«Жаңа мектепте – жаңашыл ұстаз».
ХХІ ғасыр ғылым мен технологияның дамыған ғасыры. Барлық мекемелер, мемлекеттік құзырлы орындарында, мектептерде озық үлгідегі технологиялық құралдар жабдықталған. Тәуелсіздік алғаннан бері қарай еліміз мектеп жағдайын жасап, түрлі мүмкіншіліктер жасап жатыр. Ол үшін әр қилы жобалар жасалып жатыр. Мәселен «Жүз мектеп», «Жүз балабақша» «Дарынды балаларға арналған мектеп-лицейлер», «Н.Ә. Назарбаев атындағы зияткерлік мектептер» және т.б. Мектептерде оқитын бүлдіршіндерді озық үлгідегі, жан-жақты қалыптасқан, заман талабына сай бүгінгі қоғам мен білімді ұштастыра алатын мұғалімдер қажет.
Қазақтың ұлағатты тұлғасы М.О. Әуезовтың «Ел болам десең, бесігінді түзе!» деген ұлы сөзі бар. Бұл сөздің астары жас ұрпақ тәрбиесіне келіп тіреледі, сондай – ақ ұрпағымыздың сапалы білім егесі болуы тиіс дегенді білдіреді. Біздің қазақ елі талай зұлматты басынан кешкен, сансыз «Тар жол, тайғақ кешуден» өткен ұлы да, ұлағатты ел. Қанша қиын кезеңнен өтсе де ұлт тәрбиесін ең алдыңғы жолға қойып, ел болашағы болар ұрпағын дара тұлға етіп қалыптастыруға талпынған көрегенді ел. Осынау ұшы – қиыры жоқ байтақ даланы ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, бізге мұра етіп қалдырды. Әрқашан өз ұрпағын болашақтың кепілі санайтын халқымыз осы байтақ даланың егесі болады деген ұрпақ тәрбиесі біздің, яғни ұстаздар қауымының жауапкершілігінде. Білімді ұстаз – мектептің тірегі, һәм жүрегі.
Мектеп әр баланың өмірлік табалдырығы болып саналады. Сол табалдырықтан қалай аттайды, өмір өзеніне солай бет алады. Сол табалдырықтан өткізуші адам – мұғалім. Сондықтан да қазіргі мұғалімге қойылатын талап жоғары. Ұйымдастырушылық қабілеті мен қолданылатын әдіс-тәсілдері сай, өтілетін тақырыбы мен көрсетілетін көрнекілік құралдары бір – біріне сабақтас, беріліп жатқан білім мен айтылатын тәрбие мағыналас, сабақтың тақырыбына сабақтың мақсаты сай болуы тиіс. Жаңашыл мына заманда мұғалімдер шәкірттерге тек қана білім беріп қана қоймастан, озық үлгідегі мектеп құралдарын да қолдана білуі тиіс. Оқушыларға әр сабақты ақпараттық – коммуникациялық технологиялармен байланыстырып өткізуі қажет. Жаңашыл мұғалімнің болуына қажет болған ең қажетті қасиеттердің бірі ұйымдастырушылық қабілеті мен үздік әдіс – тәсілдерді меңгергендігі болуы керек. Күнде қарыштан дамып, дамыған елдермен терезесін теңестіріп келе жатқан Қазақстан мемлекеті үшін өзгеріс әбден керек. «Әлемнің өзгеруін қаласаң, өзгерудің алғашқысы өзің бол! Болашағыңның өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті қазір жаса!» дейді. Ендеше білім жүйемізде болып жатқан білім саласындағы бүгінгі өзгеріс орынды.
Сабақ барысында жаңа әдіс-тәсілдермен оқыту негізгі жеті модульге сараланған. Жеті модульді сабақтарда пайдалану барысында ұстаз дәстүрлі сабақтарымызда қалыптасқан біршама заңдылықтарды өзгерте алады, атап айтар болсақ мұғалім сабақтарда дайын түрде білім беру емес, керісінше оқушының өз бетімен білім алуына жағдай жасайды. Оқудағы жаңа әдіс – тәсілдерді қолдану барысында, оқушы сыни тұрғыдан ойлауға, өз білімін бағалауға, заманға сай ойы мен пікірі қалыптасқан құзіретті тұлға болуға, ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдаланудағы сандық сауаттылығын арттыруға, алған білімдерін өмірде қолдана алуға бейімделеді. Жеті модульді пайдалана отырып мұғалім оқушы білімімен қоса өзінің біліктілігін арттыруға мүмкіндік жасайды. Бұл тек біздің талабымыз емес. Жаңа мектепте – жаңашыл ұстаз болу заман талабы.
Жасампаз заманның жаңашыл ұстазы болу үшін тек білім ғана жеткіліксіз екеніне көзіміз жетті. Ендігі кезекте біз тәуелсіздік қазақ елімізді дамыту үшін мықты маман иесі болуымыз керек. Сонда ғана қазақ елі қарыштап дамып, айналасындағы елдермен терезесі тең болады. Ұлт болашағы – ұлы ұстаздың қолында.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаңа мектепте - жаңашыл мұғалім

шағым қалдыра аласыз