400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ- МҰҒАЛІМНІҢ ПӘНДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНІҢ БАСТЫ ШАРТЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқытушыларға, тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ- МҰҒАЛІМНІҢ ПӘНДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНІҢ БАСТЫ ШАРТЫ


«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып , оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.

Педагогикалық жаңа технология – іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс – тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология – оқу тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі. Олай болса, технология – ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Ал осы жаңа технологияны таратушы, үйретуші, өзінің шығармашылық еңбегінде жүйелі қолданушы, насихаттаушы ол – мұғалім. Жаңаша ойлай білсең ғана- ұстазсың. Сол себептенде жаңа технологияны енгізуші – таратушы тұлғаға үлкен талаптар қойылып отыр.

Ұстаздардың алдына қойған міндет – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіру. Әрбір педагогикалық технология – жеке тұлғаның өзін - өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективтік әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды. Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:

І кезең: оқып үйрену;

ІІ кезең: меңгеру;

ІІІ кезең: өмірге ендіру;

IV кезең: дамыту;

Оқыту - үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы. Оқыту мен тәрбие егіз үрдіс. Сондықтанда мұғалім инновациялық технологияны пайдалануға ықпал ететін көптеген шартты жағдайларды танып білуі талап етіледі.






Схема 1

Жаратылыстану пәндер жүйесінде оқытудың инновациялық әдіс тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары


DrawObject1


Жаңа педагогикалық технология мақсаты- оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болу керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Оларды тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты.

Жаңаша оқытудың негізгі түрлеріне: оқытудың дербес және топтық формасы жатады. Бұл жерде алға қойылған басты мақсат, оқушыларға деген сенім, өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп, беделі мен идеяларын, қалыптастыру, қадір қасиет сезімін дамыту. Сонымен жалпылап айтқанда оқу үрдісінде оқушының тұлғасының дамуына, ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің бәріне жүктелеттін міндеттер жүйесі төмендегідей:

  • Оқушылардың базалық білім, ептілік дағдыларын (білім беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;

  • Оқыту үрдісінде оқушылардың теориялық және өнімділік ой – құрастыру әрекетерін танымдық қабілеттерін белсендіру;

  • Оқушылардың танымдық қызығушылығын, оқуға деген мотивін дамыту.

  • Оқу материалын игеруде және оқу іс әрекетінде жете ұғынуға талпындыру.

  • Белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын ұйымдастыру.

  • Көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану;

  • Оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті – зерттеу түрлерін ұйымдастыру;

- Оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану;

  • Дамытуша оқытуға арналған ойындарды қолдану;

  • Жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру (коммуникациялық жаттығулар, зейін, ес, ойлау, т.б) арналған дамыту жаттығулары;

Осы іс тәжірибелерді жинақтай отырып, оқытудың озық технологияларын өз сабақтарында пайдалану маңыздылығы ерекше.



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
273
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі