400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстазға қойылатын оқытудағы негізгі талап-оқушыларға білімді игере білу жолдары мен тәсілдерін үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ


Сандыбаева Жанар Қайратқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

«МДШО бар №9 орта мектеп» КММ,Талдықорған қаласы


Бүгінгі таңдағы білім беру-өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл ойы мен дамуының мәдениетінің деңгейін анықтаушы фактор.

Білім беру тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын бәсекеге қабілетті тұлға деп атап өтті, сондықтан оқу-тәрбие үрдісінің алдында тұрған негізгі міндет табысты және тиімді әрекетке дайын өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекетін өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті отбасындағы, қоғамдағы,ұжымдағы әлеуметтік ролін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың бойында шығармашылық іс-әрекетті, ізденімпаздықты қалыптастыру, қорытынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, оқу материалдарын сараптау және талдап салыстыру қабілетін жетілдіру қажеттілігі туындайды.

Заман талабына сай білім беру-бұл оқушыларды адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдіс десек, оның тиімділігімен сапасын арттыру ұстаздан оқу процессінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілетімен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, қарқынды әдістеріне көшуді талап етіп отыр.

Ондағы негізгі түйінді ой оқушының барлығын және әр қайсысын жақсы оқыту.

Оқушыларға жүйелі білім беру, олардың өздерінің алған білімдерін өмірде қолдана алуға және арнайы дамытуға тәрбиелейтін -ұстаз. Мұғалімнің бүкіл өмір жолы жас ұрпақты жақсылық пен адамгершілікке, рухани тәрбиелеу. Негізгі мақсат-оқытудың барлық компоненттерін пайдалана отырып, оқушыға білімді игертуде тиімді стратегияларды қолданып, жүйелі түрде нәтиже шығаруға баулу.

Оқу мен оқытудың үрдісін жүзеге асыру үшін жаңа технологияларды тиімді пайдалану, білімді игертуге қаншалықты пайдалы екенін қарастырып отыру қажет. АКТ озық жетістіктерін сабағында қолдану арқылы танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін дамыту болып отыр.

Ұстазға қойылатын оқытудағы негізгі талап-оқушыларға білімді игере білу жолдары мен тәсілдерін үйрету. Ұстаз жан-жақты ресурстарды тиімді падалана отырып, шәкірттерді үнемі ізденуге бағыттай алады. Оқушылардың ойлау қабілеті мен білімін арттыруға ықпал етеді. Себебі оқушы кейінгі және бүгінгі өмірді салыстыра отырып ізденіс жұмыстарымен айналысады. Сондай-ақ жаңа сабағында олар өз бетінше жұмыс істеу дағдылары дамып, нәтижелі қорытынды шығарады. Егер математика пәні бойынша жүйелі жан-жақты терең білім берілсе жаңа ақпаратты технология арқылы оқушылардың шығармашылығы қалыптасады, онда логикалық ойлары тереңделіп, өздігінен білім алу, сол білімді нәтижелі пайдаланып, бәсекеге қабілетті, құзыретті тұлға болуына ықпал етеміз.Онда:

І кезең бойынша:

-оқушылар өз бетімен өткен тақырыпты еске түсіреді;

-оны жаңа сабақпен байланыстырады;

-пәнге деген қызығушылы артады.

ІІ кезең бойынша

Оқушы интербелсенді тақта арқылы жаңа аөпараттармен танысып, тақырып бойынша жұмысты өзі істейді;

Өз пікірін, түйінді ойды нақтылап жеткізе алады.

ІІІ кезең бойынша:

-оқушылар алған білімді саралап ой-елегінен өткізеді;

-тиісді әдістер арқылы жоба жасай алады.

Кезеңдерден кейін оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің даму деңгейін анықтау кестесін қолданып, олардың есептерді шығару барысындағы қабілет дәрежелерінің бірдей болмайтынын ескере отырып, қиындығы әр түрлі есептер берген дұрыс.

Оқушыларды 3 топқа бөлу арқылы:

І.Берілген материалды толық меңгеріп, оған қосымша берілген материалды да меңгеріп, өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек;

ІІ.Берілген материалды толық меңгере алады, бірақ кейбір сұрақтарға жеке талдап түсіндіру үшін қосымша уақыт қажет етеді;

ІІІ.Бұл топтағы оқушылар материалды бая меңгереді, олармен қосымша жұмыс істеу қажет.

Оқушылардың білімі төмен болуы мына факторларға байланысты болады:

-ойлау қабілетінің және интеллектінің төмен болуы;

-сабақтан қалу;

-денсаулығы төмен болуы;

-сабаққа қызығушылығының болмауы;

-жанұяның және қасында жүрген құрдастарының кері әсері;

-білім деңгейінің төмендігі;

-қолындағы оқу құралдарының толық болмауы.

Жалпы сыни тұрғыдан ойлау - бұл саналы мағнаны іздеу: өзінің көзқарасының қандай болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімнен бас тарта білу.

Қорыта келе, жаңа ақпараттық технология элементтерін тиімді пайдалану оқушылардың танымдық әрекеттерін, белсенділігін дамытып, шығармашылыққа жетелейді. Жеке тұлға ретінде «мен» деген ролі көтеріледі, ізденушілігі артып, өзіне деген сенім нығаяды.



Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы Ситл С.,Крутис С.

2.Құзыреттілікті қалыптастыру.Құдайбергенова Г.

3.Модульдік оқыту. Исмағамбетова М.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 желтоқсан
282
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі