Материалдар / ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ - ШЫҒАРМАШЫЛ ТҰЛҒА
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ - ШЫҒАРМАШЫЛ ТҰЛҒА

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада қазіргі заманғы мектепте оқыту үдерісін ұйымдастыру, іске асырылуы, жаңа форматтағы мұғалімнің қалыптасуы туралы баяндалады. Мұғалімнің кәсіби рефлекциясы негізінде ұсынылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
957
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ - ШЫҒАРМАШЫЛ ТҰЛҒА

Неткалиева Гульмира Бисеновна

43 жалпы орта білім беретін мектеп

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, ОРАЛ ҚАЛАСЫ

Электронды адрес: Netkalieva@mail.ru

Аңдатпа

Бұл мақалада қазіргі заманғы мектепте оқыту үдерісін ұйымдастыру, іске асырылуы, жаңа форматтағы мұғалімнің қалыптасуы туралы баяндалады. Мұғалімнің кәсіби рефлекциясы негізінде ұсынылған.

Аннотация

В этой статье рассматривается вопрос о формировании учителя нового формата в организации учебного процесса в современной школе. В основе статьи профессиональная рефлексия учителя.

Summary


In this article  the question of formation of the teacher of a new format in the organization of educational process at modern school is considered. At the heart of article  professional reflection of the teacher.


Білім беруді реформалау жағдайындағы айрықша өзекті мәселелердің бірі — қазіргі қоғамдағы мұғалімнің қызметі. Қазіргі мектеп қоғамдық өзгерістерге тез икемделетін, жаңалыққа құмар мұғалімдерге аса зәру болып отыр. Сол себепті кез - келген инновациялық тапсырмаларды шешуге ойлы, шығармашылық тұрғысынан қарайтын аса қабілетті мамандар қажет.

Қазіргі кезде «Педагогикалық шеберлік орталығында» педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесі қарқынды қадамын бастады. Бұл өзгеріс білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен тікелей байланысты.
Білім беру жүйесін жаңғырту заманауи мектептердегі ұстаз туралы түбегейлі жаңа түсініктің пайда болуына негізделген.

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші деңгей бағдарламасының мақсаты - мекетептегі еңбек тәжірибесі әртүрлі мұғалімдерді қатыстыру арқылы мұғалімдерге мектеп жүйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады. Бұл мақсат күрделі болуымен қатар, көп еңбек етуді талап етеді, алайда дұрыс тәсілдер қолданылған жағдайда бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс жеткізілуіне ықпал ете алады.

Бірінші деңгей бағдарламасы үшінші және екінші деңгей бағдарламаларының түйінді идеяларын біріктіретін ауқымды бағдарлама болып табылады. Бірінші деңгей бағдарламасын игерген мұғалімдердің негізгі функциясы - оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу мақсатында өз мектептерін дамыту бағдарламасын әзірлеу болып табылады. [1, 4 бет ]

Жаңа форматты бағдарламаның арқасында мұғалімдер оның негізін құрайтын жеті модульдің теориясын игеріп, халықаралық тәжірибені өздеріне енгізе алады. Мұғалімдер өз тәжірибесі туралы сыни тұрғыдан ойланып (рефлексия), өзін-өзі жетілдіру қабілетіне ие болады. Оқушылар білім алуға тарту әдістемесін меңгереді және мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығы аясында белсенді жұмыс істеуге үйренеді. Педагог ретінде өз рөліне және өз мамандығына жаңаша көзқараспен қарап, жеке басының тұлғалық қасиетінің жақсаруына, құзыреттілігінің дамуына мүмкіндік алады. Қазіргі заманғы мектептерде оқыту мен тәрбиелеу үдерісін жақсартатын әдіс-тәсілдермен қаруланады.

«Педагогикалық шеберлік орталығында» Бірінші (ілгері) деңгейдің ІІ тобының, тренеріміз Абакиева Лилия Елемесовна, кезеңінде оқып жаңа мұғалімдік қызметтің, соның ішінде сабақ өткізу барысында жеті модульді енгізудің әдістемесін меңгеріп , мектептегі тәжірибе кезеңінде осы игерген әдістемені қолданудамын . Мектеп шеңберінде даму бағдарламасын іске асырып, оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізуге бағытталған коучинг бағдарламасын енгізу әріптестеріме тәлімгер болу , мониторингті жүзеге асырып, мектепті дамыту үдерісіне қолдау көрсету еңбек жолымда түйінді мәселелер.

Мен, Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының бірінші деңгей бағдарламасын оқып меңгеру барысында адамдардың қалай білім алатыны жөнінде заманауи ой – пікірлермен танысып, соңғы жылдардағы зерттеу нәтижелерін өз қажеттілігіме пайдалануға мүмкіндік алдым. Педагогикалық тәжірибемді жетілдіріп , өз жұмысыма сыни тұрғыдан қарап бағалау қабілетімді дамыттым. Алғашында әрине күдік пен үрей басым болды , 28 жыл бойғы сабақ беру әдісім дұрыс болмады ма?- деп ойладым. Жетістіктерім де бар еді , оқу озаттары , жақсы маман иесі болған оқушыларым да аз емес. Дегенмен бағдарламаның мазмұн, мақсатын түсінгеннен кейін өз ұстанымым өзгерді. Сабақты бұдан да тиімді , оқушының пікірін ескере отырып, олардың сындарлы ойлауын дамытуға бағыттап өткізсем , нәтижелерімді арттыра түсетінімді сездім.

Тәжірибе кезеңіндегі өткізген "Топтық жүмыстың тиімділігі" тақырыбындағы коучингіміз - оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізуге бағытталған даму бағдарламасын іске асыру болып табылды. Осы коучингке мектептің тәлім алушы мұғалімдері және қызығушылық танытқан мұғалімдерімен қатар қаланың № 2, 26, 41 жалпы орта білім беретін мектептерінің коуч- мұғалімдері өздерінің тәлім алушы мұғалімдерімен қатысып, қоғамдаса жұмыстандық. Коучигтің тиімділігі - мұғалімдер өздерінің оқытушылық тәжірибесінде оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді енгізуді меңгерді. Коучинг соңында әр топтың жұмыстарын "Екі жұлдыз , бір ұсыныс" бағалауы арқылы бағаланып, ұстаздар тілектерін білдірді.

Мен үшін бұл әдістемені қолданып сабақ өткізуді үйрену өте қызықты болды. Жалпы менің түйгенім, бұлай оқытудың бастапқы идеясы оқушыларды дайын, жаттанды білімменен сусындату емес, керісінше механикалық деңгейдегі сұрақтардан туындайтын жоғары деңгейдегі яғни сыни тұрғыдан ойлануға түрткі болатын «… не болар еді?», «қалай өзгертуге болады?», «егер де … сен не істер едің?» деген сияқты сұрақтарға оқушылар жауап бере отырып, өзі ізденіп, өзі қызыға оқитын, өздерінің ойын пікірталаста еркiн айта білетін, өз біліміне өзі жауап беретін жеке тұлғаны елімізде тәрбиелеп шығару. Дәстүрлі сабақ тек мұғалімнің монологымен, мұғалімнің рұқсатымен жауап берумен, мұғалімнің бағалауымен шектеліп қалса, ендігі сабақтар оқушылардың диалогымен, өзін-өзі немесе бірін-бірі бағалаумен, өз ойын еркін жеткізумен жалғасатын болады. Үлгерімі орта, өзіне, біліміне сенімділігі таяз, ұялшақ оқушылар топта басқа оқушылармен диалогқа түсе отырып өзгере бастайды.
Мүмкіндігіне қарай әр сабақта АКТ-ны қолдану тиімді де, қызық.
Жалпы, бағдарламаның екі басым бағыты:
Біріншісі -мұғалімдердің оқыту мен оқудың табыстылығы туралы заманауи түсініктеріне сай, бай білімді игеру.
Екіншісі- өзара байланысты мұғалімнің құзыреттілігін жетілдіру және өз әріптестерінің кәсіби дамуына ықпал етуі үшін оның коучинг (тренер) тәлімгерлік тәжірибесін қалыптастыру үдерістеріне көңіл бөлу.

Курс бағдарламалары мазмұнының негізі жеті модульді құрайды, олардың ішінде — сын тұрғысынан ойлау, оқу жетістіктері нәтижелерін сын тұрғысынан бағалау, ІТ-технологиясын пайдалану, білім берудегі заманауи әлемдік тенденцияларды айқындайтын білім берудегі менеджмент.

Бұл әдістеме мектепті, мұғалімдерді, оқушыларды танып білуге «басқа жағынан» яғни бұрын байқамаған жағынан көруге үйретеді. «Педагогикалық шығармашылық орталығы» курсы көптеген нәрселерді үйретеді. Өзімнің ойлау қабілетім, сабақ беру тәсілім , оқушыларға өз пәнімді жеткізу әдісім өзгерді - деп ойлаймын.

Сабақ беру үрдісінде оқушылардың бейімделуін, қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескеру өте маңызды деп ойлаймын. Әрине үйреніп қалған бұрынғы әдіс-тәсілдерімізден өзгеріп «жаңаша» мұғалім болу оңай емес. Сол қиындықтарды жеңе отырып оқушылардың топпен және жеке жұмыстануларына бағыт-бағдар беріп, сабақтарымызды жаңаша жоспарлап, оқушыларды өзімізбен тең жағдайда жұмыстандырып, оқушылардың өздері еңбектенуі арқылы сол тақырыптарды меңгеріп, жеткізіп түсіндіруі үлкен еңбек. «Білім берудің жаңа тәсілдеріндегі» диалогтық білім беру оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру ғана емес сонымен қатар пікірлесін , яғни мұғалімнің оқушыны тыңдай білуі .

Әр мұғалімге дәстүрлі сабақтан өзгеріп әдістемесін өзгерту оңай жұмыс емес. Оқушыларға да жеке жұмыс жасап , жасаған жұмыстарына бағаланып үйренген тиімді. Жауап беріп бағасын өзі алып үйренген оқушыларда өзгерулері тиіс. Оқушылардың ішкі уәждері басым болуы керек. Олар топпен бірігіп жұмыс жасап, әр топ мүшесінің жұмыстанып жауап беруі, топ ережелерін қадағалап, кері байланыс жасауға дағдыланулары керек. "Критерий" арқылы бағалауда мұғалім бағыт беріп, оқушыларда шынайы бағаны көріп отыруы керек. Сол жағдайда бұрын сабаққа ынтасы аздау оқушыларда жұмыстанып, бағаланады. Жаңа тәсіл бойынша мұғалім аз сойлеп, оқушылардың жұмыстануына көп көңіл бөлінеді. Оқушыларға әр уақытта сеніммен қарауымыз керек.

Көпшілігіне оқушыларға " Берген тапсырмаларды орындай ала ма?"- деген күдік тудырамыз. Сабақ үстінде оқу үздіктері мен екпінділерге көңіл көбірек бөлінетіні шындық. Ал орташа оқитын оқушылар тек өз деңгейлерінің тапсырмасын орындайтыны жасырын емес. Осы оқушылардың уәждерін көтеру туралы көбірек ойлануымызға тура келеді. Осы уақытқа дейін сабағымыз дәстүрлі, жоспармен өткені, яғни уақытымен, осы уақыт ішінде сабақтың барлық құрылымын сақтап , орындайтын болдық. Топтық жұмыстың маңыздылығы көп ойлантады. Бірақ І деңгейлік курста оқып , әдістемені үйренгеннен кейін оның оқушылар үшін де, оқушылармен жұмыстану үшін мұғалімге де маңыздылығына көз жеткіздім.

Сабақтың жоспарын құрғанда бағдарламаға сай негізгі модульдарды пайдаланамын. Әрине "Осы сабақта барлығын игере аламын ба?" - деген күдік те болды. Алғашқыда барлық әріптестерімде де осындай күдік болғаны анық.

Осы бағытта мен www.cpm.kz сайтына үнемі еніп, әріптестерімнің пікірлерімен де танысып отырдым. Осы сайттағы форумда түрлі пікірлермен таныса отырып, жұмыстанамын.

Алғашқы сабағым 6"а" сыныбында өтті. Көңілімде жоспарлағанымдай бола ма? -деген күдік болғаны анық. Маған оқушылардың өздерінің көмекке келгені, менің ойымды жалғастырғаны , құптағаны , бірге жұмыстанғаны құба-құп болды.

Менің қазіргі 6 "а" сыныбымда оқитын үш оқушы өткен оқу жылынан бастап Назарбаев зияткерлік мектебінің сырттай бөлімінде оқып, жазғы демалыста үш күнде , Назарбаев зияткерлік мектебінің курсында оқып, сертификатқа ие болды. Олар: Мухамбетжанова Мадина, Махсотова Гүлім, Төлеуова Лунара . Бұл оқушылар осы оқыған күндерінде топпен жұмыс жасап, өз пікірлерін қорғап үйрене бастаған. Сол үш оқушым алғашқы көмекшілерім. Осы сыныптағы алғашқы сабағымда жоспарлағандай өтті - деп ойлаймын. Оқушылар қызығушылықпен топта жұмыстанып, бір-бірінің жұмыстарына сын көзбен қарап, бағалап, сабақты қорытындыладық. Бұл жерде топ жетекшілеріне жауапкершілік өте жоғары, өйткені топтың мүшелерінің түгел жұмыстануы , тиімді жауап беруі - жауапты жұмыс. Оқушылардың топтары үшін жұмыстанғандары , басқа топтан кейін қалмайық деп алға ұмтылғандарынан сабақ тиімділігін көруге болады. Алғашқы сабақта біздің тренеріміз үйреткендей топтың ережесін құрғанда оқушылардың өздеріне сын көзбен қарайтыны, топ үшін жұмыла жұмыстанатыны айқындалды. Сонымен қатар оқушыларға "критерийлер" арқылы бағалау ұнады. Себебі олар өздерінің "не үшін?" бағаланып отырғандарын сезінді. Осылай барлық сабақтар жинағында жалғаса береді деп ойлаймын. Оқыту оқушының шынайы өмірді түсінуіне көмек беретін құбылыс ретінде қарастырылады.

"Педагогикалық шығармашылық орталығында" курста модульдарды меңгере отырып, осы жеті модульді қамтымай сабақ өткізуге болмайтынына көзім жеткен сияқты. Олар сабақтың әр бөлігінде қамтылып отырады. Осы уақыттарда бүкіләлемдік желіден де, әріптестерімнің пікірлерімен де үнемі танысып отырдым. Өзімнің мектептегі практика уақытынан түйгенім сабақты осылай ұйымдастыру өте тиімді, әсіресе балалармен кері байланысқа түсу (рефлексия) балаларды қанаттандырады - деп ойлаймын.

Осы жеті модульді қамтыған сабақтардың барлығы - оқушылардың өз беттерімен іздене отырып білім алуына бағытталған. Мұғалім оқушыларға бағыт бере отырып барлық сұрақтарға ізденіп , жұмыстануына, жауап беруіне мүмкіндік туғызады.

Сабақта мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ, бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні одан да маңыздырақ. Нағыз ұстаз, міне, осынысымен бағаланады.- деген екен Цицерон.

Егер әрбір модульді жеке қарастыратын болсақ, онда әрбіреуінің нақты соңғы нәтижесі болады.Модульдерді сабақтарда пайдалана отырып әрбір мұғалім жетістікке жететіні сөзсіз.

Мысалы, " Ақпараттық - коммуникативтік технологияны" пайдалану оқушылардың сабаққа ынтасын арттырады және таным қызығушылығын арттырады. Бұл модульді барлық сабақтарда да қолдануға болады. Интерактивті тақтаның көмегімен оқушылардың ойланатын, жауап беретін сұрақтарын қамтуға болады. Оқушыларды сабаққа бағыттайтын түрлі көрсетілімдер, таныстырылымдар мен бүкіләлемдік желі , жұмысқа бағыттайтын демалу сәттерін айтуға болады.

Диалогтық оқыту оқушылардың сөйлеу қабілетін ғана дамытып қоймайды сонымен қатар пікірлесін мейлі ол оқушы болсын, мейлі ол мұғалім болсын мұқият тыңдауға дағдыландырады.

Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін дәлелдер жеткілікті. Олар:

  • оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;

  • басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне ықпал етеді;

  • оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;

  • мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі. [1, 26-бет]

Сонымен қатар сынытағы топтық жұмыста топқа басшылық немесе топтың жетекшісі болу да, топ ішіде орындайтын тапсырмаларды бөлуде үлкен роль атқарады.

Сабақ үрдісінде "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау" модулінің де маңызы өте зор. Біріншіден оқушылардың құрылған дискрипторлар бойынша өзін -өзі бағалауы, екіншіден оқушыларға қатысты формативті бағалауы балалардың пәнеге деген қызығушылық уәждерін көтерері сөзсіз.

 Осы жоғарыдағы аталған жеті модулді сабақтарымда біріктіре қолдана отырып өзімнің сабақ беру әдісімнің жаңарағанын , оқушылардың білім алу әдісінің жаңарғанын сезіндім. Әлі \де сабақтарымды саралай отырып өзгертетін , түзететін жерлерін ой елегінен өткізудемін.

Бұл жұмыс оқушылардың болашаққа сенуіне , өздерінің қолынан келетініне сенуіне күш жігер беретіні сөзсіз.

 Мұғалімдер үшін жаңа форматтағы мұғалімнің қалыптасу кезеңі. Өз еңбегіңді тек ізденісте ғана көруге болады. Жаңа заман талабына сай «жаңа форматты мұғалім» атану әр мұғалімнің міндеті.





 Пайдаланылған әдебиеттер:

[1]. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.І деңгей.

[2]. Жанпейісова М.М. "Модульдік оқыту технологиясы". Ақтөбе,1999.

[3]. Мирсеитова С. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.-1998.

7



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!