Материалдар / Жаңа сабақ: Том мен Бекки

Жаңа сабақ: Том мен Бекки

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сынып әдебиеттік оқу бойынша “Том мен Бекки” тақырыбына жасалған сабақ жоспары. Сабақ жоспары түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жасалған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қазан 2021
463
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Том мен Бекки

Күні: 12.10.2021

Машықкер: Максатова Наргиз

Әдіскер: Мусанова А.Д.

Мектеп мүғалімі: Нургалиева Б.К.

Бағасы:

Қолы:


3-сабақ.

Бөлім:

2-бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Педагогтің аты-жөні:

Максатова Наргиз

Күні:

12.10.2021

Сыныбы: 3 «В»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Том мен Бекки

«Том мен Бекки» Марк Твен

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Мәтінді дауыстап дұрыс оқиды.

Көпшілік оқушылар үшін:

Мәтінді рөлге бөліп оқи алады.

Кейбір оқушылар үшін:

Мәтінде түсініп әрі мәнерлеп оқиды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

6 мин

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. «Мен жұлдызбын» әдісі бойынша жағымды психологиялық ахуал ұйымдастыру.

3. Үй тапсырмасын «Тосын қобдиша» әдісі арқылы тексеру.

Мақсаты: Оқушыларды өздерінің келешекте кім болғысы келетіндерін, яғни армандарымен бөлісу арқылы бір-бірімен жақынырақ таныту, белсенділікті арттыру.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне армандарын айту арқылы достықтары артады және сабаққа қызығушылықтары артады.

Сабақтың ортасы

2 мин

1-тапсырма.

«Таратпа қағаздар» әдісі арқыла оқулық бойынша 1-тапсырма:

Оқушылар «кітап», «бұзықтық», «мұғалім» сөздеріне сөйлемдер құраулары керек.


Таратпа қағаздардан 1 қағазды таңдап, түскен сөзі бойынша сөйлем құрайды.


Дескриптор: Жалпы: 2 балл

Оқушылар сөйлемді дұрыс құрайды.

кітап

бұзықтық

мұғалім



2-тапсырма.

«Сәйкестендіру» әдісі арқылы автормен танысу.

Марк Твен - 30 қараша 1835 жыл, Флорида, Миссури, АҚШ-та дүниеге келген америкалық жазушы, журналист, көсемсөзші. Көркем әдебиет, тарихи көркем әдебиет, балалар әдебиеті, сатира, эссе, философиялық әдебиет, әдебиеттану жанрларында шығармаларын жазған. Гуманист және демократ.

Тақта, сәйкестендіру қағаздары

10 мин

3-тапсырма:

«Кезек-кезек» әдісі арқылы оқушылар, оқулықтағы «Том мен Бекки» мәтінін түсініп, мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап беріп, «Менің орнымда болып көрсін» деген мағынада айтылған тіркесті мәтіннен табады.

Сұрақтар:

- Мәтін не туралы?

- Кім туралы?

- Бекки не істеп қойды?

- Том оның бұзықтығын мұғалімге айтты ма?

- Неге айтпады деп ойлайсыңдар?

Мәтінді түсіне оқып, мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, тіркесті табады.

Дескриптор: Жалпы – 5 балл.

Оқушылар мәтінді түсінеді, сұрақтарға дұрыс жауап беріп, тіркесті табады.

Оқулық, дәптер

7 мин

4-тапсырма:

Оқулық бойынша 3-тапсырма және «Қиялға ерік берейік» әдісі арқылы оқиғаны өз ойынша жалғастыру.

Оқулықтан Томның пікірін оқып, өз ойларымен қиялдарына ерік беріп оқиғаны аяқтайды.



Дескриптор: Жалпы – 4 балл.

Оқушылар қиял бойынша жұмыс істеуге үйренеді.

Оқулық


3 мин

Бекіту:

Сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

- Томның істегені дұрыс па?

- Беккидің істегені ше?

- Сен осындай жағдайға түссең не істейтін едің?

- Томның қыздар жайлы айтқан пікірімен келісесің бе?

- Томға не істеуге кеңес беретін едің?

Оқушылар мұғалімнің бекіту сұрақтарына жауап береді.

Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

Оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап береді.


Оқулық














Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

8 мин.


«Ой толғау кітабы» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын стикерларға жаздырып, кітапты ойларымен толтырады.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың

«Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады..

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».


Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі.

1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.


Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқытутуралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері / қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым ? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ