400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Жалғыздықтың адам өміріндегі орны мен маңызы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалғыздықтың пайдалы да, зиянды да жақтары бар. Сондықтан адам жалғыздық пен қоғамдағы қарым-қатынастың арасындағы тепе-теңдікті сақтай білуі керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

**Жалғыздықтың адам өміріндегі орны мен маңызы**
Жалғыздық — адам өмірінде екі түрлі рөл атқарады: бір жағынан, ол қиын сезім
болуы мүмкін, ал екінші жағынан — ойлануға, өзіңді тануға мүмкіндік беретін
күй.
Жалғыздық деген ерекше сезім, дегенмен оның да кемшіліктері бар. Жалғыздық
ұнаса да, кейде қоғаммен жұмыс істеп, көптеген адамдармен араласып тұру
керек. Өзімнің ортам үлкен, көп адамдармен араласып көргенмін. Жалғыздықты
өте қатты ұнататын, соның кесірінен мінезі тұйық, бір ортада жұмыс істей
алмайтын адамдарды көп кездестірдім және оларды зерттеп көрдім. Мысалға
мен өзімнің туған тәтемді ала кетсем. Оның аты — Жанель. Жанельдің де мен
сияқты үлкен ортасы жоқ, көп араласатын адамдары да жоқ. Ол шулы жерлерде
жүре алмайды, топпен жұмыс істей алмайды. Оған жалғыз жұмыс істеген
ұнайды. Яғни, қаншама жұмыс қиын болып тұрса да, ол жұмысты өзі жалғыз
бітіргенді дұрыс көреді. Жалғыз қалудың кемшілігі — психологиялық, моральдық
тұрғыдан адамның ішкі жан дүниесіне зиянын келтіруі мүмкін. «Жалғыз ағаш
орман болмас.»
Жалғыздық сөзі үнемі жаман мағынада емес. Жалғыздықты дұрыс қабылдай
білген адамға оның көп пайдасы тиеді. Жалғыздық арқылы көп жетістіктерге
жетуге болады, рухани байып, ойлануға, мақсаттарыңа жетуге көмектеседі.
«Жалғыздық – әлсіздік емес, кейде рухтың күші.»
Қорытындылай келе, жалғыздық адамға өз-өзімен сырласуға, өмірін саралауға
көмектеседі. Бірақ адам толық бақытты болу үшін қоғаммен, адамдармен
байланыста болғаны да маңызды. Сондықтан жалғыздық пен көпшілік
арасындағы тепе-теңдікті табу – өмірдің бір даналығы.


Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 маусым
38
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі