Материалдар / ЖАЛПЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ МОТИВАЦИЯЛЫҚ СФЕРАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЖАЛПЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ МОТИВАЦИЯЛЫҚ СФЕРАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
материал ерекше білімді қажет ететін мектеп алды даярлық сыныбындағы оқушыларды мотивациялық қолдау. Сынап жетекшілерге, психологтарға, әлеуметтік педагогтар мен дефектолог логопедтерге арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Наурыз 2021
583
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАЛПЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ МОТИВАЦИЯЛЫҚ СФЕРАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


ОСОБЕННОСТИ МОТИВАЦИОННОЙ СФЕРЫ ДЕТЕЙ С ОБЩИМ НЕДОРАЗВИТИЕМ РЕЧИ


FEATURES OF MOTIVATIONAL SPHERE OF CHILDREN WITH GENERAL EXCALATION OF SPEECH


Саурықова Б – Алматы облысы білім басқармасы, Қарасай ауданының білім бөлімінің «М.Әуезов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дефектолог-логопед мұғалімі.


Мақалада жалпы сөйлеу тілі дамымаған мектеп жасына дейінгі балалардың мотивациясының ерекшеліктерінің теориялық негіздері қарастырылған. Сонымен қатар, эмоционалды – ерік сферасының даму деңгейі балалардың мотивациясына ықпал ететіні туралы зерттеулерге талдау жасалынған. өзін-өзі ұғынудың уақытын, механизмін және даму шарттарын анықтау мәселелері талданған.

Түйін сөздер: жалпы сөйлеу тілі зақымдалған балалар, мотивация ерекшеліктері, эмоционалды-ерік сферасы.


Мотивация әрқашанда тұлға мотивациясы болып, оған форма беріп, бәрін дерлік басқарып, тіпті адам өзінің мотивациясын басқара алмаған жағдайда біз оның себебін тұлға бойынан табамыз

Д.А. Леонтьев


Егер балада белгілі қажеттілік болмаса, оны оқыту мүмкін емес. Түрлі сөйлеу тілінің паталогиясы бар балаларды зерттеген ғалымдар осы фактіге басты назар аударып, бірақ оған түрлі атаулар берген: «сөйлеуді қалауы»(М.Е.Хватцев, 1959), «ерік пен сана» (М.Земан, 1962), «мықты стимул» (М.А. Пискунов, 1962), «ересектермен қарым-қатынас жасаудағы белсенлілік» (Г.Л. Розенгард-Пунко, 1963), «қызығушылық», «кемістікті жеңуге талпыну» (Г.И. Семенчук т.б, 1977) т.с.с

Сонымен, «қажеттілік» пен «мотив» терминдерінің логопедиялық еңбектерде болмауы психологиялық ғылымның аталмыш даму кезеңіндегі мотивация терминологиясының жағдайына сәйкес келді.

Логопедиядағы қажеттілік және мотив феномендерінің психологиялық трактовкасында біздің ойымызша, Р.Е.Левинаның еңбектері сәйкес келді. Оның ғылыми еңбектері логопсихологияда ғылыми тұрғысынан әлі де іске асырыла қойған жоқ. Өткен ғасырдың 40-50 жылдары Роза Евгеньевна сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларды оқыту барысында дифференциалды ықпал ету қағидаларын ашумен айналысқан. 1951 жылы ол «Сөйлемейтін балаларды (алалия) зерттеу нәтижесі» атты еңбегінде алғаш логопедияда алалик балалардың сөйлеу тілдік және психикалық жетіспеушіліктерін жүйелі түрде талдап, фонематикалық, көріп қабылдаудың мотивациялық үрдістердің (психикалық белсенділік), кеңістіктік түсініктеріндегі ауытқушылықтардың көп болатындығын айтқан. Сонымен, 1951 жылы Р.Е Левина алғаш балалардың сөйлеу тілдік қана емес, сонымен қатар танымдық мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін айқындайтын мотивациялық үрдістер сферасындағы «біріншілік жетіспеушілігі» балалар тобын алып бөліп көрсеткен болатын. Автор «аномалия көріністерінің күрделі сипатын» бөліп көрсетіп, бұзылыстар қатарына мотивациялық бұзылыстарды да кіргізді (психикалық белсенділіктердің түрлі формадағы бұзылыстары). Ол балада белгілі қиындықтарды жеңуге бағытталған талпыныстары көп жағдайда сөйлеу тілінің дамуымен байланысты екендігін айтқан. Мысалы, бір жағдайда «белсенділік пен талпыныстың жетіспеушілігі Игорь өзінің сөйлеу тілімен қанағаттанбағанымен байланысты болса, ал екінші Толяда ол «сөйлеу тілін меңгеруге бағыттылығы әлсіз болған». Сонымен, «Сөйлемейтін балалардың жеке ерекшеліктерінің көріністері» атты бөлімде Ч. Слава есімді балаға қатысты жайт көрсетіліп, онда баланың терең сезімталдығы «ол өз ішінде жиналып, өзіне ғана түсінікті сөйлеу тілі негізінде қоршаған адамдарға деген жағымсыз қатынаспозициясын ұстанатындығы туралы айтылады. Ол өзін жасанды түрде бәрінен шектеп, бала өз-өзіне тек сөйлеу тілін ғана емес, сонымен қоса жалпы дамуын тежейтін орта қалыптастырды».

Р.Е Левина (1951) бейнелеп көрсеткендей өзге де бұзылыстармен бірге жүретін мотивациялық бұзылыстар оның ойынша, жалпы баланың даму мен сөйлеу тілін түзету үшін де үлкен «қиыншылық» туғызады екен. Балада тіпті заттық қабылдау дайындығы мен толыққанды фонетикалық қабылдау дайындығы болса да, сөйлеу тілін ары қарай меңгеруі үшін баланың танымдық белсенділігін қалыптастыратын мотивациялық бағытқа мұқтаж екен [1].

Аталмыш жұмыстың жағдайы мен қорытындысы бүгінгі күнге дейін логопедия теориясы мен практикасында ғана емес, сөйлеу тілдік кемістік құрылымындағы мотивациялық үрдістердің ролін түсіну үшін маңызды болып келеді.

Кейін, сөйлеу тілі бұзылыстарының психологиялық-педагогикалық топтастырылуын ашуда, Р.Е. Левина сөйлеу тілі әрекетінің бұзылысы баланың аффективті-жігер сферасының түрлі формаларын біріктіреді деген қорытындығы келген. Бір жағдайларда бірінші жағдайларда - сөйлеу тілдік әрекетінің мотивациясының төмендеуі байқалса, ал өзгелерінде бала бойындағы коммуникативті қиыншылықтар, стресті жағдайлармен байланысты басқару үрдістерінің бұзылыстары байқалады (мысалы, тұтықпа).

Кей жағдайларда басқару немесе мотивациялық ауытқушылықтар сөйлеу тілдік құралдардың жетіспеушілігімен сәйкес жүріп, ал кей жағдайларда оларды негіздейді. Р.Е Левина бойынша, бұл жағдайларда педагогикалық жағдайға мұқтаж ерекше топтарды бөліп көрсеткен жөн. Ол баланы оқыту жұмысының барысында логопед балада сөйлеуге деген қалаушылық пен мотивтің болуын қадағалау керектігін айтады.

Осы уақыттан бастап, «мотив» пен «мотивация» термині логопедияның теориясы мен тәжірибесінде қолданыла бастады.

Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалардың психикалық даму ерекшеліктеріне арналған кейіңгі әдеби дерек көздерін талдау барысы аталмыш балалардың мотивациялық сферасын зерттеуге арналған арнайы зерттеу жұмыстарының тапшылығын көрсетті. Авторлар көп жағдайда тек қана сөйлеу тілі паталогиясының әр түрлі түрлері бар балаларда мотивациялық бұзылыстардың болатындығы туралы фактіні ғана алға тартады. (Е.С. Алмазова, 1973) жұтқыншақтың ауыр дәрежедегі бұзылыстары бар балаларда сөйлеу тілдік әрекетке деген мотивацияның төмен болатындығын айтқан. Бұл олардың даму барысындағы әлеуметтік-педагогикалық факторларына, яғни ұзақ мерзім бойында аурухана қабырғасында болуына да байланысты келіп, балалар белсенді , түрлі әрекеттерден шектеулі болады (әсіресе ойын әрекеті). Сонымен қатар, балаларда сөйлеу тілдік мотивация дауыстың болмауы мен трахсотомистикалық түтікшені киіп жүру себебінен қарым-қатынасқа түсудің қиыншылығымен де байланысты келеді. Жұтқыншақ ауытқушылықтары бар балалардың психикалық және физикалық дамуындағы тежелушілік , олардың сөйлеу тілдік әрекетінің мотивациясының төмен болуы сөйлеу тілдік дауысының тежелуіне де әкеледі. Аталмыш факторлар балалар көп жағдайларда сөйлеу тіліне жүгінбей, ымдап, қимылмен жауап беріп, ал мектеп жағдайында көп жағдайда жазбаша жауап беретіндігін көрсетті.

Е.С. Алмазова эмоциональді ерік сферасының бұзылыстар бар балалардың 3 тобын бөліп көрсетіп, ал бөлу критерийі негізіне баланың логопедиялық сабақтарға, өзінің жағдайына деген қатынасты алға тартқан.

1 топ. Бұл балалар физикалық тұрғыда ауырғаннан шаршаған, өздерінің денсаулығына үмітсіз қарап, сауығып кету мен дауысын қалпына келтіру туралы жігерлері жоқ болып табылады. Балалар ашушаң, аффектілі жағжайларға, жылау мен қыңжылуға бейім. Әрекеттері тұрақсыз, қарым-қатынас орнатуы қиын, контакт барысы көп жағдайда сыртқы, ресми келеді.

2-топ. Аталмыш балаларды ауру да, дауыстың жоқтығы да шаршатпайды. Олар өз денсаулықтарына салбырт қарап, оларда дауысты қалпына келтіру мен жазылу талпыныстары жоқ. Олар өздеріне сыни қарап, қатынасқа жеңіл түсіп, жылы жанды, көңіл күйі тұрақты келеді. Аталмыш топтағы балалардың сипаты мен әрекет ерекшеліктері дауыс бұзылысының аз мерзімдігімен түсіндіріледі (мектеп жасына дейіңгі кезең)

3-топ. Бұл топқа психологиялық-педагогикалық тексеру барысында эмоциональды сферасынан айтарлықтай ауытқушылықтары байқалмаған балалар кіреді. Балалар қарым-қатынасқа жеңіл түсіп, өзінің дауысын қалпына келтіру мен түзетуге деген талпынысы зор және логопедиялық сабақтарға қызығушылықпен қарайтын балалар жатады [2].

Г.И. Семенчук (1977) және өзге де ғалымдар ринолалиясы бар балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру үшін баланың өз бойындағы кемістікке деген қатынасын өзгерту керектігін пайымдаған [3]. А. Г. Ипполитова (1973) әдебиеттердегі және өзінің бақылау жүргізген катамнестикалық мәліметтерін талдай отырып, ринолалиясы бар басым балалар кемістікті айтарлықтай түзету мен оқуға деген қызығушылық танытатындығын айтқан [4].

Сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөйлеу тілі мен әрекетін зерттеуге арналған арнайы әдеби көздерінің зерттеулерінен (Р.Е. Левина, Л.В. Мелехова, Н.Н. Трауготт) мотивациялық сфераға қатысты бұзылыстарды жатқызуға болатын кейбір ерекшеліктер белгілі. Авторлардың бақылауларын талдай отырып, В.К Ворбьева (1980) «сөйлеу тілдік жағымсыздық (негативизм)» және «әрекеттік» деп аталатын қалыптаспаған әрекеттің мотивациялық екі түрін бөліп көрсетеді. Біріншісі, алалиясы бар бала өзінің жолдастарымен және ересектермен қарым-қатынасқа түсуден бас тартса,екінші жағдайда «сөйлеу тілдік жағымсыздық» туындатып, қимыл, ымдап сөйлеу сияқты паралингвистикалық құрал деңгейінде қатынастың сөйлеу тілдік формаларынан бас тартады.

В.К. Воробьеваның сөйлейтін кіші сынып оқушыларына жүргізген зерттеу жұмыстары (1980) аталмыш контингенттегі балалардың басым бөлігінің басты әрекеті – ойын әрекеті болып табылады. Сөйлеу тілі көп жағдайларда ол баланың практикалық әрекетіне аккомпанемент ретінде болған жағдайда белсенді болады. Автор оқыту және сөйлеу тілдік әрекеттің әдістемесін шығару қажеттілігі мен арнайы бағытталған мотивтерді қалыптастыру міндетерін бөліп көрсетеді. Ол өз барысында бастапқы негізінде әрекеттің мотивациялық негіздерін дамыту кезеңдері бойынша кезеңдік жұмыс жүйесін қамтиды [5].

Ж.М. Глозман (1987, 2002) ересектердегі аффазиялық бұзылыстарды сөйлеу тілдік ауытқушылықтары ретінде қарастырып, ол мотивті тудырудың негізі бола отырып, мотивке әрекет жағжайының жылжуы орын алады. Мағына тудырушы мотивтердің иерархиясының өзгерісі зерттеушінің пайымдауынша қолда бар, жағымды, жағымсыз эффектіге ие болады екен. Жағымдылығы науқас мақсатты бағытталған әрекетке тұрақты мотивтендіріліп, жағымсыз эффект сөйлеу тілі әрекеті мен мотивтердің операциялық-техникалық мүмкіндіктері арасындағы қайшылықтармен байланысты болады. Науқас тұлға (аз және көп дәрежеде) осы қарама-қайшылықтарды саналы түрде түсініп, бірақ өз бетінше жалпы өмір мақсаттарына орай оларды өз бетінше шеше алмайтын болып келеді. Нәтижесінде психологиялық қорғаныс механизмдері қалыптасып, «сөйлеу тілінің қорқыныштары» феномені ретінде көрініс табатын қарым-қатынас әрекетінің бұзылыстарын жасыру құралдары «табалдырық шеңбері» ретіндегі паталогиялық механизмнің туындауына әкеледі (1987, 93 б). Ж.М. Глозман атап өткен афазиясы бар науқастардың әрекеттік реакциялары Ю.Б. Некрасов (1992) пен Н.Л. Карпова (1997) көрсеткендей, тұтықпамен зардап шегетін ересек адамдар үшін де тән екен. Авторлар мотивацияның бұзылыстары қарым-қатынас бұзылысын анықтаушы болып табылады деген екен. Біздің ойымызша, мағына тудырушы мотивтердің иерархиясының өзгеруі ересектердегі сөйлеу тілі әрекетіне орай жүреді және ол өмір құндылықтары шкаласында өз орнын әлдеқайда тауып қойды. Балаларда мотивацияның қалыптасуының басқа жолы болады [6].

Е.Н. Винарская (1987) алалиясы бар балалардың коммуникативті –танымдық дамуын зерттей отырып (Р.Е. Левина бойынша ЖСТД 2-деңг), аталмыш балалардың жалпы коммуникативті-танымдық әрекеттері зардап шекпей, тек олардың операциялық – техникалық құралдары зардап шегеді.

Сонымен, талданылған зерттеу жұмыстарын қарастыра келе сөйлеу тілінің паталогиясы бар балалардың, соның ішінде мектеп жасына дейіңгі балалардың мотивация мәселесі жеткіліксіз зерттелінген деп айта аламыз. Сонымен, қатар логопеедиялық көмек алу барысындағы мотивацияс мәселесіне қатысты деректер де аз. Ауытқушылықтың психологиялық құрылымындағы мотивация мәселелері де маңызды болып отыр. Ал, аталмыш ауытқушылықтарды ескермеу, түзетушілік жұмыстың нәтижелі емес әдістері мен тәсілдерін қолдануға әкеледі. Сондықтан, зерттелініп отырған мәселені жіті қарастыру логопсихология мен логопедиялық жұмыстың теориясы мен қатар практикасының да ары қарай оңтайлы дамуына ықпал етеді.

Түйін сөздер: жалпы сөйлеу тілі зақымдалған балалар, мотивация ерекшеліктері, эмоционалды-ерік сферасы.

Мақалада жалпы сөйлеу тілі дамымаған мектеп жасына дейінгі балалардың мотивациясының ерекшеліктерінің теориялық негіздері қарастырылған. Сонымен қатар, эмоционалды – ерік сферасының даму деңгейі балалардың мотивациясына ықпал ететіні туралы зерттеулерге талдау жасалынған. өзін-өзі ұғынудың уақытын, механизмін және даму шарттарын анықтау мәселелері талданған.



  1. Основы теории и практики логопедии / Под ред. Р.Е. Левиной. - М.: Просвещение, 1967

  2. Алмазова Е.С. Логопедическая работа по восстановлению голоса у детей. - М., Просвещение, 1973.

  3. Семенчук Г.И., Вакуленко В.И., Деребалюк Л.Я. Нарушения слуха и речи при врожденных незаращениях неба. Киев, Здоровье, 1977.

  4. Ипполитова А.Г. Открытая ринолалия. М., Просвещение,1983.

  5. Воробьева В.К. О роли мотивации в порождении связного высказывания // Тезисы докладов YI Всесоюзных педагогических чтений. -М., 1982, с.146-147.

  6. Глозман Ж.М. Общение и здоровье личности. М, Academia, 2002



Реферат:

ОСОБЕННОСТИ МОТИВАЦИОННОЙ СФЕРЫ ДЕТЕЙ С ОБЩИМ НЕДОРАЗВИТИЕМ РЕЧИ

Саурықова Б дефектолог-логопед средней школы КГУ им. М.Ауезова аАлматинской области, Карасайского района

В данной статье рассматриваются проблемы развитие речи языка детей дошкольного возраста, основы особенностей мотивации. Кроме того, эмоциональное развитие сектора будет способствовать уровень детской мотивации анализирует исследования по этому вопросу, механизм самопонимания времени и проанализированы с целью определения условий развития.

Ключевые слова: общий язык поврежденных детей, сфера воли особенностей эмоциональной мотивации.


Sauryкova B – teacher defectologist speech therapist Department of Educatio of Almaty region, department of Edukation of Karasay district, school by name of M.Аuezov

FEATURES OF MOTIVATIONAL SPHERE OF CHILDREN WITH GENERAL EXCALATION OF SPEECH

Summary

This article discusses the problem of language development of preschool children the language, the basics features of motivation. In addition, the emotional development of the sector will contribute to the children's level of motivation examines research on the subject, self-understanding, the mechanism and analyzed in order to determine the conditions of development.
Keywords: common language of damaged children, the scope of the will of the features of emotional motivation.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!