Материалдар / ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ХИМИЯ ПӘНІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ХИМИЯ ПӘНІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал химия пәнінің мұғалімдеріне көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қазан 2020
726
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ХИМИЯ ПӘНІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Асипова Акерке Кайыржанкызы

Арқалық қ., Кейкі батыр атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектеп

Химия пәнінің мұғалімі



Қазіргі тұлға әр түрдегі және түрлі сападағы ақпараты артығымен мол ақпараттық қоғамда өмір сүруде. Осы жағдайда білім беру жүйесінің алдында құзырлы, белсенді және жеке шығармашыл тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу міндеттері тұр.

Мұндай міндетті шешу педагогтан ерекше, басқа бағытты талап етеді. Мұғалім қазіргі кезеңде, оқушылар үшін жеке тұлғалық мәні бар нақты мәселелерді шешу шеңберінде, оларға мектепте іс-әрекет жасау тәжірибесін алуға мүмкіндіктер жасауда қабілетті болуы тиіс. Бұл жеке тұлғаның ойдағыдай әлеуметтенуіне ғана емес, сонымен қатар, өзінен өзі шыңдалуына да мүмкіндік туғызады, өйткені «білім құзырлығы, оқушының болашақтағы толыққанды өмірі үшін, оның іс-әрекетін моделдейді». Бұл болашақта оқушыға ақпараттық бiлiм беру кеңiстiгінде оның еркiн бейімделуіне, өмірлік мәселелердi еркiн шешіп, қажет нәтижеге қол жеткізуіне мүмкiндiк бередi. [4]

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – та­быстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсет­кіш­терінің бірі деп жастарды тәулік сайын түрленген техноголиялық дәуірдің қарқынынан қаймықпай, білім кеңістігінде мемлекет ұсынған мүмкіндіктерден құр қалмай, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға қауқарлы болуында деп атап өтті. [2]

Бұл, технология, коммуникация мен ғылым салалардағы елеулі өзгерістер әлемдік экономикаға айтарлықтай ықпал ете отырып, әрбір азаматқа ХХІ ғасырда табысты болу үшін қажетті білім мен дағдыларды алға тартады. Қарқынды жаһандану, сондай-ақ, ұлттық экономикаға да ықпал етуде және қазіргі уақытта экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық бәсекелестікті артты.[3]

Демек, білім беру жүйесін жаңартуға арналған бұл экономикалық дәлелдерге қоса, қазіргі жиырма бірінші ғасырда басқа да негіздер бар: өзара қарым-қатынастың арттыру; әлеуметтік өзгерістер; ауа райының өзгеруімен байланысты проблемалар; бүкіл әлемдегі халық санының қарқынды өсуі; шектеулі ресурстарға деген сұраныстың өсуі; осылардың барлығы мектеп оқушылары қазіргі заманда және келешекте табысқа қол жеткізу үшін бұрынғыға қарағанда анағұрлым көп дағдыларды меңгеруі қажет екенін көрсетеді.

Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты.

Оқытудың бұл моделі «Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық  және  саяси  өміріне  тиімді  қатысуға  дайын  құзырлы  жеке  тұлғаның» қалыптасуын  қамтамасыз  етуге  міндеттелген. Елдің саясатымен үндескен бағдарлама  «Мәңгілік Ел» жалпұлттық идеясының құндылықтары, сонымен қатар пәннің құрылымында мазмұны бойынша өзге пәндердің байланысы, сыныптан сыныпқа өткендегі білім мен дағдылары қайталанып,  одан әрі дамытып отыратын спиральді білім беру бағдарламасы моделіне критериалды бағалауға, жалпы мектеп оқушыларының функионалдық сауаттылығын қалптастыруға негізделген. Осы орайда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚ БАИ  «Химия» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарында «Химия» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша бағдарламаны жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсаты қойылды.

Білім жетілдіру курстары барысында «Химия» пәнін табысты оқыту мұғалімнің тікелей кәсіби тәжірибесі мен құзыреттілігіне, оқу үдерісі нәтижелеріне басым көңіл бөлуіне байланысты екені айқын көрінеді.

Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Білімді дәл осылай қолдану оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді.

Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларында оқушылардың бойында қалыптастыру қажет келесі құндылықтар мен дағдылар анықталады:

құндылықтар:

- шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

- қарым-қатынас жасау қабілеті;

- өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

- жауапкершілік;

- денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;

- өмір бойы оқуға дайын болу.

дағдылар:

- сын тұрғысынан ойлау;

- білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті;

- проблемаларды шешу қабілеті;

- ғылыми-зерттеу дағдылары;

- қарым-қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда);

- жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті;

- АКТ саласындағы дағдылар.

Пән бойынша білім, дағдылар мен құзыреттіліктерді анықтайтын оқу бағдарламаларында жоғарыда келтірілген құндылықтар мен дағдылар ескерілген. Мұны осы құндылықтар мен дағдылардың барлығы қарастырылған «Химия» пәнінің оқу бағдарламаларынан көруге болады.

Оқушылардың нені білуі және істей алуы керектігін анықтаудағы мұндай нақтылық бүкіл Қазақстан бойынша барлық оқушылардан жоғары нәтиже күтілуін қамтамасыз етуге көмектеседі және мұғалімдердің білім беру бағдарламасын тиімді іске асыруына мүмкіндік береді.

«Химия» пәнін оқыту басымдықтары оқу үдерісі мен оның нәтижесіне бағытталған мұғалімнің тәжірибесі арқылы жүзеге асырылады. Жоғары көрсеткіштерге жеткен білім беру жүйелеріне жасалған талдау білім беру бағдарламасының «үйлесімділігі» бүкіл елдегі білім беру стандарттарын жетілдіру үшін аса маңызды болып табылатынын көрсетіп отыр (Schmidt and Prawat, 2006). Білім беру бағдарламасын жаңарту тұрғысынан «үйлесімділік» білім беру бағдарламасы қалай қабылданып, қалай іс жүзінде орындалатынына қатысы бар барлық компоненттер бірлесіп әрекет етіп, бір-бірін толықтырып, нығайтады дегенді білдіреді

Бұл мұғалімдердің тиімді оқытудың түйінді үш компоненті – білім беру бағдарламасы, педагогикалық тәсілдер мен бағалау жүйесінің оқушылар үшін бірлесіп қалай тиімді қолданылатынын толық түйсінуінің маңызды болып табылатынына назар аудартады.

«Химия» пәнінің білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаты пәннің мазмұнын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар, басқа пәндермен сабақтастық арқылы жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениеттің үздік дәстүрлерінің негізінде оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту болып табылады.

Қоршаған ортада әртүрлі құбылыстар мен үдерістер болып жатады, олардың көпшілігі химия ғылымы түсіндіретін заңдар мен заңдылықтарға бағынады. Химия пәні оқушыларға Жерде адамның тiршiлiк әрекетiне өте маңызды көптеген табиғи заттар бар екендігін және табиғат байлықтарына ұқыпты қарау қажеттiлiгiн түсiнуге мүмкiндiк бередi. Бұл пән оқушыларға заттардың әртүрлілігі мен олардың өзгерістерінің маңыздылығын түсінуге көмектеседі; жаңа заттарды алу мүмкіндіктерін аша отырып, оқушыларды қоршаған ортаның экологиялық жағдайын берілген мәліметтер негізінде нақты бағалауға үйретеді. Химия оқушылардың дүниетанымын дамытуда, әлемнiң тұтас ғылыми бейнесін қалыптастыруда маңызды орын алады. Мектепте химияны оқу оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан химиялық құбылыстардың мәнiн түсiнуге жетелейді. Химия оқушылардың сыни және сындарлы ойлауын, сонымен қатар көптеген эксперименттік және тәжірибелік дағдыларын дамыта отырып, проблеманы шешуде шығармашылдық тәсілдерді қолдануды қолдайды. Бұл пәнді оқу барысында оқушылардың зертханалық құрал-жабдықтарды қолдану және эксперимент жүргізу дағдылары дамиды.

Негізгі және жалпы орта білім деңгейлерінде «Химия» пәні бойынша оқу мақсаттары бес бөлімге бөлінеді. Бұл бөлімдер меңгерілетін білік пен дағды, тақырып, білім мен түсінік деңгейіне қарай бөлімшелерге бөлінеді. Оқу мақсаттары осы бөлімшелер аясында топтастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікті сақтай отырып құрастырылған оқу мақсаттары бөлімше аясында оқушылардың қаншалықты алға ілгерілегенін көрсетеді, бұл мұғалімдерге жұмысын жоспарлап, оқушыларды бағалап және алдағы уақытта олардың қандай шешім қабылдаулары қажеттігін анықтап, оны оқушыларға жеткізуге негіз болады. Сонымен қатар, осы пәндер бойынша әзірленген оқу бағдарламаларына негіз болған маңызды қағидат білім беру бағдарламасының спиральділік қағидаты болып табылады.

Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1962) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады. Сонымен қатар, «жұмыстау негізіне баланың бұрынғы өз тәжірибесі перне қоры, мағлұматы салынып, дәл айтқанда, балаға танымал жақын нәрседен басталғаны» (Ж. Аймауытұлы, 1929) абзал.

Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп тұжырымдайды:

- белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу);

- бейнелік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу);

- таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу).

Бұл спиральді білім беру бағдарламасы тұжырымының дамуына себеп болған. Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:

- оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды;

- әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі;

- жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады.

Спиральді білім беру бағдарламасы төмендегідей басымдықтарына назар аударады:

- оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады;

- спиральді  білім  беру  бағдарламасы  қарапайым  идеялардан  анағұрлым  күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді;

- оқушыларды межеленген оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады.

Орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу бағдарламалары оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылары қайталанып, одан әрі дамытылып отыратын спиральді білім беру бағдарламасы моделіне негізделген. Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысында алға ілгерілеуіне орай, олар өздерінің дағдыларды меңгеріп, түсінуіне анағұрлым сенімді бола түседі.

Әр пәннің өзіндік тілдік стилі бар, оны нақты пәннің «академиялық тілі» деп аталады. Академиялық тіл пән мазмұнын меңгеру, ойлау және осы пәнде қолданылатын ұғымдармен жұмыс істеу қабілетін жақсартуға арналған басты құрал болып табылады. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар мұғалімдер мен оқушыларға оқуға деген ынтасын арттырып, қолдауға көмектеседі. Пән мұғалімдері оқушылардың пән мазмұнын меңгеріп, академиялық тілдерін дамытуына қолдау көрсетеді.

Егер пәннің тілі анық әрі оқушыларға түсінікті болса, бұл олардың пән бойынша оқу мақсаттарына ғана емес, тілдік мақсаттарға да қол жеткізуіне көмектеседі.

Химия пәніне байланысты ғылыми тілді қолдану оқушылардың ықшам және түсінікті сөйлеу дағдыларын дамытуға, химиялық үдерістер мен тетіктерді сипаттау үшін тілдік құралдарды тиімді таңдап пайдалануға мүмкіндік береді.

Оқу бағдарламаларының ерекшелігі ретінде олардың тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағытталғанын атауға болады. Ақпараттық қоғамға көшу әлем елдерінен, сонымен бірге Қазақстаннан әлемнің тез өзгермелі жағдайында өзін-өзі шыңдауға, өзін-өзі дамытуға, барынша дұрыс және өнегелі-жауапты шешімдерді өзбетінше қабылдауға қабілетті азаматтардың болуын талап етеді. Осы айтылғандар шеңберінде Қазақстанның қазіргі білім беру жүйесі үшін жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін қамтамасыз ететін жағдайлар жасау мәселесі өзекті мәселе болып тұр.[4]

Шын мәнінде, көз ілеспес шапшаңдықпен дамып, жедел өзгеріп дамыған мына дүбірлі дүниеде, Елбасы айтқандай, сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңісіп кеткен қағидалардан арылып, рухани жағынан серпілуіміз, жаңғыруымыз қажет.[1]

Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші, ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болып, өзгеру керек.

Өмір сүру үшін өзгере білу керек!


Қолданылған әдебиеттер:

1. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауы, 31 қаңтар 2017 ж.

2. Н.Ә.Назарбаев, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», 12 сәуір 2017ж.

3. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2016ж.

4. Intel® «Болашақ үшін оқыту». ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім технологияларына кіріспе: Оқу құралы. — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті», 2010ж.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ