Жаңа дәуірдегі ақпараттық қару

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа дәуірдегі ақпараттық қару

Материал туралы қысқаша түсінік
Тергеулік журналистика мен дербес журналистика- бүгінгі қоғамда шындықты іздеудің түрлі жолдарын ұсынатын екі ерекше бағыт, екі ерекше жол.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: “Жаңа дәуірдегі ақпараттық қару”

Тергеулік журналистика мен дербес журналистика- бүгінгі қоғамда шындықты іздеудің түрлі жолдарын ұсынатын екі ерекше бағыт, екі ерекше жол. Әрқайсысының өз миссиясы мен тәсілдері бар, бірақ екеуі де ақпаратты ұсынудың шынайылығы мен маңыздылығын бірінші орынға қояды. Тергеулік журналистика-кәсібиліктің шыңы. Себебі: тергеулік журналистика-бұл ақпарат жинаудың тереңдігімен және зерттеулердің нақтылығымен ерекшеленетін сала. Кез-келген журналист өз жұмысында деректердің нақтылығын тексеріп, қоғам үшін маңызды құпияларды ашуды көздейді. Тергеулік журналистиканың өзіне тән ерекшеліктері мен артықшылығы бар. Мәселен, ұзақ мерзімді зерттеу, яғни бір оқиғаны зерттеу бірнеше айға, тіпті жылдарға созылуы мүмкін. Одан кейін, дереккөздердің көптігі мен тәуекелділігі. Кез-келген журналист көптеген кедергілерге тап болады, соның ішінде заңдық және физикалық қауіптер. Әрқайсысымыз білетін, “Азаттық радиосының” Қазақстандағы жемқорлыққа байланысты зерттеулері қоғамда үлкен резонанс туғызды. 2022 жылы жарияланған материалдар мемлекеттік қаржыны дұрыс пайдаланбағанды анықтап, шенеуніктердің әрекеттерін әшкереледі. Ал, дербес журналистика-халық үні. Себебі: дербес журналистика-бұл қарапайым азаматтардың ақпарат таратуға қатысуын білдіретін жаңа құбылыс, жаңа сала.Қарапайым ұялы телефонның және интернеттің көмегімен кез келген адам оқиғаны жазып, әлеуметтік желіде (инстаграм, фэйсбук, твиттер) бөлісе алады. Дербестік журналистиканың басты ерекшелігінің бірі: жылдамдық. Мысалы: журналист оқиға орнына тікелей қосылып, ақпаратты бірден тарату мүмкіндігіне ие болады. Екінші ерекшелігі, шынайылық. Мысалы: көп жағдайда ақпарат қатаң редакциялық тексеруден өтпесе де, оқиға орнынан алынғандықтан, шынайы болып есептеледі. Ал, соңғы ерекшелігі: материалдардың сапасы мен нақтылығы кейде кәсіби журналистика деңгейінен төмен болуы мүмкін. Осыдан 5 жыл бұрынғы митингті еске түсірсек… 2020 жылы Алматыдағы митинг кезінде қарапайым азаматтардың түсірген видеолары оқиғаның шынайы көрінісін көрсетті. Әлеуметтік желіде таралған бұл ақпараттар журналистер мен құқық қорғаушылар үшін маңызды дереккөзге айналған болатын. Қазақстандағы жағдай туралы тілге тиек етсем, Қазақстанда тергеулік журналистика саяси қысымға қарамастан дамып келеді. Арнайы платформалар “Factcheck.kz” және “Власть” сияқты порталдар шындықты ашуға күш салып жатыр. Ал, дербес журналистика халықтың әлеуметтік желілерге қолжетімділігі артқан сайын кең етек жайып келеді. Тергеулік журналистика кәсібилік пен дәлдікке ынта қойса, дербес журналистика халықтың өз даусын жеткізуге мүмкіндік беретіні анық. Екеуі де қоғамның санасын оятып, әділеттіліктің салтанат құруына өз үлесін қосуда. Журналистика саласындағы бұл бағыттар Қазақстанда жаңа ақпараттық мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2025
46
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі