Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға арналған эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Жаңа мектепте – жаңашыл ұстаз

«Мұғалімі қандай болса – мектебі де сондай болмақ...» деп ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы атамыз айтып кеткен екен, расында инновациялық технологияларды жетік меңгерген ұстаз жұмысын көріп мектептің жаңарғанын байқаймыз, себебі мектептің айнасы мұғалім.

Бүгін ұстаз алдында отырған білім алушы ертеңгі ел болашағы. Қарқынды дамып жатырған заманда жаңаны танымай болашақта бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу мүмкін емес. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ – ғасыр ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Бұл қазіргі білім беруді дамыту ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдануға байланысты дегенді білдіреді. Себебі ақпарат пен білім қоғам дамуының басты факторы болып табылады.

Қай уақытта да педагог алдында білім беріп қана қоймай, оқушыны қоғамға сай тәрбиелеу, өмірге бейімдеу міндеті тұрды. Сондықтан қоғамда болып жатқан өзгерістер білім беру процесіне әсер етіп отырады. Оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыру, теориялық білімнің практикалық қызметпен байланысын нығайту - бұл біздің қоғамның ұстазға әлеуметтік тапсырысы. Мұғалім өз қызметін дұрыс және білікті бағалай білуі, оқыту әдістері мен тәсілдерін дұрыс және тиімді таңдай білуі, оларды өз жұмысында шығармашылық тұрғыдан қолдана білуі маңызды. Бұл үшін ол өзінің педагогикалық және әдістемелік шеберлігін үнемі жетілдіріп, ғылым, техника және мәдениеттің соңғы жетістіктерінен хабардар болуға тиіс.

Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар шарықтау шегіне жетті. Олардың мүмкіндіктерін пайдаланбау ұстаз ретінде дамымау болар еді. Пәніме байланысты шет елдік компьютерлік бағдарламаларды «Жаратылыстану бағытындағы кластарда стереометрияны оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану» атты диссертациялық жұмысымда зерттеп, қазір оқыту процесінде жие қолданып жүрмін. Бұл бағдарламалар мұғалім уақытын үнемдеп, сабақты тиімді өткізуге, оқушыларға тақырыпты барынша түсінікті етіп, қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.

Алгебра және геометрия курсында сызбалар және кеңістіктегі фигураларды сызу нақтылықты қажет ететіндіктен тақтаға бейнелеу қиындық туғызады және уақытты алады. Осындай кезде «Poly32», «SecBuilder 1.0», «Математический конструктор», «Живая Геометрия 3.1», «КОМПАС-3D», «Geogebra» бағдарламаларын қолданамын. Бұл бағдарламалар фигура және оның жазбасын көрсету, координаталық жүйеге функция графигін, фигураның қимасын салу және әртүрлі сызбалар көрсетуге кең мүмкіндік береді. Сабақ барысында осы бағдарламаларды қолдану оң нәтижелер көрсетіп жүргенін байқадым.

Ақпараттандыру ғасырында еліміздің болашағы компьютерлік технологияларды жақсы меңгерген функционалды сауатты тұлғаларға байланысты. Сол себепті алдымда отырған әр оқушының пәніме деген қызығушылығын арттырып, сапалы және заманға сай білім беру менің міндетім, ел алдындағы парызым.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.02.2025
41
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11