А
тырау
қаласы
№31 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Султанова Айман Нұржанқызы
Жаңартылған білім беру мазмұны –жаңашылдыққа бастама,
болашақтағы білім кепілі
«Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру қажет»
Н.Ә. Назарбаев
Мақсатым: Оқушыларға алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез-келген орта жағдайында, ресми/іскерлік ортада бәсекеге қабілетті болуға, қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік беретін білім беру.
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Білім беру мазмұнын жаңарту-сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады.
Казіргі заман талабы болашақ ұрпағымызға – жаңаша білім беру, жаңаша тәсілдер арқылы балаларды болашаққа деген көзқарастарын дұрыс қалыптастырып, әлем елдерінің қатарынан көріну. Ал болашағымыздың жарқын болуы – бүгінгі мектеп қабырғасындағы оқушыларымыздан басталатыны сөзсіз. Біздің болашағымыз – бүгінгі оқушы.
Халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі десек, білім-ел қазынасы. Біздің жaн-дүниемізде, oқыту мен білім беpудегі ұмтылысымыз, өзімізде жетіcпейтін қaжеттілікті тaбуымызғы мүмкіндік беретініне көз жеткіздік. Жаңартылған білім мазмұнымен тaныcқaннaн ұнaғaны — oның мәні, мaқcaты, нәтижеcі-бapлығы бaлaғa, тек қaнa бaлaғa бaғыттaлғaнын аңғардық. Елдің келешегі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздың қолында деп тегін айтылмаған. Елбасы бізге үлкен міндет артып отыр. Тәуелсіз еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы болатын - ұстаз екендігін айта келе, біздің басты мақсатымыз-білім сапасына мән беріп, білім сапасын жақсарту.
Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер білім беру жүйесін қайта қарау қажет керек екенін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе. Болашақ ұрпақты сан көрсеткіші емес, сапалы жеміс беретініне мән беріп, тәрбиелеуде барлық мұғалімдерді ойлантатын мәселе болып отыр.
Бүгінгі өмір талабына сай ұстаздардың біліктілігі мен білімділігін шыңдап отыратын мектептегі жеткіншектерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. Уақыт алға жылжыған сайын мұғалімнің оқыту шеберлігі, жаңа әдіс-тәсілдері өзгеруде.
Балалардың сапалы білім алуына, өзгермелі ортаға тез бейімделе отырып, өзіндік көзқарасын қалыптастыруға және өмірде аяғын нық басып, алдына мақсат қойып оны шешуге мүмкіндігі бар тұлғаны дамытуға жағдай туғызу біздің басты міндетіміз деп түсінеміз. Жаңа білім беру жүйесіне енген өзгеріске мойын бұрып, оң көзқарасты дамытып, алдымызда отырған баланың тереңнен ойлауына, өздері ой қортынды таңдау құқығына мүмкіндік беру керек деп ойлаймыз.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру» деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру - оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бүгінгі таңда оқушыларға жаңартылған білімді бере отырып, жаңа инновациялық әдістерді ұстаздар қауымы кенінен қолдануда.
Елбасы Н.Ә Назарбаев жылдар бойы білім және ғылым саласына көп көңіл бөліп келеді. Қазақстан халқына Жолдауында да бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ. «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз — білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет»,-деген жолдар — соның дәлелі.
Білім мазмұнын жаңарту не үшін қажет?
Елімізде білім беру саясаты мен тәжірибеге ықпал ететін келесі маңызды салаларда айтарлықтай өзгерістер орын алды:
-экономика; -адамдардың өзін өзі басқаруы; -қарым-қатынас көлемі және жылдамдығы; -еңбек нарығының құрылымы; -шекарамыздың ашықтығы; -еліміздің азаматтарына ашылған мүмкіндіктер кеңістігі; -оқыту мен үйретудің анағұрлым нәтижелі тәсілдерінің анықталуы.
Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуге қажетті факторларды айтатын болсам, ол:
-әлем стандартына сай білім беру;
-бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу;
-табысты өмір сүру дағдаларын қалыптастыру;
-әлем азаматын тәрбиелеу;
-тәжірибелік дағдыларды дамыту;
-функционалдық сауаттылықты арттыру;
-мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы мақсаты мен міндеттерін айқындады. Айта кететін болсам, бағдарламаның мақсаты:
Бағдарламаның міндеттері:
-жалпы орта білім берудің бағдараламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы білім беру үдерісін ұйымдастыруға арналған негізгі құжат болып табылады, себебі:
-оқушылардың дайындық деңгейіне, білім беру мазмұнына, оқушылардың ең жоғары жүктемесіне қойылатын талаптарды айқындайды, мөлшерлейді:
Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің функционалдық сауаттылығы – қазіргі білім берудегі жаңа және нақты жағдайға көшу дегенді білдеріді.
Стандартта белгіленген жаңа мазмұн, оқушылардың сыни, шығармашылық тұрғыда ойлау дәрежесін дамытуды көздейді. Өзі оқытатын пәні аясында мұғалімнің зерттеуші позициясында болуы тек осы пәнді оқытумен шектеліп қана қоймай, оның басқа пәндермен байланысын қарастыруды, жаңалықтар қалай ашылғандығы туралы білімді ұсынумен, пәннің негізін қалаушы ғалымдар туралы білімді жеткізумен шұғылданғанда ғана мүмкін болмақ. Бұл өз алдына мұғалімді білімді ұсынушы ғана емес, сол білімді бірге жасап, өзін де оқушы деп тануына әкеледі. Осындай әрекет өмір бойы білім алу дегенді білдіреді.
Жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшелігі:
1.Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым);
2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау);
3.Шығармашылық ойлау дағдысы
4.Логикалық ойлау дағдысы
5. Сыни ойлау дағдысы
6. Алгоритмдік ойлау дағдысы
7.Критикалық ойлау дағдысы
8.Проблемалық ойлау дағдысы
9.Технологиялық ойлау дағдысы
10.Тілдік құзіреттілік дағдысы
11. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
Тіл мұғалімдерінің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру.
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың заманауи тиімді әдіс-тәсілдеріне жекелеп шолу жасап кеткенді жөн көріп отырмын.
Құндылықты-бағдарланған тәсіл - оқушының құндылықтар жүйесін қалыптастырушы оқу-тәрбиелік үдерістің сәйкесінше формалары арқылы тұлғаның өзін-өзі танытуы үшін алғышарттар құруды көздейді.
Тұлғалық-бағдарланған тәсіл— педагогтің назарын оқушы тұлғасының тұтастығына, оның тек ақылойы, азаматтық жауапкершілік сезімінің ғана емес, сондай-ақ эмоционалдық, эстетикалық, шығармашылық нышандары мен даму мүмкіндіктерімен қоса рухани дамуы туралы қамқорлыққа шоғырландыруды көздейді.
Жүйелік-әрекетті тәсіл - оқу-тәрбие үдерісінде оқушының өз бетінше білім алуына бағытталып, осы мақсатта мұғалімнің тиімді іс-әрекеттің түрлі формаларын қолдануын көздейді.
Коммуникативтік тәсіл - бірінші кезекте оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытуға, қарастырып отырған мәтін, қатысып отырған әңгіме мазмұнын түсініп, туындаған жағдаятқа сәйкес тілді қолданып үйренуге бағытталған.
Интегративтік тәсіл - оқу үдерісін жобалау және өткізу кезінде әр түрлі оқу пәндерінің мазмұнын өзара кіріктіру есебінен оқушыда әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Зерттеу тәсілі — зерттеушілік әрекет дағдыларын дамытуға, ғылыми таным әдістерімен танысуға жәрдемдеседі, оқушыларда танымдық қызығушылық қалыптастырады.
Интербелсенді әдіс- білім алушылардың танымдық қызығушылығы мен танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған. Негізгі қағидасы-педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.
Қортындылай келе еліміздегі мектептерде білім сапасын арттыру үшін заманауи талаптарға сәйкес, әлемдік тәжірибенің озық үлгісі – жаңартылған білім беру мазмұнына кезең-кезеңмен көшуде. Аталған мақсатты жүзеге асыратын қазақ тілін оқытудың жаңартылған бағдарламасының негізгі ерекшеліктері төмендегідей:
• Қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар аударылып, тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым коммуникативтік дағдыларын жағдаятқа сай дұрыс қолдана білуді дамытады.
• Оқу бағдарламасында коммуникативтік әрекеттер мен дағдыларды жүзеге асыратын оқу мақсаттары ұсынылған. Оқу мақсаттары әр сынып деңгейіне сәйкес динамикалық даму бағытында жасалған.
• Бағдарлама «спиральді оқыту» тәсіліне негізделе құрылған. Әр сынып сайын оқу мақсаттары қарапайымнан күрделіге қарай өсіп, қайталанып отырады.
• Бағдарлама мазмұны әдебиет, тарих, биология, география, физика сияқты өзге пәндермен тығыз байланысты. Лексикалық тақырыптарды меңгерту осы пәндермен тығыз байланыста жүргізіледі.
• Бағдарлама оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал етеді.
• Грамматиканы бөлек қарастырмай, функционалдық-коммуникативтік мәнмәтінде оқытуға негізделген.
• Оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оларға қызықты болатын өмірмен байланысты лексикалық тақырыптар ұсынылған.
Оқу бағдарламасындағы коммуникативтік әрекеттер жыл сайын қайталанып, қарапайымнан күрделіге қарай өзгеріп отырады. Сол себепті де оқушылардың бойында дағды қалыптасады, пәннің мазмұнын меңгеру жеңіл әрі нәтижелі болады.
Оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары оқушылардың айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым әрекеттерін қамти отырып, коммуникативтік дағдыларын сенімді қалыптастыруға, сол негізде күтілетін нәтижеге қол жеткізуге бағытталған.Жаңартылған бағдарламаға сәйкес бүгінде дәстүрлі сабақ жоспарын жаңа форматта құрылған жоспармен жаңарттық.
Мұғалім сабақ жоспарын құруда лексикалық тақырыпты басшылыққа ала отырып, сынып деңгейіне, тақырып қажеттілігіне қарай бір академиялық сағатта барлық төрт дағдыны қатар алмаған дұрыс. Олардың бірі не екеуі негізгі болса, қалған екеуі жанама түрде дамытыла береді.Сабақ барысында коммуникативтік әрекеттерді дамытуға бағытталған тапсырмалар өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес белгілі бір жүйемен жүзеге асады. Мысалы, тыңдалым дағдысын жүзеге асыру үшін тыңдалым алды, тыңдалым, тыңдалымнан кейінгі тапсырмалар ұйымдастырылуы тиіс. Оқылым мен жазылым дағдысын жүзеге асыру да дәл осы сипатта ұйымдастырылады. Қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімнің сабақты тиімді құрылымдауына көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктейді.
Әр сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасайды.
Қысқа мерзімді жоспар құрған кезде мұғалім төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады:
- сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттарын;
- сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы мақсаттар қою;
- орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық жаттығуларды, әдістемелік кеңестерді, ресурстарды мұқият зерделеу;
- мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырады.
Мұғалім оқушылардың өздерінің оқу-танымдық қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Заман өзгерді. Сана жаңартатын уақыт баяғыда туды», - деген керемет сөзі бар. Ендеше, әлем өзгеруімен қатар біз де жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін аша білейік! Мектебіміздің білім сапасын арттыру үшін білім беру мен оқытудың жаңа тәсілдерін мақсатқа бағыттап тиімді қолданайық!
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
-
Международные исследования PISA:Национальный отчет по итогам международного исследования PISA-2009 в Казахстане/ 2010 //Электронный ресурс. – Режим доступа: naric.kz›index49.php.htm.
-
Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы. Указ Президента Республики Казахстан от 7 декабря 2010 года № 1118.
-
Красноборова А. А. Критериальное оценивание как технология формирования учебно-познавательной компетентности учащихся // Автореф. … канд. дисс Нижний Новгород – 2010. – 140 с.
-
Аймауытұлы Ж. Комплекспен оқыту жолдары (Мұғалімдерге, қайталама курстарға, тәрбие техникумдарына көмек) Қазақ баспасы, 1929 жыл
-
Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2017 жыл
-
Қалыптастырушы бағалау бойынша тапсырмалар жинағы және жиынтық бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық өлшеулер орталығы, 2017 жыл
-
http://sk.nis.edu.kz сайт ресурстары
-
http://adebiportal.kz/kz/books сайт ресурсы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаңартылған білім беру мазмұны –жаңашылдыққа бастама, болашақтағы білім кепілі

шағым қалдыра аласыз