Материалдар / Жалпы орта мектептерде дене шынықтыру пәндерін оқытуда жаңа тәдістемелік тәсілдер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жалпы орта мектептерде дене шынықтыру пәндерін оқытуда жаңа тәдістемелік тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған әдістемелік көмек нұсқау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Ақпан 2021
479
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Е.А. Юркова, Н.М. Пермякова











Денешынықтыру

Әдістемелік нұсқау


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған






Қысқа мерзімді жоспарлау


Тәрбиеші:Ниязымбетова Д.С.










Алматыкiтап баспасы

2017

ОӘЖ 372.2

КБЖ 74.102

Ю 75











































Ю 75

Юркова Е.А. және т.б.

Дене шынықтыру. Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудыңүлгілікоқубағдарламасыбойыншамектепалдыдайындықтобымен сыныбы педагогтеріне арналған / Е.А. Юркова, Н.М. Пермякова. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2017. – 232 б.,суретті.


ISBN 978-601-01-3064-7



ОӘЖ 372.2

КБЖ 74.102



ISBN 978-601-01-3064-7


© Юркова Е.А., Пермякова Н.М., 2017

© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2017

Кіріспе

Жаңа буынның төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалған «Дене шынықтыру» әдістемелік нұсқауы төмендегі құжаттардың негізінде жазылды:

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен бекіген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізінанықтайды;

  2. 1 жастан 6 (7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығыменбекіген);

  3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан РеспубликасыныңБілімжәнеғылымминистрлігінің2016ж.12тамыздағы№499бұйрығымен бекіген).

Сонымен қатар әдістемелік нұсқауды жазуда бағдарламада көрсетілген 5 негізгі саланың бірі – «Денсаулық» білім беру саласының нұсқаулары есепке алынды.

Әдістемелік нұсқаудың негізгі мақсаты – аталған нормативтік құжаттарда көрсетілген мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы оқытудың бірізділігін сақтау.

Бағдарламада«Денешынықтыру»ұйымдастырылғаноқуқызметінде(ҰОҚ)оқытужәне тәрбиелеудің келесі мақсаттары мен міндеттеріайқындалған:

Мақсаты: қимыл-қозғалыс дағдылары мен ептілігінің дамуы, қимыл-қозғалыс мәдениетін меңгеру.

Міндеттері:

  • балалар денсаулығын нығайту, организмдішынықтыру;

  • балалардың денелік сапа көрсеткіштеріндамыту;

  • күнделікті қимыл іс-әрекетіне деген қажеттілікті қалыптастыра отырып, дербесқимыл белсенділігіндамыту;

  • балалардыңқимыл-қозғалысдағдыларыарқылышығармашылыққабілеттеріменсыни ойлауын дамытуға мүмкіндікберу.

«Дене шынықтыру» ҰОҚ-ның мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтінбөлімшелердентұрады.Әрбірбөлімшеішіндереттілікпенқұрылғаноқумақсаттары педагогке жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндікбереді.


Бөлім

Қосымша бөлім

1

Денсаулық және дене бітімі

1.1. Денсаулықты нығайту

1.2. Дене бітімін жетілдіру

2

Қозғала білу және сенімділік

2.1. Қозғалыс

2.2. Дене күшінің сапасы

3

Ынтымақтастық және басқару

3.1. Топпен жұмыс

3.2. Дене шынықтырудағы техника мен тактика

4

Шығармашылық қабілет

4.1. Ойындағы шығармашылық қабілет


Дене шынықтыру баланың физикалық дамуына, сондай-ақ әлеуметтік, тұлғалық қасиеттері мен рухани дамуына ықпал етеді.

Педагог баланың психофизиологиялық даму ерекшеліктерін ескере отырып, оның мүмкіндіктерінесүйенеотырып,қимыләрекеттердіүйретубарысындаоныңалдынабіртіндеп жаңа қимыл тапсырмаларқояды.

Жаңаны меңгеру балалардан белгілі бір физикалық және психикалық күш-жігерді, қиындықты жеңе білуді, жинақылықты, мұқияттылықты, ой нақтылығы мен белсенділігін, зейінді дамытуды талап етеді: эмоционалдық, егер оқыту үрдісі қызығушылық туғызса және

балалардың көңіл күйіне оң әсер беретін болса; бейнелі – қимыл-қозғалыстың көрнекі үлгісін қабылдаужәнежаттығуорындаукезінде;сөз-логикалық–тапсырманыұғынужәнежаттығудың барлық элементтерінің орындалу ретін, қимыл ойында мазмұны мен әрекетті есте сақтау және оларды өздігінен орындау кезінде; қимыл-қозғалыс – жаттығуды Балалардың өзінің практикалық орындауына байланысты; ерікті, онсыз жаттығуды түйсіне, өздігінен орындау мүмкін емес. Физикалық әлеуетті дамыту әлеуметтік құзыреттіліктің дамуымен, баланың адамгершілік сана-сезімінің қалыптасуымен, оның толеранттылық, кеңпейілділік және өзара көмеккөрсету,мақсатқаұмтылу,адалдықсекілдіадамгершілікқасиеттерініңдамуыментығыз байланысты.

Қозғалысты үйрету барысында баланың ойлау қабілеті, адамгершілік және талғамдық сезімідамиды,өзәрекетінесаналықарым-қатынасжәнеосығанбайланыстымақсатқаұмтылу, жинақылық қалыптасады.


Курстың негізгі тұжырымдық идеясы, оның ерекшеліктері және қазіргі тәрбие мен білім берудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келуі

Әдістемелік нұсқауда «Дене шынықтыру» бойынша ҰОҚ ұйымдастырудың заманауи тәсілдері қамтылған.

Әдістемелік нұсқауда педагогтерге ұзақмерзімді (күнтізбелік-тақырыптық жоспар) және қысқамерзімді жоспар ұсынылған.

Өзекті тақырыптар

Қысқамерзімді жоспар ұзақмерзімді жоспарға негізделе отырып әзірленген. Қысқамерзімді жоспарға ҰОҚ-ның оқыту мақсаты, тілдік мақсат, алдын ала алған білімі,

тапсырмалар көрсетілген жоспарланған іс-әрекет, қажетті ресурстар, пәнаралық байланыс қамтылған.

Әрбір тапсырма үшін балаларды ұйымдастыру түрі әріптермен көрсетілген (Ұ – ұжым, Т – топ, Ж – жұптық, Ө – өздік, ПК – педагогтің көрсетуі). «Қосымша мәлімет» педагогке күтілетін нәтижеге сәйкес ҰОҚ-да саралауды қалай ұтымды пайдалануды түсіндіреді.

Берілген өлшемдер педагогтерге әрбір ҰОҚ-ның мақсаты мен міндетін күтілетін нәтижемен және ұзақмерзімді жоспармен ұтымды байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұған қоса берілген әдістер икемді және педагогке сыныптың дайындық деңгейіне қарай түзету мүмкіндігі қарастырылған.



ПӘННІҢ ҒыЛыМИ-ӘДІСтЕМЕЛІК МАқСАты


«Денешынықтыру»пәнініңмақсаты–қимыл-қозғалысдағдыларындамытужәнеқимыл мәдениетін меңгеру.

Осы мақсаттың жүезе асырылуы сауықтыру, білім беру және тәрбиелеу міндеттерін шешумен байланысты.

Сауықтыру тапсырмалары ішінде өмірді қорғау және бала денсаулығын нығайту, жан-жақты физикалық даму, организм қызметін жетілдіру, белсенділік пен жалпы еңбекке қабілеттілікті арттыру ерекше орын алады.

Жас ерекшелігін ескере отырып, сауықтыру тапсырмалары барынша нақты түрінде айқындалады: омыртқа иілімдерінің қалыптасуына, табан ойысының дамуына, сүйек-буын аппаратыныңнығаюынакөмектеседі;барлықбұлшықеттобын,әсіресебүгу–бұлшықеттерді дамытуға; дене мүшелерінің дұрыс қалыптасуына; жүрек-қантамырлар қызметі мен тыныс алу жүйесін жетілдіруге ықпалетеді.

Тәрбиелеу тапсырмалары балалардың жан-жақты дамуына, олардың жүйелі ҰОҚ- ға, денені шынықтыру жаттығуларына қызығушылығы мен қажеттілігін қалыптастыруға, балаларда салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Баланыңүнеміширақ,көтеріңкікөңілкүйдеболып,физикалықжәнепсихикалықдамуы қамтамасыз етілетіндей жағдайлар жасап, оқытуды ұйымдастырудың маңызы өтезор.

Оқыту келесі дидактикалық қағидаларға негізделеді:

  • саналы әрекет жәнебелсенділік;

  • көрнекіболу;

  • қолжетімді жәнедараландырылу;

  • жүйелілік;

  • ілгерілеушілік.

Денешынықтырусабағынұйымдастырудыңнегізіоныңқұрылымы:ҰОҚ-дажаттығулар мен қимыл-қозғалыс ойындарын іріктеу және бөлудің болжамды жоспары. ҰОҚ құрылымы дене жаттығуларының физиологиясы мен гигиена талаптарына сәйкес әзірленген және дене жүктемесікезінде6-7жасарбалаорганизмініңшаршауыменжұмысқабілетізаңдылықтарына байланыстыболады.

Дене шынықтыру ҰОҚ-ның сызба жобалары үш бөлімді қамтиды: кіріспе, негізгі және қорытынды. Бұл – шартты бөлу. Барлық ҰОҚ біртұтас және ортақ мақсатқа бағынады – бала организмінің физиологиялық қызметінің барынша әрекетін тудыру, дене қуаты қасиеттерін дамытуғажәнеқимыл-қозғалыстарқалыптастыру.БұлортақмақсатқаҰОҚ-ныңөзараұштасып отыратынәрбірбөлімініңнақтытапсырмаларынкезеңменорындауарқылықолжеткізіледі.

ҰОқ-ның бірінші бөлімінің мақсаты – организмді негізгі бөлімге дайындау. ҰОҚ-ның біріншібөліміндежүру,жүгіру,сапқұру,қайтасапқұру,жеңілойынтапсырмаларұсынылады. Педагог жүру мен жүгіруге арналған жаттығулардың алма-кезек орындалуына ерекше назар аударуы тиіс: тапсырмалар біркелкі болса, балаларды жалықтырып, жаттығу сапасын төмендетеді, сондай-ақ жағымсыз салдарлар туғызуы мүмкін (дененің қисаюы, табанның жалпаюы жәнет.б.).

Екіншібөлім(негізгі)ҰОқ-дарыұзағырақжәнежалпыдамытусипатындағыжаттығу- ларды, қимыл-қозғалыстың негізгі түрлерін, қозғалыс ойындарын қамтиды. Баланың тез өсіп отырған организміне барлық жаттығу түрлерін орындаған маңызды. Бұл бөлім көбірек дене жүктемесіменерекшеленеді.

Жалпы дамыту жаттығулары организмге, жекелеген бұлшық ет топтары мен буындарға тікелей ықпал етеді, сондай-ақ қимыл-қозғалыс үйлесімділігінің жақсаруына, кеңістікте бағ- дарлай алуына, жүрек-қантамырларға және организмнің тыныс алу қызметіне оң әсер етеді. Жалпы дамыту жаттығуларын дұрыс орындау үшін бастапқы қалыптың маңызы зор. Әртүр- лі бастапқы қалыптар қолданылады: тұру, отыру, тіземен тұру, шалқасынан жату, етпетінен жату.Бастапқықалыптыөзгертеотырып,педагогқозғалыстапсырмасынкүрделендіренемесе жеңілдетеалады.

ҰОҚ-ныңнегізгібөліміндеоқуматериалындұрысорналастырудыңерекшемаңызыбар. Көп назар аударуды және орындау дәлдігін қажет ететін жаңа материал мен жаттығуларды үйрену ҰОҚ-ның негізгі бөлігінің басында және таныс жаттығулар мен ойындардың алдында жүргізіледі. ҰОҚ-ның негізгі бөлігінің жаттығулары, организмге айтарлықтай физикалық жүктеме келтіретін жаттығулар әдетте жүктемесі аз жаттығулардан кейін орындалады. Осылайшажүктеменібіртіндепарттыруғақолжеткізіледі.Алысқакөздеплақтыружаттығулары да жүгіру және секіруге байланысты белсенді ойындарға дейін өткізіледі. Сондай-ақ әр 3-бөлімде рефлексия жүргізіліп, ҰОҚқорытындыланады.

Көбірек қимыл-қозғалыстан тұратын және бір мезетте барлық балалар бірігіп ойнайтын ойындар (жүгіру, секіру, лақтыру, еңбектеу және т.б.) ҰОҚ-ның негізгі бөлігінде өткізіледі.

Үшінші, қорытынды бөлім көлемі жағынан шағын болады; онда қимыл белсенділігін біртіндепазайтуғаықпалететінқарқындылығыазырақойынжаттығулары,дененібосаңсытып, тынығуға арналған жаттығулар өткізіледі. Ол баланың белсенді қалыптан тыныш, сабырлы қалыпқакөшуін,өзгеәрекеткеөтуінқамтамасызетеді.Сондай-ақәр3-бөлімдерефлексияжүр- гізіліп, ҰОҚқорытындыланады.

6-7 жасар балалармен апта сайын дене шынықтыру бойынша үш ҰОҚ өткізіледі, оның екеуі спортзалда, біреуі таза ауада өткізіледі. ҰОҚ-ның ұзақтығы – 30 минут.


ТазаауадаөткізілетінҰОҚ-лардыңнегізінеалты-жетіжастағыбалаларғақолжетімдіжәне пайдалы болып табылатын спорттық ойындар мен жаттығулар техникасының жекелеген эле- менттері, денсаулық сақтау әдістері енгізілген. Олар баланың дене бітімін жетілдіруге, қимыл жүйесін дамытуға, организмнің өміршеңдікті қамтамасыз етуші жүйелерінің функционалдық мүмкіндіктерін арттыруға, өзгермелі өмірлік жағдайларға бейімделуіне бағытталған. Спорт- тық ойындар қозғалысты дамытуға, өз мүмкіндігін шамалай алу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, келешекті болжау және ойын жағдайларын талдай алуын жақсы дамытады, тіпті баланың дұрыс шешім қабылдауына ықпалетеді.

Спортойындарыныңамалдарыменжаттығулардыбастапқыоқытумазмұнынтаңдаудың маңызды қағидасы – кез келген спорт ойындары техникасының негізін құрайтын, алты-же- ті жасар балалардың шамасы келетін, ойын тапсырмаларын шешуде барынша тиімді нәтиже беретінқимыл-қозғалыстардыбөліпалу.Үйретуүшініріктепалынғанқимыл-қозғалыстарба- лалар меңгеруі тиіс күш жүктемесінің олардың даму деңгейімен сәйкес болуын қамтамасыз етеді.


қауіпсіздік техникасы ережелері

қауіпсіздік техникасын ҰОқ барысында сақтау:

  1. ҰОҚ барысында өзінің хал-жайын қадағалап отыруқажет.

  2. Педагогтің нұсқауы мен кеңестерін міндетті түрде орындауқажет.

  3. Жаттығуларды орындау барысында және сапта арадағы қашықтықты сақтауқажет.

  4. Аяқкиім бауын саптан шығып байлауқажет.

  5. Досымен ҰОҚ-дан тыс тақырыпта әңгімелесуге, педагогтің сөзін бөлуге, бірін-бірі итеруге, досының аяғын шалуғаболмайды.

Гимнастикалық қабырғада өрмелеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы:

  1. Еденге міндетті түрде жұмсақ мат (төсеніштер) төселеді.

  2. Қауіпсіздік пен демеу баланың арқасынан оған қолайлы жақтан көрсетіледі. Үнемі шарбақтарды ұстау техникасына назарды аудару қажет: төрт саусақты жоғары жақтан, бас бармақты төмен жақтан қысып ұстап, сондай-ақ шарбаққа табанның ортасымен тұрады. Қауіпсіздік техникасы мен өзін-өзі қорғау деңгейі осыған байланыстыболады.

Лақтыру барысындағы педагогке арналған қауіпсіздік техникасы:

Жаттығуды орындамас бұрын лақтыру алаңында балалар мен басқа да заттар болмауын қадағалаукерек.Топболыплақтырукезінделақтырушыныңсолжағындатұруқажет.Ылғалды ауа райы кезінде снарядты әбден құрғатып сүрту қажет. Лақтыру аймағына жақын жүріп, лақтырушыға теріс қарамай оның әрбір қимылын қадағалау қажет. Дәлдеп лақтыру кезінде снарядтың жерге және нысанаға тиіп қайтадан ыршығанында қауіпсіздікті ескеруқажет.

Лақтыру барысындағы балаларға арналған қауіпсіздік техникасы:

Лақтырушының оң жағында оған жақын тұрмау қажет. Жаттығу барысында лақтыру аймағында жүруге, снарядтарды педагогтің рұқсатынсыз жинауға, лақтыру аймағын кесіп жүгіруге, бір-біріне снарядтарды лақтыруға, лақтыру траекториясын рұқсатсыз өзгертуге, қауіпті іс-әрекеттер жасауға болмайды.

Биік отырғыш үстінде орындалатын тепе-теңдік жаттығулары:

Қажетті уақытта қауіпсіздік шараларын сақтау.

Күш қасиеттерін дамытуға арналған жаттығулар тәрбиеленушілердің мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескеріп, жеке өткізіледі. Балалардың дене жүктемесін мұқият қадағалау қажет. Акробатикалық жаттығулар балалардың денсаулығына зиянын тигізбейтіндей бірқалып-

ты қимылмен тәрбиеленушілердің жеке мүмкіндіктер

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!