Материалдар / Жаңа әдіс тәсілдер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңа әдіс тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа әдіс тәсілдер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2023
292
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН

ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚҚЫЗЫ
№10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицейінің
мұғалімі
Қызылорда қаласы
Аннотация
Оқу құралында соңғы жылдары әдістемемізге еніп жатқан жаңа
әдіс-тәсілдер мен жаттығулар, рефлексия мен кері байланыс, тренингтер
мен ойсергектер, ойындар жинақталған. Оқу үдерісіне шығармашылықпен
қолдануға ұсынылатын бұл көмекші құралдағы материалдар алғаш рет
алфавиттік жүйемен беріліп отыр.
Әдістемелік оқу құралы мұғалімдер, тренерлер және
тәрбиешілерге ұсынылады.
АЛҒЫ СӨЗ
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Өмір бойы білім алу – әр
қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет», - деген сөзі ұстаздарға
тікелей қатысты. Өзгелерге білгеніңді немесе білу керектіні үйрету үшін,
алдымен, соны қалай үйретуді білу шарт. Бұл жинақта осыны басты назарда
ұстап, соңғы жылдары педагогикамызға қосылып жатқан жаңа әдістәсілдердің біршамасының басын қосып беруді мақсат тұттық. Әрі
пайдалануға жеңілдік тудыру үшін әдіс-тәсілдердің атауын алфавиттік
ретпен орналастырып шығуды жөн санап отырмыз.
Мұғалім шығармашылығы – ұшы-қиыры жоқ ізденіс, өнер, қиял,
тапқырлық, үйрену, даму. Үйретуші сөз арқылы емес, әрекет арқылы
үйретуді басты назарда ұстағаны жөн. Және сол әрекетті үйренуші атқарғаны
дұрыс. Сол кезде ғана берген білім сапалы, алған білім өмірлік болары анық.
Сөз басын талантты педагог, филология ғылымдарының докторы,
профессор Алма Қыраубаева апайымыздың айтып кеткен ұстаздық жауһар
жазбаларынан үзінді келтіре отырып бастауды жөн санап отырмыз. Тағылым
берер, ұстаздық жолдың ұлағатын сездірер алтын көмбе – ой орамдары кез
келген ұстазды бей-жай қалдырмасы анық. Әрі осы жинақтағы әдістәсілдерді мұғалімдер, әсіресе, жас мамандар,
әр сабағына
шығармашылықпен пайдаланып, түрлендіріп жүргізуіне түрткі боларына
үміт арттық. Сонымен:
1

«Ең жақсы өткен сабақтың қай жерден, қалай аяқталатынын күні
бұрын білмейсің. Бұл сабақты шәкірт пен ұстаздың бірлескен ізденісі деуге
болады. Сабақтың барлық жағдайын алдын ала жоспарлап қою шәкірттің
еркіндігіне шідер салумен бірдей.
Шәкіртке «екі» қою арқылы тәрбиелеуге болмайды. «Екілік» өзіңе қойған бағаң. Өзіне талап қоюға ерінген мұғалім балаға талап қойғыш
болады.
Бала әділетсіз жазалаудан, үздіксіз ескерту жасай беруден не
істерін білмей, өзіне-өзі сенімсіз болып, жүйке ауруына ұшырайды.
Мұғалім мен бала арасындағы түсініспеушілік әр адамның
туғаннан жаратылысы бөлек, адамның туғаннан өзіне ғана тән табиғаты бар
екенін мойындамаудан шығады. Баланың мінезін өзгертемін деуге болмайды,
мінезінің жақсы жақтарын байқап, дамытуға ғана болады.
Барлық жерде мұғалімге қойылатын талап: баланы тәрбиеле! Бірақ
тәрбиенің не екенін дұрыстап түсіндірген ешкім жоқ. Тәрбиелеу дегенді –
тәртіпті қылу деп ойлаймыз.
Оқушылары тым-тырыс отыратын мұғалімнің сабағынан, қажетті
жерде шулата білген сабақ қызық.
Кісімен қарым-қатынас мәдениетін отбасынан сіңіре алмаған
балаға мектепте де, өсіп, кісі болғанда да мақсатына жету қиын. Ол баланы
мұғалімі өте сезімталдықпен жетектеуі қажет болады. Сүйкімсіз баладан,
ертең айналасына қадірсіз адам шығуы мүмкін.
Тіл алмайтын ызақор бала кемшілігін бетіне баса беруден шығады.
Шәкірттің сеніміне кіру қиын. Ол үшін шәкіртке әуелі өзің сенуің
керек болады.
Ежелгі гректер даналыққа ұмтылу таңғалудан басталады деп
есептеген.
Баланың қайғысы мұғалімнің жақсы оқитын және жаман оқитын
бала деп бөлуінен басталады. Осыдан кейін баланың рухани дүниесі тек
бағамен өлшенеді.
Кісі екеніне күмәнмен қараған баладан кісі шықпайды.
Өзі білетін адам ғана басқаны білдіре алады.
Оқушының кемшілігін көргіш болсаң, ықыласын өлтіресің.
Педагогикалық өрістетпейтін нәрсе: «Анау керек емес, мынау
керек емес» дейтін шектеу. Керегі: ізденіс, ізденіс.»
Ал 30 жылдан аса педагогикалық тәжірибесі бар ұстаз ретінде менің
әріптестеріме айтарым: "Дәрігер адам тәнін емдесе, мұғалім адам жанын
емдейді.
2

Мұғалім сыныпқа баға қою үшін емес, балаларды шабыттандыру, ең
болмағанда, ынталандыру үшін кіру керек.
Әр сабаққа шабыттанып кіріп, қанаттанып шыққан мұғалім – бақытты.
Әр сабақтың қайталанбас тағдыры бар.
Жеке басыңның проблемасы үйіңнің босағасында қалсын.
Сабақтағы әдісті «менікі» деме, «біздікі» де.
Балаларға сабақ үйретудің жаңа әдісін тапсаң, әріптестеріңмен бөлісуге
асық. Себебі бәріңнің «илеп жүргендерің бір терінің пұшпағы». Сенің бөлігің
жұмсақ болғаннан дұрыс дүние құрастырылмайды.»
Ендеше, ізденіске жетелейтін, ізденгенге көмекші құрал болар әдістәсілдер қоржынынан шыққан дүниелер кәдеңізге жарасын!

3

«А Ә Б В»
Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, Б және В әріптерімен қоса
төрт-төрттен үлдірленген карточкалардың жинағын дайындаңыз. Жауаптың
төрт нұсқасы бар сұрақтар қойыңыз, оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес келетін
карточкаларын көрсетуі керек. Олардан қалғандарының карточкажауаптарына қарамауын өтініңіз.
1-қадам. А сұхбаттайды Б тыңдайды, В сұхбаттайды Г тыңдайды;. 2қадам керісінше. 3-қадам әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт
адамдық топта бөліседі.
«А,В,С»
А - сұрақ қояды.
В - жауап береді.
С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.
Оқушылар топта үшеуден отырады. А — сұрақ қоюшы, В – жауап
беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін
түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.
Оқушылар осы сұрақтарға жазбаша стикерге жауап береді. Ұсыныс,
тілектерін айтады.
«Айдаһар»
Оқушыларды сергітіп алу үшін бәрін бір-бірінің белінен ұстатып
тұрғызады. 1-оқушы «айдаһардың басы», соңындағы оқушы «құйрығы».
Басы құйрықты ұстап алу керек.
«Айқын мақсат қоя отырып»
- Сабақ басталар алдында тақтаға мақсатты жазыңыз.
- Оқушылармен өздері оқып жатқандарын неліктен оқитыны туралы
әңгімелесіңіз.
- Қысқа мерзімді мақсаттарды ұзақ мерзімді мақсаттармен сәйкестендіріңіз
(мысалы, М.Әуезовтің жұмысына талдау жүргізу өзге де ұзақ мерзімді
мақсаттарға қол жеткізумен қатар, мәдени жақтарын кеңінен түсінуге және
талдау дағдыларын дамытуға әкеледі).
- Оқушылар сабақтың/блоктың/пәннің мақсаттарын айқын түсінгеніне көз
жеткізіңіз.
- Мақсаттарды оқушылармен бірлесіп әзірлеңіз.
4

«Айна»
Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада
отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен,
бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна
секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін
оқушылар рөлдерімен алмасады.
«Айналмалы бекеттер»
Әр шағын топты бекетте орналастырып, арандататын
сұрақты
талқылауға және ойларын қағазға немесе тақтаға жазуға 10 минут беріңіз.
Уақыт аяқталғанда топ басқа бекетке ауысып алдағы топтың жұмысын
жалғастырады. Ауысу әр 10 минут сайын болып тұрады, әр топ барлық
позицияларда болып шыққанға және барлық топтардың ойларын ойлап
шыққанға дейін жалғаса береді.
«Айырмашылығы неде?»
Оқушыларға екі түрлі мəтін немесе екі түрлі сурет көрсетіңіз. Екеуінің
арасындағы айырмашылықты анықтауды сұраңыз. Жауаптарын дəлелдеп
отырулары керек.
«Аквариум» әдісі
«Аквариум әдісі» - балаларға мәселені «қоғам алдында»
талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе
бойынша диалогті жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды.
Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар
көрермен рөлін атқарады. Сондықтан да мұны «аквариум» деп атайды.
Барлық сынып алда өз пікірін білдіргені болмаса, ыстық орындық
сияқты. Олар алтын балыққа арналған аквариумда, басқалары оларға сұрақ
қойып түсініктемелер сұрай алады және т.б.

5

«Ақындар мен жазушылар»
Топтағы оқушылар 3-4 минут аралығында өздері білетін ақынжазушыларын жазып шығады да, кезектесіп оқиды. Бір топта бірінші
айтылған тұлға өздерінде қайталанса, сызып тастап отырады. Қай топтың
тізімінде тұлғалар тектері көп қалса, солар жеңімпаз.
«Алдын-ала берілген атаулар»
Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау
(терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы,
мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды.
Бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша
яки жазбаша (соңғысы тиімдірек) орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім
бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады.
Бұл тапсырманы күрлендіруге де болады. Ол үшін алдын-ала берілген
атаулардың ішіне сабақ тақырыбына қатысы жоқ бейтарап сөзді қосуға
болады. Мәселен, биология сабағында «Фотосинтез, жасуша, хлорофилл,
терезе» сөздерін келтіруге болады. Бұл жерде соңғы сөз оқшаулау және
сабақ тақырыбына тікелей қатысы жоқ, сонда да оқушылар олардың өзара
қатысы мен байланысы туралы өз ойларын келтіруі керек.
«Алма, шие, өрік, банан»
Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғасады.
Мұғалім оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен санап шығады:
«Алма, шие, өрік, банан» деп. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің
атын атайды (мысалы, «Шие!» деп, не «Алма,өрік!» деп, немесе « Алма, шие,
өрік, банан!» деп), сол кезде жемісі аталған оқушылар орындарын алмастыру
қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы
жүргізуші болып, жемістердің атын атайды.
«Алфавит»
Оқушылар әрқайсысы алфавиттің бір-бір әрпін алып, жыл
көлемінде оқыған материалдарынан өздеріне түскен әріпке сәйкес
тақырыптарды айтып шығады. Мысалы, «Қаратпа сөз, қыстырма сөз,
қосарлы айқындауыш, қарсылықты салалас, қарсылықты сабақтас т.с.с.»
Қорытынды сабақтарда, емтиханға дайындықта, есте сақтауын
дамытуда көмекке келеді.
6

«Ара ұясы» техникасы
Мұғалім жұптағы оқушыларға не білгендігі туралы пікір алмасуды
және екі сұрақтан дайындауын тапсырады. Содан кейін әрбір жұп кезектесіп
сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты мұғалім немесе басқа оқушылар береді.
Сонымен берілген осы техника негізінде мұғалімнің берген мәліметтері
қорытындыланылады, өңделеді.
«Арқаға жазылған комплименттер»
Әр оқушының арқасына түйрегішпен (немесе скотчпен) А-4
форматындағы қағаз бекітіледі. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, бірбірінің арқаларындағы қағаздарға жылы, жұмсақ сөздер жазып, бірін-бірі
мақтайды. 2-3 минуттан кейін олар қағаздарын алып, шағын топ ішінде бірбіріне жазылған комплименттерді оқып береді.
«Арқаға массаж жасау»
Оқушылар шеңбер құрып тұрады да, мұғалімнің айтуы бойынша оңға
бұрылып, ілгері қарай жүреді. Әр оқушы алдында тұрған жолдасының
арқасына массаж жасауы керек. Бір минуттан кейін шеңбер теріс айналып,
қайтадан алдында тұрған сыныптастарына массаж жасайды.
«Арқаға сурет салу»
Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа
бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында
тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма,
алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш,автомашина т.б). Тапсырма: соңында тұрған
оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін
саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның
арқасына өзінің арқасына салынған затты салады.
Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына
салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады.
«Артығын алып таста»
Оқушыларға сөздер немесе суреттер жинағын (сабақ тақырыбымен
байланысты) көрсетіңіз. Олар қай сөз немесе сурет қалғандарына қатысты
емес екенін анықтауы керек.

7

«Ассоциативті қатар»
Мұғалім тақтаға бір сөз немесе сабақтың тақырыбын жазады.
Оқушыларға бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін
жазуды ұсынады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір
қатарға жазып шығу керек. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған
сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: ертегі,
«Қобыланды батыр», кейіпкерлері, жыр, оқу, Тайбурыл....
Мұғалім парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған
ойларды қорытындылайды. Қорытындылау негізінде ойларын жіктейтін
логикалық-құрылымды сызба немесе ойларына сәйкес тақырыптың
қорытынды бейнесі анықталады (оқушының өз тәжірибесі). Мұндай
жұмыстар оқушылар мен мұғалімге ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі
субъекті тәжірибелерін ескере отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға
мүмкіндік береді.
«Ассоциацияның көмегімен көрініс»
Қатысушылар өздерінің есімдерімен қоса бір затты (пикникке алып
шығатын немесе қызығушылығына байланысты) ұйқастырып айту керек.
Мысалы: Есімім – Жантас, ұнататын сусыным – квас; Есімім – Жанар,
ұнататын жемісім – анар т.с.с.
Сабақта өтілген ұғымдарды өз есімдерімен байланыстырып айтуларына
болады.
«Атаулар (терминдер) кестесі»
Сабақ басында тақтаға тақырып бойынша 3 негізгі атауларды
(терминдерді) жазып,оқушыларға оларды мынандай кестеге түрлендіруді
ұсынамыз:
№1 атау
№2 атау
№3 атау
Атау туралы білімдері,
Атау туралы білімдері,
Атау туралы білімдері,
мағлұматтары,
мағлұматтары,
мағлұматтары,
түсініктері
түсініктері
түсініктері
Оқушылар бұл тапсырманы алдымен жекелей (2-4 минут) орындап,
одан кейін кестелерін топ (немесе жұп) ішінде оқып, талқылап, толықтырады
(3-6 минут). Сыныптық талқылау барысында (4-6 минут) мұғалім
8

оқушылардың өз кестелерін жариялауды ұсынады немесе тақтада келтірілген
кестені оқушылардың жауаптары бойынша толтырылады.
Сабақ соңында бұл кестеге қайта оралып, келтірілген мәліметтердің
дұрыс/бұрыстығы анықталады.
«Атаулар туралы үш сұрақ»
Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша үш терминді тақтаға
жазып, оқушыларға осы атауларға қатысты мынандай сұрақтарға жазбаша
жауап беруді тапсырады:
1. Қайда? Бұл терминдерді
сіз бұрынырақта қайда және қандай
мағынада кездестіріп едіңіз?
2. Қалай? Өз тәжірибеңізбен осы атауларды қолданудың мысалдарын
келтіре аласыз ба?
3. Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп
ойлайсыз?
Әдеттегідей бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен (шағын топ
ішінде) ауызша немесе жазбаша орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім
бірнеше оқушының пікірін тыңдайды.
Мұғалімнің сұрақтарды шығармашылық тұрғысынан әр сабақта
тақырыпқа байланысты өзгертіп отыруы тиімді.
«Атмосфера орнату»
Абстрактылы ойлау дағдыларын қолдануды талап ететін ауқымды
ашық сұрақ немесе проблеманы шешуге арналған тапсырманы қолдана
отырып, сабақта атмосфера орнатыңыз. Пысықтау үшін жауаптарын күтіңіз.
Мысалы, Вьетнам соғысына арналған сабақ мынадай сұрақтан басталуы
мүмкін: Американдықтар өздерін соғысып жатырмыз немесе соғысты жеңіп
жатырмыз деп санай ма екен?
«Атомдар мен молекулалар»
Молекулалар атомдардың жиынтығы екендігі баршаға да мәлім.
Оқушылар сыныптың бос жеріне жиналады. Ойынды жүргізуші «Атомдар!»
деп дауыстағанда, олар бір-бірімен араласып, әрілі-берілі жүруі керек,
өйткені олар қазір броундық қозғалыстағы атомдар іспетті. Ал, жүргізуші
«Молекулар!» деп айтып, бір санды атаса (мәселен, үш немесе төрт, бес,
алты) оқушылар сол аталған сан құрамында топтарға жедел түрде бірігуі
9

керек. Қалыс қалған оқушылар (топ құрамын аталған саннан кем құрғандар)
айып ретінде бір тапсырма орындайды: өлең оқиды, ән айтады т.с.с.
Ойынның нәтижесінде құралған топтар сол құрамда парталарға да
отыруына болады: олар сабақты осы құрамда жалғастырады.
«Аударыспақ»
Жұптық тапсырма: сұрақ-жауап арқылы бір-бірінің білімін бағалау.
Мұнда сұрақтың мазмұны, жауап мазмұны, дәйектілігі ескертіледі. Екеуіне
де тең бөлініп шариктер беріледі. Сұраққа дұрыс жауап берген адам шарик
алады, ал жауап дұрыс емес болған жағдайда немесе сұрақ қоя алмаған
жағдайда өзі бір шариктен айырылады.
«Ашық және Жабық сұрақтар»
Жабық сұрақтар пайдалы болуы мүмкін, алайда олар абстрактілі ойлау,
талқылау дағдыларын қолдануға септігін тигізбейді және аса түсінікті
болмайды. Ашық сұрақтар керісінше әсер етеді, сол арқылы оқу үдерісін
жақсартады. Мысалы, Сіз өткен кеште бір жаққа шықтыңыз ба? Сіз кеше
мектептен кейін не істедіңіз? 

Жұмыс үлгісі: Оқушыларға белгілі бір тапсырма берер алдында
олардың сұрақтарды анағұрлым анық түсініп, бағалау критерийлерін
қанағаттандыру үшін не істеу қажеттігін түсіну үшін мысалдар келтіріңіз.
Оқушылар бағалау критерийлерін қолдана отырып, жұмыс үлгісіне баға қоя
алады. Бұл не талап етілетінін және бұл үдеріспен қалай байланыста
болатынын түсінуді модельдеуге көмектеседі.
«Аяқталмаған сөйлем»
«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы
орындалады.
Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:
- бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
- бүгін сабақта қуантқаны.....
- мен өзімді.....үшін мақтар едім.
- маған ерекше ұнағаны.....
- сабақтан соң маған........келді.
- бүгін маған..........сәті түсті.
- қызықты болғаны.....
- ......қиындық тудырды.
10

- менің түсінгенім.....
- енді мен......аламын.
«Әдебиет лотосы»
Мақсаты: оқыған әдеби шығармалар кейіпкерлері туралы кестені толтыру.
Белгілі бір уақыт ішінде кесте толтырылуы керек. Хрестоматиядан оқыған
шығармаларды да пайдалануға болады.
Шығарма Авторы Кейіпкері Қандай? Қандай
атауы
жағымды
қасиеттері
мен
қылықтары
ұнайды?

Кейіпкерге
ұқсағың келе
ме, жоқ па?
Себебін
түсіндір.

«Әдемі ойлай және демала біл» жаттығуы
- Жүргізуші: «Толқыған кезде, асықпай дем алуға үйрен. Түзу отыр,
қолдарыңды тізелеріңе салып, көздеріңді жұмыңдар, терең дем алыңдар:
- Ойша: «Мен арыстанмын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
- Дауыстап: «Мен құспын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
- Дауыстап: «Мен гүлмін»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
- Дауыстап: «Мен сабырлымын»,- деп деміңді шығар. Сен сабырлысың,
сенің қолыңнан бәрі келеді».
«Әйнек арқылы сөйлесу»
Топ жұпқа бөлінеді. Бірінші адамға сөздің көмегінсіз екіншісін киноға
шақыру тапсырылады. Басқа жұптарға басқа тапсырма беріледі. Барлығы
араларында дыбыс естілмейтіндей әйнек бар секілді сөйлесу керек.
«Ән шырқау»
Оқушы топтарына ел арасында көп тараған, кеңінен таныс әндердің бір
шумағы мен қайырмасы жазылған карточкалар таратылып беріледі.
Оқушылардың әр тобы тез арада дайындалып, кезекпен карточкаларда
келтірілген әндерді бірлесе орындауы керек.
11

Оқушыларға Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев,
Нұрғиса Тілендиев секілді танымал композиторладың әндерін ұсынған
орынды (« Арыс жағасында», «Ақ бантик», «Армандастар», «Атамекен», «Өз
елім» т.б.).
«Әңгімелесетін әріптестер»
Өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл
сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:
• жаңа оқылған 3 факті туралы;
• оларға жеңіл болып көрінгендер туралы
• оларға қиын болып көрінгендер туралы
• алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.
«Әріптер мен сандар»
Қатысушыларға мұғалім қалаған әріп не сан айтады. Қай топ 10
санағанша, әртүрлі тәсілмен бірінші құрастырып болса, солар жеңімпаз.
Сергіту кезінде немесе жағымды ахуал туғызу сәтінде қолдануға болады.
«Əріптестер»
Əр оқушыға не жауабы бар, не сұрағы бар қағаз беріңіз. Оқушылар
сынып ішінде жүріп, сəйкес келетін сұрақ пен жауапты іздейді. Күрделілік
деңгейін арттыру үшін, оқушылар үндемей орындай алады.
«Әуенді атаңыз – әуен тақырыппен қалай байланысқан?»
Музыкалық шығармадан үзінді қойыңыз. Оқушылардан талқылап, өз
бағаларын беруді сұраңыз: музыка сабақ тақырыбымен қалай байланысқан?
«Әуенді өрімдер»
Саз өнері – қазақ халқының ерекше мән беріп дәріптейтін құнды
қазынасы, ұлттың тілі мен ділінің айнасы. Ештеңеге қызықпайтын бала ән
мен күй тыңдауға елітіп, елеңдері, қосыла айтуға құмартуы сөзсіз. Олай
болса, сөзді сазды иіріммен айту, бір-бірмен әуендете өру – тамаша көмек
көзі. Бірақ шәкірттеріміздің көптің алдына шыға алмайтын ұяңдығы, әнді
нақышына келтіріп орындай алмаймын деп тартынатыны да ақиқат. Сонымен
қатар біз тілінің мүкісі бар немесе ойын жеткізе алмайтын, үндемегенді жөн
көріп, тартынып отыратын баланың әнді тебірене орындайтын сәттерін де
сан рет байқадық. Әр сөздің мағынасын әуен арқылы тербей, жүрегімен
сезінген шәкіртімізді басқа қырынан танып, тәнті боламыз. Үзілісте бала
жанына шымырлай еніп жататын халық әндері мен күйлері, халық
12

композиторларының шығармалары, қазіргі таңдаулы қазақы туындылары
үнтаспада ойналып, бала жанына бұлақтай мөлдіреп құйылып жатса, нұр
үстіне нұр!
Жалпы сабақтардың, үзілістің музыкамен тығыз байланыста болуы баланың
ашылуына әдемі мүмкіндік деп білеміз.
«Бағдаршам»
Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету:
Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым.
Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды.
Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті.
Немесе:

«Байланысқан оқу»
Өз оқуын бір сөйлеммен түсіндіретін оқушыны таңдаңыз. Келесі
оқушы өз сөйлемін құру үшін жалғаулық шылаулар мен жалғауларды
пайдаланады.

«Балалар философиясы»
Тақырыппен таныстырып, үдерісті түсіндіріңіз. Оқушыларға
ынталандыру материалдарын толығымен қарауға бірнеше минут беру керек.
Оқушылар шеңберге оралғанда, жауап беруі тиіс тақырыпқа/пәнге қатысты
сұрақтарды ойластыру үшін, оларға бір-екі минут беріледі. Осылайша дауыс
беру және сұрақтарды талқылау анықталады. Мұғалім сұрақтарды дұрыс
13

құра отырып, дамытатын сұрақтар қойып немесе әр оқушының қатысуын
қамтамасыз ету үшін топпен бірге әрекет ете отырып, делдал ретінде
қатысады.
«Балық, құс, аң»
Мақсаты: Жүргізуші ойыншылардың жанына барып жаймен ғана
«балық, құс, аң» - деп айтып-айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған
кезде дауысын қаттырақ шығарып:
- Балық!(немесе аң, құс) –деп айтып қалады. Сол мезетте ол ойыншы
бірден өзі білетін кез-келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай
қалса, ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанша жалғаса
береді.
«Барлық оқушылармен жұмыс»
Бұл жұмыс түрі бүкіл сынып оқушыларының бір мезгілде жұмысқа
жұмылдырылуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың барлық сұрақтарына
мұғалім жұмыстың алдында жауап беруі тиіс, бұл оқушыларды да, мұғалімді
де алаңдатпайды.
«Бас бармақ»
Оқушылардың бас бармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді
олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.
Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.
Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.
Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім.

«Батискаф»
(Су астын байқайтын құралдармен жабдықталған, өз бетімен қозғалу қасиеті
бар терең су камерасы.)
Екі топ бір-біріне кезекпен сөздер жасырады. Топтың бір оқушысы
қимылмен өз тобына жасырылған сөзді жеткізу керек.
14

«Баяндама»
Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуға, соңынан оның мазмұнын сурет,
сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы
көршісіне береді. Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын
қолдана отырып, осы мәтін бойынша «баяндама» жасайды. «Баяндама»
мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы
жеңімпаз болады.
«БББ»
Жаңа тақырып бастар алдында оқушылар үш бағаннан тұратын сурет салады
- Олар нені біледі?
Олар нені білгісі келеді?
Олар нені білді?
Миға шабуыл өткізгеннен кейін оқушылар алғашқы екі бағанды толтырады
және бөлімді оқып біте бастағанда, үшіншіге қайта оралады (немесе бөлімді
оқу барысында толтыруы мүмкін).
Ұсыным: «Қалайша оқып-үйренетін боламын?» деген қосымша баған қосуға
болады.
Белсенді оқылым тәсілдері
Бастапқы танысу
Құрылымы мен мазмұнын түсіну үшін тақырыбын, тараушаларын,
фотосуреттер берілген жазбаларды және т.б. зерделеуді көздейді.
Мысалы: Мәтінді оқырдың алдында оқушыларға тақырыбын беріңіздер де,
олардан ассоциация жүргізуді сұраңыз, яғни тақырыпты оқыған кезде
олардың ойына не келгенін айтады. Оқушылар өздерінің ассоциацияларының
негізінде мәтін не туралы болады деп ойлайтынын талқыға салады.
Болжау
Мазмұны қандай болатынын және қандай сөздік қор қолданылатынын
болжау үшін тақырып, автор туралы бұған дейінгі білімдері пайдаланылады.
Мысалы:
Оқушылар мәтіннің бір бөлігін оқып болғаннан кейін, олардың ойларынша
әрі қарай не болатынын болжайды. Оқушылар оқылған мәтінде келтірілген,
өз болжамдарына негіз болған ойларға сүйене отырып, өз болжамдарын
дәлелдеулері тиіс.
Танысу үшін оқу және сканерлеу
15

Бұл тәсіл мәтіннің негізгі идеясын, стилі мен құрылымын анықтау үшін,
мәтінді тез көз жүгіртіп оқып шығуды көздейді. Бұл тәсілді болжамдарды
дәлелдеу үшін пайдалануға болады.
Мысалы: Мәтінді оқырдың алдында оқушылар өздерінің қандай негізгі
ақпарат іздейтіндерін анықтап алулары керек. Олар қандай тірек сөздердің
мәтіндегі сол ақпаратты меңзейтініне назар аударуы тиіс. Оқушылар тірек
сөздерді іздей отырып, мәтінді жылдам оқып шығады. Оларды тапқан
жағдайда, өздерінің іздегені осы ақпарат па екенін тексеру үшін оқушылар
тиісті бөлімді оқып шығады.
Мәнмәтінге қарап болжам жасау
Бұл тәсіл оқушылардың таныс емес сөздердің мағынасын анықтау үшін
мәтіндегі ишаралар мен бұған дейінгі білімдерін пайдалануын көздейді.
Мысалы: Осы тәсілді тексеру үшін мұғалім оқушыларға ойдан шығарылған
сөзі бар сөйлем ұсынады, мысалы, «Гелаклаф сынып қалғандықтан маған
жолдың қалған бөлігін жаяу жүріп өтуге тура келді». Оқушылар қалған
сөздерге қарап, бұл сөздің не мағына беруі мүмкін екенін анықтауға
тырысады. Бұл жағдайда сөйлеп тұрған адам бұның алдында жаяу болмай,
бірдеңені мініп келе жатқандықтан, олар мұны көліктің бір түрі деп ұйғаруы
мүмкін, сондықтан бастапқыда «велосипед», «автобус» немесе «автомобиль»
деген болжамдар ұсынылуы мүмкін. Барынша нақты болжам жасау үшін
оқушылар мәтіндегі қосымша ақпаратқа назар аударуы тиіс.
Басқа сөздермен айту
Белгілі бір ойды бірдей уақыт өткен сайын басқа сөздермен айтуды білдіреді.
Мысалы: Оқушылар өздері жаңа ғана үйренген нәрсені қорытады.
Жаттығуды күрделі және қызықты етіп өткізу мақсатында оны бейімдеуге
болады, мысалы, өзінің үйренгендерін екі сөйлеммен болмаса он немесе одан
да аз сөзбен қорытындылау.
«Бес саусақ» әдісі

16

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?
Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?
Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?
«5-5-1»
Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады.
Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге
қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.
«Бинго»
3x3 шаршысында сабақ тақырыбына қатысты əртүрлі түйінді сөздер
орналасқан. Оқушылар тиісті түйінді сөздерді айрықшалауы керек. Барлық
түйінді сөздерді анықтаған бірінші оқушы жеңімпаз атанады.
Ескерту: оқушыларда əртүрлі түйінді сөздер жинағы болу керек.
«Биографиялық поэма» (Биопоэма)
Тақтаға немесе әрбір оқушыға параққа жазылып, өзі туралы мынандай
сауалдарға жауап беру тапсырылады:
1.
Есімім (Өз есіміңізді келтіріңіз)
2.
Мен қандаймын? (Өзіңізді сипаттайтын үш сын есім келтіріңіз).
3.
Сүйікті іс-әрекеттерім (Қол боста айналысуды құмартатын үш
әрекетіңіз, хобби)
4.
Неден қорқамын, сескенемін? (Өмірдегі қорқыныш пен
қауіптеріңіз)
5.
Өмірлік қағидам (кредо) (Өмірде ұстанатын басты қағидаңыз,
ұраныңыз)
6.
Сүйікті ақын-жазушыларым (Қандай ақын-жазушыларды
ұнатасыз?)
7.
Сүйікті тағамдарым (Қандай тағамдарды ұнатасыз?)
8.
Менің жетістіктерім (Отбасыңызда, оқуда, жұмыста қандай
жетістіктеріңіз бар?)
9.
Менің арманым (Бір арманыңызды атаңыз)
10. Тегім
Бұл тапсырманы орындауға оқушыларға 4-5 минуттай уақыт берілген
соң, олар жазғандарын шағын топ ішінде немесе бүкіл сыныпқа (егерде
оқушылар саны аз болып немесе уақыт жеткілікті болса) оқып береді.
17

Биопоэмаларды оқығаннан кейін, оқушылардың бір-біріне сұрақтар қойып,
таныстығын тереңдете түскені дұрыс.
Бұл тәсілді бастары жаңадан қосылған оқушылармен ғана қолданбай,
бұрыннан бір-бірін білетін топ ішінде де қолдануға тиімді, өйткені көп
жағдайда келтірілген сұрақтар оқушыларды бұрын ескерілмеген жаңа бір
қырынан ашады.
Биопоэма сұрақтарын түрлендіріп әрі толықтырып жіберуге де болады.
Мәселен, олардың қатарына П. Макдермот «Мен қандай туыспын?» деген
сұрақты қосады, оқушылар мұнда өздерін туыс ретінде атайды («Мен әкешешемнің ұлымын/қызымын, немере, аға/әпке, іні/қарындас не сіңлі,
бауырмын» деген секілді). Мұнымен қатар автор сүйікті заттарды, басынан
кешкен сезімдерді, қол жеткізген табыстарды, көргісі келген немесе
құмартатын нәрселерді (заттарды), туған жерін (немесе тұрғылықты жерін)
атауды ұсынады.
Мұндай биопоэмада «Сүйікті гүлдеріңізді (пәндер,түстер, спорт
түрлері, машина не ұялы телефон түрлері, есімдер, мұғалімдер,спортшылар,
актерлер, әншілер,т.б) атаңыз» секілді тапсырма да беруге болады.
«Блиц кездесу»
Екі әріптес біреуі тақтаға, ал екіншісі қарама-қарсы жаққа қарап
отырады. Бірінші қатысушыда келесі әріптесіне өтпей тұрып, төменде
келтірілген негізгі сөзді(дерді) түсіндіру үшін бар-жоғы 30 секунды бар –
мұғалім түсіндіру үшін негізгі сөзді мысал ретінде келтіреді.
«Блок ортасында бағалау»
Блоктың соңында бағалаған жағдайда, сізге оқушылар жолықтырған
немесе жалпыға ортақ түсінбеушілік тудырған саладағы проблемаларды
қарастыруға уақыт жетпей қалуы мүмкін. Бөлімді оқу барысында бағалауға
уақыт беру (мысалы, 7 сабақтың бесінші сабағында) мәселені қарастыруға,
ұғынуға және қайталауға мүмкіндік береді. Бұл, сонымен қатар, мұғалімге
үдерісті дәлелдермен бекіте отырып, назарын түсінбеушілік туғызған
салаларға аударуына мүмкіндік береді.

18

«БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ» теориясы бойынша жаңа сабақты өз
бетімен меңгерту тапсырмалары
Теориясы:
«БІЛУ» мақсатына жету үшін Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?
т.с.с. сұрақтар тапсырмалар шартында болу керек. Сол арқылы оқушылар
тақырып бойынша толық ақпаратты меңгереді.
Бос орындарға қажет сөздерді қойып, мысал келтір.
1. Ереже: Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатысқан
сөйлемдерді толымды сөйлем дейміз. Мысалы, Ол шиті мылтықпен
кешке киік атып әкелді.
2. Сөйлемдердегі жақшаның ішіндегі бос орынға қажетті сөзді қойып,
басты ерекшелігі неде екенін ережесі арқылы түсіндір.
– Балам, қайдан келдің?
– Балам, (сен) қайдан келдің?
– Астанадан.
– (Мен) Астанадан (келдім).
Ереже: Ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған жай
сөйлемнің түрін толымсыз сөйлем дейміз.
3. Ол әуелі келгенін байқамай қалды. Бұл сөйлемді толымдыға айналдыру
үшін не істеу керек?
Толымсыз сөйлемдер екі түрлі жолмен жасалады:
- Біріншісі: өзара желілес сөйлем тобында;
- Екіншісі: сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмай қалуы, екі не
бірнеше адамның сөйлесуі жағдайында жиі кездеседі.
4. Сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмай қалуы тағы қандай жағдайда
кездесуі мүмкін? Жауабы: қажетті мүшенің айтылмауы, көбіне, оның
алдыңғы сөйлемде айтылғандығына, оның не екені белгілі болып
тұруына байланысты.
Теориясы:
«Түсіну» Неліктен? Не себепті? Не үшін? Неге? т.с.с. сұрақтар оқушының
жоғарыда берген жауаптарына қойылады. Сол арқылы ол тақырыпты
тереңірек меңгереді.
Бос орындарға қажетті сөздерді қой.
1. Толымсыз сөйлемнің басты ерекшелігі түсіп қалған немесе қажет
болған сөзді орнына қойғанда, ол толымды сөйлемге айналады.
2. Диалог жағдайында не себепті толымсыз сөйлемдер жиі кездеседі?
Диалог жағдайында толымсыз сөйлемнің жиі кездесетін себебі, яғни,
сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмауы, көбінесе оның алдындағы
сөйлемде айтылғандығына, жалпы,оның не туралы екені белгілі болып
тұруына байланысты.
19

3. Толымды сөйлемнің қасиеті қандай?
Сөйлем толымды сөйлем болу үшін айтушыға керекті сөйлем мүшелері
сөйлемге түгел қатысу керек.
Теориясы:
«Талдау» 1.Салыстыр 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз сияқты тапсырмалар болу керек. Немесе 13 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады
Кестедегі толымды, толымсыз сөйлемдердің жасалу жолын салыстыр,
ерекшелігін тап.
Сөйлем түрі
Ойға қатысты
Басты
Жасалу жолын
қанша сөйлем
ерекшелігін ата
салыстыр
мүшелері
қатысады?
Толымды
Айтушыға
Бастауыш пен
Қарапайым жай
керекті сөйлем
баяндауыштан
сөйлем
мүшелерінің
тұрса да, ой
барлығы
толық жеткізілуі
қатысады
мүмкін.
Толымсыз
Ойға қатысты
Түсіп қалған
Екі түрлі жасалу
сөйлем мүшесінің немесе қажет
жолы бар:
а) өзара желілес
бірі түсіп қалады болған сөзді
орнына қойғанда, сөйлемдер
тобында;
толымды
б)диалог
сөйлемге
жағдайында
айналады.
Теориясы:
«Жинақтау» Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле,
анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш; т.б. сөздер
тапсырма шартында болу керек.
Жаңа тақырып бойынша өз ойыңмен анықтама беріп, қорытынды жаса.
Жауаптарын сәйкестендір.
Үлгі:
Не жазығым бар?
Толымсыз сөйлем
Бұлаққа келе жатырмын.
Толымсыз сөйлем
Кеш болды.
Толымды сөйлем
Лепірген көңіліне шапшаң басқан Толымды сөлем
аяғы ілесе алмайды.
20

Практикасы:
«Қолдану» Оқулықпен жұмыс. Тек қарапайым тапсырмалар орындалады.
1. Кітаппен жұмыс. Мысалы, жаттығу. Берілген сөйлемдерден екі толымды,
екі толымсыз сөйлемдерді тауып, жасалу жолына ауызша талдау жаса.
2. Осы жаттығудан бір толымсыз сөйлемнің жетпей тұрған мүшелерін тауып,
толымды сөйлем етіп шығар.
– Біздің ауылдың баласы. Екі жас үлкен.

Сейіл біздің ауылдың баласы. Ол бізден екі жас үлкен.
Практикасы:
«Баға беру» Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген сөздер тапсырма
шартында болу керек.
Бұл тапсырмалар оқушылардың жоғарыда алған білімін (теориясы
бойынша) және бойында қалыптасқан біліктілігін (практикалық тапсырмалар
арқылы) күнделікті өмірде қолдану.
Сен қалай ойлайсың, күнделікті өмірде толымды сөйлемді жиі
қолданамыз ба, жоқ толымсыз сөйлемдерді жиі қолданамыз ба? Біз үшін
қандай маңызы бар?
Бір шәкірттің ойы: Менің ойымша, біз толымсыз сөйлемдерді
күнделікті өмірде жиі қолданамыз. Себебі, адамдар бір-бірімен сөз арқылы
қарым-қатынас жасау барысында диалог арқылы сөйлеседі және диалог
барысында сөйлемге қажетті мүшелерді толық айтып жатпайды. Өйткені,
олар (адамның аты-жөні, белгілі бір мәселе жайы) алдыңғы сөйлемде
айтылып кеткен, не екенін белгілі. Толымсыз сөйлемдердің маңызы қарымқатынас жасаудағы қарапайымдылығында.
Кері байланыс - бағалау кезеңіндегі осы материалды меңгерту кезеңі
Теориясы:
«БІЛУ» мақсатына жету үшін Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не
істеді? т.с.с. сұрақтар тапсырмалар шартында болу керек. Сол арқылы
оқушылар тақырып бойынша толық ақпаратты меңгереді.
1-деңгей
1. Толымды сөйлемдерде ой қалай жеткізіледі?
Толымды сөйлемде айтушыға керекті сөйлем мүшелері түгел қатысады,
сондықтан ой толық жеткізіледі.
2. Толымсыз сөйлемдер қандай жағдайларда қолданылады?
Толымсыз сөйле
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!