Материалдар / Жаңа технологияларды пайдаланып орта мектепте «Электродинамика» бөлімін оқыту әдістемесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңа технологияларды пайдаланып орта мектепте «Электродинамика» бөлімін оқыту әдістемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Орта мектепте электродинамиканы оқытудың көп жақты сипаты мен қойылатын мақсат, шешілетін мәселелер жиынтығы зерттеудің жетік әдістерін талапетеді; пән бойынша жасалған оқу бағдарламасымен, оқулықтар және әдістемелік құралдармен танысу; мектептерде осы тақырыпты оқыту барысындағы пайдаланатын физикалық тәжірибелердің қойылуын таңдау; зерттеу тәжірибелерін жүргізіп, зерттеу нәтижесін бағалау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
1934
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады













Тақырыбы : Жаңа технологияларды пайдаланып орта мектепте «Электродинамика» бөлімін оқыту әдістемесі





Мазмұны

КІРІСПЕ ..............................................................................................................

3

1. Оқытуда қолданылатын көрнекілік әдістер ……………………………

7

1.1.АКТ- ны Электродинамика бөлімін оқытуда қолдану …………….....

8

1.2. Физика  сабағында модульдік  оқыту  тенологиясын  қолдану ............

13

2.Жаңа технологияларды пайдаланып орта мектепте «Электродинамика» бөлімін оқыту әдістемесі ...................................................................................


18

2.1. SMART - мақсат құру арқылы «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы» тақырыбын түсіндіру..........................................................................................

19

2.2. Блум таксаномиясын «Магнит өрісі» тақырыбына қолдану.................

25

Қорытынды..........................................................................................................

31

Қолданылған әдебиеттер ...................................................................................

32



Кіріспе

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының

9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.[1]

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз  білім беруді жаңғыртуды  одан  әрі  жалғастыруға тиіспіз.[2] Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталды. Орта білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде. «Өмір бойы білім алу» әрбір қа­зақ­стандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» делінген.Ал  Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада «Е-learning» электронды оқыту жүйесі бойынша білім беру сапасын және басқару тиімділігін арттыру үшін оқу процесін автоматтандыру, педагогтар мен оқушыларды ең жақсы білім беру ресурстарына және технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты атап көрсетілді. [3] Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде. [7] Физика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру атты баяндамамда қазіргі заман талабына сай  ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретіндігі  туралы баяндалады. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.

Электродинамика – зарядталған денелер мен бөлшектердің арасындағы өзара әрекетті іске асыратын материяның ерекше түрі – электр өрісінің заңдылықтарын және қасиеттерін зерттейтін физиканың бөлімі. Электродинамика тарауы негізі орта мектептің 10-11 сыныптарында толық қамтылады. 10-сыныпта Электродинамиканың бастапқы бөлімі аталып - электростатика (стационар күйдегі элементар зарядтардың физикасы), тұрақты ток және электр, магнит индукциялары өтілсе, 11-сыныпта сол бөлімнің жалғасы болып, қозғалыстағы элементар зарядтардың физикасы ретінде қозғалыстағы зарядтардың заңдылықтары - электромагниттік индукция, электромагниттік тербелістер мен толқындар, айнымалы электр тогы мен толқындық оптика және салыстырмалы теорияның элементтері енген. Қазіргі тіршілігіміздегі қолданбалы маңызы өте зор. Электродинамиканы екі сыныпқа бөлу физиканы оқыту әдістемесіне көптеген қиыншылықтар тудыруда. Әрбір сыныпта өзіндік жүйелігі сақталған, ерекшеліктері сараланып, топтастырылған физика курсының негіздері толық қамтылып, аяқталып отырылуы қажет еді. Осы ойдың арқауына 9-сыныптың физика оқулығының материалдары мысал бола алады. Көрнекілік принципіне негізделіп құрылмаған Электродинамика әдістемесі қазіргі заманның оқу үдерісінің мүдделерін қанағаттандыра алмайды. Себебі электродинамика физика курсының политехникалық маңызы бар бірден бір ерекше бөлігі. Техникалық сұраныстардың бәрі, дерлік электродинамика негізінде құрылған. Ал оны оқыту көрнекілік тәжірибелерінсіз іске асуы мүмкін емес. Электродинамиканы оқыту әдістемесі бір ғасыр аралығындағы даму мерзімінде физика курсының ең негізгі, прогрессивті бөлімі болып қалыптасты. Ғылыми-техникалық өркениеттің қарқынды дамуымен тығыз байланыстағы физиканың бұл саласы (электродинамика) жылдан-жылға күрделеніп келеді. Оны оқыту үлгісі де жаңа тұрғыда өзгеруде. Физикалық жаңа заңдылықтардың ашылуы, жаңа физикалық құрылғылар мен қондырғылардың, аспаптардың шығарылуы физиканы оқыту әдістемесінің көрнекілік принципін дамытудың бірден-бір ұйытқысы болды. Радиотербелістер мен толқындардың өмір дағдысына енді аяқ ала бастағанында оны оқытып, көрнекілікпен көрсетіп баяндау мүмкіншіліктері болмады. Бірақ болашаққа зор сенім артқан әдіскер физиктер өздерінің шеберліктерін шыңдап, электродинамиканың қызықты құбылыстарын оқушыларға көрнекілей білді. Совет әдіскер физиктері Е.Н.Горячкин, А.А.Покровский, Г.И.Фалеев, Б.С.Зворыкин және электромагниттік тербелістерді, электродинамиканы оқытудың көрнекілігін жасауға ерең еңбегімен ат салысқан ғалым Н.М.Шахмаев болатын. Мектеп физикасын оқыту үдерісіндегі көрнекілік принципінің әдістемелік негіздерін жетілдіру электродинамика бөлімдерін оқытудағы өзекті мәселелердің бірі. Сол себепті де «Мектеп физика курсының «Электродинамика» бөлімі бойынша жасалатын кейбір физикалық практикумдар және оны ұйымдастырып өткізудің әдістемесін зерттеу маңызды деп есептеймін.



  1. Оқытуда қолданылатын көрнекілік әдістер

Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты. Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырранда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі. [7]

Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кинофильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.Оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар, видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі – жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге ерекше көңіл бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш техникасы кабинеттерін құру міндеті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді енгізу міндеті де қолға алынуда. [4] Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін елеулі түрдекеңейтеді.Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттарды:


•    көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;

•    көрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану;

•    демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;

•    иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;

•    құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;

•    демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі;

•    көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды қатыстыру.


1-сурет 2-сурет


Оқытудың тәжірибелік әдістері арқылы оқушылар тәжірибелік қызметпен айналысып, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Тәжірибелік әдістер: жаттығулар, зертханалық және практикалық жұмыстар.Жаттығу көмегімен ақыл-ой және тәжірибелік іс-әрекет меңгеріледі. [7]



    1. АКТ- ны Электродинамика бөлімін оқытуда қолдану

Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті  50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру  реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылықа білеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі»деп атап көрсетті. [3] Сондықтан да оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. Физика сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

  • оқушының өз бетімен жұмысы;

  • аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

  • білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

  • шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық  құбылыстарды  түсіндіру арқылы жүзеге асыру;

  • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

  • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

  • экономикалық тиімділігі;

  • іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

  • қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;

  • оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық  — коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын. Физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу оқу процесін дамыту мен жетілдірудің болашағы болып табылады, әсіресе оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамытудағы ролі ерекше. [4] Физикалық эксперименттерді модельдеу – оқытушыға  сабақта физикалық ұғымдардың мағынасын тереңірек ашуға, оқушыларды физиканың қазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, физикалық құбылыстармен  зерттеу әдістерін толық түсіндіруге мүмкіндік береді. [7]

3-сурет

4-сурет

Электрондық оқулықтың тиімділігі зор. Электрондық оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды  бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық және дипломдық жобаларға нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу басылымы. Оқытушы үшін  электрондық оқулық – бұл күнбе – күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. [4] Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады.Онда әр тарауда тақырыптың мазмұны, заңдары мен анықтамалары, түсініктеме сөздігі мен қазақша – орысша сөздік, кестелер, ғалымдардың өмірбаяндары,  жаттығулар мен есептер, бақылау жұмыстары қамтылған. Тараудағы оқу материалдары бойынша  берілген анимациялық тәжірибелер оқушыларға физикалық құбылыстарды  көрсете отырып,  түсіндіруге ыңғайлы.Сонымен қатар тақырыпты қорытындылау үшін тест сұрақтары берілген. Бұл тест сұрақтарының  нәтижесі әр оқушыға жауап беру деңгейіне қарай пайыздық көрсеткішпен бағаланып беріледі. Бұл әдіс оқушының білімін көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер ететіндігі сөзсіз. [7]



5-сурет


6-сурет


Электрондық оқулықтар мен компьютерлік оқу-әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдануды үйренген оқушылар зерттеуге құштар, өзі белсенді жеке жұмыс істей алады. Оқытушының жұмысын жеңілдетіп, оқушыны жалқаулықтан құтқарады. Электрондық оқулықтың бағалық – нәтижелік бөлігі тесттер арқылы жүзеге асады. [7] Тест сұрақтарына жауап бергеннен кейін оқушы диаграмма түрінде өзінің білім деңгейін көре алады.Оқушы тұлғасының  дамуына ықпал жасайтын  электрондық оқулықпен сабақтар жүргізудің негізгі міндеттері оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын игеру жүйесін жетілдіру, оқыту үрдісінде теориялық және өнімділік ой құрастыру әрекеттері арқылы танымдық қабілеттерін белсендіру, танымдық қызығулары арқылы оқуға деген мотивациясын дамыту, оқу материалын игеруде және оқу іс-әрекеттерінде жете ұғынуға талпындыру, өзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу түрлерін ұйымдастыру, оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану, әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу. [4]

Электрондық оқулық пән оқытушылары үшін  бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны сабақта қолдану оқытушының шығармашылықпен жұмыс жасауына, белсенділігін арттыруына мол мүмкіндік береді. Білім беру ұйымдарының даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай  талап етілуде. Оқу процесінде оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану  және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. [4] Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине  мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі.

Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп есептеймін. Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. [7]


7-сурет

«Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. [7]

Білім беру жүйесін ақпараттандыру  мен ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқу – тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз. [4]



1.2 Физика  сабағында модульдік  оқыту  тенологиясын  қолдану


Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. [5]

Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады. Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы. [5]


Модульдік оқытудың құрылымы:


1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;

2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

3. Балалардың білім деңгейін алдын ала бағалау:

4. Оқу әрекетінің жиынтығы;

5. Нәтижені бағалау:


Қазіргі  кезде еліміздің барлық орта мектептерінде білімнің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр. Мұндағы негізгі мақсат – жахандану заманында білімнің бүкіләлемдік  кеңістігіне  ену.Сондықтан қазіргі уақытта оқытудың жаңа технологиялары көбірек қолданылуда. Онсыз жаңа сатыға көтерілу, білім сапасын арттыру әсте мүмкін емес.Инновациялық жүйе негізінде мектеп оқушыларының белсенділігін арттырып өзіне сенімділігін қалыптастыру, танымдық шығармашылық қабілетін дамыту қажет. Модульдік оқыту технологиясыныың ерекшелігі әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктері ескерілетінін оқушылардың, өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдылары қалыптасатынын байқадым. [5]

Осы технология негізінде оқушылардың өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік туып, оқуға деген ынтасы оянады. Өз іс тәжірибемде физика сабағында М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту әдісін» оқушыларға жеке тапсырма беру арқылы жетілдіре оқыттым. Оқушыны дара тұлға етіп тәрбиелеу, олардың білім сапасын, танымдылығын арттыру мақсатында жаңа әдіс тәсілдерді сабаққа үнемі пайдалану олардың шығармашылық қабілетін арттырады. Төменде осындай жаңа әдіспен  10 сыныпта өткізілген «Электростатика негіздері» тарауына арналған  қайталау сабағымның жоспарын ұсынып  отырмын.


Сабақтың тақырыбы:  Электростатика  негіздері

Сабақтың мақсаты: «Электростатика негіздері » тарауы  бойынша оқушылардың алған білімдерін тексеріп және пәнге деген ынтасын  арттыру;

Білімділік: Электр  өрісінің  кернеулігін, электр  сыйымдылығын  оқып  үйрену, электр  өрісінің  күш сызықтарын  көрсету, сипаттау.

Дамытушылық:  Ойлау  қабілетін  арттырып, шығармашылыққа  баулу, пәнге  қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелік: Ғылыми – техникалық  білім  беру, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі: Білімді жинақтау, жүйелеу, қорытындылау .

Сабақтың  әдісі: Ойын  сабақ, топтық жұмыс, түсіндірмелі сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақтың  көрнекілігі: электронды  оқулық, үлестірмелі  материалдар, плакат.

Сабақтың  барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Ойын шартымен таныстыру

І. Ой толғаныс  (Сенім, Өкіл, Таңдау, Бәрі)   Үш деңгейде тапсырма беріледі.

«Сенім » қағазы  түскен  топ  мұғалімнің  сеніміне кірген топ болып есептеліп деңгейлік тапсырманы тексеруге көмектеседі; «Өкіл » қағазы түскен топ іштерінен жауап беруге бір оқушыны өкіл етіп шығарады; «Таңдау » түскен топтан жауап беретін оқушыны мұғалім өзі таңдайды; « Бәрі »  қағазы түскен топ бәрі бірге кезектесіп жауап береді.

ІІ. Суреттер сөйлейді ( Терезедегі сандарды таңдау арқылы суретпен берілген сұраққа жауап береді. )


8-сурет


ІІІ. Мәреге жет(формула,өлшем бірліктер, физикалық шамалар атауын жазып шығу)

ІҮ  Сәйкестігін тап.

Ү. Тестпен жұмыс

  1. Қорытынды. Тірек схема арқылы мұғалімнің көмегімен  тарау бойынша алған білімдерін еске түсіру

  2. Үйге тапсырма

ІІІ – деңгей

1) Егер U кернеуге дейін зарядталған конденсаторға сыйымдылығы дәл осындай зарядталмаған конденсаторды параллель қосса, оның астарларындағы кернеу қалай өзгереді?

2) Электростатикалық  өрістің қандай қасиеті оның потенциалдығын көрсетеді?

ІІІ – деңгей

1) Өткізгіштің сыйымдылығы неге тәуелді болады?

2) Полярлық диэлектрикті біртекті  электр өрісіне алып келгенде онда қандай  құбылыс өтеді?

ІІІ – деңгей.

1) Тепе – теңдік кезінде өткізгіштің заряды қай жерде орналасады?

2)  Зарядталған конденсатордың энергиясы қай жерде   жинақталады ?

ІІ – деңгей

Егер кернеуін екі есе арттырса, конденсатордың энергиясы  қалай өзгереді?

ІІ – деңгей

Біркелкі зарядталған шексіз екі пластинкалардың зарядының беттік тығыздығын 3 есе арттырғанда,олардың арасындағы кеңістіктегі нүктелердегі электр өрісінің кернеулігі қалай өзгереді?

ІІ – деңгей

Арақашықтығын 4 есе арттырғанда нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу күші қалай өзгереді?

І – деңгей

1) Горизонталь орналасқан екі пластинканың арасындағы кернеу 600 В. Осы пластинкалардың өрісінде  массасы 3* 10 -8 г зарядталған тозаң тепе – теңдікте тұр. Пластиналардың ара қашықтығы 10 см  тозаңның зарядын табу керек.

2) Диэлекртлік  өтімділігі  Е=1,5 болатын ортадағы кернеулігі  Е=2* 10 В/М болатын нүктеде электр өрісі энергиясының тығыздығы неге тең?

І – деңгей

Сыйымдылығы 0,02 мкф жазық конденсаторды тоқ көзіне қосқанда, ол  10 ¯8   Кл заряд алды.Егер пластиналардың арақашықтығы 5 мм болатын болса, конденсатор өрісінің кернеулігін табу керек.

загрузка...

2)Конденсатордың электр сыйымдылығы 100 мкф, астарларының арасындағы кернеу 4 В. Конденсатордың электр өрісінің энергиясы неге тең?

І – деңгей

1) Екі зарядтың қарастырылып отырған нүктедегі электр өрісі проекциялары: Е1х=2 В/м ;Е2х= 2 В/м;  Е1у = -5 В/ м, Е2у= 2 В/м. Қорытқы өрістің модулін табу керек.

2) Сыйымдылықтары С1= 1 мкф, С2=2мкф және де С3 =3мкф болатын 3 конденсатор тізбектей қосылған.   Олардан қандай ең минималь сыйымдылық алуға болады?

 3)Электр өрісіндегі екі зарядтың күш сызықтарының орналасуы қандай  болады ?

4)Электр өрісінде  зарядталған  бөлшектің  қозғалысын  түсіндір.

Мәреге  жет.

Физикалық шамалар, өлшем бірліктер, формулалар ( Әр топ өзіне берілген тапсырма бойынша төртбұрыштың  ішін       толтырып      шығады , төменнен жоғары қарай )

Сәйкестігін  тап.

1) Электр өрісінің потенциалы үшін  суперпозиция принципі  1,6 * 10-19Кл

2) Электр өрісінің біртектілік шарты                                           Е = E0/Е

3) Электр өрістерінің суперпозиция принципі                         Е<Ео

4) Диэлектриктегі электр өрісінің кернеулігі  мен сыртқы электр  өрісінің   кернеулігі  Ео        Е = E1+ Е2 + ….  арасындағы қатынас  

5) Минималь электр заряды                                Е=const

6) Диэлектрик өтімділік мәні                           ε = ε 1+ε2  + ….



Тестпен  жұмыс. ( тестілеу құрылғысымен алынады)

  1. Ара қашықтығын 2 есе азайтқанда екі нүктелік зарядтың кулондық өзара әрекеттесу күші қалай өзгереді?    Ж. 4 есе артады

  2. Екі кішкене зарядталған шариктердің әрбіреуінің зарядтарын екі есе арттырып, ал ара қашықтығын сол күйінше қалдырған кезде, олардың кулондық өзара әрекеттесу күші қалай өзгереді? Ж. 4 есе артады

  3. Екі нүктелік зарядты диэлектрлік өтімділігі Е ортадан вакуумге алып өткенде олардың өзара әрекеттесу күші қалай өзгереді( зарядтардың ара қашықтығы өзгеріссіз қалады)

Ж. Диэлектрлік орта өзара әрекеттесу үшін вакууммен салыстырғанда Е есе артады.

  1. ε 0 электр тұрақтысының өлшем бірлігі :          Ж. Ф/м

5.Горизонталь орналасқан екі пластинканың арасындағы кернеу 600 В. Осы пластинкалардың өрісінде массасы 3*10-8 г зарядталған тозаң тепе-теңдікте тұр.Пластиналардың ара қашықтығы 10 см. Тозаңның зарядын табу керек.

Ж:  q=mg/Ud=5*10 -11Кл.

6.Электростатикалық өрістің екі нүктесінің потенциалдар айырмасының сан мәні немен аяқталады.

Ж. Бірлік оң зарядтың  осы нүктелердегі потенциалдық энергияларын айырымымен аяқталады.

7.Электр зарядын кез-келген траекториямен алып өткенде ондағы электр өрісі күштерінің жұмысы  нөлге тең болса, бұл қандай өріс?      Ж. Магнитөрісі

  1. Егер U кернеуге дейін зарядталған конденсаторға сыйымдылығы дәл осындай зарядталмаған конденсаторды параллель қосса, оның астарындағы заряд қалай өзгереді?

Ж.. Бұл жағдайда заряд конденсатор астарлары арасынада тең бөлінеді, сондықтан конденсатордың заряды екі есе азаяды.

  1. Егер сыйымдылығы дәл сондай зарядталмаған конденсаторды зарядталған конденсаторға параллель қосса, зарядталған конденсатордың электростатикалық энергиясы қалай өзгереді?

Ж. Зарядталған конденсатордың заряды екі есе азаяды, сондықтан енді оның энергиясын W=q2/2C бойынша алатын болсақ онда ол екі есе азаяды екен.

  1. Электросыйымдылық қандай бірліктермен өлшенеді ? Ж. Фарад     


Бағалау     парағы:

Топтың аты

Ой толғаныс

Суретпен жұмыс

Мәреге жет

Сәйкестігін тап

Тестпен жұмыс

Қорытынды

балл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



  1. Жаңа технологияларды пайдаланып орта мектепте «Электродинамика» бөлімін оқыту әдістемесі

Жалпы білім беретін орта мектептерде физика пәнін оқытудың  негізгі түрі – сабақ. Мектепте сабақ сынып – сабақ жүйесі бойынша жүргізіледі. Бұл жүйе чех педагогы Я.А. Коменскийдің (1592-1670) еңбектерінен бастау алады. Оның белгілеріне: 1) оқу топтарының тұрақты құрылымы; 2) әр сыныптың оқу мазмұны; 3) оқу сабақтарының бекітілген кестесі; 4) жеке немесе ұжымдық оқыту; 5) мұғалімнің жетекшілік және ұйымдастырушылық ролі; 6) оқушы білімін жүйелі тексеру және бағалау жатады . Бүгінгі күні сабақ – білім беру мен оқушы іс - әрекетін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде бірнеше қасиеттерімен ерекшеленеді. Олардың бірі – сабақтың құндылығы. Сабақтың құндылығы оқушыларға білім берудің, тәрбиелеудің және дамытудың ұйымдастырушылық формасы болуымен қатар, мұғалім мен оқушы іс - әрекетін біріктіруге мүмкіндік береді.Оқу сапасы оқытудың түрлі әдістерін байланыстырып, оларды сабақта тиімді қолдануда көрінеді. Сабақта тиімді әдістерді дұрыс қолдану оқушылардың ақыл – ойының дамуына, шығармашылық ойлауына бағыт береді. [4]

Орта мектепте «Электродинамика» бөлімін оқытуда сабақ жоспары – мұғалім үшін міндеті құжаттардың бірі. Оны жасап, сабақ өтуге даярлану мұғалімнен шығармашылық жұмысты талап етеді. Себебі, шығармашылықсыз мұғалімнің шеберлігі  де  болмайды. Олай болса мұғалім сабақты жоспарлағанда, оны жоғарыда аталған дидактикалық мақсаттарына сәйкес тиімді ұйымдастыруды ойластыруы қажет. «Электродинамика» бөлімін орта мектепте оқытуда  сабақ дәстүрлі сабақ ретінде түсіндіру, көрсету, баяндау әдістерімен танылады. Көп жылғы орта мектепте физика сабағын өту тәжірибесінен оқушылардың білім сапасы  «ескі», әдеттегі тәсілдермен артпайтындығы белгілі болды. Білім беруде неғұрлым жоғары нәтижелерге жету үшін оқытудың пайдалы әсер коэффиценті төмен ескі әдіс тәсілдерін тиймділігі жоғары жаңа технологиялармен алмастыру қажеттігі туып отыр.Сондықтан да орта мектепте физика курсының «Электродинамика» бөлімін оқытуда жаңа технологиялар қолданылады. «Электродинамика» бөліміноқытуда  жаңа технологияларды тиімді пайдалануда  мақсатқа жетуге бағытталған әрекет тәсілдері әдіс ретінде  анықталады. Физиканы оқыту әдістерін мұғалім мен оқушының оқып – үйрену кезіндегі әрекет айырмашылығына қарай екі түрге бөлуге болады: 1) оқыту әдістері (мұғалім әрекеті) – оқушының әрекеті мен информацияны басқару әдістері; 2) оқу әдістері (оқушы әрекеті) – оқушының оқу материалын танып білу әдістері. Көбінесе екінші топтағы әдістерге баса көңіл бөлінеді. Себебі, бұл әдістер арқылы оқу процесінің мақсаты болып табылатын оқу материалын игеру қамтамасыз етіледі. [7]

Орта мектепте физика пәнін оқытуда  жаңа технологияларды тиімді пайдалану әдістері оқушылардың өздерінің физика жөнінде белсенді, дербес тану әрекетін іске асыруына бағытталған. Олар ғылыми әдістер және оқу әдістері болып екіге бөлінеді. Біріншісі, физиканы ғылым ретінде зерттеп білу құралы. Екіншісі, орта мектеп физикасын оқытуды жетілдіру үшін арнайы жасалған әдістер. Мысалы, эвристикалық әдісі, модельдеу арқылы үйрену әдісі, программалық оқыту әдісі. [4]

«Электродинамика» бөлімін оқытуда  жаңа технологияларды тиімді пайдалану әдістері мен осы белгілерінің оқыту мазмұнына үйлесімділігі әлі де зерттелуде. Шындығында, барлық оқыту әдістерін үйлесімді қарастыру мүмкін емес. Сондықтан, оқытудың әрбір әдістеріне тән белгілер мен олардың физиканы оқытудағы маңызды түрлері қарастырылады. [7]



2.1 SMART - мақсат құру арқылы «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы» тақырыбынтүсіндіру


Сабақтың тақырыбы: Электр тогы. Тiзбектiң бөлiгi үшiн Ом заңы. Кедергi. Өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосу. Өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi

Сабақтың SMART – мақсаты:

а. Нені түсіндіресіз? Нені үйретесіз?

б. Сіздің түсіндіргеніңізді пайдаланып ол неге қол жеткізеді?

в. Қандай уақыт аралығында қол жеткізеді?

1. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау. Тақырыпқа байланысты формулаларды қорытуды үйрену.

2. Тақырыпқа байланысты есептер шығару және лабораториялық жұмыс орындау.

3. 1 апта ішінде, яғни 3 академиялық сағат.

Оқушылар 1 апата ішінде «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы», «Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және паралель жалғау» тақырыптарын түсініп, тақырыптарға байланысты есептер шығарып, формулаларды қорытуды және лабораториялық жұмыста Тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдануды үйрету.


а) Электр тогы. Тiзбектiң бөлiгi үшiн Ом заңы. Кедергi


Электр тогы - деп электр зарядтарының реттелген қозғалысын айтады. Өткiзгiштегi оң зарядталған бөлшектердiң қозғалыс бағыты электр тогының бағыты ретiнде алынады. Ток күшi деп аталатын скалярлық шама I электр тогының сандық сипаттамасы болады. Өткiзгiштiң көлденең қимасы арқылы бiр уақыт аралығында тасымалданатын заряд мөлшерiн ток күшi дейдi. Егер өткiзгiштiң көлденең қимасы арқылы Δt уақыт аралығында Δq заряды тасымалданса, ток күшi


тең болады.

Халықаралық бiрлiктер жүйесiнде СИ ток күшi ампермен (1 А) өлшенедi. Ол француз ғалымы Андре Мари Ампердiң атымен аталады. Өткiзгiштегi ток күшiнiң ток тасушылар концентрациясына n, олардың бағытталған қозғалысының жылдамдығына v, өткiзгiштiң қимасының ауданына S және әрбiр ток тасушының тасымалдаған зарядына q тәуелдiлiгi мынадай болады:


I = qnvS.


Немiс физигi Георг Ом ток күшi тiзбектiң бөлiгiндегi кернеуге тура пропорционал екенiн тапты:

I~U .


Ол өткiзгiштi басқа өткiзгiшпен ауыстырғанда тiзбектегi кернеу дәл сондай, ал ток күшi өзгеше болатынын байқады. Демек, әр түрлi өткiзгiштер тiзбектегi ток күшiн әр түрлi шектейдi. Тәжiрибелер нәтижелерiн математикаша былай жазуға болады:

немесе

мұндағы -пропорционал коэффициентi, ол өткiзгiштердiң қасиетiне тәуелдi. Өткiзгiштiң тiзбектегi ток күшiн шектеу қасиетiн сипаттайтын шама кедергi деп аталады. Еркiн электрондардың кристалл торының иондарымен соқтығысуы өткiзгiш кедергiсiне себеп болады. өрнегi бойынша, ток күшi тiзбек бөлшегiндегi кернеуге тура пропорционал және сол бөлшектiң кедергiсiне керi пропорционал болады





Ом заңы бойынша өткiзгiш кедергiсi өткiзгiштiң ұштарындағы кернеудiң ток

күшiне қатынасына тең:


9-сурет



Халықаралық бiрлiктер жүйесiнде СИ кедергi оммен (1 Ом) өлшенедi:

.

Өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосу. Өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi


Энергия ток көзiнен тұтынушы құрылғыларға (электр шамына, двигательге және т.б.) ток өткiзгiш сымдар арқылы жеткiзiледi. Өткiзгiштер тiзбектей және параллель қосылуы мүмкiн.

Өткiзгiштер тiзбектей қосу: Барлық өткiзгiштер тiзбекке бiрiнен кейiн бiрi тiзiлiп қосылады


10-сурет




Өткiзгiштер тiзбектей қосылғанда:

а) барлық өткiзгiштердегi ток күшi бiрдей

б) тiзбектегi кернеу бөлiктер кернеулерiнiң қосындысына тең

в) өткiзгiштердегi кернеу олардың кедергiлерiне тура пропорционал




г) тiзбектей қосылған n өткiзгiштердiң толық кедергiсi бөлiктердiң кедергiлерiнiң қосындысына тең:




Өткiзгiштер параллель қосу :











11-сурет


Өткiзгiштер параллельқосылғанда:

а) тарамдалмаған бөлiктегi ток күшi тарамдалған бөлiктердегi ток күштерiнiң қосындысына тең

б) параллель қосылған тiзбек бөлiктерiндегi кернеулер бiрдей

в) тарамдалған тiзбектiң бөлiктерiндегi ток күштерi олардың кедергiлерiне керi пропорционал :



Өткiзгiштiң кедергiсi оның материалына және геометриялық өлшемдерiне тәуелдi. Ұзындығы l және көлденең қимасының ауданы S болатын өткiзгiштiң кедергiсi мынаған тең :




мұндағы ρ -өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi. Меншiктi кедергiнiң сандық мәнi берiлген материaлдан жасалған ұзындығы 1 метр және көлденең қимасының ауданы 1 м2 болатын 12-сурет

цилиндiрлiк өткiзгiштiң кедергiсiне тең.

б) Тәжірибе жасау:


1. Суретте көрсетілгендей келесі кедергілерді Ом және Ом пайдаланып тізбекті жинаңыздар.

2. Амперметр арқылы ток күшін және А,В нүктелерінің арасындағы керенуді өлшеңіздер.

3. Эквивалентті кедергінің шамасын анықтаңыздар.


Shape1 = Ом

4. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау кезінде кедергінің

13-сурет

мәні қалай өзгеретіндігі жайлы қорытынды жасаңыздар.


Есептер шығару:

  1. Тізбектегі амперметрдің көрсеткіші 0,28 А . Егер амперметр мен лампочканың орнын ауыстыратын болсақ , ток күшінің мәні ?

  1. Ток күші 5А , 110 В кернеуге арналған қыздырғышэлементтің кедергісі

  2. .Кедергісі 20 Ом, кернеуі 20В электр тізбегіндегі ток қандай?

  3. Суретте ток күшінің кернеуге тәуелділік графигі көрсетілген. Өткізгіштің кедергіні анықтаңыз ?

  1. Кедергісі 40 Ом өткізгіш арқылы 5 А ток өту үшін қажетті кернеу ?

  2. Электр тізбегінде төрт электр шамы қосылған . Бұлардың ішінде тізбектей қосылғаны

Shape2


  1. Ұзындығы , көлденең қимасының ауданы S мыс өткізгіштің кедергісі R болса, мыстың меншікті кедергісі ?

  2. Сурет бойынш егер кедергі 22 Ом , ал ток күші 2 А болған кездегі кернеудің мәнән анықтаңыз ?

  3. Электр тізбегінде төрт электр шамы қосылған. Бұлардың ішінде параллель қосылғаны


Shape3

10.Өткізгіштерді тізбектей және паралелль жалғау кезіндегі формулаларды атаңыз ?


в) 1 апта ішінде, яғни 3 академиялық сағат.

2.2 Блум таксаномиясын «Магнит өрісі» тақырыбына қолдану

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр Жаңа технология әрбір мұғалімнен жаңа ізденісті, шығармашылықпен ойлауды талап етеді:


-ой-өрісін дамытатын интеллектуалды жұмыс түрлерін жіктеп саралау;

-пәнге деген қызығушылығын арттыру;

-жаңа кезең технологиясын зерделей отырып, өз жұмысына тиімді қолдану;

тақырып бойынша педагогикалық тәжірибеге сараптама жасау және оны меңгерумен қатар, оқушылардың оқу белсендігін арттыру жолдарын қарастыру.Соның бірі, әрі сабақта оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда тиімді Блум таксономиясы. [7]


Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу. [7]

14-сурет



Блум таксаномиясын «Магнит өрісі» тақырыбына қолдану:














Ассоциограмма әдісі


Shape5

Магниттің солтүстік үйегі



Shape4

Магниттің оңтүстік үйегі





Shape7 Shape6

Shape18

Магниит қасиеттері

Shape8

Құйынды өрістер

Shape15

Француз физигі А.Ампер

Shape16

Магнит индукциясы

Shape17

Эрстед тәжірибесі

Shape14



Магнит өрісі

Shape13 Shape12 Shape9 Shape11 Shape10

















Білу және түсіну

Қозғалыстағы зарядтардың әсерінен электр тогы пайда болады. Ендеше магнит өрісі дегеніміз – электр тогы тудыратын өріс. Ол өріс – электр тогың өзара әсерін жүзеге асырады. Қозғалмайтын электр зарядтары арасында Кулон заңы бойынша анықталатын күштер әсер етеді. Жақыннан әсер ету теориясына сәйкес бұл өзара әсер былай жүзеге асады: зарядтардың әрқайсысы екінші зарядқа әсер ететін электр өрісін тудырады және керісінше.Тог өткен өткізгіштердің өзара әсерін, яғни қозғалыстағы электр зарядтарының арасындағы өзара әсерлерді магниттік өзара әсер деп атайды. Ток өткен өткізгіштердің бір-біріне әсер ету күштерін магниттік күштер деп атайды. [8]

Егер де электростатикалық өрістің бар жоғы оған әкелінген зарядталған денелерге әсер әсер етуші күш арқылы білінсе, магнит өрісі осы өріске әкелінген тогы бар өткізгішке әсер ететін күш арқылы білінеді. Сөйтіп, электірлік және магниттік құбылыстардың осындай өзара байлйнысын бірінші рет 1820 ж. дат физигі Эрстет (1777-1851) ашқан болатын. Яғни ағатын ток маңына магнит стрелкасын қойсақ, онда стрелканын ток бағытына қарай бағытын біршама өзгерткендігін байқаған. [9]


15-сурет


Эстердің бұл жаңалығы көптеген физиктерді қызықтырып, осыдан бастап олар электромагниттік құбылыстарды кеңінен зерттей бастады. Солардың бірі француз физигі Ампер болды. Ампердің болжауынша магнит стрелкасын тек ток қана емес, ток жүріп тұрған өткізгіш те әсер ете алады деді.

Сөйтіп ол мынадай тәжірибе жасады. Тұрақты магнит өрісіне тогы бар өткізгішті алып келгенде , онда өткізгішке магнит тарапынан күш әсер етіп, өткізгіштің қозғалатындығын байқады. Сонымен, магнит стрелкасының тогы бар өткізгіштің маңында бағдарлануы, өткізгіштің пішініне, оның орналасуына және токтың шамасы мен бағытына байланысты болады.

Магнит индукциясының векторы магнит өрiсiнiң күштiк сипаттамасы болып табылады. Магнит индукциясы векторының бағыты ретiнде ток әсерiнен туған кейбiр магнит өрiсiнде еркiн қозғала алатын магнит тiлшесiнiң оңтүстiк S полюсiнен солтүстiк N полюсiне бағыты алынған. [9]




Қолдану және талдау


16-сурет


17-сурет


Бұл бағыт тогы бар тұйық контурға түсiрiлген оң нормаль бағытымен сәйкес келедi. Оң нормаль бағыты тұйық контурдағы токтың бағыты бойынша айналғандағы оң кесiлген бұранда ұшының iлгерiлемелi қозғалысымен сәйкес келедi. Тогы бар түзу сызықты өткiзгiштiң магнит тiлшесi жазықтығы өткiзгiшке перпендикуляр, ал центрi өткiзгiш өсiнде жатқан шеңбердiң жанамасы бойынша орналасады. Магнит индукциясы векторының бағытын Максвеллережесi (бұранда ережесi) бойынша анықтайды: [8]


18-сурет


Егер бұранданы өткiзгiштегi ток бағыты бойынша бұраса, онда бұранда сабының қозғалыс бағыты магнит индукциясы векторының бағытына нұсқайды.Магнит индукциясы векторыныңмодулi магнит өрiсi тарапынан тогы бар өткiзгiштiң бiр бөлiгiне әсер ететiн максималды күштiң ток күшiнiң сол бөлiк ұзындығына көбейтiндiсiнiң қатынасына тең: [9]

Есептер шығару:

  1. Индукциясы 0,2 Тл – ге тең магнит өрісіндегі 10 Мм/с жылдамдықпен индукция сызықтарына перпендикуляр қозғалып келе жатқан протонға қандай күш әсер етеді? (qп= 1,6*10-19 Кл) (0,32 пН)

2. Көлденең қимасының ауданы 60 см2 –ге тең контурының ішіндегі магнит ағыны 0,3 мВб –ге тең. Контур ішіндегі өріс индукциясын тап.(50 мТл)

3. Магниттік индукциясы В = 2 Тл болатын біртекті магнит өрісі ұзындығы ∆l = 20 см өткізгішке F = 0,075 Н күшпен әрекет етсе, өткізгіштегі токтың күші қандай? Магнит индукциясы сызықтары мен өткізгіштегі токтың бағыттары арасындағы бұрыш α = 30°.

4. Егер өріс өзара перпендикуляр болып, өткізгіштің актив бөлігінің ұзындығы 5 см, ондағы ток күші 25 А болса, тоғы бар өткізгішке 50 мН күш әсер ететін магнит өрісінің индукциясы қандай?

5. Электрон және протон бірдей жылдамдықта қозғалып, біртекті магнит өрісіне индукция векторына перпендекуляр бағытта енеді. Егер

mp = 1.8*10-27 кг ;  mе = 9,1*10-31 кг болса         қатынасы қандай болады? (2*103);

6. Актив бөлігінің ұзындығы 8 см өткізгіштегі ток күші 50 А-ге тең. Ол индукциясы 20 мТл біртекті магнит өрісінде орналастырылған. Егер өткізгіш индукция сызықтарына перпендекуляр 10 см-ге орын ауыстырса, осындағы істелген жұмысты табыңдар. (8 мДж)



Синтез және бағалау:

Бағалау парағы :


Есептер шығару


Тәжірибе жасау


Баяндама





































Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

  2. Болашақтың іргесін бірге қалаймыз”  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 жыл      

  3. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы  

    1.  Бұзаубақова, К.   Оқытудың инновациялық технологияларын физика сабағында қолдану [Мәтін] / Бұзаубақова К. // Математика және Физика. - 2005. - №1. - Б. 3-6

    1.  Асанова, С.     Физика сабағында модульдік оқыту технологиясын қолдану [Мәтін] / Асанова С. // Қазақстан мектебі. - 2006. - №3. - Б. 21-24

    1. Досжанова, Р.   Модульдік оқыту технологиясыу [Мәтін] / Досжанова Р. // Шағын мектеп =Малокомплектная школа. - 2006. - №3. - Б. 6-8


  4.  Исаева, Г. Б.     Физика пәнін оқытуда оқу үрдісіне жаңа білім беру технологиясын енгізу және оның білім сапасын арттырудағы ролі [Мәтін] / Исаева Г. Б. // Білім - Образование. - 2008. - №4. - Б. 19-21.

  5. «Орта жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11 сыныптарына арналған» бағдарламалар. Башаров Рахметулла Башарұлы, Қазақбаева Данагүл Мұқажанқызы, Тоқбергенова Уазипа Қоңырбайқызы,Байжасарова Галина Зейноллақызы, Кронгард Борис Аркадьевич,-Алматы, 2006. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы.

  6. Орта жалпы білім беретін мектептің физика пәнінен 11-сыныптарына арналған бағдарламалар. Башаров Рахметулла Башарұлы, Қазақбаева Данагүл Мұқажанқызы, Тоқбергенова Уазипа Қоңырбайқызы,Байжасарова Галина Зейноллақызы ,-Алматы, 2004. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы.


23


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!