Жаңа базаның 100 теориялық тапсырмасы Физика

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа базаның 100 теориялық тапсырмасы Физика

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа базаның 100 теориялық тапсырмасы Физика
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа базаның 100 теориялық тапсырмасы!!! 100% кездеседі!!! Жаттап ал.

  1. 10е оң заряды бар металл пластина жарықтандырудың әсерінен 4 электронынан айрылды. Осы кезде пластинаның заряды: +14е

2. VT координатасында изобаралық процесті кескіндейтін түзудің атауы: изобара

3. α – сәуле дегеніміз: оң зарядталған бөлшектер ағыны

4. Айна жазықтығы мен түскен сәуле арасындағы бұрыш 300. Түскен сәуле мен шағылған сәуле арасындағы бұрыш: 120, 2ℼ/3

5. Алюминийдің атомдарының құрамы: 13 протон, 13 электрон, 14 нейтрон

6. Ампер күші ең үлкен мәнге ие болатын жағдай: ток бағыты индукция векторына перпендикуляр болғанда

7. Антибөлшегі жоқ бөлшек: фотон

8. Атом ядросындағы заряды жоқ бөлшек: нейтрон

9. Ауа ылғалдылығын өлшейтін құралдар: психрометр, гигрометр

10. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының өлшем бірлігі: процент

11. Әрқайсысының кедергісі 300 Ом төрт өткізгіш әуелі тізбектей, сосын параллель жалғанды. Сонда жалпы кедергі: 16 есе кемиді

12. Бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулааралық кеңістігіне өздігінен еніп таралуы: диффузия құбылысы

13. Бір нүктенің төңірегінде айналатын денеге түсірілген күштің күш иініне көбейтіндісі: күш моменті

14. Бір түзудің бойымен бір-біріне қарама-қарсы қозғалған бірінші және екінші автомобильдің жылдамдықтарының модулі υ болса, бірінші автомобильге қатысты, екінші автомобильдің жылдамдығы: 

15. Біртекті магнит өрісіне индукция векторына перпендикуляр бағытта ұшып кірген электронның магнит өрісіндегі қозғалыс траекториясы: шеңбер

16. Біртекті магнит өрісіне индукция векторына перпендикуляр бағытта ұшып кірген нейтронның магнит өрісіндегі қозғалыс траекториясы: түзу сызық

17. Газ қоспасының қысымы қоспадағы газдардың үлестік қысымдарының қосындысына тең. Бұл: Дальтон заңы

18. Дене бастапқы υ0 жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды. Дененің жылдамдығы 3 есе кемитін биіктік: 4υ02/9g

19. Дене массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісі арқылы анықталатын физикалық шама: дене импульсі

20. Дене салмақсыз күйге түсу үшін қажетті үдеу және оның қозғалыс бағыты: а=g, төмен

21. Дененің қозғалысымен байланысты болатын энергия: кинетикалық

22. Дененің потенциалдық энергиясы дегеніміз: серпімді деформацияланған дене энергиясы

23. Дененің салмағы: дененің тірекке немесе аспаға түсіретін күші

24. Дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ауытқуында нөлге тең болатын энергия: кинетикалық

25. Диффузия процесі өте тез жүретін орта: газ

26. Егер жазық конденсатор астарларының арасына салынған слюданы (ε=6) балауызбен (ε=2) алмастырсақ, оның электрсыйымдылығы: 3 есе кемиді

27. Екі бірдей зарядты суға батырғанда олардың судағы ара қашықтығы ауадағыдай болу үшін зарядтардың әрқайсысының мәндерін (ε=81): 9 есе арттыру керек

28. Жаңа жауған қардың үстімен қозғалған дененің басып өткен нүктелерінің жиынтығы: траектория

29. Жартылай өткізгіштерде еркін заряд тасымалдаушылар: электрондар мен кемтіктер

30. Жарық жылдамдығы: 3·108 м/с, 300000 км/с, табиғаттағы ең үлкен, шектеулі жылдамдық

31. Жарықтың кванттық қасиеттерін сипаттайтын құбылыс: фотоэффект

32. Жарықтың толұындық қасиеттері: дифракция, поляризация, интерференция

33. Жер бетінен жоғары көтерілген дененің потенциалдық энергиясы: mgh

34. Жер төңірегінде Жер серігі болу үшін, денеге берілетін ең аз жылдамдық: бірінші ғарыштық жылдамдық

35. Жинағыш линзадан d қашықтықта орналасқан дененің шын кескіні 4 есе үлкейтілген болса, линзаның оптикалық күші: 5/4d

36. Жолақ магнитті 1-жағдайда фарфор сақинаға, 2-жағдайда сынығы бар болат сақинаға жақындатады. Индукциялық ток: екі жағдайда да пайда болмайды

37. Жұмыстың орындалу шапшаңдығын сипаттайтын шама мен оның өлшем бірлігі: қуат, Вт

38. Жылу машинасының ПӘК-і: <1

39. Зарядталған конденсатор энергиясының формуласы: CU2/2, qU/2

40. Заттағы микробөлшектер үздіксіз және хаосты қозғалыста болатын, әрі жылдамдығы температураға байланысты болатын қозғалыс: жылулық

41. Заттың газ күйінен сұйық күйге өтуі: конденсация

42. Заттың қатты күйінен газ күйге өтуі: сублимация

43. Идеал газдың ішкі энергиясы тәуелді болмайтын шама: газ ыдысының материалына

44. Карно циклі: 2 изотерма, 2 адиабата

45. Кернеу көзіне қосылған конденсатор астарлары арасына ε=5 диэлектрик орналастырса, конденсатор энергиясы: 5 есе артады

46. Конденсатор сыйымдылығын 2 есе кеміткенде, сыйымдылық кедергісі: 2 есе артады

47. Күміс атомының құрамы: 47 протон, 47 электрон, 61 нейтрон

48. Күш моментінің бірлігі: 1 Н·м

49. Қатты, сұйық, газ тәрізді заттардың жылуөткізгіштігі ең төмені: тек газдар

50. Қос дөңес линзадан 2Ғ – тан артық қашықтықта орналасқан дене кескіні: шын, төңкерілген, кішірейтілген

51. Қоспасыз таза жартылай өткізгіште электрондар мен кемтіктер концентрацияларының арасындағы қатынас: np=ne

52. Қыздыру кезінде дененің ішкі энергиясы: артады

53. Магнит индукциясы векторының өлшем бірлігі: Тл, Н/(А·м)

54. Магнит өрісінде күшті магниттелетін заттар: ферромагнетиктер

55. Магнит өрісіне тән қасиет: құйынды өріске жатады

56. Макродененің күйін сипаттайтын термодинамикалық параметрлер: қысым, көлем, температура

57. Массасы m денені Жер бетінен υ жылдамдықпен тік жоғары лақтырған. Траекторияның ең биік нүктесіндегі дененің потенциалдық энергиясы: m· υ2/2

58. Массасы тұрақты бір атомды идеал газ изотермиялық процесте А>0 жұмыс жасайды. Бұл процестегі газ көлемі, қысымы, ішкі энергияның өзгерісі: артады, кемиді, өзгермейді

59. Механикалық кернеудің өлшем бірлігі: 1 Па

60. Молекула-кинетикалық теорияның қағидасына жатпайды: микробөлшектердің жылдамдығы температураға тәуелді емес.

61. Молекулалардың жылдамдығын алғаш рет тәжірибелік жолмен анықтаған: О.Штерн

62. Морт сынғыш материалдар: керамика, балауыз, шыны

63. Ортаның абсолют сыну көрсеткішінің формуласы: с/υ

64. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу: қаныққан бу

65. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болмайтын бу: қанықпаған бу

66. Өздік магнит өрісі сыртқы өріспен бағыттас келетін әлсіз магнит өрісін туғызатын заттар: парамагнетиктер

67. Өткізгіштердің меншікті кедергісі тәуелді: температурасына

68. Өткізгіштің потенциалы 1В-қа арттыру үшін қажетті заряд мөлшерін анықтайтын физикалық шама: электрсыйымдылығы

69. Парамагнетиктер үшін:

70. Периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын қашықтық: толқын ұзындығы

71. Санақ жүйесі: санақ денесі, координаталық жүйе, сағат

72. Серіппеге ілініп, тербеліп жатқан дененің тепе-теңдік нүктесінен өткенде нөлге тең болатын энергия – бұл: потенциалдық энергия, k·x2/2

73. Серіппелі маятниктің тербеліс амплитудасын және массасын 4 есе арттырса, онда оның тербеліс периоды: 2 есе артады

74. Сұйыққа батырылған денені ығыстыратын күш: Архимед күші

75. Сұйықтың барлық көлемінде және тұрақты температурада өтетін булану: қайнау

76. Сыртқы магнит өрісін әлсірететін заттар: диамагнетиктер

77. Тербелмелі контурда периодты түрде өзгеретін шамалар: заряд, ток күші, кернеу

78. Термодинамиканың І заңында изотермиялық процесс үшін нөлге тең болатын шама: ішкі энергия өзгерісі

79. Термодинамиканың І-ші заңының математикалық өрнегі: Q=ΔU+A

80. Термоэлектрондық эмиссия: қызған металдардың бетінен электрондардың бөлініп шығу құбылысы

81. Ток көзінде зарядтарды бөлу үшін жұмыс атқаратын күштер: электрлік емес, бөгде күштер

82. Ток күшін өзгертпей, катушканың индуктивтігін 5 есе кеміткенде, магнит өрісінің энергиясы: 5 есе кемиді

83. Тоқ күші 4 есе артқанда, кедергісі тұрақты резисторда бөлініп шығатын жылу мөлшері: 16 есе артады

84. Тұрақты күш әсер еткен дененің қозғалысы: үдемелі

85. Тұрақты магниттің магнит өрісінің болуын түсіндіреді: Ампер гипотезасы

86. Тұрақты ток көзіне жазық конденсатор қосылған. Егер конденсатор астарларының арасын арттырса конденсатордың сыйымдылығы, астарларындағы заряд, астарларындағы потенциалдар айырмасы: кемиді, кемиді, өзгермейді

87. Тіректің немесе аспаның үдемелі қозғалысынан туындайтын дене салмағының артуы: асқын салмақ

88. Уақыт бірлігінде өткізгіштің ұштарындағы кернеу тұрақты болса, кедергіні 3 есе арттырғанда өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері: 3 есе кемиді

89. Универсал газ тұрақтысын анықтайтын формула: R=k·NA

90. Үйкеліс нәтижесінде екі дене модулі бойынша тең, ал таңбалары қарама-қарсы зарядтарға ие болатынын түсіндіретін заң: электр зарядының сақталу заңы

91. Үш бірдей конденсатор кернеу көзіне қосылған. Конденсаторлардың параллель қосқандағы энергиясы тізбектей қосқандағы энергиясынан: 9 есе артық болады

92. Шеңбер бойымен қозғалыс кезінде жылдамдық бағытының өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын физикалық шама: тангенциал үдеу

93. Ылғал және құрғақ термометрлердің көрсетуі бірдей болса, салыстырмалы ылғалдылық: 100%

94. Электр өрісінің потенциалдары үшін суперпозиция принципі: φ1 + φ2 + φ3 ....+ φп = const

95. Электр тогының әсерлеріне жатпайды: диффузиялық

96. Электрлеу кезінде электр зарядының ешқайдан алынбайтынын және ешқайда жоғалмайтынын түсіндіретін заң: электр зарядының сақталу заңы

97. Электролит ерітінділерінің электр тогын тасымалдайтын: оң және теріс иондар

98. Электромагниттік толқынның вакуумдегі толқын ұзындығын 3 есе арттырғанда, электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы: өзгермейді

99. Электромагниттің магнит өрісін күшейту үшін: орам сандарын арттыру

100. Электронды-сәулелік түтікшеде катодты қыздырғанда маңайында электрондардың пайда болу құбылысы: термоэлектрондық эмиссия



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.12.2023
368
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі