Жаңа жылда жаңа жыр

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа жылда жаңа жыр

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшалараға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Астана қаласы №63 «Әсем – Ай » балабақшасы ,

«Алпамыс» ,«Ақбұлақ» шағын орталығы

Тәрбиеші : Баишева Алтынай Максутхановна


Таңғажайып жаңа жыл!


Залдың іші мерекеге сай әдемі безендірілген. Музыка әуенімен қолдарында жарқыраған таяқшалары бар балалар залға кіреді.

1-бала: Даламызға, қаламызға,

Жаңа жыл кіріп келді.

Қартыңызға, балаңызға,

Жалынды сәлем береді.

2-бала: Келіңіздер, келіңіздер,

Би де билеп беріңіздер.

Қызығы мол жаңа жылдың

Тамашасын көріңіздер!

1-бала: Біздің мерекемізге сиқырлы перизатты шаұырамыз деп едік қой?

2-бала: Иә, ол қайда екен? Балалар сендер сиқырлы перизатты көрмедіңіздер ме?

Балалар: Жоқ!

1-бала: Ендеше барлығымыз дауыстап Сиқырлы перизатты шақырайықшы. (балалар дауыстап сиқырлы перизатты шақырады) Сиқырлы әуенмен залдың ішінде перизат пайда болады).

Сиқырлы перизат: Ой, сәлеметсіздер ме, сәлеметсіңдер ме? Мені шақырған кім, сендер ме балалар, мен ертегілер әлемінде болуым керек еді ғой.

Балалар: Иә!

1-бала: Сиқырлы перизат, сәлеметсіз бе, бізде жаңа жыл мерекесі болып жатыр, жаңа жылда таңғажайыптар көп болады ғой, біз де мерекемізді солай керемет өткізгіміз келеді. Сіз бізге көмектесіңізші.

С.п: Жарайды, сендер барып орындарыңа отыра қойыңдар. Ал, мерекемізді бастамас бұрын шыршамыздың шамын жағайықшы. Менің қолымдағы таяқшам сиқырлы және онымен қоса сиқырлы сөздер айту керек. «Сиқырлы менің таяқшам, сиқырыңды көрсетші, суууф» (шырша шамдары жағылады)

С.п: Тауда туып, тауда өскен

Шырша келді ортаға

Бәріміз бір дауыспен

Қол соғайық шыршаға.

Қуант, бізді таңырқат, шамарыңды жарқырат.

Бір, екі, үш – шам жарқырай түс.

(шырша шамы жанады)

1-бала: Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

2-бала: Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.


Ән: «Шырша жыры».

Аппақ, аппақ жапалақтап,

Қар жауады тынбастан,

Қалың орман қар жамылған

Маужырайды түнгі аспан

Кең пейілді , сол мейірлі

Сағыныштан табысқан.

О, алақай Аяз ата,

Келе жатыр алыстан.

Кел, билейік, үйренейік,

Ол келгенше жаңа жыл,

Құтты болсын, құтты болсын,

Құтты болсын жаңа жыл!

Сиқырлы перизат: балалар, біздің әдемі шырша алып келдік, енді біздің мерекеге Аяз ата керек қой? Қане, мен көз жүгіртіп қарап көрейін. (жан-жағына қарағандай болады).

-Аяз ата көрінбейді, бірақ мұнда бір қоян келе жатыр?

(залға қоян секіріп кіреді)

Музыка. Қоян секіріп келеді.

Қоян: ( ) Ой, балалар, мені құтқарыңдаршы. Ол мені жеп қоямын дейді.

Жүргізуші: Кім сені ренжітті, сен кімнен қорқып отырсың?

Қоян: Кім болушы еді – қасқыр! Мен естігенмін, ол жаңа жыл мерекесінде мені қуырып жеймін дейді.

Жүргізуші: Сен бізбен бірге жүр, ешкімнен қорықпа, біз барлығымыз қосылып қасқырдан сені құтқарамыз. Ал қазір бізге қыздар тамаша би дайындады. Бәріміз бірге билейік.

Қоян: Менің де билегім келіп тұр, билесек билейік,

Би «Қарша қыз биі».

Би біткен соң қасқыр келеді. Барлық жерді иіскеп, тістеп.

Жүргізуші: Мынау кім екен?

Қасқыр:( ) Кім дегенің қалай? Ол ең әдемі, ең батыр, ең мықты, ең шапшаң, ол мен –қасқыр.

Жүргізуші: А.....солай ма? Осында қалай келіп қалдың?

Қасқыр: Мен жай жүрмін, сендердің мерекелеріне әдейілеп келдім. Ал сендер қоянды көрген жоқсыңдар ма?

Жүргізуші: Ал сен оны қайтейін деп едің?

Қасқыр: Жай, менің қарным ашты (қарнын сипайды), ой айтып қойдым ғой.

Жүргізуші: Қасқыр, саған ұят емес пе? Сен неге оны қуалайсың?

Қасқыр: Мен бәрібір оны жеймін.

Сиқырлы перизат: Қасеке, сен қоянды жеме, менің саған деген мерекеге арналған сыйым бар.

-Сиқырлы таяқшам сиқырыңды көрсетші!

Гномдар биі.

Қасқыр: Ой, сиқырлы перизат, сыйлығыңа рахмет, менің көңілім көтеріліп қалды. Мен енді қоянға тиіспеймін.

Сиқырлы перизат: Жарайды, біздің Аяз атамыз кешігіп жатыр ғой, қасқыр сен жолдан көрмедің бе?

Қасқыр: Мен Аяз атаны көрдім , қасында Ақшақар бар да болды. Екеуі «Қонжық» тобына жаңа жыл мерекесіне келе жатырмыз деп еді, әлі келмеді ме?

Балалар: Жоқ!

Сиқырлы перизат: Ендеше олар адасып кеткен болды гой, мен оларға сиқырлы таяқшамның көмегімен жол ашайын,сендер де маған көмектесіңдер. «Сиқырлы таяғым, сиқырыңды көрсетші, суууф»

Балалар: Аяз Ата, Ақшақар,

Аяз Ата, Ақшақар,

Аяз Ата, Ақшақар!

Аяз Ата: Амансың ма, ұлдарым!

Амансың ба, қыздарым!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың!

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан.

Аталарың сендерге,

Шаршап келді алыстан.

Өздеріңе оралдым,

Бар сыйлығым жоралғым

Керемет бір ән тыңдап

Келіп тұр-ау демалғым.

Сиқырлы перизат: Амансыз ба, Аяз Ата, сәлеметсің бе,Ақшақар, сіздер алыс жолдан шаршап келдіңіздер, енді біраз дем алыңыздар, балаларымыздың міздерге арнаған тақпақтары бар.

3-бала: Аяз Ата келіп тұр,

Бізге сәлем беріп тұр.

Тақпақ айтқан балаға

Сыйлықтарын беріп тұр.

4-бала: Жаңа жылда жаңаша

Тақпақ айтып береміз

Болсын риза балаша

Біздің Аяз Атамыз

5-бала: Жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр,

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

6-бала: Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан

Аяз Ата оралып.

7-бала: Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым Аяз атаны.

Ақшақар: Мен көңілді Ақшақар

Қуанамын сендермен

Борандатып, қарлатып,

Би билеймін сендермен.

Би: «Ұлпақарлар»

(Залға қылышын ұстап қарақшы кіреді)

Қарақшы: Ахаха, әп, бәлем мында не болып жатыр, сендер мені неге шақырмайсыңдар. Мына шыршаларыңды шауып тастайын ба?

Балалар: Жооқ.

Аяз ата: Әй, қарақшы сен тағы не бүлдірейін деп келдің, мындағылардың барлығы мейірімді адамдар, ал сен болсаң үнемі жамандық жасап жүресің, содан кейін сені шақырмаған ғой. Сен тез бұл жерден кетпесең мен сені таяғыммен қатырып тастаймын.

Қарақшы: Аяз ата мен тек балалармен ойын ойнағым келіп еді, рұқсат беріңізші, мен бұзықтық жасамаймын.

Ойын: «Аяз атаға сыйлық жинауға көмектесеміз».Шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Белгі берілгенде жіпте ілініп тұрған әртүрлі ойыншықтарды бір-бірлеп қапқа әкеліп салулары керек.

(Қарақшы балалардың жинаған ойыншықтарын шыршаның түбіне апарып қойып, орнына Аяз атаның балаларға әкелген сыйлықтарын алып кетеді)

Ән: «Шыршаға бардық».

Сиқырлы перизат: Балалар, мына жақта жаңа жыл, Қой жылы мен көне жыл Жылқы келе жатыр.

Жаңа жыл жол болсын,

Басқан қадам оң болсын,

Төрлет, төрлет жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын!

«Қошақан» әні орындалады.

Қой: Сәлем бердік барша жұрт.

Жылқы: Ал енді достарым, міне Қой жылы болса келіп қалды. Енді мен кетуіме тура келеді.

С.п: Жылқы сен жабырқама, біз әлі де кездесеміз.

Аяз ата: Жылқы менің саған деген сыйлығым бар еді, бірақ мен оны қорапқа салып үлгермей қалдым, қане балалар, сендер маған сыйлықтарды қорапқа салуға көмектесіп жібересіңдер ме?

Балалар: Иә!

(Балалар жылқымен қоштасады, жылқы шығып кетеді)

С.п: Аяз ата біздің балалар ағылшын тілінде де ән сала біледі.

Ән: « Шыршаға бардық »


Аяз Ата: Ой балалар, сендер өте өнерлі екенсіңдер, ендімен сендерге арнап әкелген сыйлықтарымды таратайын. (сыйлықтарын таппай қалады)

-Балалар, бағана мен мына жерге сыйлықтар салған дорбамды қойып едім, сендер көрмедіңдер ме?

Балалар: Сыйлықтарды қарақшы алып кетті.

Аяз ата: Ай-ай-ай, бұзықтық жасамаймын деп еді ғой, ақыры алып кекен екен ғой.

С.п: Аях ата, сіз уайымдамаңыз, сыйлықтарды сенің сиқырлы таяқшамның көмегімен қайтарып аламыз және маған кішкентай достарым көмектеседі.

-Сиқырлы менің таяғым, сиқырыңды көрсетші!

(кішкетай 3 гном залға Аяз атаның сыйлықтары салынған шанасын сүйреп келіп, би билейді, артынан екі періште қарақшыны сүйреп келеді)

Аяз ата: Әй, қарақшы, сен балаларға деген сыйлықты неге ұрлап кеттің, сен тілді алмадың, мен сені қатырып тастаймын. (Қарақшыны таяғымен қатырып тастайды)

Қарақшы: Кешіріңізші, мені Аяз ата, кешіріңізші балалар, мен енді ешқашан жамандық жасамаймын.

Аяз ата: Балалар, қарақшыны босатайын ба?

Балалар: Иә!

Аяз ата: Жарайды босатайын, бірақ тағы да уәдесінде тұрмаса қайтеміз.

(Аяз ата таяғымен Қарақшыны түртеді, сол кезде қарақшы өзгеріп сала береді).

Қарақшы: Ой, маған не болды, менің жүрегім мейірісге толып кеткен сияқты. МЕн барлығыңды жақсы көріп кеттім. Енді ешқашан жаманжық жасамаймын. Сау болыңыздар!

Аяз ата: Ал, балаларым, мен қайтайын, басқа балалар да мені тосып отыр, сендермен қоштаспас бұрын сыйлықтарымды таратып берейін.

(Балалар Аяз атаны шығарып салады)

С.п: жаңа жылға арналады жаңа жыр,

Жаңа жылда шақырады бар өмір.

Бақыт болып жаңа жылым келді ғой,

Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл!

































«Аяулы анашым!» 8-наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік

Мақсаты: Балаларға 8-наурыз туралы түсінік беріліп, аналарға деген сүйіспеншілікке баулу. Ана еңбегін, үмітін ақтап, аналарымызды ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Музыка ырғағымен ұлдар қыздардың қолдарынан ұстап, залға кіреді. Қыздардың қолдарында гүл.

Жүргізуші:

Уа ағайын,ағайын.

Көктем келді жайнаған,

Қош келдіңіз ағайын,

Раушан гүлдей жайнаған.

Гүлдей жайнап тұрыңдар,

Құттықтаймыз сіздерді

Мерекемен бүгінгі!

Жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін, 8-наурыз мерекесімен барлық аналарды, аяулы әжелерімізді, ару қыздарымызды, мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Той тойлап дала менен қалаларым,

Мерекең құтты болсын аналарым,

Қаракөз қыз,абзал ана мерекесін.

Құттықтауға келе жатыр балаларың.

Бүгінгі мерекеге орай ардақты аналарымызға, ару қыздарымызға арнап дайындаған «Аяулы анашым!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

Балалар бәріміз аналарымызға, келген қонақтарымызға амандасып алайық.


/Балалар хормен/

Үлкенге де сіз, кішіге де сіз

Баршаңызға құрметпен

Бас иеміз біз!

Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Көктем.

Көктемде қандай мерекелер болады? Аналарымыздың мерекесі.


Әрине, балалар бұл 8-наурыз аналарымыздың мерекесі.

Ендеше келіп отырған аналарымызды құттықтап жіберейік.

Балалар:

Құттықтаймыз аналар

8-наурызбен!

Жүргізуші:

Ақ анашым аппағым!

Өзің жайлы таппағым.

Арналады сіздерге

Бар баланың тілегі,- дей отырып балалардың өнеріне кезек берейік!


Тақпақтар:

1-бала: Бүгін Наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз адамның,

Анаға айтар лебізі

2-бала: Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі.

Шаншымасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.

3-бала: Сен жалықпай жетелеп,

Мен жаттыға жетермін

Айтқаныңды екі етпей,

Ақ сүтіңді өтермін.

4-бала: Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші наурызбен.

5-бала: Айналайын анашым,

Аялайсың бағасың.

Менің үшін не керек,

Бәрін іздеп табасың.

6-бала: Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат анам, анашым.

Сені көрсем қуанам,

Сені керексің қайда да.

7-бала: Кір түсірмей жағаға,

Шашымды да тарайсың.

Бақшама мен барарда,

Мейірлене қарайсың.

Тақпақтар әжелер туралы

1 – бала: Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа,

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені өйткені,

Өте жақсы көреді.

2 – бала: Өскенде мен ал енді,

Аралаймын әлемді

Сыйлық әкеп әжеме

Таң қалдырам бар елді.

3 – бала: Сен жалықпай жетелеп,

Мен жаттыға жетермін

Айтқаныңды екі етпей,

Ақ сүтіңді өтермін.



Жүргізуші: Көктемде тіршілік атауы ұйқысынан оянады, құстар жылы жақтардан қайта оралады.

Балалар, бәріміз орнымыздан тұрып «Қарлығаш» әнін айтайық.

Жүргізуші:

Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады.Үй жинайды, тамақ пісіреді. Сонымен бірге аналар біздің ойымызды айтқызбай табады. Біздің бар сырымыз оларға белгілі. Олай болса, аналарымызбен ойын ойнап жіберейік.

Ойын: Өз балаңды тап.

Ортаға аналарымызды шақырамыз. Аналарымыздың көзін байлап,

топ балаларының ішінен өз баласын табады.

Өз баласын еркелету.


Музыка ырғағымен Көктем аруы кіреді.

Көктем: Армысыңдар балалар!
Балалар: Армысыз, сұлу көктем!
Көктем: Балалар былтыр сендер кішкентай ғана бүлдіршін едіңдер. Ал, қазір есейіп, көркейіп кетіпсіңдер.
Тәрбиеші: Ару көктем, біз Сізді көргенімізге өте қуаныштымыз! Сіз де бізбен бірге аналар мерекесіне арналған өлең жырымызды тамашалаңыз.

Өзіңізге арнап біздің балаларымыздың тақпақтары бар. Қабыл алыңыз!

Көктем туралы тақпақтар:

Көктем: Балалар, жарайсыңдар. Менімен бірге ойын ойнайық. Ойын шарты бойынша ойынды бастаушы себеттегі гүлдерді жерге шашады. Балалар гүлдерді жинап олардың нешеу екенін, түсін айтып береді.

/Ойын 2 - 3 рет қайталанады./

Көктем аруы, біздің балаларымыздың сізге арнап ән шырқамақ. Қабыл алыңыз!

«Көктем келді» әні.

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі «Ана» деген сөзбен астасып жатыр.
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары, - дегендей, бүлдішіндеріміздің тақпақтарын ұсынамыз!

Тақпақтар.

1 – бала: Жыл басы – Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Аналар тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды.

2 – бала: Жылылықтан жаралған

Құшағы оның таң мекен

Менің айдай анамнан,

Асқан сұлу бар ма екен?

3 – бала: Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

4 – бала: Үмітіңдей көзіме,

Көп қарайсың үңіліп.

Еркелеген сөзіме,

Ертегіңіз тұр күліп.

5 – бала: Айналайын анашым,

Жұмысыңа барасың.

Қайтып мені көргенше,

Шын сағынып қаласың.

6 – бала: Апатайым, анашым,

Ақылы мол данасың.

Қамқоры сен сәбидің,

Гүлі де сен әр үйдің.

7 – бала: Жүре берсем қасыңда

Әйбәт апам,әй апам.

Ботам деген даусыңнан,

Мен мәз боп оянам.


(Қоңырау дыбысы естіледі).

Жүргізуші: Бұл кім шулап жатыр? (Шымылдықтың артынан Кузя шығады)

Кузя: Мен кішкентай үй әулиемін

Шақыр мені үйге сен

Ешкімді кіргізбей тазалық жүргізем

Әжелер мен аналарға көмектесемін мен

Құттықтап әжелерді, қыздарды және аналарды.

Күнде, күнде күн сәулесі,

Тұрсын қағып терезеге

Сендерге сыйлық ретінде қоңырау беремін.

Қоңырауды сылдырлатып қонақ шақырыңдар үйлерге.

Жүргізуші: Рақмет саған Кузя.

Қоңырау соғады.

Жүргізуші: Қоңырауымыз шылдырлап, келсін бізге қонақтар

Ән әуенімен Кикимора кіреді

Кикимора: Орман аралап жүрсем

Қоңырауды естідім

Қатты дыбысымен

Әкелді мені мұнда.

Мен қырсық, жаман емеспін

Мен тентек қызбын

Мені бәрі әдемі, ақылды деп айтады.

Қайда түсіп кеттім, аяқтарым мені қайда әкелді

Жүргізуші: Сәлеметсің бе Кикимора

Кикимора: Сәлем бердім бәріңе! Не сауық бұл жерде?

Жүргізуші: Сен бізге мерекеге түстің.

Бүкіл балалар аналарын, әжелерін және қыздарды құттықтап жатыр.

Кикимора: Немен құттықтап жатыр? Қандай мереке? Неге мен ештеңе білмеймін?

Жүргізуші: Бүгін халықаралық 8 наурыз әйелдер күні.

Кикимора: Ой, қандай бақыт! Мен де әдемі қызбын ғой, ендеше мені де құттықтаңдар!

Жүргізуші: Әрине, мерекеңмен!

Кикимора: Ой, қандай керемет, көңілім көтеріліп билегім келіп кетті ғой.

(әуенге билейді)

Жүргізуші: Сен өзі әдемі билейсің ғой. Біздің балалар да әдемі билей алады.

Би:

Кузя кіріп көңілсіз айтады:

Кузя: Маған ешкім ботқа пісірмейді. Менің жөтелімді ешкім емдемейді. Менің анам жоқ. Ешкімге керек жоқпын. Сен Кикимора жаман емессің. Сен көңілді, күлкүлісің Күлімдеп маған тез, болшы сен анашым...

Кикимора: Әрине, қымбаттым. Сен боласың ұлым менің. (Қуанып билейді)

Енді менің ұлым бар, ана болдым!


Жүргізуші: «Ана» деген ең жақсы сөз әлемде.

Ән: « Құттықтаймын, мама, туған күніңмен»

Кикимора: Қандай тамаша ән. Үйге қайтар уақыт келді. Жүре ғой ұлым мен саған ботқа пісіріп берейін. Сау болыңдар! (қоңырау соғылады)
Жүргізуші: Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жартығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін.

Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты қонақтар!

Мерекелеріңіз құтты болсын! Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық. Сау болыңыздар!



























































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.07.2018
435
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі