Жамбыл Жабаев
Сабақтың мақсаты: білімділік – а) айтыскер ақын Жамбылдың өмір жолы, айтыс ақыны ретінде танылуы, айтыстарындағы сол кездегі әлеуметтік мәселенің көтерілуі,ә)Жамбылдың айтыстағы ақындық шебері туралы мағлұмат беру: дамытушылық – а)оқушылардың әдеби дүниетанымын кеңейту, ақын туралы қосымша деректер келтіру арқылы пәнге қызығушылығын арттыру, ә) өзіндік пікір айтудағдыларын дамыту: тәрбилік – ақын бойындағы ізгі қасиеттердан үлгі алуға, адаиның жан дүниесін тани білуге, көркем әдебиетті сүйіп оқуға, өлеңді талдату арқылы елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі; жаңа сабақ
Сабақ әдісі: баяндау, мәнерлеп оқу,сұрақ – жауап, салыстыру, әңгімелесу, талдау, ізденуі зерттеу.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірме қағаздар, тест тапсырмасы, ақын өмірі туралы буклет,тірек сызбалар, нақыл сөздер, фотослайдтар, көркем әдебиеттер.
Пәнаралық байланыс: тіл, халықтық педагогика, тарих.
Сабақтың барысы.
I Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық жүргізіледі.
Сынып үш топқа бөлінген. Әр топ жетекшісі өз топтарының сабаққа әзірлігін тексеріп шығады.
Сабақ тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
II. Үй тапсырмасы тексеріледі.
III. Ой ашар.
Жаңа сабаққа әзірлік.
-
Жамбылдың “Зілді бұйрық” өлеңі мәнерлеп жатқа оқылады Өлеңнің мазмұны 1916 жылғы Ұлт азаттық күреске байланысты жазылғандығы туралы айтылады.
-
Айтыс өнері, оның даму кезеңі, айтыс ақындары, Жамбылдың айтыстары туралы ойлары ортаға салынады.
IV. Мағынаны тану.
Жаңа сабақ.
Тақтада ілінген көрнекіліктер арқылы сабақ түсіндіріледі.
-
Өмірі туралы мәлімет. Халықтың мұң – мүддесін қорғаған,қазақ халқының бақытты болашағын армандаған, бұқарашыл бағыттағыАбай, Махамбет, Сүйінбай, Шернияз секілді ақындар мектебінің ірі өкілдерінің бірі – жыр алыбы Жамбыл.
Жамбыл өмірімен де,шығармашылығымен екі ғасырды молынан тұтастыра қаусырып жатқан ұлы тұлға!
Қазақ халық поззиясының әйгілі тұлғасы 1846 жылы ақпан айында Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген...
-
Шығармашылығы. Оқушы Қарабалаева: Жамбыл шығармашылығының төрт топқа бөліп қарауға болады. Өзі кедейлікті көп көрген ақын алдымен байларды, халықтың жете алмаған байлықты сынайды. Ондай көріністер «Сәт сайланарда», «Мәңке», «Шалтабайға» т.б өлеңдерінде жиі кездеседі.
Малы көп бай жылайды қар жауғанда,
Бәрін тастар ниеті малға ауғанда.
Жерден алтын тапқандай кедейлер жүр,
Әйелі шелек толы сүт сауғанға.
Тағы бір өлең-жырлары соғыста жүрген майдангерлерге қуат беріп, ерлікке үндейді.
-
Айтыстың асқан шебері. Оқушы Баймаханова Назым: Жамбылдың даңқы алдымен айтыс өнері арқылы шыққан. Өз тұсында небір бұлбұл, небір дүлдүл ақындармен айтысып тізе бүктірген. Алғашқы айтыстары ойын-тойларда өтеді. Жамбыл жастықтың салтын сақтап, Айкүміс, Бұрым, Сара сияқты қыздармен айтысады:
Сыртың бір сұлу жан екен,
Сыпайы көзге көрінген.
Сыр мінезің бар екен,
Сөйлесуге ерінген.
Қамқа қамзол киінген,
Қас қабағың керілген.
Жамбыл Құланаян Құлмамбетпен 1881 жылы, Сарбас ақынмен 1895жылы, Досмағанбетпен 1902 жылы, Шашубаймен1909 жылы айтысады.
Жамбылдың атақ-абыройын аспандата көтерген айтысы – Құланаян Құлмамбетпен айтысы. Құлмамбет өз сөзі арқылы қарапайым халықты көнбістікке, кіріптарлыққа, бағыныштылыққа шақырып, ақындық өнерді байлықтан, барлықтан төмен қояды.
Жамбыл:
Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,
Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.
Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,
Оны мақтап әуре болмай үйіңе қайт-,дейді. Сөйтіп, Жамбыл айтыстарда аттың басын соны сонарға бұрып, елінің мәртебесін көтере, ел қорғаған азаматының атын атойлай, езілгендер мен жәбір шеккендерге ара түсе шырқайды, ел мүддесін қорғайды.
«Жамбыл мен Құлмамбет айтысынан» үзінді тыңдалады.
4.Іздену жұмыстары.
Оқулықтағы мәтін іштей оқылып әр топқа тапсырмалар беріледі.
I топ
Жамбылға ұстазы Сүйінбайдың айтқан сөзін тауып оқыңыз. «Балам, өз өлеңіңді шығар, бірақ оның жұрт жаттап алатын, ешкім ұмытпайтын өлең болсын. Шындықты айт, әділдікті жырла».
II топ.
1913 жылы Романовтар әулетінің үш жүз жылдық мерейтойына арнап айтқан «Өстепкеде» өлеңінен үзінді оқып, мағынасын таныстырыңыз.
Үйсін, Найман саңлағы,
Өстепкеге жиылдың.
Елде жүрген егейлер,
Ұлық көрсең ұйлығып.
Желді күнгі қамыстай
Жапырылып иілдің.
Келтірдіңдер намысты,
Бек қорланып күйіндім.
Бай-болыстардың, жағымпаздың мінезін сынау мақсатында айтылған.
III топ.
Жамбыл мен Құлмамбеттің ақындар айтысына кіріскен қызулы шағын суреттеген жерді тауып оқыңыз. Ақыры, міне, екі әйгілі ақын алқалы топтың алдында, үлкен тойдың қызба шағында батырлардай айқасып, палуандай шайқасып ұстаса кетеді, дүйім жұрттың бүйірін қыздырады.
Дәптермен жұмыс.Ақынның Құлмамбетке айтқан жауабын(1 шумақ) жазып, өлең ұйқасына талдау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз