ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ХИМИЯ ПӘНІНЕН ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ ҚҰРАСТЫРУ (ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ХИМИЯ ПӘНІНЕН ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ ҚҰРАСТЫРУ (ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ХИМИЯ ПӘНІНЕН ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ ҚҰРАСТЫРУ (ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР тақырыбы бойынша жаңа идеяларды қамтиды
Материалдың қысқаша нұсқасы


Алматы қаласы Бостандық ауданы

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті»

4-курс студенті Мұрат Мейір









ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ХИМИЯ ПӘНІНЕН ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ ҚҰРАСТЫРУ (ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР)



Білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында химия пәнін мектепте оқытуда, ақпараттық-компьютерлік технологияларды тиімді пайдалануға негізделген бағдарламалық құралдар болып табылатын практикалық материалды ұсынатын, оны меңгеруде өз бетінше шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырып және білім деңгейін бағалауға қажетті электрондық оқулықтарды жетілдіру және құрудың көкейтестілігі күннен-күнге өсу үстінде.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44 бабының 16 тармақшасына сәйкес 2020 жылы 16-наурыздан бастап төтенше жағдайға байланысты қатаң карантин шаралары енгізілді. Соған байланысты мектеп оқушылары сабақтарды онлайн режимде өтті. Қазір көптеген білім беру мекемелері оффлайн форматқа өткенімен де, онлайн білім берумен қатар жүруде. Сол себепті дүниежүзі бойынша электронды оқулықтар бүгінгі күнде ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Оқыту үдерісінде электрондық оқулық, мультимедиалық, интернет сияқты жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудың дидактикасы мен технологиясы кеңнен қолданылып келе жатқаны мәлім. Электронды оқулықтың басты ерекшелігі, оқыту үдерісін басқару жүйесі, білімді жүйеге келтіру және диагностикалау құралы, сөздік әдісті қолдану, көрнекілікті пайдаланудың жоғары деңгейі, мультимедиа құралдарын, оқытудың басқа да көптеген түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу бойынша, біз электрондық оқулықтардың мүмкіндіктерін қарастырып, оларды төмендегідей жіктедік:

  • кері байланыстың тез өтуі;

  • химиялық заңдылықтар мен құбылыстардың ақпараттары нақты әрі жүйелі, сонымен қатар виртуалды түрде берілуі;

  • көлемді мәліметтерді тасымалдау және оған жылдам әрі оңай қол жеткізу;

  • эксперименттік тәжірибелер мен жұмыстарды шексіз қайталап көру мүмкіндігі;

  • бақылау процестерін автоматтандыру;

  • тұлғаны (оқытушы,оқушы) ақпараттық қоғамға үйлестіру;

  • шығармашылық,зияткерлік ойлау қабілетінінің өрлеуі;

  • эстетикалық тәрбиеның берілуі;

  • коммуникативті қабілеттің арттыру;

  • кез-келген мәселелерде дұрыс шешім қабылдауды қалыптастыру;

  • химиялық зерттеу жұмыстарында іскерліктің дамуы;

  • ақпараттық жетістіктерді қалыптастыру;

Электрондық оқулықтар білім алушыларға тек білімін жетілдіріп қана қоймай, сонымен қатар оның сапасын жоғарлатады:

  • қоршаған ортаны танып-білу құралы;

  • оқушыны тұлға ретінде дамытады;

  • оқушының ғылыми көзқарасын қалыптастырады т.б

Электрондық оқулықтың басты қасиеттері:

  • жинақылық-яғни үлкен көлемдегі материалдардың жинақы түрде берілуі;

  • жүйелілік;

  • эстетикалық сәндендірілуі;

  • жылдамдығы.


Зертханалық сабақтар жаратылыстану пәндерінің негізгі бөліктерінің бірі болып табылғандықтан, оларды оқушыларға көрсету өте маңызды. Соңғы екі-үш жыл ішінде еліміздегі барлық мектептер жаңа база бойынша білім алуда. Яғни, оқушылар бұрынғы ескі оқулықтардың орнына екі бөлімнен тұратын жаңартылған бағдарлама бойынша мазмұндалған оқулықтармен білім алуда. Мысалы, бұрындары химия 8-сыныптан басталса, қазір 7-сыныптан бастап оқытылады. Сәйкесінше зертханалық жұмыстар мен практикалық жұмыстар мазмұны да өзгерген.

7-сынып оқулығында жалпы саны 10 зертханалық жұмыс, 4 практикалық сабақ бар. Оның барлығы сабақ барысында жасалынып жатқан жоқ. Біреуі жасалса, біреу жасалмайды. 40 минуттық сабақта оқушылар үлгермейді. Енді осы зертханалық жұмыстар бойынша электрондық оқулықтарды қарастырайық. Интернет желісінде 7-сыныптың зертханалық жұмыстарының жасалынуы жоқтың қасы. Бізге керек 10 зертханалық жұмыстың тек бір-екеуін ғана таба аламыз. Немесе тек орыс тілінде күрделенген түрін көре аламыз. Ал «BilimLand» платформасында тек сабақтар мазмұны толық қарастырылған. Сонымен қатар бұл платформада виртуалды зертхана бар. Алайда әр сынып үшін арнайы түрде жеке қарастырылмаған. Жалпы 7-11 сынып бойынша небәрі 24 зертхана бар. Виртуалды зертханада барлық зертханалық жұмыстарды көрсетуге тиімсіз болып табылады және көптеген оқушылар онымен жұмыс жасауға бейімделмеген. 8,9,10 сыныптар бойынша да дәл солай. Яғни керекті зертханалық жұмыстарды таба алмаймыз, бар болған күннің өзінде ол – ескі бағдарлама бойынша немесе орыс тілінде. Осының барлығын жинақтай келе, мектеп бағдарламасы бойынша зертханалық жұмыстарды жүйелі түрде, қазақ тілінде көре алмаймыз. Сондықтан осы мәселені шешу үшін химия пәнінен әр сынып үшін арнайы зертханалық жұмыстарға арналған электронды оқулық құрастыру өте тиімді болып табылады. Болашақта құрастырылған электронды оқулық бойынша әр зертханалық жұмысқа жеке-жеке QR коды жасалынып, мектеп оқулықтарындағы зертханалық жұмыс шартынан кейін қойылса, оқушылар үшін өте тиімді болады. Себебі, көптеген ауылдық жерлерде кей тәжірибелер үшін реактивтер жеткіліксіз. Болған күннің өзінде оны барлық оқушылар бірдей жасай алмайды. Ал оқулықтағы QR кодты сканерлеу арқылы оқушылар зертханалық жұмысты толықтай көріп, өз бетінше қорытынды жаза алатын болады. Егер оқушылар зертханалық жұмысты өздері жасаған жағдайда, электронды оқулық оқушылар үшін қосымша оқу құралы ретінде көмектеседі.

Ғылым мен техника жарыса дамыған заманда оқушылардың сапалы түрде білім алып, алған білімдерін өмірмен байланыстыра отырып оның маңызын түсіне білуі үшін қоғам барлық жағдайды жасауы тиіс. Зертханалық жұмыс үшін QR кодтардың оқулықтарға қосылуы сапалы білім берудің қадамдарының бірі. Білімді, саналы, көкірегі ояу, бәсекеге қабілетті жастардың көп болуы – болашақ педагогтардың, яғни біздің қолымызда.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.05.2022
666
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі