2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Жалпы білім беретін орта мектептегі сызу пәнінің мазмұны мен құрылымдық ерекшеліктері.

Жалпы білім беретін орта мектептегі сызу пәнінің мазмұны мен құрылымдық ерекшеліктері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сызуды оқыту әдістемесі пәнінің практикалық сабақтарында стандарттармен танысу, жалпы орта білім беру мектептерінде сызуға арналған оқулықтар мен бағдарламалардың мазмұнын талдау, сызбаны безендіру мен сызу құрал жабдықтарымен жұмыс, проекция түрлері, екі немесе үш жазықтыққа проекциялау түрлері, проекцияны шешу жолдары тақырыптарын оқытып үйрету жолдары қарастырылады. Сонымен қатар аксонометриялық проекциялар тақырыбын оқыту әдістері, техникалық сурет және эскиздер тақырыбын оқыту әдістері, сызбаны оқыту сабағы және оның әдістері, қима мен тілік сабағын жүргізу әдістері, аксонометриялық қиылысуды оқыту әдістері тақырыптары бойынша эмпирикалық талдаулар жасау көзделеді.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Жалпы білім беретін орта мектептегі сызу пәнінің мазмұны мен құрылымдық ерекшеліктері.


  1. Жалпы білім беретін орта мектептегі сызу пәнінің мазмұны мен құрылымдық ерекшеліктері.

Сызуды оқыту әдістемесі пәнінің практикалық сабақтарында стандарттармен танысу, жалпы орта білім беру мектептерінде сызуға арналған оқулықтар мен бағдарламалардың мазмұнын талдау, сызбаны безендіру мен сызу құрал жабдықтарымен жұмыс, проекция түрлері, екі немесе үш жазықтыққа проекциялау түрлері, проекцияны шешу жолдары тақырыптарын оқытып үйрету жолдары қарастырылады. Сонымен қатар аксонометриялық проекциялар тақырыбын оқыту әдістері, техникалық сурет және эскиздер тақырыбын оқыту әдістері, сызбаны оқыту сабағы және оның әдістері, қима мен тілік сабағын жүргізу әдістері, аксонометриялық қиылысуды оқыту әдістері тақырыптары бойынша эмпирикалық талдаулар жасау көзделеді. Сызуды оқыту әдістемесі пәнінің практикалық сабақтарын өткізудің бір бағыты жалпы орта мектептердегі сызу пәнін оқып үйрену негізінде репитициялық сабақтарды жүргізуге үйрету, қорытынды сабақтарды өткізу жолдарымен таныстыру және оларға талдау жасаудың педагогикалық білімдері беріледі. 


  1. Сызу оқу пәні ретінде.

Мектептегі сызу пәнін оқытудың мазмұны сызуды мектепте оқытудың мақсат міндеттеріне байланысты анықталады. Сызуды мектепте оқытудың мақсаты оқушыларға машина құрылысы сызбаларын, машина құрылысы бөлшектерін, сәулет құрылыс сызбаларын таныстырып, мектептерде сызуға арналған оқулықтар мен бағдарламалар туралы түсініктер беріп, сызбалар туралы оқушыларға қарапайым түсініктерді меңгертіп, оқушыларға сызудың ептейліктері мен дағдыларын қалыптастыру міндеттері қойылады. 

Сызуды мектепте оқытудың негізгі тақырыптары сызбаны безендіру мен сызу құрал жабдықтарымен жұмыс істеу, проекциялау, проекция түрлері, кескінді екі немесе үш жазықтыққа проекциялау әдістері, белгісіз проекцияны табу, аксонаметриялық проекциялар, техникалық сурет және эскиздер сызбалары, қима мен тілік сызбалары, аксонометриялық қиылысу сызбалары, стандарттармен танысу, сызбаны безендіру мен сызу құрал жабдықтарымен жұмыс істеу бағыттарын қарастырылады. Сонымен қатар оқушылар аксонаметриялық проекциялар, техникалық сурет және эскиздер, сызбаны оқу, қима мен тілік, аксонометриялық қиылысу, шрифт тақырыптары бойынша практикалық сабақтарда түрлі сызба жаттығуларын орындайды.

(орта мектептегі сызу пәнін оқытуда сызбаны безендіру этаптары үйрету, сызу құрал жабдықтармен жұмыс жасау әдістері үйрету, 2-3 жазықтықтағы проекциялау түрлері және оны шешу жолдары тақырыптарына оқытып, үйрету әдістемесін түсіндіру, аксонометриялық проекциялар тақырыптарының әдістемесін оқыту, техникалық суреттің салу жолдары көрсету, эскиздердің әдістемелік орындау жолдарындағы кезеңдері үйрету)

  1. Мектептегі сызу кабинетінің жабдықталуы.

Тақтадағы сызу ең мықты, орынды мұғалімнің дидақтикалық құрамында басты орын алады. Графикалық көрсетілім мектеп тақтасында үнемі практика арқылы тез және дұрыс әдістемелік жағынан, сонымен бірге жаттығулар арқылы дағдыға айналады.

Көрнекіліктер, проектор аркылы жұмыс


  1. Сызу пәні сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру әдістері.

Сызу сабақтарында қолданатын ойындар /лото, домино, кроссворд, т.б./

Мақсаты: студенттерге, дидактикалық ойындарды жасау және қолдануды үйрету

Әдістемелік нұсқау:

Лото, домино, кроссворд, т.б. дидактакалық ойындарды сабақта қолдану. Ойындардың тақырыптарын белгілеу, тапсырмаларын таңдау, эскиздерін жасау. Дұрыстығын тексергеннен кейін сызбаларын форматтарға көшіру, ламинаттау. Дидактикалық ойындардың сабақтарда қолдануын көрсету.

  1. Детальдардың эскизін орындау ерекшеліктері.

Проекциялау

1.Бөлшектің геометриялық формасын талдау, оның симметриялығын анықтау.

2. Басты көрініс түрін анықтау.

3. Сызба құру үшін қағаздың парағының (горизонталь немесе вертикаль) орналасуын таңдау және суреттің масштабын анықтау.

4. Бөлшектің үлкен тікбұрышты суретін салу және симметриялық осін жүргізу.

5. Үстіңгі беті көрінетін бөлшектің сипатты элементтерін құру.

6. Призматикалық қиықтар, ойықтар мен тесіктердің суретін салу мен белгілеу.

7. Өлшемдерін сызу.


  1. Орта мектептегі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі.

Сызуды оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы. Ол сызуды оқыту мақсаттарына сай сызуды оқытудың дидактикалық мәселелерін зерттейді. Әдістеме терминінің төркіні «методика», «метод», «әдіс», «жол» деген грек сөзінен шыққан. Сызуды оқыту әдістемесін басқаша «сызу педагогикасы», «сызу дидактикасы» деп те атайды. Бұлардың мағынасы бір біріне өте жақын, сондықтанда оларды біз бір мағынада қолданамыз. Сызуды оқыту әдістемесі ең алдымен мектептегі сызу пәнімен тікелей байланысты дамиды. Сызуды оқыту әдістемесі бір қырынан алып қарағанда педагогика ғылымының бір саласы болса, екінші бір қырынан қарағанда болашақ сызу пәнінің мұғалімдерін педагогикалық қызметке әдістемелік тұрғыдан дайындайтын оқу пәні ретінде танылады.


  1. Жалпы білім беретін орта мектептерде сызуды оқытудың мақсаты мен міндеттері.

Пәннің мақсаты – студенттерді сызу әдістемесінің бағыттары таныстыру, жалпы орта мектептегі сызу пәнінің оқытудағы жаңа талапқа байланысты сұранысының негізгі аспектілері қарастыру, орта мектептегі сызу пәнін зерттеп оқыудағы міндеттері таныстыру, жалпы орта мектептегі сызу курсының құрылымын талдау. Бұл мақсаттар курстың негізгі мазмұнын анықтайды және мамандығы бойынша сызбаны оқытудыа толық мәліметтер беріледі.

Пәннің міндеттері: орта мектептегі сызу пәнін оқытуда сызбаны безендіру этаптары үйрету, сызу құрал жабдықтармен жұмыс жасау әдістері үйрету, 2-3 жазықтықтағы проекциялау түрлері және оны шешу жолдары тақырыптарына оқытып, үйрету әдістемесін түсіндіру, аксонометриялық проекциялар тақырыптарының әдістемесін оқыту, техникалық суреттің салу жолдары көрсету, эскиздердің әдістемелік орындау жолдарындағы кезеңдері үйрету

  1. Орта мектептегі сызуға оқыту әдістері.

Сызуды оқыту әдістемесі пәнінің практикалық сабақтарымен қатар студенттердің өз бетінше жұмыс жасауына бағыт бағдар беріліп, өзіндік жұмыстардың тапсырмаларын орындау студенттерден талап етіледі. Студенттердің өз бетінше жұмыстарында қима сабағының әдістемесі, қарапайым тіліктер сабағының әдістемесі, күрделі тіліктер сабағының әдістемесі, сызбаларды оқу шарттары, күрделі сызбаларды оқу және оның ішінен белгілі бір бөлшектің сызбасын бөліп алып орындау, құрастыру сызбасын оқу және оны орындау, құрастыру сызбасын бөлшектерге бөлу сабағы, құрастыру сызбасымен танысу тақырыптары бойынша өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау ұсынылады. 

Сызуды оқыту әдістемесінің практикалық сабақтарында студенттер мектептегі сызуды оқытудың бір жылдық немесе жарты жылдық күнтізбелік тақырыптық жоспарын, сабақ жоспарын, белгілі бір тақырыптың әдістемелік талдауларын жасап үйренеді. Сонымен қатар, сызуды оқыту әдістемесінің практикалық сабақтарында студенттер педагогикалық практикаға шыққан кезде қолдану қажеттігіне байланысты сыныптан тыс сызудан көрме ұйымдастыру, сызудан апталық, сызудан кеш өткізудің жопарлары мен әдістемелік оқу тәрбие іс шараларына қажетті талдауларын дайындайы.

Сызуды оқыту әдістемесі пәнінің сабақтарында студенттердің меңгерген теориялық білімдері мен практикалық дағдылары, олардың болашақ педагогикалық қызметіне қажетті әдістемелік дайындық болып табылады

  1. Оқу жылына арналған календарлық жоспар және сабақ жоспарын құру.(Сызу пәнінен)

Мектепте сызу пәні бір жылда 68 сағат көлемінде өтеді. Осы көлемде сызу бағдарламасының әр тарауға бөлінген сағаттары бойынша, жүйелі түрде ретімен күнтізбелі - тақырыптық жоспарды үлгісіне қарап құрастыру қажет.

Күнтізбелі - тақырыптық жоспардың үлгісі:


  1. Жалпы білім беретін орта мектептерде сызу сабақтарының мазмұны.

Әрбір мұғалімнің алдында үш сұрақ тұрады: неге оқыту, не үшін оқыту және қалайша оқыту. Бұл сұрақтарға жалпы көлемде осы пәнніңоқу бағдарламасы жауп береді. Бұл құрстың алдына қойған мақсаты педагогикалық дидактика негіздеріне сүйене отырып, сол сұрақтарға мүмкіндігінше толығымен жауап беру. Осы курстың мақсаты - болашақ мұғалімдерге, еңбек жолын енді бастаған сызу пәнінің жас мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру, дәріс берудің негізгі формаларымен, әдістерімен және әртүрлі тәсілдерімен таныстыру.

  1. Сызу пәнінен сыныптан тыс сабақтар жүргізу.

Факультатив

  1. 9- сыныптарда сызу сабақтарын өткізу әдістемесі.

Мұғалімнің оқу - әдістемелік құжаттары:

* Сызу кітабы;

* Сызу пәнінің бағдарламасы;

* Күнтізбелі - тақырыптық жоспар;

* Сабақ жоспарлары;

* Дидактиакалық ойындар;

* Глоссарий;

* Сабақтың көрнекіліктері.

Студентер осы құжаттарды берілген ретпен жинақтап тапсырады.


  1. Мектептегі сызу пәнін оқытудағы негізгі дидактикалық принциптері.

1).Ғылымилық;

2).Жүйелілік;

3).Теорияның практикасымен байланысты;

4).Оқушылардың қабілеті мен белсенділігі.

5).Көрнекілік;

6).Оқушылардың білімін берік қалыптастыру;

7).Түсіндіру;

  1. Сызу пәнінен сыныптан тыс жұмыстар жүргізу.

Факультативтік сабақтар және элективті курстар. Сызудан үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және олимпиадаларға дайындық

  1. Сызу пәнінен қолданылатын көрнекіліктердің орны және оларды қолдану әдістері.

  2. Сызу кабинеті және оның жабдықталуы.


  1. Сызу пәнін оқытудағы жалпы білімдік және тәрбиелік міндеттер.

Мұғалімнің сызбалардың дамуы, олардың қандай себептермен өзгеріске ұшырағаны, сызбаларды көрмеудегі өзгерістер туралы қызықты тарихи әнгімелері, оқушылардың білімін жан-жақты арттыру ғана емес, оларға тәрбиелік мән береді. Ондай әнгімелер барысында, міндетті түрде, әртүрлі қызықты суреттер мен көрнекіліктердің, заман талабына сай оқытудың қазіргі технологияларында қолданылатын құралдың көмегімен /кодоскоп, оқулық теледидары, компьютерлік жүйелердің мүмкіндіктері, т.с.с./ әртүрлі мамандықтар, машиналар, технологиялар, құрылыстарда қолданылатын сызбалардың атқаратын қызметі туралы әнгімелердің беретін әсері мол.

Соңғы кездердегі заман талабына сай графикалық жұмыстардың сапасын жақсарту үшін жалпы орта мектептегі сызу пәнінің бағдарламасына басқа тақырыптардың есебінен көркемдік және техникалық конструкциялау элементтерін еңгізу керек сияқты. Орта мектептегі сызу пәні мен эстетикалық тәлім-тәрбие беру бағыттары өз орынын табу керек екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр.

  1. Сызу сабақтарын талдау.


  1. Техникалық құралдарды оқу және оқудан тыс жұмыстарда қолдану.

Оқыту процесінде кино және диафильмдер мектепте қоладану, оқушыларға бір уақыт ішінде кино әдісі арқылы ақпаратты көбірек, әрі әсерлі тәсілмен жеткізуге болады. Мұғалімдер кинофильмнің ролін сабақ үстінде қолдануын әлі дұрыс аңғармайды. Сабақ үстінде тек қана кинофильмді оқушыларға көрсеткен кезде, оны әнгімелеп беру керектігін, оқу таблицаларын қолданып, диафильмдерді де қолдануды ұмытпауы тиіс. Кино, диафильмдерді көрсеткен кезінде мұғалім әртүрлі мақсаттарды көздейді: оқушыларға жаңа тақырыпты жеткізу, сызу құрылысын тұргызуын көрсету, өткенді жүйелеу және жалпылау т.б. сабақ құрылымы дұрыс болса, оқушылардың экранда көрсетілген оқу материалын қабылдау белсенділігі артады. Кинофильмді көрсетер алдында мұғалім өзі кинокөріністерді, сондай ақ, оган жалғанған дикторлық сөздерін игеру қажет. Сонымен қатар,ұстаз алдындағы мәнді мәселе, ол сабақ мазмұны мен фильм материалының арасындаы байланыс, және оны қайда, қашан және қалай сабақ үстінде қолдануын анықтау керек

  1. «Тілік» тақырыбында сабақ жоспарын құру және өткізу.

Сабақтың тақырыбы:

Тіліктер туралы жалпы түсінік.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Нәрсенің тіліктерін орындап, сызбаға орналастыруға

үйрету, өз беттерімен ізденіп жұмыс жасауға дағдыландыру,

өздерінше ой қорыта білуге, таным мүмкіндігін анықтап,

сауатты, сызбаларды көркем түсіре білуге үйрету.

ә) Дамытушылық: Шығармашылық жұмысты іздену барысында білімдерін

тереңдетіп, ой-қиялдарын, өз бетімен шешім қабылдау,

белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту.


б) Тәрбиелілік: Өзіндік және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру,

оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, жетекшілік қасиетін

дарытуға, эстетикалық әсемдікті тани білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және т.б.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


  1. Сызу пәнінен көрнекіліктердің түрлері.

  2. «Қима» тақырыбында сабақ жоспарын құру және өткізу.

  3. «Сызбада бұранданы кескіндеу және белгілеу» тақырыбында сабақ жоспарын құру және өткізу.

  4. «Ажырайтын және ажырамайтын қосылымдар жөніндегі жалпы мағлұматтар» тақырыбында сабақ жоспарын құру және өткізу.

  5. Сызбаны графикалық бейнелеу.

  6. Сызу сабақтарының типтері.

  7. «Техникалық сурет» тақырыбында сабақ жоспарын құру және өткізу.

  8. Сызу пәнін оқытуда қолданылатын жаңа технологиялар.

Сызуды оқытудың жаңа технологиясының бұрынғы, дәстүрлі оқыту әдістемесінен мынадай өзгешелігі бар: оқушылардың оқу, іс-әрекеттерінің жекеше бағыттары мен деңгейлерін қалыптастыруға бағытталған оқыту мен жетілдірудің, бірізділікпен орындалатын әрекеттің мынадай фазаларын ұсынуға болады: Бірінші фаза-оқушылардың бақылауға алған әрекетінің жиынтығы ретінде, қажетті этолонды нақты анықтау негізінде білім беруді жоспарлау; Екінші фаза- диагностикалык-бақыланатын әрекеттің шығар денгейін айқындау. Алынған білім негізінде танымдық қозғалыстың кандай бағытта болуын айқындау. Оның үстіне әрбір оқушы үшін өте нақты етіп анықтау.Үшінші фаза - рецептілік: мұнда күтілетін оқу нәтижесінің бағдарламалануы қарастырылады. Қажет етілген білімге жетуді қамтамасыз ететін қалыптастыру әрекетінің жинақтау шеңберінде көрінеді. Төртінші фаза- оқу жағдайында білім мен графикалық дағдыларды меңгеру бағытында болады. Соңғы бесінші фаза- бірінші рет белгіленген этолонмен соңғы нәтижені салыстыра отырып соңғы нәтижеге баға беру. Біртіндеп күрделене беретін тәртіптік репертуарды кезеңді тестілеу аркылы айқындап отыру.

  1. «Құрастырма сызба» тақырыбында сабақ жоспарын құру және өткізу.

Сабақтың тақырыбы: «Құрастыру сызбалары». Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: құрастыру мен бақылау үшін берілген бірнеше тетіктер бұйымдардың кескіндерін қамтитын сызбалар туралы түсініктер беру.

Дамытушылығы: оқушының сабаққа деген қызығушылықтарын оятып, сызу біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру. Сызу аспаптарын тиімді пайдалануға үйрету. Оқушылардың сызу қабілеттерін қалыптастырып, білімге деген кұштарлығын ояту.

Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түріаралас сабақ.

Пәнаралыц байланыс: технология, математика, геометрия, бейнелеу өнері. тарих. Көрнекті қуралдарплакаттар, кеспелер, буклет, кітап.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.
Сынып оқушыларымен сәлемдесу.
Сынып тазалығын тексеру.
Кезекші арқылы сынып оқушыларының сабаққа қатысуын түгелдеу.

Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеру.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
11. Өткен сабақты қайталау.


  1. Жаңа оқыту технологиялары.

Сызуды оқытудың жаңа технологиясын жасаудың теориялық негіздерін зерттеп дайындауда оқу процесі жөніндегі әр түрлі ойлар жүйесінің мынадай принциптерінің негіздерін сыни көзқараспен ұғынып, мәнін түсінуден басталады. Олар :1) оқу процесін баскарудың үлгісі мен атқару тәртібін қайта қарау; 2) оқу процесін жобалау, ұйымдастыру және басқару барысында оны үйлесімді, қолайлы түрде күшейтудің, дамытудың басым және ұтымды бағытына сүйену; 3) оқу жүйесін ұйымдастыру кезеңіндегі жоспарлы бағдарламалар құру болып табылады. 

  1. Сызу сабақтарында проблемалық ситуациялар туғызу.

  2. Сызуды оқытудағы мақсат және міндеттер.

Сызу пәнін оқытудың басты мақсаты, оқушылардың кеңістіктегі көріністері көз алдына елестетуді дамыту арқылы оқушыларға сызбаларды еркін оқи білуін және олардың техникалық суретін орындау, сұлбасын сызу білуін дамыту болып табылады. Бұл келешекте әртүрлі кәсіптегі, әртүрлі мамандықта жұмыс істейтін адамдардың түрлі операцияларды орындауда өз ойларын толық жеткізуіне мүмкіндік жасайды. Мұғалім мектептегі сызу пәнінің бағдарламасы бойынша керекті көрнекі құралдармен дидактикалық үлестірме материалдарын іздене отырып, шаршамай, уақтылы дайындап отырса, осы пәнді оқыту барысы жандана түсіп, оқушылардың бұл пәнге деген қызығушылығы артар еді және алған тиянақты білімін келешекте еркін қолдана алуына мүмкіндік болар еді.

Сызу пәнін оқытуға дейінгі оқушының бейнелеу өнерінен дайындығы мен қабілеті, әрине үлкен әсер ететіні түсінікті. Тек оны оқушыға ұмыттырмай, әрдайым жаттығу жасатып, есіне түсіріп отыру қажет. Мысалы, әртурлі формалардың көлеміне назар аудару, олардың жан-жағынан қарағандағы көріністерін елестету, көкжиек /горизонт/ сызықтарының қалай орналасқандығы туралы есіне түсіріп отыру, т.б.

Сызу, орта мектепте басқа пәндер сияқты оқушыларды өмір тәжірибесіне, кәсіптік өндірістегі ізденісін қалыптастыруда және келешектегі білімін тереңдетуде алатын орны бөлек. Сызу - техника тілі болғандықтан, қазіргі заманғы өндірістің негізгі заңдылықтарын түсінуде атқаратын қызметі орасан зор. Ол мектептегі пән есебінде оқушылардың конструкторлық модельдеу, шығармашылық және зерттеу жұмыстарын дамытуды қалыптастырады. Қазіргі мектептің мақсаты тек жалпы білім беру емес, оқушылардың келешекте техникалық сауатты азаматтар болуына, олардың сызу өнерін меңгеруін жетілдіру, бұл заман талабы.


  1. Сызу сабағына жаңа мультифмедиялық құралдарды пайдалану және сызуға арналған программалар.

Мультимедиа (Multimedia) - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді — мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және мультипликациялық түрде шығаруды — жүзеге асырады. Мәтін, түрлі-түсті графика, дыбыс, сөз бен кескін синтезін жасап, ақпараттың өте көлемді мөлшерін жадында сақтап, диалогтық түрде жұмыс істейді. Мультимедиа элементтерімен еркін интерактивті түрде қатынас құруға, дыбыспен сүйемелденетін бейнекөріністерді компьютер экранында көрсетуге, тыңдауға толық мүмкіндік бар. Мультимедиалық программалар сөйлейтін энциклопедиядан бастап, бейнеклиптік мәліметтер базасын жасау жұмыстарын толық қамти алады

  1. Сызу сабағын ұйымдастыру және оқыту әдістері.

  2. Сызуды оқытудағы жалпы білім беру және тәрбиелеу міндеттері.

Мұғалімнің сызбалардың дамуы, олардың қандай себептермен өзгеріске ұшырағаны, сызбаларды көрмеудегі өзгерістер туралы қызықты тарихи әнгімелері, оқушылардың білімін жан-жақты арттыру ғана емес, оларға тәрбиелік мән береді. Ондай әнгімелер барысында, міндетті түрде, әртүрлі қызықты суреттер мен көрнекіліктердің, заман талабына сай оқытудың қазіргі технологияларында қолданылатын құралдың көмегімен /кодоскоп, оқулық теледидары, компьютерлік жүйелердің мүмкіндіктері, т.с.с./ әртүрлі мамандықтар, машиналар, технологиялар, құрылыстарда қолданылатын сызбалардың атқаратын қызметі туралы әнгімелердің беретін әсері мол.

Соңғы кездердегі заман талабына сай графикалық жұмыстардың сапасын жақсарту үшін жалпы орта мектептегі сызу пәнінің бағдарламасына басқа тақырыптардың есебінен көркемдік және техникалық конструкциялау элементтерін еңгізу керек сияқты. Орта мектептегі сызу пәні мен эстетикалық тәлім-тәрбие беру бағыттары өз орынын табу керек екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр.

  1. Детальдардың сызбаларын орындауға үйрету.

  2. Деталдарды біріктіру сызбаларын орындау және оқыту әдістері.

  3. Сызу сабақтарында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру формаларын атаңыз?

Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
• Бейнелеу өнері арқылы көркем шығармашылық сезімін, талғамын дамыту.
• Эстетикалық құралдарды: өнер, әдебиеттерді, қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

  1. Сызу сабағында оқушылардың сызбаны сызуда жіберетін қателері және графикалық жұмысты тексерудегі критерилерді атаңыз.

Мұғалім оқушылардың жұмысын , сызбаны құру кезеңін өз беттерімен орындайтындай етіп төмендегі кезеңдермен ұйымдастырылады: 1.Бөлшектің геометриялық формасын талдау, оның симметриялығын анықтау. 2. бөлшектің алдыңғы жағынан қарағандағы көрінісін құру. 3. бөлшектің үстінгі жағынан қарағандағы көрінісін құру. 4. бөлшектің бөлшектің сол жағынан қарағандағы көрінісін құру.
Оқушылар графикалық жұмысты орындау кезінде, мұғалім жеке оқушылармен жұмыс жүргізеді. Сынып тақтасы арқылы ортақ қателерді табуға, ортақ қателерді жөндеуге, бүкіл сыныптың назарын аударарып отырады. Жұмысты аяқтау кезеңіне орындалған тапсырманың дұрыстығын тақта арқылы көрсетеді. Мұғалім оқушыларды кезекпен тақтаға шақырып, оларға құрылған кескіндердің суретіне ауызша сипаттама беруді ұсынады. Әрбір берілген жауапты сәйкес келетін геометриялық дененің сызбасын көрсетумен жалғастырып отырады. Соның нәтижесінде, оқушылар бірінші жаттығуды орындау барысында көрнекілікке сүйене отырып, заттың сызбасын алу жолдарын меңгереді. 


  1. Оқытушының сызу сабағына дайындығы және сызу пәні бойынша оқу материалдарын жоспарлау.

Сызу пәнін оқытуда қолданылатын сабақ өткізу формалары оның мақсаты мен әдістемесіне байланысты төмендегідей болуы мүмкін:

* оқушыларға жаңа материалды хабарлау /жаңа білім беру/ сабағы;

* қайталау және алған теориялық, практикалық білімін бекіту сабағы;

* оқушылардың осы пәннен алған нақты білімін тексеру және бағалау сабағы;

* аралас сабағы.

Алғашқы типтегі сабақта мұғалім жаңа материалды тақтаға, қағазға орындаған графикалық сызбалардың, көрнекі құралдардың, көлемді модельдердің және басқада дидиатикалық материалдардың көмегін қолдана отырып, түсіндіруіне болады. Мектеп тәжірибесіндегі қайталау және өтілген тақырып материалдарын бекіту сабақтарыәрдайым марапатталып отыруы керек. Сондай мақсатпен әрбір сабақтың бас жағында, жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын, өткенді қайталап , бекіту барысында, енді өрілетін материалдармен байланыстыра отырып жүргізеді. Алдыңғы өтілген тақырыпқа жеңілдетілген жаттығу жасау осындайда көп көмегін тигізеді. Мұғалімнің алдына қойған мақсаттары, оқушылардың білім дәрежесін анықтау болса, олардың өздері орындаған графикалық және практикалық жұмыстары түрінде, ол сызбалардың көмегі мен модельдерді орындау, белгілі бір тақырып, болмаса бағдарламаның тарауы бойынша сызбалармен байланыстыру. Сызу пәні мұғаліміне оқушылардың тиянақты білімалуы үшін, әртүрлі аралас формадағы сабақтарды қолдануы табысты қорытынды берері сөзсіз.

  1. «Тілік» тақырыбында сабақ жоспарын құру және өткізу.

Сабақтың тақырыбы:

Тіліктер туралы жалпы түсінік.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Нәрсенің тіліктерін орындап, сызбаға орналастыруға

үйрету, өз беттерімен ізденіп жұмыс жасауға дағдыландыру,

өздерінше ой қорыта білуге, таным мүмкіндігін анықтап,

сауатты, сызбаларды көркем түсіре білуге үйрету.

ә) Дамытушылық: Шығармашылық жұмысты іздену барысында білімдерін

тереңдетіп, ой-қиялдарын, өз бетімен шешім қабылдау,

белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту.


б) Тәрбиелілік: Өзіндік және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру,

оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, жетекшілік қасиетін

дарытуға, эстетикалық әсемдікті тани білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және т.б.


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

  1. Сызу пәнінен көрнекіліктердің түрлері.

Плакаттар, геометриялық фигуралар, сызғыш, циркуль

  1. Сызуды оқытудағы мақсат және міндеттер.

Сызу пәнін оқытудың басты мақсаты, оқушылардың кеңістіктегі көріністері көз алдына елестетуді дамыту арқылы оқушыларға сызбаларды еркін оқи білуін және олардың техникалық суретін орындау, сұлбасын сызу білуін дамыту болып табылады. Бұл келешекте әртүрлі кәсіптегі, әртүрлі мамандықта жұмыс істейтін адамдардың түрлі операцияларды орындауда өз ойларын толық жеткізуіне мүмкіндік жасайды. Мұғалім мектептегі сызу пәнінің бағдарламасы бойынша керекті көрнекі құралдармен дидактикалық үлестірме материалдарын іздене отырып, шаршамай, уақтылы дайындап отырса, осы пәнді оқыту барысы жандана түсіп, оқушылардың бұл пәнге деген қызығушылығы артар еді және алған тиянақты білімін келешекте еркін қолдана алуына мүмкіндік болар еді.

Сызу пәнін оқытуға дейінгі оқушының бейнелеу өнерінен дайындығы мен қабілеті, әрине үлкен әсер ететіні түсінікті. Тек оны оқушыға ұмыттырмай, әрдайым жаттығу жасатып, есіне түсіріп отыру қажет. Мысалы, әртурлі формалардың көлеміне назар аудару, олардың жан-жағынан қарағандағы көріністерін елестету, көкжиек /горизонт/ сызықтарының қалай орналасқандығы туралы есіне түсіріп отыру, т.б.

Сызу, орта мектепте басқа пәндер сияқты оқушыларды өмір тәжірибесіне, кәсіптік өндірістегі ізденісін қалыптастыруда және келешектегі білімін тереңдетуде алатын орны бөлек. Сызу - техника тілі болғандықтан, қазіргі заманғы өндірістің негізгі заңдылықтарын түсінуде атқаратын қызметі орасан зор. Ол мектептегі пән есебінде оқушылардың конструкторлық модельдеу, шығармашылық және зерттеу жұмыстарын дамытуды қалыптастырады. Қазіргі мектептің мақсаты тек жалпы білім беру емес, оқушылардың келешекте техникалық сауатты азаматтар болуына, олардың сызу өнерін меңгеруін жетілдіру, бұл заман талабы.


  1. Сызу сабағына жаңа мультифмедиялық құралдарды пайдалану және сызуға арналған программалар.

Мультимедиа (Multimedia) - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді — мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және мультипликациялық түрде шығаруды — жүзеге асырады. Мәтін, түрлі-түсті графика, дыбыс, сөз бен кескін синтезін жасап, ақпараттың өте көлемді мөлшерін жадында сақтап, диалогтық түрде жұмыс істейді. Мультимедиа элементтерімен еркін интерактивті түрде қатынас құруға, дыбыспен сүйемелденетін бейнекөріністерді компьютер экранында көрсетуге, тыңдауға толық мүмкіндік бар. Мультимедиалық программалар сөйлейтін энциклопедиядан бастап, бейнеклиптік мәліметтер базасын жасау жұмыстарын толық қамти алады


  1. Сызу сабағын ұйымдастыру және оқыту әдістері.

Сызуды мектепте оқыту әдістемесі пәнінің алғашқы дәрісбаяны мектептегі сызу пәнін оқытудың мақсат міндеттері, тақырыптары, әдістері мен әдістемесі туралы студенттерге түсініктер беруден басталады. 

Мектептегі сызу пәнін оқытудың мазмұны сызуды мектепте оқытудың мақсат міндеттеріне байланысты анықталады. Сызуды мектепте оқытудың мақсаты оқушыларға машина құрылысы сызбаларын, машина құрылысы бөлшектерін, сәулет құрылыс сызбаларын таныстырып, мектептерде сызуға арналған оқулықтар мен бағдарламалар туралы түсініктер беріп, сызбалар туралы оқушыларға қарапайым түсініктерді меңгертіп, оқушыларға сызудың ептейліктері мен дағдыларын қалыптастыру міндеттері қойылады. 


  1. Сызу сабақтарын ұйымдастыру жүйесі.

  2. Оқытудың дидиактикалық жүйесі.

1).Ғылымилық;

2).Жүйелілік;

3).Теорияның практикасымен байланысты;

4).Оқушылардың қабілеті мен белсенділігі.

5).Көрнекілік;

6).Оқушылардың білімін берік қалыптастыру;

7).Түсіндіру;

  1. Сызу сабағында оқушылардың геометриялық жүйені қалыптастыру.

Cтудеттер, тақтаның бетіне негізгі геометриялық салуларды, сызғыштарды қолданып отырып, сызады, олар:

- өзара параллель, перпендикуляр орналасқан сызықтар;

- сызық кескінін тең бөлшекке бөлу;

- шеңберлерді тең бөлшекке бөлу;

- шеңберге жанама салу;

- екі, өзара қиылысқан, сызықтардың түйіндесуін салу;

- шеңбер мен сызықтың түйіндесуін салу;

- шеңберлердің түйіндесуін салу.

Тақтада сызбаларды жасағанда, студенттер, мыналарды ескеруі қажет:

- арнайы құралдарды қолдану;

- түрлі - түсті борларды қолдану;

- сызбаларды тақта бетіне ұқыпты орналастыру;

- сызба сызықтарын орнымен қолдану;

- сызба жазулары мен өлшемдерін дұрыс жазу;

Студенттер, сызбаларды тақтада орындағанда, олардың жасау реті мен әдістерін, ауызша түсіндіріп отырады.

  1. Оқушылардың кеңістікті ойлау және көз алдына елестету қабілетін дамыту.

Студенттер бірнеше сабақтардың жоспарын жасаулары тиіс. Ол сабақтарда проекциялау әдістері ретімен жүйелі түрде қарастылуы және қолданатын көрнекіліктері белгіеніп жеткілікті болуы тиіс. Проекциялау сабақтарында қарастырылатын тақырыптар:

а/ Орталық және параллельдік проекциялау;

ә/ Тікбұрыштық проекциялау;

б/ Нүктелердің, сызық кесінділерінің, геометриялық фигуралардың екі үш жазықтықтағы проекциялары;

в/ Геометриялық денелердің тікбұрыштық проекциялары;

г/ Модельдің екі проекциясы /көрінісі/ бойынша үшінші проекциясын /көрінсін/ сызу.

Проекциялау сабақтарының көрнекіліктері:

а/ үш қабырғалы бұрыштың моделі;

ә/ геометриялық денелердің модельдері;

б/ нүктелердің, кесінділердің, геометриялық фигуралардың проекцияларын көрсететін оқулық плакаттар, т.б.

Студенттер, сабақ жоспарын кеңейтіп көлемді жазуы тиіс, сабақ барысында тақтаға сызатын сызбаларды да жоспарға еңгізу керек.

  1. Түсінік пен образды санада қалыптастыру шарттары.

  2. Мұғалімнің бойында қалыптасатын «жеке факторы» (Жеке фактор, мұғалім атворитеті, педагогикалық шеберлік, педагогикалық такт, педагогикалық техника).

Педагогикалық такт: мұғалімнің әріптестерімен, ата-анамен, балалармен,өзара қатынасы.

Пед/қ такт көбінесе педагогтың жеке бас салаларынан көрінеді, атап айтқанда, мәдениетіне, еркіне, азаматтық позициясы мен кәсіби шеберлігінен. Пед/қ такт әсіресе, педагогтың бақылау –бағалы әрекетінен көрінеді, ал оның өзіне ерекше зейінділік пен шындық қажет.

Пед/қ шеберлік: үнемі жетіліп отыруы қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері.

  1. Сызу кабинетінің жабдықталуы.

  2. Мұғалімнің тақтада жұмыс жасау шеберлігі.

Тақтадағы сызу ең мықты, орынды мұғалімнің дидақтикалық құрамында басты орын алады. Графикалық көрсетілім мектеп тақтасында үнемі практика арқылы тез және дұрыс әдістемелік жағынан, сонымен бірге жаттығулар арқылы дағдыға айналады. Мұғалімнің тақта алдындағы іскерлік жұмысы оқушылардың қызығушылығын арттырып сызу сабағына және графикалық шығармашылығын, әрі белсенділігін арттырады. Тек қана графикалық емес, сонымен бірге сызуды тақта алдында тез құра білу барлық істердің жетістігі мұғалімнің қалай сабақты өткізуді ойластырылуы, сызудың қалай көрінетіндігі, тақтаның бойында әрбір бөлшектері қандай орын алатындығы, масштабтық көрсетілім қалай сақталуын, қаншалықты дәл элемент көрсетілген заттардың бір бірімен сақталуының дұрыстығы. Сонымен бірге сызбаның композициясын тақтада дұрыс дәл орналастыру керек. Тақтада жұмыстың әдісін көрсете білуі ең маңызды, көріністі өзіңмен жабуға болмайды, ондай әдіс оқушылар жағынан теріс реакция тудырады. Сонымен қатар сызбаны орындау барысында қажетті жылдамдылықты сақтай білу керек. Әрбір тақтадағы графикалық жұмысқа сөздік түсінік болуы қажет. Сызбаны орындауда, мұғалім пропорционалдық қатынас сызбаның жеке бөліктерін сақтай білу керек, және заттың өлшемідігі нобаймен дәлме дәл келу керек.

Мұғалімге өте маңыздысы рационалды түрде әдістемелік жұмысты сызбалық құралдарды мектеп тақтасында және сызғышты да қолдана білуді үйрену қажет.


  1. Сызу пәні бойынша қолданылатын жұмыс дәптері және сызудың терминдері оқыту әдістері.

  2. Сызуды безендіруді оқыту әдістері.

  3. Мемлекеттік стандарттармен таныстыру әдістері.

  4. Тікбұрышты проекцияларды оқыту әдістері.

  5. Заттардың геометриялық формасына анализ.

  6. Геометриялық денелерді проекциялауды оқытудың әдістері.

Геометриялық формаларды талдау. Формалардың алуан түрлерін қарапайым геометриялық денелерден құрастыру. Формаларды құрастыру тәсілдері: бүктеу, өсіру, кеміту, айландыру, симметрилау, т.б. Геометриялық денелердің жаймасын сызу, қатты қағаздан үлгісін жасау, модельдерін құрастыру. Симметриялық және ассиметриялық формаларды әртүрлі материалдардан /пенопласт, қатырма қағаз, т.б./ жасау. Техникалық және көркемдік модельдерді компьютерлік жобалау әдісімен орындау. +Техникалық сурет - техникалық заттардың, көз мөлшерімен сызу құралдардың көмегінсіз, аксонометриялық негізінде орындалған сызба. Техникалық суреттің негізгі элементтерін орындау, олар: Тік, көлденен, көлбеу орналасқан өзара параллель сызықтарды және геометриялық фигураларды салу. Аксонометрия заңдылығының негізінде геометриялық денелердің және модельдердің техникалық суреттерін салу. Жарық пен көленкесін көрсету.

  1. Аксонометриялық проекциялар мен техникалық суреттерді таныстыру әдістері.

Аксонометриялық проекцияларды оқыту әдістемесі.Сабақ жоспарын және көрнекіліктерін жасау.

Мақсаты: студенттерге аксонометриялық проекцияларды тақтада салуды игеру, сызу сабақтарында оқытуды және жоспарлауды үйрету.

Әдістемелік нұсқау:

Геометриялық фигуралардың /үш бұрыш, төрт бұрыш, алты бұрыш/ аксонометиялық /изометрия, диметрия/ проекцияларын тақтада және дәптерде сызу.

Геометриялық денелерді тікбұрыштық изометрияда сызу.

Модельдің, екі көрінісі бойынша, аксонометриясын сызу.

Сабақ жоспарлары толық жазылуы тиіс.

Сабақтың көрнекіліктері: оқулық плакаттар, геометриялық денелер, модельдер, т.б.

  1. Детальдардың эскиздерін нұсқадан қарап оқытуды үйрету.

  2. Негізгі геометриялық салулар және сызбаларды безендірудегі негізгі стандарттар.

  3. Сызу сабағын ұйымдастыру және оқыту әдістері.

  4. Сызуды оқытудағы жалпы білім беру және тәрбиелеу міндеттері.

  5. Детальдардың сызбаларын орындауға үйрету.

  6. Деталдарды біріктіру сызбаларын орындау және оқыту әдістері.

  7. Сызу сабақтарында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру формаларын атаңыз?

Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
• Бейнелеу өнері арқылы көркем шығармашылық сезімін, талғамын дамыту.
• Эстетикалық құралдарды: өнер, әдебиеттерді, қолдана білу дағдысын қалыптастыру.


  1. Сызбадағы заттардың проекциялық байланысын оқыту әдістері.

  2. Сызбада өлшемдерді қоюды оқытудың әдістері.

  3. Біріктірілген сызбаларды оқыту және орындау әдістері.

  4. Оқытушының сызу сабағына дайындығы және сызу пәні бойынша оқу материалдарын жоспарлау.

  5. «Тілік» тақырыбында сабақ жоспарын құру және өткізу.

Сабақтың тақырыбы: «Тіліктерді орындау ережелері». 
Сабақтың масаты: 1. Білімдік: тіліктерді қалай орындауды, тіліктердің белгіленуі туралы оқушыларға түсініктер беру, сызбаны рәсімдеудің жалпы ережелерін таныстыру .
2. Дамытушылық: оқушылардың сызу аспаптары мен құралдарын тиімді пайдалану ептейлігі мен дағдысын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: оқушыларды тиянақтылыққа, ынталылыққа, ұқыптылыққа және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Пәнаралық байланыс: технология, геометрия, бейнелеу өнері пәндері.
Сабақтың көрнекілігі: 1. Тіліктердің орналасуы мен белгіленуін көрсететін таблица. Сызба жұмысын орындау туралы көрнекті нұсқау. 
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Оқушылардың графикалық жұмысты орындауға қажетті құрал –жабдығын тексеру.
2. Сынып тазалығына көңіл аудару, тақтаны әзірлеу.
3. Оқушыларды түгендеу.
4. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
ІІ. Өткен сабақты қайталау.
Нәрсенің ішкі көрінбейтін беттерінің нұсқамаларын сызбада үзілме сызықпен жүргізіп көрсетуге болады. Бірақ, мұндай сызықтар сызбаны оқуды қиындатып жібереді. Көрінбейтін сызықтардың проекцияларынан бірігіп түсуі мүмкін. Ішкі құрылысы күрделі тетікбөлшек көрінісіне қарап, оның пішінін түсінуге болмайды.
Фронталь және горизонталь проекциялары 120 – суретте көрсетілген тетікбөлшектің профиль проекцияларын салып, оның фронталь проекциясын тілікпен алмастыру қажеттігі есекртіледі.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

  1. Сызу сабағында оқушылардың геометриялық жүйені қалыптастыру.

  2. Оқушылардың кеңістікті ойлау және көз алдына елестету қабілетін дамыту.

  3. Түсінік пен образды санада қалыптастыру шарттары.

  4. Сызу сабағында оқушылардың геометриялық жүйені қалыптастыру.

  5. Оқушылардың кеңістікті ойлау және көз алдына елестету қабілетін дамыту.

  6. Түсінік пен образды санада қалыптастыру шарттары.

  7. Түйіндесу, шеңберді тең бөліктерге оқытудың әдістемесі.

  8. Тілік және қиманы оқытудың әдістері.

  9. Сызу пәнінің бағадарламасына анализ.

  10. Оқытушының сызу сабағына дайындығы.

  11. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытудағы сущность активизации.

  12. Сабақтан тыс жүргізілетін сызу пәнінің формасы мен әдістері.

  13. Тілік және қиманы орындаған кезде жіберлітеін қателіктер.

Детальды көрсеткен кезде, және бөлу кезінде

  1. Қарапайым және күрделі тіліктерді түсіндіру әдістемесі және көрнекіліктер.

  2. Сызбадағы заттардың проекциялық байланысын оқыту әдістері.

  3. Сызбада өлшемдерді қоюды оқытудың әдістері.

  4. Біріктірілген сызбаларды оқыту және орындау әдістері.

  5. Сызу сабақтарында проблемалық ситуациялар туғызу.



01 Сәуір 2025
145
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі