,
жиналып тұрған үлкендерге сәлем бергізетін. Әйелдер баланың атқа
міну құрметіне шашу шашқан. Ересек балалар таймен жарысып,
бірімен-бірі күресіп, түрлі ойындар
ойнаған.

Тоқым
қағу
Өзінің бәсіре атына ашамайын ерттеп мінген бала алғаш үйінен алысқа
жолаушылап шыққан кезде «Тоқым қағар» тойы жасалады. Жиналғандар
домбыра тартып, ән салады. Шағын айтыс болып, арты ойын-сауыққа
айналады.

Сүйінші
Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді.
Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза
болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі.
Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі
жоқ.
Көрімдік
Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген
сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның
маңызы алып,беруде ғана емес жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін,
ашық қолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазы мен
көрімдік екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы
көбінесе жансыз дүниелерге қатысты
айтылады.
Базарлық
Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне,
көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты
сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің,
сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде
қабылданады.
Бастаңғы:
Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып
жолаушылардың жолда басы ауырмайсын «бастаңғы » жаса дейді.
Бастаңғының мәнісі жастардың сол үйде ойын-сауық жасап бас
қосуы.

Кекіл: Жас балалардың шашын
тегістеп ұстарамен алып тастайды да бір шөкім шаш қалдырып, оның
жиегін тегістеп қиып қояды. Кекіл балаларға жарасымды ажар
береді.
Аманат:
Бір адамның екінші
біреуге сақтағауға берген заттары. Аманатты сақтау, оны мезгілінде
қайтару зор адамгершілікке жатады. Аманатқа қиянат жасауға
болмайды. Ол өте ауыр күнә деп
есептеледі.
Қорытынды
Ұлтымыздың дәстүр,
ата-бабадан келе жатқан салт-сана, ана уызымен жүрегім мен жадыма
тоқылған өнеге – менің өмір жолымды айқындайтыны анық. Халқымыздың
дәстүрлерін жинап, оны дәріптеу менің парызым. Ана тіліміз
мәртебелі мемлекеттік тіл деңгейіне көтерілген кезде ата –бабамның
ғасырлар бойы інжу-маржандай жинаған асыл қазынасы, салт-
дәстүрлері ел игілігіне, халық қызметіне жарап жатса, нұр үстіне
нұр болар еді. Мен бұл жұмысымды әрі қарай да зерттей
беремін.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Ұлан газеттері
2.Мөлдір бұлақ журналы 2005
№ 3
3.Күйеу келтір, қыз ұзат,
тойыңды қыл Алматы «Санат» 1994ж
4.Айгөлек
журналдары
5.Мектептен тыс жұмыстар
журналы 2010 № 3
Қазақстан республикасының Білім және ғылым
министрлігі
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Көктас ауылы
№ 4 орта мектеп
Ғылыми жоба
Секция: Этномәдениеттану
Тақырыбы: «Дәстүріңді білесің бе?»
Орындаушы: Айтмағанбет Балнұр 3-
сынып,
№ 4 орта мектеп, Қарағанды облысы,
Қарқаралы ауданы, Көктас ауылы
Жетекшісі: Хуатай Сайрагуль
бастауыш сынып мұғалімі № 4 орта
мектеп
Қарағанды – 2018 жыл
№4 орта мектептің 3 сынып оқушысы
Айтмағанбет Балнұрдың
«Дәстүріңді білесің бе? тақырыбына
жазған ғылыми зерттеу жұмысына
Жетекшінің пікірі
3 сынып оқушысы Айтмағанбет Балнұр және сынып
жетекшісі Хуатай Сайрагуль жазып, зерттеген ғылыми
жұмысы құрылымы, мазмұны жағынан талапқа сай
жазылған.
Қазақтың салт-дәстүрлерінің түрлеріне, оның
тәрбиелік маңыздылығына, дәстүрімізді өз бойына сіңіруге ерекше
тоқталған.
Бұл ғылыми жұмыс көп
ізденіспен, талапқа сай жазылған. Балнұр көптеген материалдарды
пайдаланып, дәстүріміздің әрқайсысына суреттер
жинақтаған.
Баланың зерттеушілік қабілеті айқын көрінеді. Бұл
жұмыс сәтті қорғап шығуға лайықты.
Пікір беруші бастауыш сынып мұғалімі: Хуатай
С.
Аннотация
Айтмағанбет Балнұр «Дәстүріңді білесің бе?» деп
аталатын тақырып бойынша зерттеді. Зерттеу бөлімінде сан ғасырлық
тарихы бар салт – дәстүріміздің түрлерін білді, әрқайсысының бала
тәрбиесіндегі алар орны ерекше маңызды екендігін түсінді.Адам
бойындағы адамгершіліктің үлкені өзінің дәстүрін білу екендігін
ұғынды.
В этом научном проекте юный
исследователь Айтмаганбет Балнур работала над темой «Знаешь ли ты
народные традиции?» Она исследовала традиции, сложившиеся веками.
Предлагается творческая работа, в которой показана, что
человеческие качества зависят от традиций каждого
народа.
«Көктас ауылының ЖББ № 4 орта мектебінің
базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ- нің 3- сынып
оқушысы Айтмағанбет Балнұрдың «Дәстүріңді білесің бе?»
тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысы жайлы
К Ү Н Д Е Л І Г І
(2018 жыл)
№
|
Атқаратын жұмыс тізімі
|
Мерзімі
|
Нәтижесі
|
Жетекшінің қолы
|
1
|
Ғылыми жұмыстың тақырыбын айқындау мақсатында
ғылыми жетекшімен кеңесу, пікірлесу
|
Қаңтар -ақпан,
2018 ж.
|
«Дәстүріңді білесің бе?» зерттеудің тақырыбы болып
бекітілді.
|
|
2
|
Ғылыми жетекшімен үнемі кеңесе отырып, зерттеу
жұмыстарын жүргізу.
|
Наурыз-сәуір 2018 ж.
|
Жұмыстың мақсатымен, міндетімен таныстым. Орындау
барысы туралы мағлұмат беріп, пайдаланатын әдебиеттерді көрсетіп
берді.
|
|
3
|
Зерттеу тақырыбы негізінде интернет,
баспа материалдарымен танысып, олардың ішінен қажеттілерін
іріктеу
|
мамыр-шілде
2018 ж.
|
Берілген материалдармен танысып, өзіме қажетті
мағлұматты алдым.
|
|
4
|
Ғылыми жетекшіден кеңес алу
|
тамыз-қыркүйек
2018 ж.
|
Қажетті материалдарды жинақтап,
саралап-жүйеледім.
|
|
«Көктас ауылының
ЖББ № 4 орта мектебінің
тірек мектебі (ресурстық орталық)»
КММ-нің
Директоры: Д.Ж. Турсынбаев