Жаңа жылдық ертеңгіліктің сценарийі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа жылдық ертеңгіліктің сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылға арналған ертеңгілік сценарийі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балаларға арналған жаңа жылдық ертегі-кештің сценарийі

Кейіперлер:

Бишілер

Жүргізуші

Аяз ата

Ақшақар

Аққала

Қоян

Қасқыр

Мыстан кемпір

Екі ұры (биге икемді ер балалар)


Зал жаңа жылдық көірініспен безендірілген. Сахна қысқы, ормандағы ауылдың көрінісімен безендірілген.


Зал іші қараңғы. Баяу әуенмен бишілер шам ұстап билейді. Әуеннің фонымен баяу, асықпай өлең оқылады.


Қырдағы қыс

Түнімен долы дауыл құрыстаған

секілді арыстандай жыны ұстаған.

Жамылып ақ көрпесін енді ғана

маужырап байтақ дала тыныстаған.


Қалыпты қарауылда жыңғыл, құрақ,

Іліп ап ақ мамықтан бір - бір тұмақ.

Мәз болып жас баладай, айналаға

қарайды әр бұтадан күн жылтырап.


Қолдарына шам ұстаған биші қыздар шырша асытнда билейді. Би біткен соң, залдың жарығы жағылып, ақ қар образындағы жүргізуші, сахнаға шығады.


Жүргізуші:

Сәлем, сәлем достарым,

Көңілді кешті бастадым!

Мерекені аңсадық,

Шақырып елді жар салдық!

Біздің елде мереке,

Біздің жерде ерекше,

Шырша кеші көңілді,

Басталады, кел, төрле!

Амансыңдар ма, достарым! Бүгінгі көңіл-күйлерің қалай? Жаңа жылдық мерекені тойлауға дайынсыңдар ма?

Жарайсыңдар, балалар! Балалар, бүгін сендерді қуантып, сендердің өнерлеріңді тамашалап, өз сыйлығын беруге Аяз ата мен Ақша қар келеді екен!.... Ал, әзірше, біздің орманның тұрғындары жаңа жылға қалай дайындалып жатыр екен, бірге тамашалайық! (залдың жарығы өшіп, сахнаның жарығы ғана қалады. Сахнада кейіпкерлер көрініс көрсетеді.)


Баяу, ертегі музыкалары қосылып, тұрады. Аққала аула сыпырып жүреді. Телефон шыр етеді. Үйшіктің ішінде, тұтқаны Ақша қар көтереді (терезесінен көрініп тұрады):

- Алло!

Телефонның ар жағынан Аяз ата сөйлеп тұрады.

- Алло, айналайын қарша қыз! Біз балалардың ертеңгілігіне барып, сыйлықтарымызды үлестіруіміз керек! Мен сыйлықтарды алып, жолда келе жатырмын. Мен келгенше, орманның тыныштығы мен тәртібін өзің қадағала! Анау ормандағы шыршаны ұрылардан қорғаңдар!

-Жарайды, ата, алаң болмаңыз!


Ақшақар үйшіктен шығып, жер сыпырып жүрген Аққалаға:

- Досым, Аққала! Ормандағы қасқыр, қоян, аю, тиінді шақыр. Аяз ата, жолда келе жатыр. Айнала ақ боран, Аяз ата жеткенше, орманның тәртібін қадағалау керек!

(осы кезде сахнаға бірін-бірі қуысқан қасқыр мен қоян шығады. Қоян Ақшақардың арқасына тығылып, дірілдеп, тұрады)

Ақшақар:

- Қоян, ақ Қоян саған не болды? Қасқыр, саған не болды?

Қоян (дірілдеп, қорқып):

- Ммммммееенн одан қорқамын...

Қасқыр (ашуланып):

- Орманның тыныштығын бұзып, әрлі-берлі секіріп, әбден мазамызды алды!

Ақшақар:

- Қоян, қасқыр, біз тату-тәтті болуымыз керек! Жаңа жылды ренжіспей, тату-тәтті қарсы алу керек! Қанеки, қоян, қасқыр достасыңдар! Менің сендерге беретін тапсырмам бар! Тезірек татуласыңдар!

Қасқыр:

- Жарайды, қоян досым! Сен мені кешір! - қолын ұсынады.

Қоян (дірілдеп, қолын бберуге қорқып):

- Ққққққоооорқамын...

Ақшақар:

- Қорықпа, қоян! Қасқыр екеуің бұдан былай дос болыңдар! - деп, қолдарын ұстататып, екеуін бауырына басады.

Аққала сыпырғышына сүйеніп тұрып:

- Жарайсыңдар, достарым!

Ақшақар:

- Қоян, Қасқыр, Аққала жүріңдер! Бірге орманды бақылап келейік! Ормандағы ең үлкен мерекелік шыршаны тамашалап келейік!

Сахнадан шығып кетеді. Сахнаның жарығы азаяды. Дауыл, боран, үрейлі дауыс естіледі. Залға қарқылдап мыстан кемпір кіріп келеді. Шыршаны айналып жүріп:

- Дос болыңдар, шыршаны күзетіңдер, орманның тыныштығын сақтаңдар дегендерің болмайды! Мен тұрғанда бұл орманға Аяз ата да келмейді! Мерекелік шыршаның жанғанын ешкім де көрмейді! Бүгін түнде бұл шыршаны ұрылар олжалайды! Мендей ақылды жаратылыс жоқ! (қарқылдап күледі). Орманның барлық шыршасын ұрыларға тапсырдым! (қарқылдап күліп, залдан кетіп қалады)

Залға қос ұры кіріп келеді, шыршаны көріп.

- Досым, мына кереметті қара!

- Ғажайып, бұл шыршаны сатсақ, қаншама байлыққа кенелетінімізді сен есептей де алмайсың!

- Мыстан кемпір, бізге шындықты айтқан екен! Алдамапты!

- Қане, досым, уақытты кетірмей, шыршаны кес!

Екі ұры шыршаны екі жақтан, аралап кесе бастайды. Осы уақытта әуен ойналып, сахнаға шыршалар билеп шығады. Шырша биі орындалады.Ұрылар араларын жерге тастап, жасырынғандай отыра қалады. Шыршалар биді аяқтап, оларды арқан жіппен байлап тастайды. Осы кезде, жандарына қоян, қасқыр, аққала, Ақша қар жеіп келеді.

- Әп, бәлем, ұрылар, ұсталдыңдар ма?

- Қуанышты күннің шырқын бұзғандарға қолданатын жаза да қатты болады!

Ақша қар: -Асықпаңдар, достарым, бұлардың жазасын, Аяз ата өзі айтады.

Осы кезде әуен қосылып, қоян секіріп, қуанып Аяз атаның келе жатқаны хабарлайды:

- Алақай, он екі айды толтырып, көптен күткен Аяз атамыз келе жатыр! Алақай!

Алыстан Аяз атаның даусы шығады:

Алыс-алыс қырлардан,

Биік-биік шыңдардан,

Он екі айды толтырып,

Ақ жолақтан жол құрып,

Мені күткен ұл-қызға,

Келем сыйды толтырып!

Жолды жапты ақ боран,

Енді қалай жол табам?

Дауыстаңдар барлығың,

Жол табайын дауыстан!


Жүргізуші: Қанеки, балалар, барлығымыз бірге дауыстап Аяз атаны шақырайық! А-яз а-та! А-яз а-та! (Барлығы бірге дауыстап шақырады)

Есіктен Аяз ата кіреді.

- Амансыңдар ма, балаларым!

Жүргізуші: - Аяз ата, қош келдіңіз! Сізді күтті ұл мен қыз! Өнерлерін паш етіп, Кете алмайды сыйлықсыз!

Аяз ата: - Әп, бәрекелді ұл-қызым!

Осы кезде барлығы жамырай бірінен соң бірі Аяз атаға шағымданады:

Қоян: - Аяз ата, Аяз ата, бүгін біздің мерекелік шыршамызды ұрылар тонамақшы болды!

Кішкентай шырша: - Біз оларды ұстап алып, байлап қойдық!

Қасқыр: - Сіз олардың жазасын қалай бересіз?

Ақша қар: -Аяз ата, менің ұсынысым бар! Бұл ұрылар, енді мыстан кемпір дос болмаймыз деп сөз беріп, бүгінгі кешке жиналған балалардың көңілін көтерсін!

Аяз ата: -Жарайсың, ақылды немерем! Олай болса, бізге уәде беріп, кішкентай қонақтарымыздың көңілін көтерсін! Солай ма, достар!

Ұрылар: - Жарайды, Аяз ата! Біз енді жамандықпен, мыстан кепмірмен дос болмауға уәде береміз!

- Біз кішкентай достарымызбен бірге билесек дейміз!


Әуен қосылып, оқушылар кейіпкерлер көрсеткен қимылды бірге қайталап, билейді.

Әрі қарай оқушылардың өз өнерлері, тақпақтары кезекпе-кезек айтылады. Аяз ата әр оқушының есімін сұрап, мақтап, сый-сияпатын тарту етеді.


Кейіпкерлер оқушыларды билетіп, соңында Аяз ата:

-Ал, енді балаларым! Бізді өзге де кішкентай достарымыз күтіп отыр! Жаңа жылды сәтті қарсы алыңдар! Жыл айналып келгенше, қол бұлған қоштасамыз сендермен! Аман-сау тұрыңдар, достарым!

Қоштасу әуені қосылады, барлық кейіпкерлер қолдарын бұлғап, Аяз атамен бірге еріп, сахнадан шығып кетеді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.11.2024
154
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі