Материалдар / ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА ШЕҢБЕРІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА ШЕҢБЕРІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА ШЕҢБЕРІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ туралы түсіндірілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2021
599
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі





Б А Я Н Д А М А


ТАҚЫРЫБЫ:

ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА ШЕҢБЕРІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ



















2021 – 2022 оқу жылы



Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Инновациялық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың

білім сапасын және шығармашылық деңгейін арттыру

  1. Инновациялық технологиялардың білім берудегі рөлі


ІІІ. Қорытынды бөлім


IV.Пайдаланған әдебиеттер


Мақсаты:

-Мемлекеттік білім стандартының талаптарын орындау;

-Қоғамға пайдалы, жоғары сатылы ұлтжанды азамат тәрбиелеуге жағдай жасау;

-Білімнің деңгейін көтеру;

-Жеке тұлға ретінде дербес ізденуге баулу;

-Ақпараттық технология түрлерін меңгеру, сабақта қолдану;

-Қабілетті жоғары балаларды шығармашылық нәтижеге ұмтылдыру;

- Білім мазмұнын қазіргі заман талаптарына сай кеңейту;

Міндеті:

-Білімнің сапасын арттыра отырып, оқушылардың әртүрлі оқуларға, олимпиадаларға, байқауларға, ғылыми жұмыстарға қатысуына қолайлы жағдай туғызу;

- Әртүрлі сайыстар мен байқауларда жеңімпаздар тәрбиелеуге қол жеткізу;

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде адамдарды қалыптастыруға және кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау, жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту.












Кіріспе


«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер — бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады.
Нұрсұлтан Назарбаев

Білім жүйесіне бүгінгі таңда қойылып отырған талап жоғары. Тәуелсіздік туы желбіреген қазақ елінің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтар. Сол жеткіншектердің білім нәрімен сусындауы, тәлімді тәрбие алуына нұр сәулесін шамшырақтай шашып, бала бойына сіңіретін қасиетті де құдіретті мекен мектебі мен жанындай сүйетін мейірімді мұғалімдері екеніне ешкім дау айта алмайды.

«Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді халқымыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман»дегендей, еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса, көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні секілді, сапасыз білім берсең ол оқушы ешқашан алға ұмтыла алмайды. Әлемдік стандартты меңгеретін білімді ұрпақ жолында мектебімізде инновациялық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын және шығармашылық деңгейін арттыруға баса назар аударылуда. Жаңа технологияны сабақтарында қолдану арқылы бәсекеге қабілетті әлемдік кеңістікте білімін көтеру үшін өз бетінше іздене алатын, жан-жақты дамыған ізгілікті, білімді, адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыру мақсатында жұмыс жасап келеді.

Білім сапасы - оқымыстылық көрсеткіштерінің біртұтас жиынтығын бейнелейтін, оқушының өзара әсерінің нәтижесін сипаттайтын, қойылған мақсатқа жету өлшемі ретінде оқудың мақсаты-мен нәтижелерінің қатынасы. Елбасының халыққа жолдауында айтылғандай, білім сапасына да үлкен бәсекелестік керек деп есептеймін. Білім беру сапасы-қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Ұлтымыздың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы былай деген: «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі-ұстаз, сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.

Бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау білім бағдарламасының негізгі мәселесі болып отыр. Ең басты нәрсе-жеке тұлғаның қабілетін ашу. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту арқылы олардың бойынан:

-адамгершілікті, ізгілікті, дүние танымды;

-белсенділікті, қабілетті тұлғаны;

-жоғары мәдениеттілікті көре аламыз.

Сондықтан мұғалім жаңашыл, жан-жақты болуы керек.

Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері әсер ететін жайттар да баршылық. Дарынды ұстаз К.Ушинский: «Қызығушылығын туғызбайтын оқу бірте-бірте оқушының білімге деген құмарлығын жояды, ал тек қызығушылыққа негізделген оқу оқушының еркін, күш-жігерін, тәрбиелемесе мәнін жояды» деген екен. Бүгінгі күні білім сапасын арттыру үшін сабақта не қолдану керек?- деген сұрақ туады. Оған жауап:

Қазіргі инновациялық технологиялар-білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдаланудың оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін біз, мұғалімдер қауымы әр сабақта жаңа технологияларды қолдануымыз қажет. Себебі жаңа технологиялардың ерекшелігі-оның оқушыға жан-жақты ықпал етуі. Яғни, тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру), өзін-өзі өзектендіру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу-танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға жетелейді.

Жаңа технологияларды енгізе отырып, біз мыналарды қамтимыз:

-Оқушылардың оқып-үйренуге деген қызығу деңгейін көтеру;

-Білімді жүйелеу;

-Әрбір оқушымен жеке-дара жылы қарым-қатынас жасау арқылы оқуға деген жағымды көңіл- күй туғызу;

-Оқу нәтижесіндегі жетістіктер негізінде оқушының жеке қадір-қасиеті сезімдерінің жоғарылауы;

-Өзара сенім.

Әрине, сабақта технологияны неғұрлым көп қолдану мақсат емес, неғұрлым тиімді қолдану қажет. Сабақта әртүрлі тиімді тәсілдерді дұрыс пайдалана білген мұғалімнің сабақ үстіндегі шығармашылығын Ю.К.Бабанский төрт деңгейге бөледі:

-мұғалімнің сыныппен өзара әрекеті, нәтижеге жетуге ұмтылуы;

-мұғалімнің сабақтағы қызметі яғни, жоспардан бастап оқытудың мазмұны, соған орай әдіс-тәсілдердің таңдалуы;

-оқушы шығармашылығын қалыптастыру, соны дамыту мүмкіндігін жасау;

-оқушылармен өзара қарым-қатынаста толық дербестік таныту, оқыту мен тәрбиелеуде нақты шығармашылықпен жұмыс жүргізу,оқушыларды өздігінен оқуға жұмылдыру.

Ал мұғалім шығармашылығы мынадан байқалады:

1. Алынған көрсеткіштерге талдау жасау;

2. Кезіккен проблемаларды, ситуацияларды сезіну;

3. Нәтижеге жету жолында педагогикалық өзара әрекет жүйесін құру;

4. Өз қызметінде бағдарланған міндеттерді шешуді тұрақты түрде кері байланыс арқылы жүзеге асыру.

Ал мұның барлығы мұғалімдердің кәсіби шеберлігіне байланысты болмақ.


  1. Инновациялық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың

білім сапасын және шығармашылық деңгейін арттыру


Қазіргі оқыту барысында қолданып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқыту тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Мен биылғы оқу жылы Атырау Педагогикалық шеберлік орталығынан Кембридж оқу бағдарламасының І деңгей курсын тәмамдап, өз сабақтарымда «Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың» түрлі стратегияларын қолданып келемін. Бұл әдіс оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына өз ықпалын тигізуде. Өз сабақтарымда көбінесе оқушылардың бірлесіп, ұйымдасып , топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Оқушылар бірлесіп ортақ проблемаларды талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында, жаңалықтарды ашу барысында жұмыс жасайды. Бірінші деңгейлік оқыту әдіс-тәсілдерінің алдына қойған мақсаты – Қазақстан мектептерінде жан-жақты зерттелген, өзіндік бай нәтижелерге ие болған әдіс-тәсілдер тарату. Оқушылардың білім сапасы деңгейін арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан барлық әрекеттердің бір бағытқа қарай бағытталуы, оқушы алған білімін өмірде қолдана білуі, яғни сол арқылы өмірге бейімделуі керек. Бағдарламаның негізгі мазмұнында оқытудың жаңа формасы туралы, оқу мен оқытудағы өзгерістер, оған басшылық жасау әрекеттерін үйрету, оқушыларға қалай оқу керектігін үйретудегі түрлі тәсілдер, білімді бағалау жолдары туралы айтылған. Бүгінгі білім кеңістігінде қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

А. Құсайыновтың «Әлемдегі және Қазақстандағы білім беру сапасы» еңбегіндегі:

«Өте жақсы америкалық мұғалім зейнетке шыққанда әдістемелерін өзімен бірге алып кетеді, ал жапондық мұғалім бар білгенін артына қалдырып кетеді» деп құнды мысал келтірген. Міне, осыдан мұғалімдер арасында іс-тәжірибе алмасудың ең бір дамыған тиімді тәсілі Lesson Study екендігіне көз жеткізуге болады. Маған ұнағаны сабақ беретін пән мұғалімнің ізденуіне жан-жақты жағдай қалыптасады, білім сапасы және мұғалімнің өз жұмысына деген жауапкершілігі артады. ізденеді, оқушылардың сабақ барысындағы ақпаратты меңгеру деңгейлері зерттеледі. Мектеп тәжірибесіне жаңаша әдіс-тәсілдер ене бастайды.

Қазіргі таңда қоғамда табыспен өмір сүру үшін балалар сындарлы оқудың тиімді тәсілдеріне тартылуы қажет, ол үшін біз күнделікті беріп жүрген дәстүрлі сабағымызға көз жүгіртіп, өзіміздің оқыту үрдісімізді, әдіс-тәсілдерімізді өзгертуіміз керек. Бұл проблеманы шешу үшін мұғалімдер бірлесіп жұмыс істеп Lesson Study тәсілі бойынша, инновациялық тиімді идеялармен алмасып күнделікті оқу мен оқытудағы тәсілдерінің ықпалын арттыра түсуіміз керек. Мектебімде осы іс-әрекетті зерттеу әдісі бойынша білім сапасын арттыру мақсатында жұмыс жүргізіліп келеді. Оның нәтижесі алдағы күннің еншісінде болмақ.

Жаңа технологияларды пайдалана оқыту арқылы мынадай нәтижелерге қол жеткіземіз:

-оқу материалын терең түсінуге;

-оқу мотивациясының артуына;

-алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына.

Олай болса, жаңа әдістерді пайдалану-бүгінгі күннің талабы. Жаңаша жаңғыртып оқыту, интеребелсенді әдістер, жаңа технологиялар білім сапасын арттырудың негізгі құралы.

Заман талабына сай әрбір ұстаз сабақтарында оқушылардың біліктілігін арттыру үшін оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін кеңінен пайдалану керек деп ойлаймын. Өз біліктілігін көтеру мақсатында әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін шыңдап, білімін жетілдіріп отыруы да қажет. Сонда ғана өзін-өзі дамыта алатын, өзін-өзі жетілдіре алатын қоғамның белсенді, білімді жеке тұлғасын қалыптастыра аламыз.

Неміс педагогы А. Дистерверг өзінің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» атты еңбегінде «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді»- деген.


Қазіргі мұғалім:
• Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
• Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
• Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
• Инновациялық білімді дамытатын;
• Жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелетін;
• Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
• Білімді, іскер, шебер болу керек;


Қазір мектепте берген білім әрбір баланың санасында қалып қояды, олар оны орындауға барынша тырысып бағады. О.Бальзактың “ұдайы еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.  Әрине, артқарылған істер аз емес. Аз ғана уақыттың аралығында, осы атқарылған істердің нәтижесі ретінде, өз сабақтарымды сабақ беретін сыныптарымда жаңа түрде өткізумен қатар infourok.ru, sabak.kz, «bilim time.kz», «ustaz.kz» сайтарына бірнеше сабақтарымды жүктедім. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Әлі де толассыз еңбек етіп, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде аянбай еңбек бермекшімін.

Жаңа ақпаратпен жұмыс жасау барысында аз уақытта оқушылар диалогтік әңгімелесу нәтижесінде сыни ойлауға үйренді, ойлаған шешімдерін салыстыра алады. Графикалық диктант орындау барысында құрастырылған сөз тіркестеріне талдау жасайды, жұмыстарына ауызша баға береді. Тақырыптарға байланысты шығармашылық пен ізденіске жетелейтін практикалық тапсырмаларды орындайды. Жаңашыл дәстүріне өтетін сабақтар сыни тұрғыдан ойлауы, барлық модульдерді ықпалдастыра пайдалану келешекте оқушыларды шығармашылыққа жетелейді. Өз білімімді жетілдіруде  әр сабағым оң нәтиже беретініне сенемін.


  1. Инновациялық технологиялардың білім берудегі рөлі


Қазақстан мектебінің алдына қойып отырған мақсаты — инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға жүйелі, нақты білім беру. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке — ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық — психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Бұл заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді сабақ үрдісінде тиімді пайдалана алатын білігі мен білімі жоғары ұлағатты ұстаз болу керек деген сөз.. Инновацияны жете түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдерде мектеп өміріне кеңінен енгізу жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алудың бірден-бір шарты болып табылады.

«Инновация» сөзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus (жаңа) сөздерінен құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді. Инновация ұғымының шығу кезеңі мен тарихын дәл анықтау мүмкін болмаса да, бұл ұғым қоғамдық ғылымдарға жаратылыстану ғылымдарынан келген деп есептеледі. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді сараптау нәтижелері «новация» мен «инновация» ұғымдарын жеке-жеке қарастыру керектігін көрсетті. Дегенмен, әдебиеттерде осы екі ұғымның әртүрлі анықтамалары кездеседі. Инновация ұғымын энциклопедиялар мен сөздіктерде әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. Қазақстанда ең алғаш “инновация” ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Немербай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдісі деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызмет” деп көрсетеді . “Технология” ұғымы соңғы кездері ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы сияқты психологиялық-педагогикалық ұғымдармен байланысы саналуан. Жоғарыда аталған технологиялардың қай түрі болмасын, өзінің мәнін анықтап, сипаттама беруді қажет етеді. Қазіргі кезеңдегі ғылыми айналымда “технология” және технологиямен байланысты жеке ұғымдарға берілген анықтамалар баршылық. Алайда білім беру жүйесінде дәл қазіргі кезеңде жүріп жатқан процестердің технологиясының мәнін ашып, түсіндіретін жалпы анықтама жоқ. «Технология» термині алғаш рет 1940–50 жылдары шет елдерде пайда болды және ол педагогикалық процесте технологиялық құралдар мен оқыту бағдарламаларын пайдалануға байланысты болды. Технология — өнім алу барысында шикізаттың, материалдың немесе жартылай шикі заттың қалыбын, қасиетін, формасын өңдеу, әзірлеу не өзгерту әдістерінің жиынтығы. Ш. Т. Таубаева оқытудың қазіргі технологияларының аттарын атап көрсетіп, олардың мақсаттарын, тұжырымының және мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. Жұмыста педагог-ғалымның зерттеулері басшылыққа алынған . Сонымен педагогикалық технологиялардан төмендегілерін бөле жарып көрсетуге болады: Білім беруді ізгілендіру технологиясы — оқушыны азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату (Ш.Амонашвили). Ойын арқылы оқыту технологиясы — дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс — әрекеттің педагогикалық механизмі жеке бастық, өзіндік талап — талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді Оқытудың компьютерлік технологиясы — ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру және қатынас қабілетін дамыту, жеке басты ақпараттық қоғамға даярлау. Жаңа білім беру парадигмасында тұлғаның қызығушылықтарын қамтамасыз етуде тұтастық, бағыттылықпен бірге мықты негізділік (фундаменталдылық) те шешуші рөлге ие. Сонымен, инновациялық білім беру өз құрамына жеке тұлғалық көзқарасты, білім алудың мықты негіздерін, кәсіби шеберлікті, екі мәдениеттің (техникалық және гуманитарлық) синтезін, жаңа ақпараттық технологияларды қолдануды біріктіреді.  

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Инновациялық педагогикалық технология шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады. ХХІ-ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Елбасымыздың “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” еңбегінде 2020 жылға қарай ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылады деп көрсетті.  Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап даму заманында мектепте дәстүрлі оқыту технологиясының оқушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрінуде. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі педтехнологияларын жетілдіріп, оны пән сабақтарын оқытуда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарылату үшін басты бағыт-бағдар берілуде. Бүгінгі таңда мектептерде оқу-тәрбие үрдісінде түрлі инновациялық педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір пән сабақтарында қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының әрекеті-технологияны қабылдауы, оған деген ынтасы, құштарлығына мұғалім тарапынан көңіл бөлінуі тиіс. Еліміздің барлық білім ордаларында  білімнің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр. Мұндағы негізгі мақсат – жаһандану заманында білімнің бүкіләлемдік кеңістігіне ену. Осыған орай, білімнің мазмұны да, оған қойылатын талаптар да өзгереді. Сол себепті қазір жалпы барлық оқу орындарында оқытудың инновациялық технологиялары  қолданыла бастады. Сондықтан жаңашылдық керек, яғни, инновациялық жүйе негізінде оқу орынының оқушыларының белсенділігін арттыру, өзіне сенімділігін қалыптастыру, танымдық-шығармашылық қабілетін дамыту олардың белсенділік-сенімділік сапаларын диагностикалық әдіс-тәсілдермен анықтауға, сабақта, сабақтан тыс уақытта өз ойын еркін жеткізе білуге үйретуге, қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысты көзқарастарының болуына, инновациялық тәртіп нормаларын, белгілерін, көрсеткіштерін анықтауға көмегін тигізеді. Қазіргі инновациялық озық технология туралы айтатын болсақ, технология грек сөзінен, яғни өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ұғымды білдіреді. Инновациялық (озық) білім беру деп – тұлғаның бағдарлы қөзқарасты, білімдегі дәлдікті, шығармашылық бастауды, сонымен бірге жаңа технологиялық мағлұматтарды игеруін айтады. Оқыту технологиясы оқу мазмұнын өңдеуге, көлемі мен мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдырдың жиынтығы болса, екінші жағынан, оқушының оқыту үрдісінде қажетті ақпараттық, техникалық құралдарды пайдаланып, оқушыға оң әсер ету әдістерін зерттейді. Демек, оқыту технологиясы – педагогикалық әрекеттерді ғылыми-әдістемелік, іс-тәжірибелік негізде нәтижелі болатындай етіп, жоспарлы түрде ұйымдастыру қажет. Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

Балаға өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

Баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;

Оқу үрдісін оқушының сезінуі т.б.

Инновациялық технологиялардың бірі – ақпараттық технология. Оқытудың ақпараттық технологиясы-ақпаратпен жұмыс жасау үшін қолданылатын арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар. Ақпараттандыру технологиясы арқылы заман талабынан сай сабақ берудің тиімділігі өте көп. Күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғыларды және теледидарды, компьютерді, интербелсенді тақта мен мультимедиалық проекторларды пайдалану үлкен нәтижелер беретініне әр мұғалім өзі көз жеткізіп отыр. Жаңа ақпараттық технолгияның ерекшелігі мұғалімдер мен оқушылардың бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал етеді. Мектептердің оқу-тәрбие үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жақсаруда. Электрондық оқулық мектеп оқушыларын ақпараттық технологияны кіші жастан меңгеруге көмектесіп, оқушылардың өз бетімен білімдерін толықтыруларына мүмкіндік береді. Ақпараттық технологияның ерекшелігі: оқушылардың өздері ақпараттар жинап, жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп жауабын тауып, өзінің қөзқарасын логикалық түрде дәлелдейді.

Кез-келген сабағын қызықты өткізу үшін ізденіс, жаңаға ұмтылу жұмысын жүргізу әрбір ұстаз үшін бұлжымас қағида. “Оқытып жүріп, өзіміз де үйренеміз” қағидасын ұстанған ұстаз үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық болуы тиіс. Ұстаздың өзі – ізденуші. Әрбір сабақта заманауи технологияларды пайдаланып өткізу әрине жақсы нәтижелер береді. Жаңартылған бағдарлама бойынша әлемдік білім беру жүйесі бәсекеге қабілеттілікке қарай білім алушыны баулу, қоғамнан өз орнын таба білетіндей сапалы маман болуына бағытталынған. Ал осы уақытқа дейін біздің елімізде жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар күтілетін нәтижеге көз жеткізбей, түрлі әсер етуші факторлар ықпалымен мамандық таңдап, ақыр соңында сол оқыған мамандықтары бойынша жұмысқа тартыла алмай отырғаны бәрімізге белгілі. Орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу бағдарламалары оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылары қайталанып тексеріліп отыратын спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы моделіне негізделген. Оқу үдерісінің алға ілгерілеуі айқан көрінуі үшін, оқу мақсаттары өзара тоғысқан бөліктер мен бағыттарға біріктірілген. Айталық, қарапайымнан күрделіге қарай шиыршық бойымен өрлей түскені жай эссе жазудан әңгіме тіпті повесть жаза алатындай дағдыға ие болып, тілдік дағдылары шыңдала түседі. Мұғалімдердің пайдаланатын оқыту әдісі оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды. Осы орайда жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған мына әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойында қажетті 4 дағдыны (тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз. Мұғалімдер сабақта пайдаланатын тәсілдер оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Педагогикалық тәсілдерді жетілдірмей т

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!