Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ: НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ: НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАСЫ
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ: НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАСЫ.

Барлыбаева Айша Есетбековна

Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназияның

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Қазіргі таңда озық дамыған мемлекеттердің қатарына қосылу үшін қоғамның барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік білім беру мақсатында орай білім мазмұна жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой-қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жастардың қолында, ал ұрпақтың тағдыры «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жастардың қолында, ал ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында»,–деген. Осы заманғы ұстаз – болашаққа уақыт талабы ағысымен ілгерілеген озық тұлға. Мұғалімге осындай көзқараспен қарау, оның алдында қойылар талапты да айқындайды. Әр оқушыны дара тұлға деп танып, олардың бойына үнемі оқып үйренсем деген іздемпаздық қасиеттерін дарыту, оларға өздігінен білімдерін толықтырып тереңдету тәсілдері жаңа технологиялармен, әдіс-тәсілдермен байланыстыра отырып дамыту. Бұл балалардың білімдерін толықтыруға көмектеседі. Осыған орай озық тәжірибе, жаңа технологиялардың тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану – ұстаз шеберлігінің белгісі.

Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны. Елімізде қолға алып жатқан білім реформасының басты мақсаты – оқушының өз бетімен оқып ізденуіне жағдай туғызу. Жаңа бағдарламада ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, өмір бойы білім алу тәрізді құндылықтар. Қазіргі таңда білім алушының өз бетімен ізденуі оқу үдерісінде қойылатын басты талаптардың бірі болып табылады.

Қай кезеңде, қандай қоғамда болмасын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталатыны бәрімізге мәлім. Білім саласында енгізіліп жатқан түбегейлі өзгерістер мұғалімнен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Жан-жақты ізденіп, өздігінен білім алатын, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу – біздің қолымызда. Қазіргі таңда зиялы, сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан жаңаша ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын азамат тәрбиелеу міндетіміз.

Ұстаз ретінде оқушыларымның ерекшеліктерін зерттеп, білім алған соң ғана, оларды дамыту деңгейіне орай әдіс-тәсілдерді іріктеп, талдап қолдануға, жетілдіруге ерекше назар аударып келемін. Оқушыларды жұппен, топпен жұмыс жасау арқылы ұйымдастырылған сабақтар, олардың дарындылығын дамытып, шыңдау жолдарының бірі болып табылады. Сонымен қатар балалар арасында ынтымақтастық пен серіктестікті тудыру, басқа адамның ойымен есептесу қажет екенін де түсіндіреді, уақыт үнемделеді. Жұппен және шағын топпен жұмыс, тез жаңа идеяларды ұсынумен қатар белгілі бір жағдайды нәтижелі шешуге де мүмкіндік береді. Сабақ барысында жаңа оқу материалдарындағы оқиға мен оқушылардың өздері де байқап, талдауына жағдай жасайды. Демек, білім оқушыларға даяр күйінде берілмейді, өзінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындау арқылы қол жеткізеді. Әр оқушы өз ойына шек келтірмей жауап беруге дағдыланады. Оқушы бойындағы танымдық қабілеттерінің шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына жол ашады. Өз сабақтарымда қолданып жүрген әдіс-тәсілдер: алты қалпақ, түртіп алу, диалогтік әңгіме жүргізу, топтастыру, рөлдік ойындар, Венн диаграммасын толықтыру, Джиксо, сұрақ-жауап. Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақ қою арқылы байқағаным: оқушылар тақырып бойынша және сындарлы сөйлесуге ынталанды, пәнге деген қызығушылығы артты, балалар сыни тұрғыдан ойлауға көмектесті, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуге, және бағалауына ықпалын тигізді, оқудағы қиындықтарды анықтады.

«Білім берудегі Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері» осы жоғарыда айтылған ұстанымды ұстайды. Яғни, мұндағы бала - өзі ізденуші, бір-біріне үйретуші, ал мұғалім - бағыт беруші, нұсқаушы. Бұл жағдайда, әрине ұстаздың өзі де өзгеруі, яғни дәстүрлі оқытудан арылуы тиіс. Осылайша, оқытудың жаңа мазмұнын жасауға бетбұрысты мұғалім өзінен бастаған жөн. Мұғалім шәкіртке білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл-ойы мен қабілетінің дамуына көңіл бөліп оқи алуға үйрету керек.

Қорыта келе айтарым, ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, оқушылардың бойына қажетті дағдыларды дарыту үшін, әрбір ұстаз тынымсыз еңбектенуі тиіс. Міндет ауыр, мақсат айқын. Әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қатарлы идеяларды басшылыққа ала отырып, функционалды сауаттылығымызды арттыру үшін сыни тұрғыда ойлай алатын мұғалімдер қатарын көбейтсек, жақсы нәтижеге жететініміз сөзсіз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.05.2021
471
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12