Тақырыбы: «Жаңа жылдық ертегі әлеміне
саяхат»
/Музыка залы мерекеге сай безендірілген, жаңа
жылдық әсем музыка ойнап тұрады.Фан-фары
ойналады/
Жүргізуші
Маржан: Жаңа жылдың таңы неткен
арайлы,
Ақ мамыққа орап алып
маңайын.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген
үн,
Қанаттана кең алқапқа
тарайды. Амансыздар ма құрметті қонақтар, құрметті ұжым және
кішкентай бүлдіршіндер.Келе жатқан жаңа жыл баршаңызға құтты
болсын.
/осы кезде сиқырлы музыка ойналады, қоңырау
үні шығады./
Жүргізуші:
қоңыраудың үнін естіп тұрмын, жаңа жыл
кешінде түрлі ғажайыптар болады деуші еді, мүмкін сол бір ғажайып
бізге жақындап келе жатқан
сияқты.
/Сиқырлы әсем музыка ойналады сахнаға сиқыршы
Жанна А. балалармен
шығады./
Сиқыршы Жанна
А: амансыздар ма құрметті қонақтар. Келе жатқан
жаңа жыл мерекесі құтты
болсын.
Жүргізуші:балалар мерекеге қош келдіңдер, қараңдаршы
ортамызда әсем ағаш не?
Балалар.
Шырша.
Ендеше осы шыршамен ойын
ойнайық.
/1.ойын шыршаның
шамдары/
барлығымыз алақанмен шапалақтайық – /шырша
жанады/
барлығымыз аяғымызды топылдатайық – /шырша
сөнеді/
/барлық балалар орындықтарға
жайғасады/
Сиқыршы:
Ал енді балалар, қонақтар сендерді жаңа
жылдық ертегі әлеміне саяхат жасауға
шақырамын.
/ертегі музыкасы
ойналады/
/сахнаға ата мен әже, шұбар тауық
шығады/
Шал Күлпаш
Д.: Кемпір-ау кемпір жаңа жыл жақындап келе
жатыр. Не істейміз?
Кемпір Гүлжан
А.: мына шыршаны безендіру керек қой. Бірақ немен
безендіреміз?
/ширма сыртынан тауық
көрінеді/
Тауық: Ата, әже мен сіздерге шыршаны
безендіруге алтын жұмыртқалар дайындап қойдым ғой. Мінекей
алыңыздар.
/кемпір ширма жаққа барып жұмыртқаларды
алады/
Әже:
шал-ау екеуміз де қартайдық, шыршаны
безендіруге күшіміз жетпейтін
сияқты.
Жүргізуші:
ата, әже сіздердің көп немерелеріңіз бар емес
пе, солар көмектессін.
/топтың үлкен балалары шыршаны
безендіреді./
Ата мен
әже: шыршамызды безендірдік, енді немерелеріміздің
өнерін тамашалайық.
Жүргізуші:
«Күн шуақ» тобының биін
тамашалаңыздар.
Ата мен
әже: рахмет сендерге балаларым. Шыршамыз жаңа
жылды қарсы алуға дайын. Сау
болыңдар.
/ата мен әже сахнадан
кетеді./
/бауырсақ ертегісіне арналған музыка
ойналады, домалап бауырсақ
шығады/
Бауырсақ
Дамелья: Мен бауырсақ,
бауырсақ.
Сап-сары
бауырсақ,
Атадан мен
қаштым,
Әжеден мен
қаштым.
–Ой, мынау әсем ағаш не? Қандай
сүйкімді балалар. Мен қайда
келдім?
Жүргізуші: бауырсақ сен жаңа жыл мерекесіне тап
болдың.
Бауырсақ:
мен мұндай мерекені көрмеппін, бұнда не
істейді?
Жүргізуші:
Жаңа жылда ән салып, би билеп , көңіл көтеру
керек.
Бауырсақ:
аааа солай ма ендеше мен сендермен бірге би
билегім келеді.
/Алақай
биі/
Бауырсақ:
Жарайсыңдар балалар, ал мен атам мен әжеме
барып жаңа жылды бірге қарсы
алайын.
/Қызыл телпек музыкамен сахнаға
шығады/
Қызыл телпек Гүлзира
Н: Сәлеметсіздер ме балалар, қонақтар.
Шыршаларың қандай жарық, өздерің қандай әдемісіңдер.Сендер қандай
мерекені тойлап жатқандарыңды
білемін. Менің себетімде ақұлпа қарлар
бар. Осы қарлар арқылы сендермен ойын ойнағым
келеді.
/Ақұлпа қарларын
жинау/
Сау болыңдар
балалар.
Жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақшақарды
шақырайық.
/Аяз ата, Ақшақар балалар
барлығы шақырады./
Аязата: Амансыңдарма,
халқым!
Амансыңдарма, балаларым!
Жаңа жылдарың құтты болсын!
Қандай жарқын жүздерің!
Қандай әсем көздерің!
Алып келдім сіздерге,
Жаңа жылдың жылуын!
Ақшақар Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер
маңайды,
Ақшақармын
арайлы.
Жалт - жұлт еткен
жүзімнен,
Күміс сәуле
тарайды.
Аяз
ата: Балалар сендер бір нәрсені
ұмытып кетіпсіңдер ғой. Ортадағы әсем шыршаларың неге жарқырамай
тұр. Барлығымыз қатты-қатты алақандарымызды соғып шыршаның шамдарын
жағайық.
/шырша жанып сөніп
қалады/
Аяз
ата: балалар менің сиқырлы таяғым
қайда?
/сахнаға түлкі таяқпен шығады
/
Түлкі Ира
: - ааа шыршаларың жанбай жатыр
ма? мені мерекеге шақырмадыңдар ғой. Сендерге сиқырлы таяқты
бермеймін.
Жүргізуші: Сәлем түлкі. Біздің сүйкімді
балаларымызды мерекесіз қалдырайын дедің бе? Сиқырлы таяқты
берші?
Түлкі: Бермеймін. Шыршаны өзім
жағамын.
/Шыршаны айналып жүгіріп жүріп
шыршаны жағуға тырысады, бірақ шырша
жанбайды/
Жүргізуші: Балалар қасықтарды қолымызға
алып тарсылдатып ойнайық.
/Қасықтармен
оркестр/
/Түлкі таяқты тастап қашып
кетеді./
Аяз
ата: Ал енді шырша шамдарын
жағайық
Қуант бізді
таңырқат
Шамдарыңды
жарқырат.
/Шам жағылған
соң/
Жүргізуші: Әдемілеп біз
ілген,
Ойыншықтар
тізілген.
Қандай әсем
шыршамыз.
Тақпақ айтайық
баршамыз!
1.Жансая
Здравтствуй, елочка
лесная,
Серебристая,
густая.
Ты под солнышком
росла,
И на праздник к нам
пришла.
2.Жанболат
Снег идет, снег
идет,
Значит скоро новый
год.
Дед мороз к нам
придет.
И подарки
принесет.
3.Димаш
Аяз ата
аппақ
Кәмпиттері
тәтті-ақ.
Маған кәмпит көп
берсең,
Тағы айтамын
тақпақ.
4.Жансезім
Шыршаға
бардық,
Әсем ән
салдық.
Аяз
атадан,
Көп сыйлық
алдық.
5.Шани
Аяз ата
келді,
Бізге кәмпит
берді.
Аяз ата
келді,
Ойыншықтар
берді.
Жүргізуші: Ал енді балаларымызбен бірге
ән шырқайық.
/Барлық балалар шыршаны
айналып тұрып «Аяз
ата» әнін
шырқайды./
Жүргізуші: Балалар енді ортада тұрған
әсем шыршамызға арнап ән шырқап
берейік.
/Шырша
әні/
Аяз
ата: Рахмет балалар. Өнерлерің өрге
жүзсін.
/сахнаға Ит торайды қуып
шағады, шыршаны айнала бір-бірін
қуады/
Аяз
ата: Қанекей не болды? Менің
әлемімде кім шулап жүр. ӘӘӘ Ескі жыл мен жаңа жыл екен ғой. Қане
жақындаңдар.Ит жылы сен ашуыңды бас та,
жолыңды жаңа жылға бер.
Аяз
ата: Ит жылы сен молшылық пен
байлық, береке-бірлік жылы болдың. Біздің үйде жақсы жаңалықтар мен
өзгерістер болды. Бәрі үшін саған
рахмет.
Жаңа жыл қош
келдің!
Ақшақар: Аяз ата біз
балаларымызға сыйлықтар беруді ұмытып
кеттік.
Аяз ата: Қанекей балаларыма
сыйлық әкеліңдер.
/сыйлықтар
таратады./
Жүргізуші: Құттықтау сөз Мамандандырылған
балалар үйінің бас дәрігері Кенжебаева Сәуле Кенжетаевнаға
беріледі.
/құттықтау сөз, қонақтардың
құттықтау сөздері/
Жүргізуші: Келесі кездескенше сау
болыңыздар. Жаңа жылдарыңыз құтты
болсын.