жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Жаңа жыл кеші" ертеңгілігі (ортаңғы топқа арналған)
«Қош келдің, Жаңа жыл!»
Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық әкелсін
Бәрімізге жаңа жыл!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталды
«Гүлдер»
ортаңғы тобында!
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)
(музыка қосылады Періште шыр айналып кіреді)
Періште: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Мұз
ханшайымы:
Тезірек, тездетіп мұнда
жиналыңдар
Басталады Жаңа Жылдық карнавал
Маска да бар, би де бар, асығыңдар
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.
Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал
Карнавалдың иелерін қарсы алыңдар!
(қол соғып карнавал
киінген ертегі кейіпкерлері
кіреді)
Періште: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп – әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,… шыршамыз көңілсіз, не болды балалар???
Мұз ханшайымы: Маған шырша ұнамайды!Сол себепті қатырып тастадым!
Жүргізуші:Олай істеуге бола ма екен??? Біздің балалар ән де айтады, би де билейді.Өнерімізді тамашалаңыз, мүмкін сонда жүрегіңіз жібіп қалар?!
Мұз ханшайымы:Қане, көрсетіңдер өнерлеріңді!
Ән: «Жаңа жыл"
Тәрбиеші: Ал, балалар! Ендеше,
Жаңа жылдың негізгі кейіпкері, мерекеміздегі ең сағынып, қуанып
қарсы алатын кім еді? Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға
бізге қонаққа кім келуші еді?
Балалар: Аяз ата,
Ақшақар!
Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге
шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата,
Ақшақар Ау – у – у – у! 3 – рет
Аяз ата, ақшақар 3 –
рет (видеоролик
көрсетіледі)
(әуенмен бірге Ат шанаға мініп
Аяз ата, ақшақар келеді)
Аяз
Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар.
Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт – жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Аяз ата: Балалар, мына сендердің шыршаларың көңілсіз тұрғой. Ендеше мына менің сиқырлы таяғыммен шыршаны жандырайын!
Бәрі:
Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады,
«Алақайлап» қол соғады)
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда,
алыс жолдан келдіңіздер.
Біздің балдарымыздың өнерлерін
тамашалаңыздар!
Балалар, ендеше, Аяз ата мен Ақшақарымызды ортамызға алып шыршаны айналып ән салайық!
Ән: «Аяз ата»
Тақпақтар:
-
Бейбарыс: Ақ мамыққа малынған,
Сақалы да, мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем берді жұртына!
-
Нұрсұлтан: Қуантып елді,
Жаға жыл келді.
Өсетін бодым,
Бір жасқа енді!
-
Саян: Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау қарлы шың.
-
Е.Айзере: Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап!
-
Азалия: Бізбен бірге ойнайды,
Жаңа жылды тойлайды.
Барлық бала бақытты,
Болса екен деп ойлайды.
-
Самира: Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл жаңа жыл!
-
Асылжан: Жүзімізде күлкі ойнап,
Шаттанады жанымыз,
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз!
-
Аида: О, жаңа жыл, сенсің менің асылым,
Қуанғаннан теңіз болып тасыдым.
Бақытыңды туған елге төге бер,
Жаңа туған менің жаңа ғасырым!
Жеке ән: Аида мен Бейбарыстың орындауында: «Аққала» әні
Би: Қыздардың орындауында «Микки маус»
Ойын: Аяз ата балалармен «Мен қатырып тастаймын» ойынын ойнатады.
Тақпақтар:
-
Көркем: Аппақ тонға оралып,
Базарлықты мол алып,
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып!
-
Әмір: Қыс келді, қыс келді,
Ақтарып ақ қарды.
Аралап қайтайық,
Ақкүміс бақтарды!
-
Амина: Жаңа жыл мол блсын,
Басқан қадам оң болсын!
Төрле-төрле жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын!
-
Ү.Сабина: Міне тағы келіп тұр,
Тағы бір жыл балалар.
Жадыратып жер үстін,
Төрімізге ол шықсын!
-
С.Сабина: Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып,
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп!
-
М.Айзере: Қыс айлары көңілді,
Ақ қар жапқан өңірді,
Үйренеміз жалықпай,
Коньки, шаңғы шебуді.
-
Алия: Сказочнее время
Праздник новый год,
Дед мороз волшебник,
В гости к нам идет!
-
Дамиля: Елка, елка красота,
На верху горит звезда.
А под елкой дед мороз,
Нам подарочки принес!
Жеке ән: Самираның орындауында «Жаңа жыл»
Ойын: Ақшақар балалармен «Отырғыш» ойынын ойнатады.
Тақпақтар:
-
Хамзат: Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса!
-
Т.Азамат:
-
Арай:Что зимой мы любим делать
В снежки играть, на лыжах бегать.
На коньках по льду кататься,
Вниз сгора на саньках мчаться!
-
Ж.Кәусар:Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған!
-
С.Азмат: Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап барлық бала жүр.
-
Сұлтан: Той, мереке, салтанат,
Думандады шартарап,
Келіп қалдыжаңа жыл,
Тартуларын арқалап!
-
Айша:Көрікті шыршамыз,
Шамдары жайнаған,
Көңілді шыршамыз
Айтамыз шырқап ән!
-
Айлина:Аяз ата шыршасын,
Ала келді дорбасын,
Алақай, алақай,
Қол соғайық балақай!
-
Ерке:Келді тағы жаңа жыл,
Қуантумен біздерді.
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді!
-
Милана: Кел балақай шырша дайын,
Қол ұстасып, ән салайық.
Жаңа жылдың жарқын айын,
Әнмен, бимен қарсыалайық!
Би: Ұлдар биі «Санта клаус»
Аяз ата: Неткен керемет балалар! Өнерлерің маған ұнап жатыр! Тағы қандай өнерлерің бар?
Тәрбиеші: Жеті лақ ертегісін тамашалаңыз!
Автор - Азамат
Ешкі - Кәусар
Жеті лақ – Сұлтан, Саян, Е.Айзере, Көркем, Айлина, Арай, С.Сабина
Қасқыр – Бейбарыс
Автор: Ерте, ерте, ертеде ешкі мен оның жеті лағы болыпты. Ешкі бір күні орманға кетіп бара жатып, лақтарына былай дейді:
- Лақтарым, шұнақтарым, есікті ешімге ашпаңдар! Мен орманға барып сендерге тамақ алып келемін! Мен келгенше, үйде мені күтіп отырыңдар!
Автор: Орманға ешкі кетіп қалған соң, сыртынан ешкіні бақылап тұрған қасқыр оның үйіне барып, есікті түртеді: Тук, тук, тук!
Лақтар: Бұл кім?
Қасқыр: Бұл менмін, аналарыңмын, есікті ашыңдар! – дейді қасқыр жуан дауысымен.
Лақтар: Жоқ, жоқ, жоқ! Сен біздің анамыздың дауысына ұқсамайсың! Есікті ашпаймыз!
Автор: Қасқыр дауысын өзгертуге әншіге барып, жуан дауысын жіңішкертіп қайтады! Бір кезде қасқыр әлгі үйге қайта оралады:
Қасқыр: Тук, тук, тук!
Лақтар: Бұл кім?
Қасқыр: Лақтарым, шұнақтарым, есікті аша қойыңдар! Мен сендердің аналарыңмын!
Лақтар: Алақай! Анамыз келді! Бізге тамақ әкелді!
Автор: Лақтары есікті ашып қалса есік алдында тұрған қасқырды көріп шулап, қаша бастайды. Содан қасқыр бір лақты ұстап алып жейін деп жатқан кезде үйге лақтардың аналары келіп:
Ешкі: Ойбай, бұл қасқырғой! Қасқыр бұның не сенің? Неге сен менім лақтарыма тиісесің? Неге сен тентек боласың?
Қасқыр ұялып, сасқалақтап: Ой, ешкі кешір мені! Мен сенің лақтарыңа тиіспейтін боламын! Мен енді бұдан былай тентек болмаймын!
Ешкі: Ендеше кел қасқыр, бәріміз дос болайық!
Автор: Осылайша, барлығы дос болыпты! Ертегі аяқталды!
Тәрбиеші: «Жеті лақ» ертегісін сомдаған «Гүлдер» тобының кішкентай бүлдіршіндері!
Аяз ата қуанып: Жарайсыңдар, балалар! Өнерлерің өрге жүзе берсін! Бақытты болыңдар!
Жүргізуші:- Балалар, жаңа жыл болса кеп
қалды, біздің қоштасатын доңыз жылымыз қайда? Ай, Мұз ханшайымы,
сен сиқырлап тастаған жоқсың ба? Балалар, доңыз қалай дыбыстайды?
Дауысы естілмейді ме?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі
жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы
алайық.
(жылтыр сандық ішінен доңыз билеп шығады)
Доңыз:
Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.
Жүргізуші: –
Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі
жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз,
біз сізге ризамыз!
Бәрі.
Қош, қош, Ескі
жыл!
Тышқан:
Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін
Жүргізуші: – Аяз ата Ақшақар сіздер
біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан
бересіздер?
Аяз
ата: Ой – буй, ұмытшақ басым ай,
әрине қазір, қазір….
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)
Тәрбиеші: Айтпақшы Аяз ата! Менім бүлдіршіндерім ертең үйлерінде ұйықтар алдында қалаған ойыншықтарын сізден тілеп жататын болады. Бүлдіршіндердің өз сүйікті ойыншықтарын әкеп беруге көмектесісіз бе?
Аяз ата: Иә, әрине! Балаларым,
ертең жаңа жылда сендер тәтті ұйқыда жатқан кездеріңде мен
сендердің ойлаған, аңсап жүрген ойыншықтарыңызды үйлеріңде құрып
қойған шыршаларыңыздың астына қойып кетемін. Таңертең ұйқыдан
оянған кезде сенде қуанатын боласыңдар! Күнде іштеріңнен қандай
сүйікті ойыншықтар қалайсыңдар соны менен сұрап, тілееп жатыңдар!
Мен сендердің арман-тілектеріңді орындаймын! Ендеше балаларым,
жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап
келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де
өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі!
Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза
болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін
тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер.
Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып
кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рахмет
сіздерге!
Бәрі.
Біз
тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата – аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт

