Материалдар / «Жаңартылған бағдарлама – білім берудегі жаңа мазмұн»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жаңартылған бағдарлама – білім берудегі жаңа мазмұн»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жаңартылған бағдарлама – білім берудегі жаңа мазмұн» Жаңартылған білім бойынша
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2019
242
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Е рмекова Лаззат Жалғасовна

Шыңғырлау ауданы

А.Тихоненко атындағы ЖББОМ




Эссе

«Жаңартылған бағдарлама – білім берудегі жаңа мазмұн»

«Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе,

сол өзгерісті уақытында жаса»

Махатма Ганди


Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын және қанаттандыратын тың бағдарлама.

«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет» деп елбасымыздың жолдауында айтқандай біз өзімізді жаңа білімге бүгіннен дайындауымыз қажет.

Жаңа білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығулар мен тапсырмаларды қолдана білуге мүмкіндік береді. Білім беру бағдарламасын жаңарту критериалды бағалау жүйесі оқушылардың сонымен қоса мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Жаңаша оқытуда педагогиканың барлық аспектілері сындарлы оқытуға негізделген. Яғни оқушылардың бір-біріне сын тұрғысынан қарауы. Жаңаша білім беру мектептердің оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым, зерттеуге негізделген оқу, белсенді оқу деп өзгерді. Белсенді оқуда топтық, жұптық, рөлдік ойындар арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттырып белсенді оқуға жетілдіру.

Біліктілікті арттыру курсында деңгейлеп оқыту бағдарламасының әдіс-тәсілдерінің теориялық негізін меңгере отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін деңгейлеп оқыту бағдарламасын оқып үйреніп, практика кезінде бұл оқудың артықшылықтарына көз жеткізуге болады.

«Оқу инемен құдық қазғандай» деп ғұламалар айтпақшы, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысқа жете алады. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында өз пәнін жетік меңгеріп, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтындар ғана жетістікке қол жеткізе алады.

Бұл курстан үйренгеніміз де, үйренеріміз де алда. Сондықтан еліміздің дамуына үлес қосар жаңашыл ұстаз болуда талмас талап пен қажымас қайтар бойымыздан табылғай.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!