Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Жаңа формациядағы педогог: сын қатерлер, даму мүмкіндіктері»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қостанай облысы
Аманкелді ауданы
Байғабыл ауылы
«А.Нұрманов атындағы
жалпы білім беретін мектебі»КММ
бастауыш сынып мұғалімі мұғалімі
Сейденова Разиля Сериковна
«Жаңа формациядағы педогог: сын қатерлер, даму мүмкіндіктері»
Мектептің жаны – мұғалім.Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы.Яғни , мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы.Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі-білімді,педагогика,методикадан хабардар жақсы оқыта білетін мұғалім.
А.Байтұрсынұлы
ХХІ ғасырда, бүкіл ғаламдану заманында, соның
ішінде білім беру саласындағы өзгерістердің орын алуына сай мұғалім
алдында тұрған мақсаттар мен міндеттердің салмағы зор болып отыр.
Қазіргі мұғалімдер рухани байлықты бойына
жинаған,заман ағысына сай біліммен
қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан- жақты дамыған
маман.
Өмірдегі көп мамандықтардың
ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше
шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та –
ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден,
адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім
беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста
болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына
басшылық етуді мойнына алған маман.
Бүгінгі ұстаз
шәкіртіне ғылым
негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім,
ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке
жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі
керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан
келеді. Ұстаз атана білу, оны
қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің
борышы.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы
мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім
шабыттандырады»,- дейді.
Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан
қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі
ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі
жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық
және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды
құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп
қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады.
Ал,ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз
кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін,
парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің
қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды
адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе- күнгі
өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың
туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін
табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың
жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы,
ел болашағының мүсіншісі деуге болады.
Кембридж университетімен
бірлесіп республикалық деңгейде педагог кадрларды оқытудың жаңашыл
бағдарламасын оқу үрдісінде енгізу арқылы мұғалімнің кәсіби
шеберлігін арттыру бастамасы оң өзгерістер әкелді. Бұл
бағдарламаның міндеті- қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық
тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу.
Осы бағдарламаның базалық деңгейін оқу арқылы бұрынғы сабақ беру
әдістерімді жүз пайызға өзгертіп, жаңашыл білім беру тәсілдерн
сабақтарымда қолдана бастадым.
Мен үшін бұл әдістемені
қолданып сабақ өткізуді үйрену өте қызықты
болды. Жалпы менің түйгенім, бұлай
оқытудың бастапқы идеясы оқушыларды дайын, жаттанды білімменен
сусындату емес, керісінше механикалық деңгейдегі сұрақтардан
туындайтын жоғары деңгейдегі яғни сыни тұрғыдан ойлануға түрткі
болатын «… не болар еді?», «қалай өзгертуге болады?», «егер де …
сен не істер едің?» деген сияқты сұрақтарға оқушылар жауап бере
отырып, өзі ізденіп, өзі қызыға оқитын, өздерінің ойын пікірталаста
еркiн айта білетін, өз біліміне өзі жауап беретін жеке тұлғаны
елімізде тәрбиелеп шығару. Дәстүрлі сабақ тек мұғалімнің
монологымен, мұғалімнің рұқсатымен жауап берумен, мұғалімнің
бағалауымен шектеліп қалса, ендігі сабақтар оқушылардың диалогымен,
өзін-өзі немесе бірін-бірі бағалаумен, өз ойын еркін жеткізумен
жалғасатын болады. Үлгерімі орта, өзіне, біліміне сенімділігі таяз,
ұялшақ оқушылар топта басқа оқушылармен диалогқа түсе отырып өзгере
бастайды.
Әр мұғалімге дәстүрлі сабақтан
өзгеріп әдістемесін өзгерту оңай жұмыс емес. Оқушыларға да жеке
жұмыс жасап , жасаған жұмыстарына бағаланып үйренген тиімді. Жауап
беріп бағасын өзі алып үйренген оқушыларда өзгерулері тиіс.
Оқушылардың ішкі уәждері басым болуы керек. Олар топпен бірігіп
жұмыс жасап, әр топ мүшесінің жұмыстанып жауап беруі, топ
ережелерін қадағалап, кері байланыс жасауға дағдыланулары керек.
"Критерий" арқылы бағалауда мұғалім бағыт беріп, оқушыларда шынайы
бағаны көріп отыруы керек. Сол жағдайда бұрын сабаққа ынтасы аздау
оқушыларда жұмыстанып, бағаланады. Жаңа тәсіл бойынша мұғалім аз
сойлеп, оқушылардың жұмыстануына көп көңіл бөлінеді. Оқушыларға әр
уақытта сеніммен қарауымыз керек.
Біліктілікті арттыру
бағдарламасының негізгі мазмұны жеті модуль түрінде берілген, олар
сабақ барысында аралас түрде қолданылады. Сабақтарды өткізу кезінде
бірінші «бетпе- бет» кезеңінде үйренген жағдайларымды пайдалануға
тырыстым.
Ең алдымен оқытудың мазмұнын жаңартып, әдіс- тәсілдердің озығын пайдалана отырып, оқушылардың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай жағдай жасауды басты назарда ұстадым.
Ол үшін өткізген әр сабағымды оқушылардың топтасып жұмыс істеуіне сай жоспарладым. Топтасып істейтін жұмыстарды ұйымдастыру былай қарағанда оңай сияқты көрінеді. Бірақ та жұмыс тиімді жүру үшін басқарудың жақсы тәжірибесі қажет. Егер де топтың жұмысы мұқият орындалмаса, нәтижесі көңілге қонымсыз болады. Оған қоса сыныптағы тәртіпке байланысты проблемалар да пайда болуы мүмкін.
Жұмыс барысында оқушылардың өзара ынтымақтастық атмосферасының қалыптасуына көп мән бердім.
Топтың құрамын әрбір оқушы өзгелермен жұмыс істейтіндей етіп өзгертіп отырдым. Мысалы: Бірінші «Сөз мағынасы» сабағымда оқушыларды жыл мезгілдеріне байланысты, кім қыс, күз айларында; кімдер көктем айларында, кімдер жаз айларында туған деп үш топқа бөлдім.
Екінші сабағымда «Бейнелі сөздердің мәні» Абай өлеңдерінің тармақтары жазылған кеспелер үлестіріліп, шумақ қай өлеңге тән болса оқушылар сол топқа бірікті.
Үшінші: «Табиғаттың тарылтпайық тынысын» сабағымда гүл суреті қиындыларын топтастыру арқылы үш түрлі гүл бейнесін құрап үш топқа бірікті.
Төртінші сабағымда «Диалог» сурет құрастыру арқылы топқа бөлінді.
Оқушылар тек өздерінің қалауымен ғана емес, ұлдар мен қыздардың араласып немесе жақсы оқитындар мен орта деңгейдегілер араласып келсе, сабақтың нәтижесі жақсы болады.
Топ ішінде ынтымақтастықты қалыптастыру жұмысын да басты назарда ұстадым. Сабақ кезінде топтағы әрбір оқушыға рөл беріп сол рөлдерін қорғауға мән бергіздім.
Мысалы Нұрым сен тақырыпты қорғайсың, Бекнұр сен сурет саласың, Мадина сен тақырып бойынша эссе жаз, Нұрай сен қысқа өлең шығар, Мағжан сен сурет салуға көмектес, Алмаз сен оқулықтағы тапсырманы орында, Гүлайым сен дилог құр т.б. жұмыстарды бөліп берсең, оқушының жауапкершілігі артып жұмысқа белсене кіріседі.
Осылай жүргізген жұмыс бірте- бірте біраз уақыт өткеннен кейін оқушылардың өзара топтасып, жұмысты даусыз бөліп алып, соңында, қорғау кезінде, ынтымақты түрде орындай алатындығына көзім жетті.
Оқушылардың топтасып ынтымақтастық түрде қорғаған жұмыстарын өзім қуаттап, сұрақ қою арұқылы толық әрі дұрыс сөйлей білуге жетелеймін.
Топтық жұмысты қорғау кезінде әр оқушы өзінің дайындаған жұмысын айтып ой бөліседі, басқалары оның пікіріне қосылып дұрыстығын не кейбір жерлеріндегі дұрыс емес жауаптарын бақылап дұрыстауға тырысады.
Ынтымақтастық оқу- өзара іс- әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады.
Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мыналар.
Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.
Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, оқушылардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.
Ынтымақтастық оқыту жағдайында білім алушылар түрлі көзқарастағы пікірлерді естіп, өздерінің идеяларын дұрыс қалыптастыруды және оны қорғай білуді үйрететіндіктен, олардың алдына әлеуметтік, сондай- ақ эмоцианалдық тапсырмалар қойылады. Сол арқылы білім алушылар өздерінің ұғым- түсініктерін қалыптастырып және де оқулықта ұсынылған түсініктерге немесе сарапшылардың пікірлеріне ғана сенуден бас тартуды үйрене бастайды. Яғни, ынтымақтастық оқыту барысында білім алушылар құрбы- құрдастармен, қарым –қатынасқа түсуге, өз пікірлерін айтуға және оны қорғауға мүмкіндік алады. (Нұсқаулық).
Сыныптағы бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен ғана шектеліп қоймайды, ол сонымен қатар мұғалімнің ынтымақтастық атмосферасында оқуды қамтамасыз етуіне бағытталған. Табысты оқу мен оқытудың мәні оқыту үдерісінде жеке тұлғалар өздерін еркін және қауіпсіз сезінуіне жағдай жасаудан тұрады.
Осы бағдарламалық курсты оқып келгеннен кейін мен оқушыларымды пәнді оқу, тақырыпты меңгеруінен басқа да әртүрлі қырларынан тани түстім.
Топтық жұмыс кезінде топ мүшелері өздеріне берілген тақырыпты қорғауда өзара ынтымақтастық күйде жұмыс жүргізе білді.
Тапсырманы түсінгенде өзім топ мүшелері бәрі сөйлеп пікірін білдірмесе, өз рөлін атқармаса топ артта қалады деген сөзім қамшы болды деп есептеймін. Себебі, сыныптағы оқу үлгерімі орта Алмаз Аяужандар топқа берілген тапсырманы орындауда белсенділік танытты. Жадыны дамытып, есте сақтау қабілеттерін шыңдау мақсатында берілген сөздердің Алмаз 25-ін айтса, Аяу 21-ін жатқа айтты.
Сабақ кезінде әр оқушының өзінің рөлі болғандықтан олар шулап немесе пікірге қосылмай бейжай отыра алмайды.
Бір- бірімен жұмыс істеген кезде, әсіресе, топта-сыныпта бұрыннан белсенді оқушылар өздерін ғана көрсетпей топпен бірлесе жұмыс істеп, топ атынан сөйлеуге бет бұрды және сөйлемей отырған топ мүшесі болмауына мән берді. Әсіресе «Есімдер тарихы», «Күн сәулесін төгеді», «Бейнелі сөздердің мәні», «Маған ұнайды....», «Не ортақ?» т.б. тапсырмаларды оқушылардан бұрын өзім білмейтін мәліметтердің бар екенін түсіндім. «Не ортақ?» ойынында оқушылар ай ортақ, күн ортақ, су, жер, әуе, ауа т.б. ортақ деп жатса, орта оқитын Алмаз деген «мектеп ортақ » десе, Мағжан «кітап ортақ» деп бәрімізді күлдірді. Себебі, мектепте кітаптың жетіспеуіне байланысты екі оқушыға бір кітап берілетін кездер болатынын айтып отыр екен.
Топтарға жұмыс берген кезде жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздедім.
Кез келген топ мүшелері тапсырманы орындау барысында жұмыстың тиімділігіне де мән беріп отырды. Мысалы «Диалог» сабағында диалогтың түрлерін айтқанда оқушылар осындай түрлердің күнделікті өмірде қолданылып жүргендерін білмейтіндіктерін айтып ой бөлісті. Олар диалогты екі немесе үш адамның өзара кезектесіп сөйлеген сөздері ғана деп түсінетіндіктерін жасырмады.
Топтағы бірлескен жұмыстың нәтижесі қандай болды деген сұраққа жауап берсем, жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым- қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл, өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді.
Оқушылардан алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда топтық жұмыс тиімді болады.
Қарым- қатынасқа түсу мүмкіндігі топтағы жұмыстың барынша қолайлы аспектісі болып табылады, алайда ол тек айта білуді ғана емес, тыңдай білуді де қажет етеді, сондықтан оқушылар білуге тиісті мына ережелерді басты назарда ұстадым.
Кезекпен сөйлеу
Белсенді тыңдау
Сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұра.
Ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау.
Өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу.
Ұсыныс, идея, пікірлерді ұжыммен талқылау.
Көмектесу және көмек сұрау.
Түсініктеме беру және түсініктемені беруді өтіну
Идеяларға түсініктеме беру және оны бағалау.
Топтық шешім қабылдау және оны бағалау.
Топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу.
Талқылаудың қорытындысын шығару
Дәйекті айғақтар келтіру. (тапсырма жинағы).
Жаңартылған білім
бағдарламасын меңгерту кезінде топтық жұмыстар жүргізу арқылы
оқушылардың ынтымақтастық атмосферасының қалыптасуына жағдай
жасадым және оны оқушылар көзқарасы мен ынтасынан айыра білдім.
Болашақта бұдан да күрделендіре жұмыс жүргізу басты міндетім деп
түсінемін.
Бүгінгі білім мен білік
бәсекелес заманда оқушыларымыздың биіктен көрінуіне күнделікті
ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы
қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой
өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ
керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз
жөн.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімдерге арналған
нұсқаулық.3 деңгей.
2. Жанпейісова М.М. "Модульдік оқыту технологиясы".
Ақтөбе,1999.
3. Мирсеитова С. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.-1998.
4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан
халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты
// Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы /
Ел, 2008. – 12 ақпан[6]