Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөйлеу тілін ойын арқылы дамыту»
Материал туралы қысқаша түсінік
Жұмыс барысында жалпы сөйлеу тілінің дамымауы бар логопедиялық дайындық тобындағы балалардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, дидактикалық ойындар арқылы сөйлеу белсенділігін ынталандыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
12 Қараша 2022
2479
10 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың
сөйлеу тілін ойын арқылы дамыту
Қазіргі таңдағы елімізде жалпы сөйлеу тілі дамымаған, түрлі тіл
кемістігі бар балалардың саны жылдан-жылға
өсіп келеді. Жалпы
мәліметтерге сүйенетін болсақ,соның ішінде сөйлеу тілі бұзылған
балалардың саны көп екендігі байқалады.
Мектепке дейінгі кезеңде бала тілі арқылы өзінің маңызды деген
уақиғаларды баяндайды, өзінің алған әсерлерімен бөліседі, адамдармен
тең дәрежеде қарым-қатынас жасауды үйренеді. Тіл- қарым-қатынас құралы.
Ата-анасына, жақын туыстарына еліктеу арқылы баланың табиғи қарымқатынас жасау процесі өзгереді.
Алайда өз жасының ерекшелігіне сәйкес 5 жастағы логопедиялық
топтағы балалардың сөздік қоры өте аз, байланыстырып сөйлеу тілі
дамымағандығын, суретке қарап әңгімелеу,зейіндерінің төмен екендігін
байқадым.
Жоғарыда аталған бір қатар мәселелердің шешімін дидактикалық,
сюжеттік ойындар арқылы дамыту жолдарын қарастырдым.Балабақшадағы
өтпелі тақырыптарға сәйкес дидактикалық ойындармен, суреттерді
қолдану барысында балалар суретке қарап тез еске түсіріп, сонымен
сөздерін еске түсіреді. Суреттерге қарап атауларын жылдам жаттауға
тырысады. Бұл жаттығулар сөйлеу тілінің дамымауы бар балалардың
ақыл-ойының және сөйлеу тілінің жетілуіне әкеледі, жалпы даму барысы
артады. Балаларда сөйлеу тілі жоғарылайды, нақтылық, дәлдік күшейеді,
байланыстырып сөйлеу дағдылары жетіледі. Сабақта тек ойындармен ғана
шектелмеуіміз керек, жұмыс барысы тиімді болу үшін сөздік ойындарды
да пайдалану керек. Сонда ғана баланың тілі дұрыс және жеткілікті
дамиды.
Аталған қарама-қайшылықтар менің тәжірибемнің мәселелерін
қалыптастыруға мүмкіндік берді –жалпы сөйлеу
тілі
дамымаған
балалардың сөйлеу тілін ойын арқылы дамыту.
Нысан- логопедиялық топ "Күншуақ".
Пән ретінде-ертегі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу әдісі ретінде.
Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөйлеу тілін ойын арқылы
дамыту жұмыстары заманауи теориялық базаға сүйене отырып түзету
жұмыстарын негізгі бағыттарын жоспарлауға мүмкіндік береді.
Тәжірибенің жетекші педагогикалық идеясы-жұмыс жүйесін құру жалпы
сөйлеу тілі дамымауының барлық деңгейлері бар балаларды дидактикалық
ойындар арқылы түзету бойынша мүмкіндік беретін заманауи логопедиялық
әдістерді қолдану;дидактикалық ойындардағы
тапсырмалар
арқылы
балаларға логопедтік ырғақ элементтерін үйрету, осы тапсырмалардың
көмегімен сөйлеу тілі дамымаған балалардың дыбыс шығару үдерісінің
бұзылуын жөндеу; сөйлеудің, фонематикалық бұзушылықтың лексикалық –
грамматикалық жағын дамыту. Балалармен түзету-дамытуда қолданылатын
әдіс-тәсілдердің тиімділігін арттыру болып табылады.
Сонымен қатар жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалармен арнайы
түзету жұмыстарын
жиелі жүргізу логопед –маманымен, топтағы
тәрбиешілердің , ата-аналардың тығыз байланысы ең маңызды рөл
атқарады. Осы аталған үштік бірігіп бір бағыттта тығыз қарым-қатынаста
жиелі жұмыстарды жасаса ғана нақты нәтижеге қол жеткізіледі.
Мақсаты: балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып түрлі
әдіс-тәсілдерді, ойындарды қолдану арқылы жалпы сөйлеу тілін дамыту.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін, келесі міндеттері тұжырымдалды:
Дұрыс сөйлеудің негізгі қағидаларын қалыптастыру, дұрыс тыныс
алуға үйрету;
Сөздік қорын молайту барысында, суретке қарап әңгімелеу,
дидактикалық ойындар арқылы зейіндерін, көзбен көріп сақтау
қабілеттерін, ойлау қабілеттерін дамыту,
Түзету әдіс-тәсілдерін қолдана отырып ауыз қуысының жұмысын
жақсарту
Артикуляциялық жаттығуларды жүйелі түрде орындау.
Ойын қызметі негізінде , балалардың дыбыстарды анық айту
қабілеттерін арттыру, ұсақ моторикаларын дамыту;
Білуге деген құштарлыққа, белсенділікке, өзін тұлға ретінде сезінуге
тәрбиелеу.
Баланың сөзі сыртқы ортамен байланыста үш түрлі қызмет атқарады:
қатынастық, танымдық реттеушілік. Қатынастық қызмет-тым кішкентай кезі:
1 жастағы баланың былдырлауынан туындайтын баланың бірінші сөзі
дәл осы қызметті атқарады. Айналасындағы адамдармен қарым-қатынас
жасау қажеттілігі баланың сөйлеуін одан әрі жетілдіруге ынталандыру.
Екінші жылдың аяғында бала айналасындағы адамдар анық түсінетіндей өз
тілегін, бақылауын сөзбен толық жеткізе алады, өзіне сөйлеген ересек
адамның сөзін түсінеді. Бала үш жастан аcа іштей cөйлеуді меңгере
бастайды. Дәл осы кезден сөз ол үшін тек қарым-қатынас құралы ғана
болудан қалады да, енді басқа да қызметті, ең алдымен таным қызметін
атқарады. Бала жаңа сөздерді және грамматикалық формаларды меңгере
отырып, айналадағы өмір туралы, заттар туралы, өмірдің шындық
құбылыстары мен олардың қарым-қатынасы туралы түсінігін кеңейтеді.
Сөйлеу тілі дамымауы бар балаларды дұрыс оқыту өте қиын жұмыс.
Сондықтан әртүрлі әдістері мен шығармашылық жұмыстарының тиімділігі
көріністе болады. Сөйлеу белсенділігін ынталандыру туралы айтып кететін
болсақ, өздік жұмыстың бір түрі сөздік ойлау әрекеті, сонымен қатар
балаларды тәрбиелеу мен оқыту барысында болады. Логопедтің негізгі
міндеттерінің бірі- баланы ойындар арқылы дамыту,ойындарды кең
пайдалану және оған басшылық жасау, тәрбиелік мәні бар ойындар
ұйымдастыру.
Сөйлеу интелектуалды ақыл-ой қызметіне айналады. Балаларды
байланыстырып сөйлеуге үйретуде мынандай мәселеге баса назар
аударылады: сурет бойынша әңгіме құрастыруда өз ойын жүйесін анық,
түсінікті жеткізе білуге үйретіледі; логикалық тапсырмаларды орындағанда
баланың байланысып сөйлеуіне баса назар аудару қажет; оқылған
шығарманың
мазмұнын өз түсінігі бойынша ауызша баяндай білуге
төселдіру керек. Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың зейіні тұрақсыз,
импульсивті болғанымен, қабылдау, есте сақтау мүмкіндіктері жақсы
дамыған. Баланың сөйлеу әрекетін дамыту, ең алдымен оқыту үрдісінде
тілдің лексикалық, грамматикалық білім нормаларын игеруге байланысты
болса, екіншіден сөйлеу икемділігі мен дағдылары сөйлеу әрекетінің оқу,
тыңдау, айту, жазумен байланысты болады. Сондықтанда қатысымдық
икемділікпен дағды және қарым-қатынастың түрткісінде мақсат-міндеттеріне
орай жүргізіліп, екінші жағынан әлеуметтік нормалар, яғни тіл мәдениетінің
негізінде ұйымдастыру болып табылады.
Сөйлеу потологиясы жоқ
балаларда сөйлеу белсенділігін ынталандыру біртіндеп ойлау арқылы,
әрекет пен қарым-қатынаста дамиды. Алғашқы балалық шақ кезеңінде
ересектермен байланысты эмоционалды қарым-қатынас басым болады,
болашақта сөйлеу белсенділігін ынталандыру негізі қалыптасады. Түсіну
барысында ең алдымен балалардың белсенді сөйлеу тілі дами бастайды.
Психологтардың пайымдауынша, сөйлеу белсенділігін ынталандыру
тілдік және ақыл-ой тәрбиесі байланысты болады. Мектеп жасына дейінгі
балалардың көпшілігі байланыстырып сөйлеуді дамытуда
біраз
қиындықтарға кездеседі, мұның өзі тілдік жүйенің негізгі компонеттерінің
жете дамуымен байланысты. «Баланы бір бес сөзге үйрету үшін, ол өте ұзақ
және бекерге қиналады, бірақ сондай жиырма сөзді суретпен қосып
көрсетсеңіз, ол жылдам, тез қағып алады » K.Д. Ушинский.
Дидактикалық ойындар балалардың білімін кеңейтіп, сөздік қорын
молайтады, сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді
дұрыс (сурет бойынша)
құрастыруға, қажетті сөздерді дұрыс тауып қоюға, кішігірім әңгіме айтуға
жаттығады. Ойын тәртібін балаға түсіндіріп, үйретіп, көрcетемін. Сонымен
қатар бұрынғы
ойнаған ойындарын
есстеріне
түсіреді. Белгілі
суретшілердің туындыларын балаларға cуретті кітапшалар, мерекелерге
дайындық, түрлі ойын-cауықтар өткізу де балалардың тілін дамытуға
септігін тигізеді. Балалар түрлі әдеби –музыкалық ойындар өткізу олардың
әдеби тілде сөйлеуін машығын қалыптастыру үшін қажет. Балаларға
қазақша сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді қайталағанда сөйлеу екпінінің
дикциясын, яғни сөзге буынға екпінді дұрыс түсінуге үйретеді. Топта
балалармен рөлге бөліп ойнататын ойындар (ертегі кейіпкерлерінің рөлін
сомдау, сюжеттік рөлді ойындарды ойнау) баланың ойын өз бетінше
тұжырымдап айтуына көмектеседі. Сөздік қорын дамытуда (сурет бойынша
немесе көрсетілген заттың,оның бөлшектерінің атауы, бір сөзбен
атауы,мамандықтар, заттың сынын білдіретін сөздер, зат есімге сын есімді
табуы, етістікті пайдалануы, «не істейді?»)балаларға ұсынылған суреттер
арқылы әңгімелеп үйрету жұмысы өз жалғасын тауып жатыр.;
Балабақша жасында көрнекілік -бейнелік есте сақтау және есту,
суретін көру арқылы баланың есінде нақты қалады.
Мысалы: балапан арқылы –сары түс,тышқан арқылы-сұр түс,шырша
арқылы –жасыл түс есте сақталады.
Әңгіме мазмұны көбіне бірдей болатын. Айырмашылығы тек сөйлем
санында
немесе толықтығында. Бірінші
әңгімелер тек
қана
сөз
тіркестерден тұратын: бастауыш –баяндауыш болып (мысық жатыр, басқасы
ұйықтап жатыр,қайталау сөздерден сосын кейін) сөйлем арасындағы ұзақ
үзілістерден басталады. Бастысы –бала өзі әңгіме құрамайды, алдындағы
әңгімені қайталайды. Жалығып отырған балаларға жиі ескерту беріп
сабаққа тарту керек. Ол тек 30-40 секундқа жететін. Бұндай көрнекіліктер
арқылы сабақ жүргізілуі және оның нәтиже беруі тиіс. Өйткені , бала
мектепте сурет бойынша әңгімелей алуы керек. Сурет бойынша әңгіме
құру үшін сөз байлығын кеңейту керек.
Сөйлеу тілі дамымаған балаларға сан алуан дидактикалық ойындар
мен ұсақ моториканы дамытуға арналған, құм терапиясы ойындармен
қатар іске асады, есту, тыныс алу, дауыс, дыбысқа еліктеу, түрлі
ойыншықтармен
ойнау
қабілеттерін дамытады: матрешкалармен,
пирамидалармен, шаралармен, сақиналармен, домино, лото, қуыршақтармен
ойнау, асықтар ату, есту және есте сақтау қабілетін ұштайды, назар
аударуды, шағын моториканы, қарапайым тілдік материалдар арқылы
балаларды логопед әр түрлі сөйлеу үлгілерімен таныстырады.
Дидактикалық
ойындар
қатаң
реттелген ережелермен және
әрекеттермен барлық сөйлеу тілі дамымаған балаларды тең жағдайда
қояды, тәртіпке, жинақылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Ең алдымен
логопед көмегімен, әрі қарай өздігінен балаларды ойынның қалыпты
басталуына үйретеді,ойынның дамуы мен аяқталуыда лайықты іске асуы
шарт.
Дидактикалық ойындармен қатар сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің
қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен
тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру,
түзету—тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын
балабақшада және үй жағдайында әсерлі , көңілді түрде ұйымдастыруға
болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы
көрсетіледі. Логопед балаларға қолдың ұсақ моторикасын жіңішке
сызықтарын сызу арқылы жаттықтыруды ұсынады, яғни үзік сызықтар мен
пішіндерді бастыру, қию. Бұл арқылы топтың барлығының міндеті болып
табылатын қолдарын жазуға бейімдеп қана қоймай , сонымен бірге ұсақ
моторика артикуляциялық апараттардың өзара байланысы, яғни логопедтік
түзету жұмысы іске асырылады.
Дидактикалық ойындарда педагогикалық мақсаты- балалардың дұрыс
сөйлеуін қалыптастыру, бір уақытта оларға белгілі білім көлемін дарытып,
сөздік қорларын байытады, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын
жандандырады, танымдық психикалық үдерістер белсенді бола түседі.
Баланың тілінің дамуын қалай қалыптастыру, оны көп сөзді
палитраға толтыру, әдемі , сөздер. Балаға сөйлеу ритімін сезінуге қалай
көмек беру, сөздің әуенін, естіген сөздің мазмұнына пайымдау? Баланы
эмоционалды-сезіну жүйесінің дамуына қалай бағыт беру, коммуникативті
сөйлеуге көмек беру. Бұл сұрақтардың барлығына мен жауапты
дидактикалық ойындарды, сюжеттік рөлдерді, картатекаларды қолданудан
таптым. Баламен жұмыс жасаған кезде ең маңызды орынды дидактикалық
материалдарды қолдандым.
Мен өзімнің
тәжірибе барысында қолданылған
заманауи
логопедиялық технологиялар логопедиялық практикамда өз нәтижесін
көрсетті. Мен бұл тәжірибемді « Ақмола облысы ББ Степногорск қаласы
бойынша білім бөлімі жанындағы Степногорск қаласының «Айгөлек» №1
балабақшасы » МКҚК Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск
қаласы бойынша білім бөлімі «Айгөлек» №1 балабақшасы » мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорнының логопедиялық
тобындағы 5-6
жастағы 5 бала қатысты. Топтағы балалардың жас ерекшеліктері
психологиясын,
даму деңгейлерін,өзіндік ерекшеліктерін
әлеуметтік
жағдайларын есепке ала отырып, Жалпыға міндетті білім беру стандартын,
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік бағдарламасына сүйеніп
жүзеге асырдым. Осы тәжірибені жүзеге асыру үшін арнайы жоспары
құрастырылды. Топтағы балалардың жалпы берілген білімді игеру деңгейін
арнайы бақылап диагностика жасадым. Бала тіліндегі кемшіліктерді түзету
барысында әр балаға арнайы перспективалық жоспар құрылды.
Логопедиялық қорытынды бойынша зерттеу жұмысына қатысқан топтағы
барлық балаларда жалпы сөйлеу тілінің дамымауының ІІІ деңгейі болды .
Зерттеу жұмысы 3 кезеңнен тұрды:
1. Анықтаушы кезең:
2. Қалыптастырушы кезең:
3 Қорытынды кезеңі :
Анықтаушы кезеңнің алғашқы диагностикалық кезеңінде арнайы
әдістемелік әдебиеттерді талдау негізінде О.Е.Грибова ұсынған сөйлеу тілін
тексерудің диагностикалық әдістемелері, бағалау көрсеткіштері алынды.
Нақты,«Логопедиялық тексеруді ұйымдастыру технологиясы. Әдістемелік
құрал» атты еңбегінде берілген «Диагностикалық кезең» тарауында
көрсетілген әдісті қолдандым.
Диагностикалық тексеру барысында балалардың
медициналық
картасымен таныстым, ата –анасымен баланың жалпы және сөйлеу тілі
дамуы туралы сұхбат жүргіздім. Сөйлеу тілі дамуының тексеру
жұмыстары келесі
жұмыстарды қамтиды:Төмен деңгей көрсеткен
балалар,суреттерді көрсеткенде қателер жіберді. Әр нәрсенің құрылыстарын
ажырата алмады. Берілген суреттердегі бейнелерді шатастырды.
Орташа деңгей көрсеткен балалар, берілген суреттерді дұрыс айтты,
оларды ажырата алды, бірақ жалпы берілген сөздерді суретте берілгенді атай
алмады. Түстерді дұрыс берілген бейнелер бойынша ажырата алды.
Сонымен қатар зерттеуді анықтау кезеңінде тапсырмаларды орындау
кезінде қиындықтар туындады. Әдістеменің талаптарына жатпайтын басқа ісәрекеттерде орын алды. Мысалы, С бала жұмыс орнынан тұрып, оқу
бөлмесін аралап жүрді. Ал Б- бала қасында отырған көршісіне кедергі
жасады. Балалар әр нәрсенің құрылыстарын ажырата алмады. Берілген
суреттердегі бейнелерді шатастырып айтты. Суреттерді жалпылап атай
алмауда қиындықтар кездесті, А- бала суреттерді ажырата алды, бірақ
суретке қарап әңгіме құрастыруда, әңгімелеуде қосымша көмек қажет
болды. Қалған екі балада тасырмаларды орындау барысында көмек қажет
болды.Оларға тапсырмалар қайта түсіндірілді. Тапсырмаларды орындау
барысында балалардың әрекеттері мен қылықтарын бақылау, олардың
ауызша берілген нұсқауларға зейін қоймайтынын да айта кеткен жөн.
Анықтау тәжірибесі кезінде орын алған келеңсіз жағдайлар балалардың
сөйлеу тілінің дамымауының сөздік қорының төмендігімен түсіндіруге
болады.

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)