Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың ерекшеліктері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың ерекшеліктері
Қазіргі жылдам өзгеріп жатқан қоғамда білім беруші мамандардың алдында жас ұрпақты болашақ өмірге және еңбек етуге тиісті деңгейде даярлап, оқушылардың бойында ХХІ ғасыр дағдылары деген жалпылама атауға ие болған дағдыларды қалыптастыру міндеті тұр. Бұл дағдылар пән бойынша білім, нақты дағдылар, сауаттылық пен тәжірибені қамтиды.
ХХІ ғасырдың әрбір дағдысын меңгеру үшін барлық оқушылардан пән бойынша академиялық білімнің болуы талап етіледі. Терең академиялық білімнің арқасында адамдар сын тұрғысынан ойланып, басқалармен тиімді қарым-қатынас жасай алады.
Пән бойынша академиялық біліммен қатар оқушылар қазіргі заманда табысқа жету үшін талап етілетін сын тұрғысынан ойлау, проблема шешу, қарым-қатынас жасау және бірлесіп әрекет ету сияқты негізгі дағдыларды да меңгеруге тиіс.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы білім алушы бойында өмір бойы үздіксіз білім жетілдіру мен алған білімін өмірде пайдалана алу дағдысын жетілдіретін функционалдық сауаттылықты қалыптастырады. Әлемдік деңгейде қолдауға ие болған білім берудің жаңа форматы еліміздің білім саласында түбегейлі реформа жасады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жаңа оқу бағдарламасын іске асыруда қолданылатын басты тәсілдер бүгінгі күні басымдыққа ие болып, әдістеме саласында кеңінен қолданып келеді. Олар:құндылыққа бағдарланған тәсіл, тұлғаға бағдарланған тәсіл, іс-әрекетке бағдарланған тәсіл, саралап оқыту тәсілі, коммуникативтік тәсіл.
«Құндылыққа бағдарланған тәсіл - оқу әрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және пайдалану тәсілі» [3, 21 б]. Бұл тәсіл арқылы білім алушының бойында ұлттық болмысты сақтау, әдет-ғұрып пен салт-сананы құрметтеу, өз елінің патриоты болу, толеранттылық қасиетті берік ұстау сияқты құндылықтар қалыптасады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту үдерісінде тәрбие беру ұстанымы басты назарда болады. Төрт тілдік дағдыға негізделген қазақ тілі сабағында оқушылардың ой-өрісін дамытумен қатар, өз ойын кез келген ортада еркін айта алатын, өзгелердің пікіріне құрметпен қарайтын, өмір сүруге бейім жаңа көзқарастағы ұрпақ тәрбиелеу көзделген. Ұлттық дүниетанымын кеңейтетін әрі адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуды мақсат ететін пәннің танымдық қызметі де ерекше. Ал әдебиет сабақтарында көркем шығармаларды оқыту арқылы ғаламдық мәдениет пен қазақ мәдениетін ұштастыра отырып, жеке тұлғаның құзіреттілігі дамытылады әрі сыни ойлау дағдысы қалыптастырылады.
Н.Ә.Назарбаев халыққа арнаған жолдауында: «Мәңгілік Ел – бұл барлық қазақстандықтарды біріктіретін жалпыұлттық құндылықтар және еліміздің болашағының іргетасын құрайды» [4],- деп айтқан болатын. Жалпыұлттық идеяның жүзеге асуына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің қосар үлесі мол. Көпмәдениетті қоғамның белсенді мүшесін дайындау үшін жалпыұлттық идеяны жүзеге асыру, бәсекеге қабілетті білімді ұрпақты тәрбиелеу – педагогтың басты міндеті. Құндылыққа бағдарланған тәсіл арқылы бала тәрбиесіне жете көңіл бөлінеді. Гуманистік көзқарасты ұстанатын, жан-жақты білімді азаматты тәрбиелеп шығуда бұл тәсілдің ұтымды тұстары көп.
Тұлғаға бағдарланған тәсіл білім беруші мен білім алушының тығыз қарым-қатынасына құрылады. Пән бойынша бұл тәсілді жүзеге асыруда оқушының жеке қызығушылығы, қабілет-қарымы, мәселенің шешімін табудағы ойлары мен пікірлері ескеріліп отырады. Бұл тәсіл әдістеме тарихында өз бастауын тереңнен алады. «Тұлғаны дамыту – дәстүрлі педагогикада жан-жақты дамыған, белгілі бір әлеуметтік ортақ типті қалыптастыру үшін сырттан ықпал ету. Басты идеясы – білім берудегі субъектаралық қатынастарды қалыптастыру арқылы тұлғаның ынталануына түрткі болу, сөйтіп, өзіндік таным мен өз бетімен білім алуға, өзіндік бағалауға жағдай туғызу»,- деп сатылай кешенді талдау технологиясының авторы Н.А.Оразахынова «Сатылай кешенді талдау технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздері» еңбегінде түсінік беріп өтеді [5, 25 б].
Тұлғаға бағдарланған оқыту бойынша іс-әрекет ұстанымы, белсенділік, диалогтік оқыту, саралай оқыту, жеке оқыту, жүйелілік әрі тұтастық ұстанымдары сабақ үдерісі кезінде орындалып отыруы тиіс.
Мұғалім мен оқушының бірлескен жұмысы нәтижесінде көрініс табатын бұл тәсілдің ережелеріне тоқтала кетсек:
-
Білім беру арқылы оқушының танымдық қабілетін арттырып отыру керек;
-
Оқушы өз тапсырмасын қате орындағаны үшін қорықпауға үйренуі тиіс;
-
Білім алушының жеке мүмкіндігін ашатын әдіс-тәсілдер сабақ үдерісі кезінде оңтайлы қолданылуы қажет;
-
Білім беруші білім алушының өз ойын еркін айтуына ынталандырып, ішкі уәждің артуына ықпал ету керек.
Іс-әрекетке бағдарланған тәсіл – білімнің белсенді танымдық іс-әрекет арқылы қалыптасқанын көрсететін тәсіл, функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың оңтайлы жолы. Мұнда оқушылар тақырыпқа қатысты ресурстарды өздері ізденіп оқиды, әрі қарай талдау жасап, тұжырымдап, бағалайды. Оқушылар белсенді оқу мен рөлдік ойындарда, проблемалық сұрақтардың жауабын табуда белсенділік танытады. Жаңа оқу бағдарламасында жаңа ақпаратты түрлендіру, дұрыс қолдана алу әркеттеріне ерекше назар аударылады. Тіл мен әдебиет сабақтарында іс-әрекетке бағдарланған тәсіл ұдайы қолданыста болады. Осы тәсіл төңірегінде іске асырылатын әрекеттерді санамалайтын болсақ:
-
Сөйлеу;
-
Ізденіс жасау;
-
Ақпаратты интерпретациялау;
-
Зерттеу жүргізу;
-
Аналитикалық талдау жасау;
-
Шығармашылық жұмыстар жазу;
-
Жобалар дайындау. т.б.
«Саралап оқыту тәсілі оқу үдерісін оқушылардың әртүрлі топтарына арнайы бағдарлауды, оқушылардың жеке қабілеттерін ескеру мақсатында түрлі топтар үшін әр түрлі нысанда ұйымдастыруды көздейді» [3, 24 б]. Саралау, яғни дифференциация білім мазмұнын табысты игертуге әрі оқушы қабілетін дамытуға қолайлы орта қалыптастырудың тиімді көзі болып табылады. Оқушы дамуының жеке ерекшелігі ескеріле отырып жүзеге асырылады. Басты мақсат баланың қабілетін іріктеу емес, сабақ материалын тиімді түрде игертуге бағытталған. Оқу бағдарламасының мазмұнын білім алушыларға игерту кезінде саралап оқытудың тәсілдерін педагог өз шеберлігіне сай пайдаланады. Саралап оқытудың 7 тәсілі бар: тапсырма, дереккөздер,қарқын, қорытынды, диалог және қолдау көрсету, жіктеу, бағалау. Аталған тәсілдер қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында мақсатқа қол жеткізуде тиімді қолданылады. Саралап оқытуды қолданар кезде оқушының пәнге деген қызығушылығын ояту көзделеді. Оқу бағдарламасының мазмұнын уақытылы оқушыға игерту үшін саралап оқытудың тиімді түрін әр сабақта қолданып отыру керек.
Коммуникативтік тәсіл – екі не одан да көп адамдардың қарым-қатынасы арқылы орындалатын ақпарат алмасу тәсілі. Жұптық, топтық жұмыстар кезінде белсенді қолданыста болады. Бұл тәсіл арқылы төмендегі нәтижеге қол жеткізе аламыз:
-
Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын жеткізуге мүмкіндігі мол;
-
Басқа адамдарда түрлі идеялар болатындығын оқушылар түсінеді;
-
Білім алушының өз идеясын дәлелдеуге көмектеседі;
-
Мұғалімге оқушылардың білімі қандай деңгейде екендігін білуге көмектеседі [6, 60 б].
Оқушылардың коммуникативтік дағдысын дамытудың бірден-бір жолы- диалогтік оқыту. Мерсер әңгіменің 3 түрін атап көрсетіп берген болатын: әңгіме-дебат, кумулятивтік әңгіме, зерттеушілік әңгіме. Сабақ үдерісі кезінде диалогтік оқыту міндетті түрде болып отырады. Осы орайда қарым-қатынас орнатудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқу бағдарламасына сай сабақ мазмұнын оқушыға ең тиімді жолмен жеткізу пән мұғалімінің жауапкершілігі мен табандылығын талап етеді. Блум таксономиясына негізделген оқу бағдарламасы қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жоғарыда аталған тәсілдер негізінде жүргізіліп келеді. Сапалы сабақ пен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бағытындағы жұмыстар педагогтардан үздіксіз ізденіс пен шығармашылық тұрғыда өзін дамытуды талап етеді. Сондықтан жоғарыда аталған оқу бағдарламасын іске асыратын тәсілдердің дұрыс жүзеге асырылуы сапалы сабақтың өтуі мен білімді ұрпақтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді.
Жаһандану үдерісіне көшу кезеңінде ғылым-білім саласында бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін еліміздің білім беру саласы түгелдей жаңа форматқа ауысып болды. Күш басымдығы беріліп отырған білім саласы мамандарына әдістемелік көмектер мемлекет тарапынан көрсетіліп жатыр. Мұғалім оқыту үдерісінде түрлі әдіс-тәсілдерді жетік әрі шебер қолдана білсе, ол – ұстаздың жетістігі. Қ.Жұбанов: «Егер мұғалім пәнді жақсы білсе, онда дұрыс әдісті де табады» [7],-деген ойы білім берушілерге үлкен жауапкершілік пен шығармашылық ізденісті міндеттеп тұр. Осы орайда инновациялық технологияны жан-жақты меңгеріп, АКТ мүмкіндігін қолданып, заман легінен қалмай жаңаша көзқарасты ұстанушы білім саласының мамандарына артылар жүк те аз емес. Оқу бағдарламасын іске асыратын тәсілдерді түсініп қолдану әрі жақсы нәтижеге қол жеткізу күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып қалмақ.
Қазақ тілі де, әдебиет те – ұлттың дүниетанымын, философиялық ойлау жүйесін білдіретін басты құндылықтар. Тіл – адамдарды бір-бірімен жақындастыратын әрі пікір алмасуға, ой бөлісуге қызмет ететін қатынас құралы. Тіл үйретудегі басты міндеттің бірі білім алушылардың сөйлеу тілін жетілдіру болып табылады. Қазақ тілі – халқымыз үшін әдебиет, ғылым, оқу-ағарту тілі. Тілдік пәндерді оқытудың басты ерекшелігі коммуникативтік тәсілді жүзеге асыру болып табылады. Оқушылардың қоғам өмірінде белсенді болуына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ықпалы зор. Функционалдық сауаттылығы, оқу сауаттылығы, тілдік дағдысы, коммуникативтік қарым-қатынас жасауы дұрыс қалыптасқан жеке тұлға кез келген ортада өмір сүруге бейім болып келеді.
Оқу бағдарламасына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың өзіндік ерекшеліктерінің бірі – оқу мақсаттарына сай пән мазмұнының меңгертілуі. Қазақ тілі пәні төрт тілдік дағды (тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) мен ӘТН-ны қарастырса, әдебиет пәні түсіну/ жауап беру, анализ/интерпретация, бағалау/салыстыру деңгейлерін қамтиды. Оқу бағдарламасы ХХ ғасырдың 60-жылдары «Білім берудің үдерісі» еңбегінде қарастырған Дж. Брунердің спиральді қағидат теориясына негізделген. Осы орайда ұлттық педагогика дамуына елеулі үлес қосқан Ж.Аймауытовтың мына пікірін ескерген жөн: «...жұмыстау негізіне баланың бұрынғы өз тәжірибесі перне қоры, мағлұматы салынып, дәл айтқанда, балаға танымал жақын нәрседен басталғаны абзал» [8, 24 б]. Спиральді қағидат бойынша білім беру әрекеті оңайдан күрделіге ауыстырыла отырып меңгертіледі.
Класс деңгейі жоғарылаған сайын оқу мақсаттары да күрделене түседі әрі оқушылар жылма-жыл тәжірибе жинақтап, терең білім алады. Оқу барысында білім алушының жас ерекшелігі мен тәжірибесі өздігінен дұрыс шешім қабылдауына әсер етеді. «Шиыршық» әдісі бойынша білімін шыңдаған сайын оқушының сенімділігі артып, өзін еркін сезіне бастайды. Спиральді қағидат негізінде оқушы тақырыпты не пәнді бірнеше рет қайталап оқиды, қайталаған сайын оның күрделілігі арта түседі. Алдыңғы біліммен байланыстыра отырып, жаңа материалды меңгереді. Оқу мақсатында спиральді қағидаттың қалай жүзеге асырылатынын оқу бағдарламасы арқылы анық байқауға болады. Класс жоғарылаған сайын күрделілік деңгейінің артуы бала танымын дұрыс қалыптастырудың жолы ретінде оқу мақсатында айқын көрініс тапқан. Төменде қазақ тілі мен әдебиеті пәніне қатысты 10 және 11-сыныптың пәнге байланысты оқу мақсаттары салыстырмалы түрде берілді.
Оқу бағдарламасына енген оқу мақсаттарына зер салып қарастырайық:
Кесте 1
Оқу мақсаттарының үлгісі
Жаратылыстану-математика бағыты. Қазақ тілі, тыңдалым мақсаты |
|
10.1.3.1 мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру |
11.1.3.1 мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен салыстыру |
Жаратылыстану-математика бағыты. Қазақ әдебиеті,түсіну/жауап беру мақсаты |
|
10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану |
11.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау |
Ескерту - Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы. 2018ж. [9]. |
Еліміздегі білім беру саласын жаңартудағы ең тиімді иерархия ретінде Блум таксономиясы таңдалып алынды. Бұл арқылы білім алушылардың оқу жетістігін бақылауға, салыстыруға болады. Білім беру процесіндегі жетістіктер мен қиындықтардың шынайы көрінісін Блум таксономиясы арқылы анықтауға болады. Оқушылардың білімді қаншалықты меңгергенін, ақпаратты қалай өңдейтінін, шығармашылық деңгейі қандай сатыда тұрғандығын, өз ойын не пікірін жеткізу қабілеті қаншалықты қалыптасқанын, танымдық қызметінің динамикасын зерделеуге өте қолайлы.
Білім беру үдерісі кезінде туындаған сұрақтарға дәл жауап беруге, дұрыс көзқарасты қалыптастыруға аталмыш таксономияның атқарар қызметі орасан зор. Мұндай жүйемен сапалы білім беруге, тиімді кері байланыс орнатуға, сабақтың деңгейін анықтауға болады.
Америкалық оқыту әдістемесінің психологы Бенджамин Блум - «Блум таксономиясының» авторы. «Блум таксономиясы» кітабында білім беру мақсаттарын жүйелеу әрі адам мінезінің құбылмалылығы, қалыптылығы жөнінде теориялық негіздеме жасалған.
Сабақта қолданылатын оқу мақсаттарының түзілімі Блум таксономиясына негізделіп жасалған. Бағалауға арналған тапсырма түрлерін ұсынғанда, мақсатқа сай іріктеліп беріледі. Оңайдан күрделіге қарай бағытталған шиыршық әдісті оқытудың басшылыққа алатыны – Блумның алты танымдық деңгейі. Төменгі, жоғары деңгейді қамтитын 6 (білу, түсіну,қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) саты бір-бірімен желілес.
Жаңа форматта шыққан қазақ тілі мен әдебиеті оқулықтардың мазмұны, оқу бағдарламасы оқушының шығармашылығын арттыруға көп септігін тигізеді. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтары - қызығушылықты, қажеттілікті қамтамасыз ететін бірден – бір шығармашылыққа бағытталған пәндер. Ойлаудың төменгі, жоғары деңгейлерін қамти отырып, Блум таксономиясын сабақ процесі кезінде оңтайлы қолдану – бүгінгі күннің басты талабы. Мәтін немесе көркем шығармаларды оқытқанда білім алушы бойында мыналарды қалыптастыру керек:
-
Тілдік дағдылар мен тілдік мәдениет;
-
Жазушының шеберлігін тану;
-
Сөз өрнектері мен автор стиліне бағалау жасау;
-
Бала қиялына ерік беріп, ізденіске ұмтылдыру;
-
Алынған, оқыған материалды өзінше қорытып, өмірде дұрыс қолдану т.б.
Оқытудың тұтас объектісін құру –таксономияның басты мақсаты. Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау – оқу мақсаттарының негізгі категориясы. Оқу мақсаттарын деңгейлер бойынша жіктеп қарайтын болсақ:
Кесте 2
Қазақ тілі пәні бойынша оқу мақсаттары
Білу |
5.1.1.1 тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрация лар арқылы тақырыпты болжау |
Түсіну |
5.2.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау |
Қолдану |
5.2.5.1мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру |
Талдау |
5.2.2.1лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылық тарын мәтіндер арқылы тану |
Жинақтау |
5.3.1.1 берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру |
Бағалау |
5. 3.4.1эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу |
Ескерту - Негізгі білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлігілік оқу бағдарламасы. 2017ж. [10] |
Кесте 3
Қазақ әдебиеті пәні бойынша оқу мақсаттары
Білу |
5.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау |
Түсіну |
5.1.2.1 әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау |
Қолдану |
5.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу |
Талдау |
5.2.1.1 әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу |
Жинақтау |
5.2.4.1көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу |
Бағалау |
5.3.1.1 шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау |
Ескерту - Негізгі білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлігілік оқу бағдарламасы. 2017ж. [10] |
Блум таксономиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білімін анықтап, шығармашылық тұрғыда жоғары деңгейге жетуге ұмтылдырады. Ең төменгі деңгей (білу, түсіну, қолдану) оқу материалын қабылдау мен танудан басталады, сондықтан мұнда көбіне жабық тапсырмалар ұсынылады. Ал жоғары деңгей (талдау, жинақтау, бағалау) шығармашылықпен жұмыс жасаудың көзі болып есептеледі, сол себепті ашық тапсырмалар оқушыларға көбірек ұсынылады. Бағалаудың дұрыс жүзеге асуы үшін де ашық тапсырмалардың мазмұны, ойлау дағдысының деңгейі басты назарда тұрады.
Білім алушылардың өнімді тәсілмен (талдау, жинақтау, бағалау) жұмыс жасауы – шығармашылық қабілетін арттырудың бірден –бір көзі.
Критериалды бағалауды жүзеге асыру үшін Блум таксономиясын қолдану өте тиімді. Мұнда оқушылар деңгейлеп білім алады және шығармашылыққа ден қояды. Табысты оқу жетістігіне жету үшін оқушы іс-әрекеті басшылыққа алынып отырады. Төменгі, жоғары деңгейді қарастыратын таксономия жеке тұлғаны қалыптастыруда шығармашылықпен жұмыс істеуге, білімді үздіксіз жетілдіруге жол сілтейді. Ой ұшқырлығын дамыту, жаңаға ұмтылыс, шығармашылық қабілеттің шыңдалуы, өзіне сыни көзбен қарау, қиыснды ой ойлау, өзіндік пікір айту т.б. әрекеттер жеке тұлғаның біліктілік қасиеттерін шыңдай түседі.
Оқу мақсаты мен бағалау критерийі Блум таксономиясының бірнеше түрін қамтуы мүмкін. Бұдан оқу мақсатының бірнеше танымдық деңгейді қамтығанын аңғаруға болады.
Пән мазмұнын терең меңгертуде Блум таксономиясын басшылыққа алып, оқушының нақты іс-әрекетін жүйелеуге болады. Әр деңгейдің өзіндік ерекшелігі мен оқушы әрекетін бағамдап көрелік.
Білу категориясы оқыған материалды еске түсіру, мазмұнын түсінуді қамтиды. Алған, білген ақпаратты еске түсіру үдерісі осы деңгейдің ерекшелігі болып табылады. Оқушы:
-
Қазақ тілі, әдебиет сабақтарына қатысты терминдік ұғымдарды біледі;
-
Ержелерді жатқа біледі;
-
Маңызды фактілер мен түсініктерді біледі.
Түсіну – меңгерген материалды бір түрден екінші түрге өзгертіп көрсету, оқыған материалды қысқаша түсіндіру, интерпретациялау немесе белгілі бір оқиға мен құбылыстан туындайтын болжамды ойды айту. Алдыңғы білу деңгейі есте сақтауды қарастырса,