ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Нурпеисова Еркеш Болатбековна
М.О.Әуезов атындағы педгогикалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің педагог-зерттеушісі
Аннотация. Инновациялық оқыту дегеніміз – жаңалықты ашу, оны игеру және өмірге енгізу. Бүгінгі заман талабы білімді, білікті, өздігінен тығырықтан шығар жол таба білетін іскер және өмірге икемді адам тәрбиелеуді қажет етіп отырғандықтан да қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің басты міндеттерінің бірі - оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасап, ана тіліміздің жетік меңгеріп, жүрегімен сезінетін ұрпақ тәрбиелеу.
Аннотация. Слово «инновация» в переводе с латинского языка означает внедрённое новшество. А инновационное образование – это новый подход к обучению, включающий в себя личностный подход, творческое начало, использование новейших технологий. Поэтому в школах преподаватели казахского языка и литературы в ногу со временем, используя новые методы обучения,побуждают интерес к предмету и повышают качество усвоения новых знаний. Требования сегодняшнего дня это воспитание знающих, умеющих найта вяход из любой ситуации учащихся, поэтому задача преподавателя казахского языка и литературы воспитать учащихся как личностей, знающих свой родной язык в совершенстве.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауларында Қазақстанның елу елдің қатарына кіруі, тұлғаның ең басты функциялық сапаларының қалыптасуы, белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлауы, шешім қабылдай алуы, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы сынды міндеттерді қойған болатын[1]. Осы алдыға қойылған мақсаттардың және ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бағыттары негізінде «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қабылданды[2]. Бұл Ұлттық жоспардың мақсаты- Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын дамытуға жағдай жасау, ал міндеттері - мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу, яғни осы Ұлттық жоспардың көздеп отырғаны білім берудің отандық және халықаралық практикасын зерделеуде PISA, TIMSS сияқты бағдарламаларға сүйену[3].
Биылғы оқу жылынан еліміздегі техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары ҚР жаңартылған білім бағдарламасына көше бастады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты- білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу,оқушының функционалды сауаттылығы мен шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Сонымен қатар пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады.
Соның ішінде қазақ әдебиетін оқытуда білімалушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, олаарға идеялық-саяси,рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану әдебиет пәнінің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.
Осы орайда ұстаздарға қазір үлкен жауапкершілік міндеттеліп отыр. Сабақта ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамытуды ескере отырып әр түрлі тапсырмалар құрастырылып берілуі керек. Сабақ барысында берілетін тапсырмалар түрлері сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, сәйкестендіруайтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерге жауап беру, нақтылы және жалпы тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындау, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы, мақал-мәтелдерді, афоризмдерді, шешендік сөздерді жинақтау т.б.
Осы Үлгілік бағдарламада берілген оқу мақсаттары жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарға арналған «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының негізінде жасалғанымен, колледж студенттеріне сәйкестендіріліп, оқу мақсаттары жас ерекшелігіне және білімалушылардың кәсіптік бағытына қарай сараланып алынды. ТжКБ жүйесінде сағат сандары аз болғандықтан, кей оқу мақсаттары біріктіріліп, кейбіреуі қысқартылып берілді.
Сондықтан бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу оқытушылардың еркіне қалдырылады.
«Заман, дәуір тұлғасы» бөлімі бойынша білімалушылар мына дағдыларды игеруге тиісті:
Түсіну және жауап беру: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін, идеялық мазмұнын түсіну; көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы сол заман шындығын көрсету,ұлттық құндылықтардың маңыздылығын түсіну.
Анализ және интерпретация: әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық ерекшеліктерін анықтау, автор көзқарасын талдау, кейіпкер бейнесін ашуда шығармадан үзінділер мен дәйексөздер келтіру.
Бағалау және синтез: көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасауда сол кездегі және қазіргі заманды салыстырып, өзіндік пікір білдіреді, әдеби сын жазады.
Енді осы мақсаттарды сабақтарда қалай жүзеге асыруға болады, қандай әдіс-тәсілдер қолданған тиімді деген сұрақтарға тоқталсақ. Мәселен, Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романы бойынша алғашқы сабақ мақсаттарын білу, түсіну бойынша алсақ, 2- сабақта талдау, салыстыру жұмыстарын жүргізуге, қорытынды сабақта эссе немесе жиынтық бағалау жұмысын алуға болады. Әр сабақтың мақсатына жету жолын, тиімді әдіс-тәсілдерді оқытушы өзі таңдайды.
1-сабақ
Сабақ тақырыбы: Қ.Жұмаділов «Тағдыр» романы. Бірінші бөлім
Мақсаты:
-
әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну;
Күтілетін нәтиже:
-
шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысына талдау жасайды;
-
көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтап, даралайды.
Бағалау критерийі:
-
әдеби шығарманың композициялық құрылысына талдау жасай алады, шығарма идеясын түсінеді;
Сабақтың барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі. Білімалушыларды түгендеу.
І. Сабақтың басы
Өткен сабақтарды пысықтау.
ІІ. Сабақтың ортасы.
Мағынаны тану кезеңі. Ассоциация. «Тағдыр» сөзін естігенде ойыңа не оралады? (тізбектеп айту.........)
Сабақ тақырыбы анықталғаннан кейін сабақ мақсатымен таныстырылады.
Сөздікпен жұмыс.
1-тапсырма. (Білімалушыларға роман мазмұнымен алдын-ала танысу тапсырылу керек, мазмұнын толық біледі)
Алдымен романның композициялық құрылымын талдап көрейік.
Әр студент өз нұсқаларын ұсынады. Дәптерге орындайды. Сонан соң мына кестемен танысып, жауаптарын толықтырады.
Роман оқиғасы төрт бөлімге топтастырылған. Соңында эпилог бар.
2-сабақ

көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау.
Күтілетін нәтиже:
-
кейіпкерлер бейнесін алынған эпизодтар арқылы ашады.
1-тапсырма. Бірінші бөлімнен алынған үзінділер арқылы кейіпкер бейнесін ашу.
1-топ
|
Шығармадан үзінді |
Автор көзқарасы, ойы |
Сіздің кейіпкер туралы түйгеніңіз |
|
Қазір Шәуешектегі қос қорғанның ішіне тығылып отырған екі елдің өкілдігі-бейне таразының екі басы іспетті. Түбінде қайсысы басым түседі? Екі басты самұрық пен төрт тағанды аспан айдаһарының қайсысы жеңеді? Оны алдағы уақыт көрсетеді. |
|
|
ІІ топ
|
Шығармадан үзінді |
Автор көзқарасы, ойы |
Сіздің кейіпкер туралы түйгеніңіз |
|
Демежан манадан бері Табындайдың табақтай бетіне емес, күжірейген желкесіндегі тоқпақтай айдарына қарап отырған. Кенет ыстық қаны басына теуіп, орнынан қалай атып тұрғанын өзі де аңғармай қалды. –Иттің баласы, осы отырған жеріңде айдарыңнан ұстап тұрып, мойныңды бұрап, жұлып алайын ба?!-деді бойын буған ызадан қалш-қалш етіп. –Бұл өлкеге кімнің бұрын, кімнің кейін келгенін айыратын –мына сенбісің Сенің аталарың императорға жалдамалы әскер болып болып, осында аяқ басқанына, міне, жүз жылдан енді ғана асты. Ал,наймандар хандық құрып, Тарбағатайды мекендеп жүргенде, Шыңғысханның өзі тумаған болатын. Сен соны білемісің? |
|
|
ІІІ топ
|
Шығармадан үзінді |
Автор көзқарасы, ойы |
Сіздің кейіпкер туралы түйгеніңіз |
|
Маншың өкіметінің салтында, аймақ әміршісінің алдына кірген қараша халық намаз оқығандай тізерлеп отырып, маңдайын жерге үш рет тигізіп, бас ұруы керек еді. Мыналарға ондай тәртіпті ешкім үйретпеген бе, тізелері бүгілмей, жай бас иіп, тәжім етумен ғана шектелді. «Қазақтар ұлық түгіл, Құдайға құлшылық етіп те жаратпайды деуші еді, сол рас екен,-деп ойлады Ши-амбы,-ештеңе етпес.Үйренеді ғой...Әзірше асаусып тұрған шығар. Өз күні үшін ұлыққа бас ұрмай, қайда барады?» |
|
|
Дескриптор:
-
топтар үзіндідегі автор ойын түсінеді, тарихи маңызы бар оқиғаларды біледі;
-
кейіпкер бейнесін мысал келтіре отырып ашады;
-
ойын жинақы, көркем жеткізе алады.
Осы екі сабақ бойынша білімалушылардың оқу жетістіктерін бағалауды мынадай критерийлер бойынша жүзеге асыруға болады:
|
Бағалау критерийі |
тапсырма |
дескриптор |
ұпай |
|
Романның композициясы мен сюжетін біледі |
1-тапсырма |
Роман мазмұнын біледі |
25 |
|
тақырыбы мен идеясын түсінеді |
25 |
||
|
Композициялық жоспарын жасай алады |
19 |
||
|
Шығарма кейіпкерлеріне талдау жасау |
2-тапсырма |
Әр үзіндідегі айтылар ойды түсінеді |
5 |
|
Кейіпкер бейнесін ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдай алады |
10 |
||
|
Өз ойын көркем, шығармаға негіздеп жеткізе алады. |
5 |
||
|
Сұрақтарға дұрыс жауап береді |
3-тапсырма |
5 сұраққа дұрыс жауап берсе |
5 |
|
4 сұраққа |
4 |
||
|
3 сұраққа |
2 |
||
|
Барлығы |
100 |
||
Ш.Құсайыновтың «Томирис» драмасын оқыту барысында білімалушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында мынадай топтық, жұптық, шығармашылық тапсырмаларды орындатуға болады.
Топтарға тапсырмалар беріледі. Мәтінмен жұмыс жасайды.
1-топ. Кир патшаның сақтарға жорық жасаудағы басты мақсаты қандай? Дала патшайымының қарсыласы кім болды?
Дескриптор:
-
оқулықпен жұмыс жасай алады;
-
сұрақтарға нақты, шығармадан үзінді келтіре отырып, дәлелді жауап бере алады;
-
өз көзқарасын білдіріп, мәселеге ұлттық құндылықтар тұрғысынан баға береді.
2-топ. Томирис қандай болған? Сақ патшайымы Томириске Кирді жеңуі үшін қандай қолайсыз жағдай түрткі болды ?

3-топ: Сақтарға тән мінез, ұлттық рух несімен ерекшеленеді? «Жусан-жер қайысқан қалың сақ» деген Томирис сөзінің мәнін ашыңдар. Қазақ халқының жусан туралы түсінігіне тоқталыңыздар.
Дескриптор:
-
мәселені ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдай алады;
-
шығармадан мысалдар келтіріп, ойын дәлелді жеткізе алады.
Әр топ бірін-бірі критерийлер бойынша бағалайды.
2-тапсырма. Жазба жұмысын
орындау.
1-топ:
Шығарма үзіндісін пайдалана отырып, оқырманға арнап маңызды бөлігіне көңіл аудартатын ашық хат жазыңыз.
2-топ:
Шығарма үзіндісін пайдалана отырып, қздеріңіз бір эпизодты таңдап, сипаттамалы жазба мәтін жазыңыз.
3-топ:
Шығарма үзіндісін пайдалана отырып, бір кейіпкерге хат жазыңыз.
Дескриптор:
-
көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдана алады;
-
жазба жұмысының стилі мен ерекшелігін сақтап жазады;
-
өмірмен байланыстырып, өзіндік көзқарасын білдіреді.
Қорытындылай келе, бүгінде білім беру жүйесінің ерекшелігі – білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру. Біз студенттің білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан оның құзыреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалауымыз керек, қазір жастардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты орында жеке тұлғаның құзыреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасау, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Сол себептен оқытуға деген көзқарас өзгергендіктен, оқыту нәтижесін бағалау да жаңа бағытқа ие болуда.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы, 2014.
2. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», 2012.
3. PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Тыңдаушының жұмыс дәптері //NIS-PEARSON, 2013.
4. ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМА. Қазақ әдебиеті (қоғамдық-гуманитарлық бағыт).Семей. 2020.
4.НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІНДЕ ПӘН МЕН ТІЛДІ КІРІКТІРІП ОҚЫТУ ӘДІСІН (CLIL) ҚОЛДАНУ. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалар орталығы» филиалы. Астана, 2013.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз