жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жаманнан жирен, Жақсыдан үйрен
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылы
И.Әбдікәрімов атындағы №168 орта мектеп.
Математика пәнінің мұғалімі: Сералиева Райхан Ерқазықызы
Тақырыбы: «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен».
Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, оларды ішімдік, темекі, есірткі сияқты қоғамның кері келтіретін құбылыстары жөнінде мәлімет береотырып, олардан бойын аулақтату.
Әдісі:Сұрақ-жауап, әңгімелеу, сахналық көрініс, анкеталық сұрақтар.
Сабақтыңбарысы:
Мұғалім:Сәлеметсіздерме! Сіздермен, шын жүректен тәрбие сағатын бастауға қуаныштымын. Адамның өмірі тамаша, сәулетті көктем емеспе? Еліміздің әрбір адамы қалауынша өмір сүруге құқылы. Ал ендіөмір туралы, денсаулықтуралы ойланып көрейікші. Адам өмірі ғажайып нәрсе болғанымен, қасқағым сәтте үзіледі. Сол жіпті үзетіндер наша, темекі, арақ. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адамденсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялқ жағдайлар және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер жатады.
Осы жағдайлар ішінде бізге түсінбеушілік тудыратын соңғысы, яғни адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер.
Бұлар қандай әрекеттер?
Бұлар: шылымқорлық, ішімдік, нашақорлықт.б. Бүгінгітәрбие сағатында біз осы зияндыәрекеттер туралы әңгіме қозғап, солардан сақтану жолдарын қарастырамыз.
Сыныпоқушылары3 топқабөлінеді.
І топ «Шылымқорлық»
Ұраны: «Темекіден түтін сорсаң улайсың, өзіңді-өзің жіпсіз байлап шырмайсың».
ІІ топ «Ішімдік»
Ұраны: «Болар бала кісілікке үйір, тозар бала ішімдік кеүйір».
ІІІ топ «Нашақорлық»
Ұраны «Есірткіге жолама, жетелейді молаға».
Мұғалім:Топтарға сөз бермес бұрын, мен жас жеткіншектердің психологиялық сауаттылығына кері әсер ететін факторлар туралы айт акетейін.
Олар: 1) Отбасындағы қолайсыз жағдай.
2) Отбасының материалдық жағдайының төмен болуы.
3) Мектептегі пәндерден үлгермеу.
4) Сабақтан тыс уақыт та ата-аналар тарапынан бақылаудың жеткіліксіз болуы.
5) Заңды бұзу.
6) Бөгдебіреудің қысым көрсетуі.
7) Теледидар бойынша көрсетілетін сапасыз жарнамалар және фильмдер.
Ешқандай ата-ана баласының тәрбиесіз, бұзақы болғанын қаламайды. Жас жеткіншек шыбық секілді иілгіш, жел қайда соқса сол жақ қақарай бейімделеді. Бірақ жаман ідетке үйрену оңай. Енді осы зиянды әрекеттер туралы әңгімежүргізейік.
І – топ «Шылымқорлық»
1-оқушы:Темекінің шығутарихы – темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тартудағы даға айналып, кең тек жайған мезгіл – Петр І патшалық еткен кез.
2-оқушы:Дүниежүзілік «Денсаулықсақтау» ұйымыныңмәліметібойынша 2007 жылы темекінің зардабынан қайтыс болатындар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Темекінің шоғы 300 градусқа жеткенде оны сорған адамның аузының температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазан қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді.
3-оқушы:Темекіденауағажылына 720 мың тонна күкіртқышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекімайы, 550 мыңтоннадайиісті газ шығады.
4-оқушы:ЕртедеТүркиядатемекітартушылардыңқұлағын, мұрнынкесіп, қолыншауыптастаған. Англиядатемекітартатындардыдарғаасқан. Ал Швецияда 2000 жылданберіжасұрпақшылымшегудібілмейді.
Мұғалім:Қазіргі кездереспубликамыздағы мектеп оқушылары арасында 13-15 жастағы оқушылардың 46 пайызы шылым шегеді. Бұл – өте өкінішті жағдай.
Топ мүшелеріне қойылатын сұрақтар:
1. Не себептен балалар темекі шегебастайды?
2. Адам күніне бір қорап темекі шегетін болса, оның өкпесіне бір жылда қанша темекі қоры жиналады?
Мұғалім: Қазіргі кезде темекіден арылғандар саны көбейе түсуде. 31 мамыр – шылымқорлықпен күресудің халықаралық күні деп белгіленген.
ІІ - топ «Ішімдік»
1-оқушы:Маскүнемдік – алкоголь ішімдіктерін үнемі қолданудан және шектен тыс үйір болудан қанға сіңіп кететін дерт. Ағзаның бір қатар қызметін бұзатын және тереңдей беретін кесел. Алкоголь ішімдіктеріне құнығу жолдары:
1. Тұрмысжағдайындағымаскүнемдік.
2. Бас жазу синдромы немесеүнеміішкісікелу.
3. Ішкенішімдікмөлшерінбақылаудыжоғалту.
2-оқушы: Алкоголь ішімдіктеріне тым үйір адамның өмір ұзақтығы – халықтың орташа өмір ұзақтығымен салыстырғанда 15-20 жас кем. Баланың миының дамуының 40-60 пайыз артта қалу себебі ата-аналарының маскүнемдігі.
3-оқушы:Қазақстанда халықтың басым көпшілігі алкоголь ішімдктерін пайдаланады, оның ішінде балалар-7 %, жасөспірімдер-37 %, жастар-54,5 %. Бұл балалар мен жас өспірімдердің ата-аналарының біреуі не екеуі де маскүнемдікке салынған жандар екені анықталған.
1-оқушы: Кәпір ғұрыпты бұзады, шарап шырықты бұзады.
2-оқушы: Әз-әзіл қоздырады, арақ тоздырады.
3-оқушы: Жол жеті түнде, арақ тал түсте адастырады.
4-оқушы: Ішпесең-малын торысың,
Ішсең-елдің зорысың
От басының сорысың.
5-оқушы: Тазда бас бар, шаш жоқ
Маскүнемде ауыз бар, бас жоқ.
6-оқушы: Арақ алдымен күлдіреді,
Күлдіріп отырып бүлдіреді.
Мұғалім:Маскүнемдікті дер кезінде тоқтатпасаң, айықпас дертке ұшырап өз өміріңе балта шабасың.
ІІІ – топ «Нашақорлық»
1-оқушы:Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есіналып, құмарлық желігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халгет үседі.
2-оқушы:Есірткінің негізгі түрлеріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана жәнет.б. жатады. Барлығы да адамағзасы мен психикасына әсер етіп зақымдайды.
3-оқушы:Біздің елімізде ресми түрде 35 мыңға жуық нашақор наркологиялық диспансерде тұр, ал тіркелмегендердің саны одан әлдеқайда көп. Қазірде Алматы қаласында нашақорлықтан емделетін диспансерлік орталықтар жұмысістейді.
4-оқушы: 2000 жылы республикамыздың есірткі бизнесі аумағында 20 мыңға жуық қылмыс тіркелген. Барлығы 30 тоннаға жуық түрлі есірткілер тәркіленген. 2002 жылдың 9 айында есірткі айналымына байланысты 14687 қылмыс тіркелді.
Мұғалім: Осы есірткі турасында дәрігер айтсын немесе заңсыз сатып алынсын мейлі, есірткі атаулының бәрі – у. Турасын айтқанда, бұл – өлімге апаратын бірден-біржол.
Слайдтан зиянды заттар туралы көріністер көру.
«Жалғасын тап» ойыны.
1. Денсаулық – зорбайлық.
2. Ауырыпем іздегенше, ауырмаудыңжолынізде.
3. Шынықсаң – шымырболасың.
4. Ауруынжасырғанөледі.
5. Арақ – атаңныңасы емес.
6. Денісаудың – жанысау.
7. Ішіңауырса,аузыңдытый.
8. Емніңалды – еңбек.
9. Жарлыныңбайлығы – денініңсаулығы.
10. Темекі – жау.
Мұғалім: Енді осы зиянды әрекеттер туралы мына анкета сұрақтарына жауап беріңдер.
Анкета
1. Зиянды әдеттердің адам денсаулығына зияндыекенін білесізбе?
А) иә
ә) жоқ
б) күмәнім бар
2. Сіззияндыәдеттергебейімсізбе?
А) жоқ
ә) көңілсізболғанда
б) иә
3. Шылымның, ішімдіктің, есірткінің денсаулыққа зиян екенін білесізбе?
А) иә
ә) көп әсері жоқ деп ойлаймын
б) білмеймін
4. Бұл заттарды сатуға тыйым салу жастардың қызығушылығын азайтады дегенге сенесізбе?
А) иә
ә) жоқ
б) ішінара
5. Зиянды әдеттер туралы мағлұматтарды қайдан аласыз?
А) Ақпарат құралдарынан
ә) жолдастарымнан
б) ата-анамнан
«Денсаулыққа байланысты» өлең жолдарын сұрап өту.
1-оқушы:
Денсаулық ол-шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол-тыныққан
Жүйке тамыржүйесі.
2-оқушы:
Денсаулық ол-күлуің
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық ол-жүруің
Ешбір жерің ауырмай.
3-оқушы:
Ұрпақ керек ертеңгі
Болашақты болжайтын!
Дені таза, тәні таза,
Елін, жерін қорғайтын.
4-оқушы:
Есірткі жойылсын,
Ішімдік құрысын:
Дені сау ұрпақтың
Ұрпағы көбейсін!
5-оқушы:
Мәдение төркендеп,
Табиғат көркейіп,
Қазақтың сымбатты
Ұл-қызы көбейсін!
«Денсаулық»сөзінің әрбір әрпіне салауатты өмір салтын ашатын, сипаттайтын сөздермен, сөз тіркес терімен, сөйлемдер мен өрнектейік.
Д – демалу
Е – еңбектену
Н – нашақорлыққажоламау
С – салауатты болу
А – алғырлық
У – уайымсыз өмір
Л – лайықты өмір
Ы – ынта
Қ – қозғалыс
Қорытынды.
Мұғалім:Ыбырай Алтынсарин: «Көңіліңді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста».Олай болса, балалар, бойға желік бітіріп тек жамандыққабастайтын ащы судан арылайық! Ішімдіктің, темекінің, есірткінің зардаптарынан болатын өзгерістер дің ішіндегіең елеулілері – адамның ақыл-ойы мен санамыздың бұзылуынан сақтанайық, жасұрпақ!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген