"Жамбыл Жабаев"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жамбыл Жабаев"

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:15/05

Сынып: 5

Пәні: қазақ тілі
І. Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев
ІІ. Сабақтың мақсаты: оқушылардың Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған білімдерін тексеру, білім деңгейін көтеру.
ІІІ. Сабақтың міндеттері:
а) Білімділік: оқушыларды іздендіре отырып, ақын туралы білімдерін кеңейту, толықтыру.
ә) Дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, сөз қорын байыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелік: оқушылардың ақынға деген сыйластық, құрмет сезімдерін тәрбиелеу, әдебиетке деген қызығушылықтарын ояту.
ІІІ. Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ ( «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны)
ІV. Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, пікірталас, тест
V. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ақын портреті, презентация
VІ. Пәнаралық байланыс: математика, орыс тілі, ән - күй, тарих, жағрапия
VІІ. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Сәлемдесу;
Сынып оқушыларын екі топқа бөлу;
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ
1. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру.
2. - Бүгінгі ХХI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысын бастаймыз. Сен - дерге үй тапсырмасына Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы бойынша дайындалып келу берілген болатын.
Жабаев Жамбыл (1846 - 1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы.
Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігі - мен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда, халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді. 
Жамбылдың өмірі мен шығармашылығын терең білу үшін бүгінгі зият - керлік сайысымызды ұйымдастырып отырмыз.
I кезең «Бәйге»
Ойынның шартымен таныстыру. Ортақ сегіз сұрақ қойылады, бірінші болып текшені көтерген топ жауап береді. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.
Жамбыл Жабаев қай жерде дүниеге келген?
(Жамбыл Жабаев Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында Жамбыл, Хантау деп аталатын тауларының баурайында туған)
Жамбыл Жабаев қай жылы дүниеге келген?
(Жамбыл Жабаев 1846 жылы дүниеге келген )
Жамбылға қай ақын бата берген?
(Жамбыл Сүйінбайдан бата алған)
Жамбыл кімдермен айтысқа түскен?
(Құлмамбет, Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Досмағамбет, Шашубай )
Жамбылдың қандай поэмалары бар?
(«Өтеген батыр», «Сұраншы батыр»)
Жамбылдың 1941 жылы Ленинград жау қоршауында қалған кезде шығарған өлеңін атаңдар.
(“Ленинградтық өренім” )
Жамбылдың анасының атын атаңдар
(Ұлдан)
Жамбылдың “Туған өлкем” өлеңі орыс тілінде қай газетте жарық көрді?
(“Правда”)
IІ кезең «Көкпар»
Екі топқа да бірдей тапсырмалар беріледі. Бірінші болып текшені көтер - ген топ жауап береді. Дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі.
“Шағым” өлеңіндегі молда бейнесіне талдау жасаңдар.
“Өстепкеде” өлеңінде ақын адамдардың қандай мінездерін сынап тұр? Өлеңнен мысал келтіріп, дәлелдеңдер.
Қазақстанда 1916 жылы қандай тарихи оқиға болды?
Жамбыл өлеңдерінен аллитерацияларды табыңдар..

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2018
1049
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі